Сыбайластыққа төзбеушілік өріс алып келеді

Жуырда елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктерін іске асырудың тәжірибесі: жетістіктер және халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Егемен Қазақстан
05.01.2017 5210
2

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысқан жиын­да мемлекеттік органдардың, халық­аралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, білім және ғылым салаларының өкілдері және көрнекті қоғам қайраткерлері де жиналды. Отырысқа агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров жетекшілік етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудің бағыт-бағдарларын стратегиялық тұрғыда зерделей оты­рып, халықаралық шеңбердегі әріп­тес­тікті тереңдетуді мақсат еткен кон­ференцияда алдымен Гүлшара Әбдіқалықова сөз сөйледі. Мемле­кеттік хатшы құттықтау сөзінде мұндай басқосу Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтіп отырғанына тоқталды. «Өткен жыл­дары мемлекетіміз сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты ауқымды шаралар қабылдады. Бүгінгі күні Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың сапалы жаңа кезеңіне көшті, оның мазмұны «Қазақстан-2050» Стратегиясында және «100 нақты қадам» «Ұлт жоспарында, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында айқындалған», деді Г.Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды одан әрі күшейту бағытында Қазақстан Президенті табанды ұстанымды басшылыққа алғанын атап өтті. «Сол себептен де еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлемдік стандарттарына сәйкес келетін тиімді тетіктерін қалыптастыру жөнінде жүйелі іс-әрекеттер қабылдауда. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қатерлерін жүйелі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту ісі сияқты кең ауқымды құқықтық тәсілдерді тәжірибеге енгізді. Ал халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы жөнінде айтар болсақ, бұл бағыттағы жұмыстарымыз да жүйелі іске асырылуда.

Қазақстан БҰҰ-ның Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы конвен­ция­сының, Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы ведомстволар  қауымдастығының, Экономикалық ынты­мақтастық және даму ұйымы­ның (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстан­бұл іс-қимыл жоспарының және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады», деді Гүл­шара Наушақызы.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес саясатының бағыт-бағдары ашық әрі нақты көрсетілгенін тілге тиек еткен Қ.Қожамжаров мұнда негізгі басымдық дамыған елдердің тәжірибесіне арқа сүйеу болатындығын баса айтты. Соның ішінде Қазақстан қазіргі таңда әлемдік қоғамдастықта мойындалған әдіс – сыбайластыққа тәуекел жасауды бақылау мен оны саралауды өз қызметінде бірінші кезекте қолданысқа енгізген. Сонымен қатар, ұйымдастырылатын түрлі қоғамдық-мәдени шаралар аясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы азаматтар санасына кеңінен сіңіріліп жатқаны атап көрсетілді.

Әлемдік деңгейдегі халық­аралық ұйымдардың өкілдері қатысқан алқалы жиынның мақсаты еркін пікір алмасу арқылы озық тәжірибелерді талқылау болды. Осы ретте агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясаты: тәжірибе мен жетістіктер» тақырыбында баяндама жасады. Алик Жатқамбайұлы өз сөзінде, сыбайластыққа қарсы күресте мемлекет пен халықтың өзара қарым-қатынасындағы кедергілерді жоюда озық технологиялар кең қолданысқа ие екендігін алға тартты. «Сонымен қатар, рұхсат беру процедуралары мен әкімшілік кедергілерді қысқартудың да маңызы жоғары. Әрине, мұндай талаптар, ең алдымен, мемлекеттік қызмет пен сот жүйесі және құқық қорғау органдарының заңнамаларында айқын көрінуі тиіс. Қазақстан соңғы кездері осы сарындағы жоспарлы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді», деді баяндамашы.

Халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен мамандар арасында өрбіген ашық пікір алмасу барысында еліміздегі елеулі жобалар да әңгімеге арқау болды. Атап айтқанда, шетелдік делегация өкілдеріне «Адалдық алаңы» сынды қоғамдық қозғалыстың тәжірибесі таныстырылып, ұйым қызметі шебер ұйымдастырылатындығы баяндалды. Мұндай әрекеттің барлығы да жемқорлықты түп-тамырымен жою жолында қоғамдық түсініктің қалыптасып, оның кең өріс алып жатуының айқын көрінісі ретінде бағаланды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу