ТАҒЗЫМ

Егемен Қазақстан
11.01.2010 1991
Қарабура Әз Әулие есімі Қызылорда қаласындағы көшеге берілді Қазақ халқының тарихында соңына өшпес із қалдырған тарихи тұлғалар мен әулиелер аз болмаған. Солардың бірі және бірегейі-Қарабура әулие. Жақында түркі тектес халық­тардың ортақ мақтанышы, тарихи тұлға Қарабура әулиені мәңгі есте қалдыру мен ұрпақтарға ұлағат ету мақсатында Қызылорда қаласында оған көше есімі берілді. Көшеге Қарабураның ескерткіш тақтасы орнатылды. Осы рәсімге еліміздің түкпір-түкпірінен иін тіресе жи­налған қауым Қарабура жайлы аңыз болып жүрген әңгімелер ай­тып, еліміз тәуелсіздік алғалы тарихи тұлғаларды қайта тірілту мақсатында Елбасының тікелей нұсқауымен атқарылып жатқан ауқымды істерге ризашылықтарын білдірді. Сөз орайы келгенде текті тұлға Қарабура әз әулие жайлы бізге түскен деректерге жүгініп, сәл шегініс жасалық. Қарабура 1104 жылы Нұр ата төңірегіндегі Қызылша деген жерде дүниеге келген. Қарабура Арыстан баптың дарынды шәкірттерінің бірі болған. Ол Қожа Ахмет Ясауимен бірге Бұхарадағы атақты ғұлама Жүсіп Хамаданидің діни медресе­сінде білім алады. Медресені бітір­геннен кейін Қарабураны ел бас­қару ісіне үйрету мақсатында әкесі шақырып алады. Әкесі өлгеннен кейін ол Боғыра хандығының та­ғына отырады. Бірде тақтың үстінде отырғанда үйдің төбесінде адамның жүргенін байқап: “Үйдің төбесінде не істеп жүрсің?”–деп сұраса, төбедегі дауыс: “Түйе іздеп жүрмін” –дейді. “Үйдің төбесінен түйе іздей ме?”–десе, төбедегі: “Сенің тақтың үстінде тойып алып Алланы ізде­генің үйдің төбесінен түйе ізде­геннен де есуастық. Егер Алланы шын іздесең, Қарабураға мініп, Алла жолына түс, мақсатыңа жете­сің”, – деп ғайып болады. Қарабура содан кейін сопылық жолды таңдайды. Қожа Ахмет Ясауи сияқты сопылық ағымды да­мытуға көп еңбек сіңіреді. Ол кі­сінің дүниетанымы мен өмірлік фи­лософиясы Қожа Ахмет Ясауи­мен үндес шығып, олар бірін-бірі қолдап отырады, құрметтейді. Сон­дықтан болар, қайтыс болар ал­дында жаназасын шығаруды Қара­бура әулиеге сеніп тапсырады. Қожа Ахмет әулие көз жұма­рында ғұламаларды, шәкірттерін қылуетке шақырып алып: “Мен өлемін, жаназа намазымды қазақ халқының перзенті, тақаратсыз жер баспаған, үйіне бала-шағасының бір күнге жететін нәпақасынан артық ешнәрсе апармаған, бар өмі­рін мешітке арқалап отын тасумен өткізген Тама Бура шығарады”, –деп тапсырады. “Мен сені ақы­рет­тік дүниеге шығарып салармын, мені кім аттандырар екен?” –деп кү­бірлеген екен жарықтық Қара­бура әулие. Бұл Қарабураның өз за­ма­­нындағы орны мен беделіне айғақ. Қарабураның әулие атануы бір ғана қазақ елі емес, күллі түркі дүниесі мойындарлық рухани пір саналуы, атадан балаға осы уақытқа дейін жетуі, оның үлкен құдірет иесі екенін білдіреді. Қарабураның әулиелілігі туралы аңыз болып кеткен әңгімелер өте көп. Бақтияр Сманов өзінің “Қа­ра­бура әулие” деген еңбегінде Түр­кияға сапары кезінде ол елдің зия­лылар қоғамының төрағасы атақты ғалым Нефзат Ялшын­таш­пен кез­­десіп, әңгіме үстінде қазақ топы­ра­ғында жатқан барша иісі мұсылман қауымның, қала берді бүкіл зиялы адамзат баласының өркендеп да­муында көрнекті орын алатын қас­терлі тұлғалар: ұлы бабаларымыз Қор­қыт ата, Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ысқақ баб, Баба түкті Шашты Әзіз, Қарабура секілді әу­лиелердің есімдерін атағанда ол орнынан тұрып қолымызды алып: –Бұл айтқандарыңның бар­лығы бүкіл түркі дүниесінің Әу­лие­лері, біздің ұлы әруақтарымыз, ру­ха­ни байлықтарымыз емес пе?–деген еді дейді. Міне, Қарабура әу­лие­ні бүкіл түркі дүниесі мо­йын­даған деуімізге әбден болады. Демек, Қарабура әулие түркі тектес халықтардың көрнекті мемлекет қайраткері, Орталық Азия ислам дінінің орнығуына елеулі үлес қосқан, әрі әулиелігін күні бүгінге дейін ұрпақтары, барша қазақ халқы пір тұтқан тұлға деуімізге толық негіз бар. Қарабура әулие Созақ жерінде мәңгілік дамылдап жатыр. Оған 1997 жылы Сарыарқа акционерлік қоға­мының президенті Құрал Ер­жановтың қамқорлығымен, көр­нек­ті ғалым Әбдірахман Омбаевтың бас­­шы­лығымен зәулім кесене салынды. Қазіргі күнде Қарабура әулие ке­се­несі халқымызды иман­дылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу орта­лы­ғына айналуда. Оның зира­тына келіп, Аллаға жалбарынып, тілеген тілектерінің қабыл болуына ден қоюшылар қатары күн өткен сайын арта түсуде. Қорыта айтар болсақ, Орталық Азияда ислам дінінің орнығуына елеулі ықпал еткен Қарабура әулие Бурахан атаның тарихымызда алар орны ерекше. Қазақ даласында Қа­рахан мемлекетінің шаңырақ кө­теріп, ірге бекітіп нығаюына Қа­ра­бура белсенділікпен атсалысқан. Әсіресе, Сахарада ислам дінін уа­ғыз­дап орнықтыруда Қожа Ахмет Ясауи мен Қарабура тізе қосып, қажыр-қайрат, мақсат-мүдделерін ортақтастырған. Қарабура әулие ұрпақтары туралы бір-екі ауыз айта кеткен дұрыс шығар. Қарабура әулие мен Батымадан тарайтын бізге белгілі ұрпақтары: Қозы-Тегін, Әмбар бибі мен Бегім ана. “Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады” де­мекші, бұлардың барлығы да қазақ халқы құрметтеген, әулие тұтқан асыл жандар. Қозы-Тегіннен әзірге дерек жоқ. Әмбар бибі Қожа Ахмет Яса­уи­­дің шәкірті Сүлеймен Хакім ата Бақырғаниға тұрмысқа шыққан. Әмбар бибінің сұлулығымен қатар, ақылдылығы көріпкел әулиелілігі де болған. Хакім ата мен Әмбар бибіден Мұхаммед Қожа, Асқар Қожа, Хубби Қожа мен Айша бибі туады. Бұлардың барлығы да атақты адамдар екені белгілі. Қазақ халқының әруақ тұтқан аналарының бірі – Қарабураның туған жиені, “Қыз әулие” атанып кеткен Айша бибі. Ал Әмбар бибі Хакім ата Бақырғаниды дүние сал­ғаннан кейін түбі араб Зеңгі атаға екінші рет тұрмысқа шыққан. Қарабура әз әулиенің екінші қызы – Бегім сұлу ақылына көркі сай, па­расаты мол қыз болыпты. Осын­дай қасиеттерінің ақылдылығы, адал, таза, қасиетті дарындылығы арқасында Бегім ана аталады. Әмбар бибі Ташкентке жақын жер­дегі Зеңгі ата қыстағында жер­ленген. Сағанасы сонда салынған. Ал Бегім ана сағанасы Қазалы ауданының жерінде. ...Сонымен, Қызылорда қа­ла­сында Қарабура көшесі мен ескерт­кіш тақтасы ашылып, кейінгі ұр­паққа ұлағат етіп табысталды. Көше ашылу рәсімінен соң Қа­ра­бура әз әулие рухына бағышталып құран оқылып, ас берілді. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда. ӨНЕР “Жауапкершілікті сезінген адам ғана жеңіске жетеді” дейді дирижер Алан БӨРІБАЕВ Көптен күткен 2010 жылға да қадам басқалы оншақты күннің жүзі болды. Жауапкершілігі мол 2010 жылдан Қазақ елінің күтері көп. Әлемнің саяси картасынан жер көлемі бойынша алғашқы тоғыздықтың қатарындағы тәуел­сіз Қазақстан үшін үлкен сын болатын, алайда жемісі мол, өзінің әлем алдындағы саяси беделіне үлкен ықпалын тигізетін жылды Қазақ елінің де, Қазақстанды іштей де, сырттай да бақылап отырған басқа мемлекеттердің де тағатсыздана күткені рас. Иә, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіз­дік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі – біз үшін үлкен сын ғана емес екен­дігін, сондай-ақ зор абырой, үлкен жетістік екендігін бәріміз де жақсы білеміз. Әрине, мұндай қуаныш Қазақ елінің пәк көңілі, ақ пейіліне Алланың беріп отырған ізгі несібесі, ырыздығы десек, саяси мәні жоғары, ел мәртебесі үшін атқарылып жатқан шаралар ұзағынан сүйіндірсін деп тілейміз. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­­лық ететін бір жыл көле­мінде Еуропа халқы Қазақстанның тек қана саяси басқарушылық қабі­леті­мен ғана емес, қазақ хал­қы­ның тарихы, өнері, мәде­ниеті, салт-дәс­түр­імен де етене таныс бола­тыны хақ. Әрине, осыған дейін де біздің рухани әлеміміз өзгелерге кеңінен таны­мал бола­тын. Ғылым, өнер, мәдениет, спорт салаларын­дағы майталман­дардың еңбектері­нің арқасында көп елдер Қазақ­станды таныды, білді. Ендігі ке­зек­тегі мақсатымыз – елдің елді­гін көр­сететін сәтті дұрыс пайда­ланып, әлем тарихы­на, болашақ ұрпақтың санасына алтын әріптермен жазылатын күн­дер­дің санын көбейту. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне бай­ланысты 13 қаңтар күні Австрия астанасы Венада еліміздің бір топ өнер шеберлері концерт береді. Біз Венаға аттанғалы отырған осы өнер ұжымдарын елордадағы Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрында соңғы дайындықтарын пысықтап жатқан тұста жолық­тыр­дық. Қазақ өнер шеберлері Австрия астанасы Вена­дағы Ховбург пен Габсбург импе­ра­тор сарайында концерттік қойы­лым­ды Еуропа жұртшылығының назары­на ұсынбақ. Өнер шебер­лерінің қатарында Құрманғазы атындағы мемлекеттік академия­лық халық аспаптар оркестрі мен Президент оркестрі, сондай-ақ  талантты, жас дири­жер Алан Бөрібаев бастаған Ес­кен­­дір Хасанғалиев, Әлібек Діні­шев, Майра Мұхамед­қызы, Айгүл Қосанова сынды есімдері елге кеңінен танымал әншілер мен музыканттар да бар көрінеді. Қызу жүріп жатқан дайындық­тың арасындағы үзіліс уақытын пайдаланып, жастығына қарамай әлем жұртшылығына кеңінен танылып үлгерген талантты музы­кант Алан Бөрібаевты әңгімеге тартқанбыз. – Әрине, дәл қазір сіз үшін әрбір сәттің қымбат екенін біле­міз. Дегенмен, сәл тыныс алған үзілістегі сәтіңізді пайда­ла­нып, бірер сұраққа жауап беруі­ңіз­ді өтінсек деп едік. Олай болса, ең алдымен жұртшылықты Венада өтетін концерттің бағдар­ламасымен қысқаша таныстыра кетсеңіз. – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы біз үшін үлкен жетістік деп білемін. ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміз еліміздің әлемдегі саяси салмағын көрсетсе, алдағы концертті де саяси шара деп білемін. Сондық­тан бар ерік-жігерімізді салып, көрермендердің көңілінен шығуға тырысамыз. Оркестрдің сүйемел­деуі­мен алды­мен әлемдік классик­тердің шығар­малары орындалады. Таңдау – Моцарттың қырқыншы сим­фо­ния­сына түсті. Бұл кездей­соқтық емес. Зальцбургте кіндік қаны тамған ұлы музыкант, қайталанбас тұлғаны Австрия халқы пір тұтады. Отандық ұжымның Дунай сахнасына апарар басты кәдесі – ұлт мақтанышы ұлы Жұбановтың туындылары. Бұл қазақ әуенін төрткүл әлем танып, ұлт мәдениеті туралы естіп-білсін деген ниеттен туып отыр. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қазақ мәдениетін де әлемге паш етуге таптырмайтын мүмкіндік. Концертте халық ком­позиторларының, сонымен қатар, Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамидидің шығармаларын орындаймыз. Әрине, концерттік бағдарламаның бәрін жіпке тізіп айтып беру мүмкін емес. Алайда негізгілері осылар. Жалпы, концерт арқылы жат жұрт біздің мәде­ниетімізді тани түседі. Бір айта кететін жәйт, бұл сапарға еліміздің ең таңдаулы орындаушы­лары ғана барады. Оның ішінде опера және балет те назардан тыс қалған жоқ. Елімізде талантты жастар өсіп келеді. Мәселен, Венаға бара жатқан біздің топтағы әнші, әртіс­тердің басым көпшілігі жастар. Бұл да үлкен мақтаныш қой! – Әлгінде дайындық залына кірген бетте бұл жер бізге тым салқын сияқты көрініп еді. Алайда, сіздердің өнерлеріңізді тамашалай келе зал іші бейне жылынып сала бергендей. – Әрине, өз шығармашы­лы­ғым­ды мақтаудан аулақпын. Алайда біздің өнеріміз сіздерге осындай әсер етіп жатса, бұған қуанатынымыз анық қой! Өнер құдіреті дегеніміз де осы (күліп). Вена мен үшін, жалпы өнер адамы үшін таңсық қала болмауы керек. Өнердің терең тарихы да осы Вена қаласымен тығыз байланысты. Бұған Вена университетінде тәжірибеден өткен кезімде көзім анық жетті. Венаға бара жатқан осы жолғы сапарымды, бір жағынан, Венаға, өнерді тереңге бойлатқан ұлы қалаға беріп жатқан шығармашы­лық жетістігімнің бастауы деп те түсінемін. Жалпы, алдағы кон­церт­­тен барлығымыздың күтеріміз көп. Өнер шеберлерінің барлығы да өз мойнындағы жауапкершілікті сезінеді деген ойдамын. Өйткені, жауапкершілікті сезінген адам ғана жеңіске жетеді. Бұл – өмірдің бізге үйреткен ең басты сабағы. – Бұл сапар сіз үшін несімен қымбат? – Өз Отанымның азаматы болғандықтан, әрине, біріншіден, елім үшін қуанамын әрі мақтана­мын. Өсіп келе жатқан жастарға қарап, шыны керек, кәдімгідей шаттанады екенсің. Өзіміздің ұлттық болмысымызға тән, ұлттық бояуы аңқып тұрған өнерді басшылыққа ала отырып, басқа да әлемдік деңгейдегі ұлы классик­тердің туындыларына да көңіл бөлсе, өнердің таразысын тең ұстаса, алар асуы әлі алда деп тұжырым­дауға болады. Өсіп келе жатқан жастар да дәл осы заңдылықты басшылыққа алары сөзсіз. Өнер шеберімен бірер сәт ішін­де осылайша ғана тілдесіп үлгердік. Әңгіме барысында Алан­ның маңдайынан тепшіп шыққан терді де байқап қалдық. Өнер шебер­леріне сәт сапар тілеген біз талантты дирижермен болашақта да жүздесіп, әңгіменің өрісін кеңей­тіп, көкейде жүрген сауал­дарымызға  жауап алармыз деген ойдамыз. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

18.09.2018

Ақмола облысында 61 ІТ сыныбы ашылды

18.09.2018

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

18.09.2018

Статусты сәйкестендіру керек

18.09.2018

Қостанай облысында адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды

18.09.2018

Ақмола облысында 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда

18.09.2018

Әулиеата аймағында туризмді дамытудың нақты жоспары жасалды

18.09.2018

Құрылыс компаниялары қызығушылық танытуда

18.09.2018

Елімізде жұмыспен қамтылған жастардың саны - 2,1 млн адамды құрайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Búgingi qazaq áıeli

Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу