Тарихты жаңғыртқан туынды

Ресейлік кинематографистердің жаңа бір туындысы – «Алғашқылар дәуірі» («Время первых») атты фильмнің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі Астанадағы «Керуен» сауда орталығындағы «Kinopark 7 IMAX» кино театрында өтті. Киноның продюсері – Тимур Бекмамбетов.
Егемен Қазақстан
07.04.2017 9563
2

Фильмнің негізі желісі – өткен ғасырдың ортасында КСРО мен АҚШ ара­сында пайда болған қырғи-қабақ, дүрдараздық пен ғарыш саласын игеру барысындағы аса күшті сая­си текетірестің шынайы өмірдегі көрінісін баяндау. Осыны әйгілі ғарышкерлер Алексей Леонов (Евгений Ми­ронов) пен Павел Бе­ляев­тің (Константин Ха­бенский) басынан өткен оқиғалары арқылы өте бір шеберлікпен, өте бір үйле­сімділікпен, көрермен күрсіне, тіпті, күңірене отырып көретіндей керемет тебіреніспен жет­кізген. 

Туындыны көріп отырып ресейлік киногерлер психологиялық драма жасаудан әлемдік деңгейге көтерілгенін еріксіз мойындайсыз әрі қызығасыз һәм қызғанасыз. Айталық, 60-жылдары КСРО мен АҚШ арасындағы бә­се­келестіктің бір бе­ле­сі «ғарыш кеңістігіне кім бұрын тірі адамды шы­ғарады» дегенге барып тіреледі. Бұл нақты шындық. Кеңес Одағының басшылары бұл істі 1967 жылға жоспарлап қойған. Бірақ «оңбаған» АҚШ бұлардың алдын орап кет­келі жатқаны әшкере бол­ды. Осыдан кейін, КСРО кө­семдері ракета жә­не ға­­­рыштық өндіріс сала­сы­ның бас конструкторы Сергей Королевқа «ға­рыш кеңістігіне тірі адам шығару екі жылға же­дел­детіліп, 1965 жылы жүзеге асырылсын» деген тап­сыр­ма-бұйрық жүк­тейді.

Кино жоғарыдағы пәр­менді бұйрықты жүзеге асырудың қаншалықты қиын болғанын, қанша­лықты қымбатқа түскенін, тапсырма орындау ке­зін­дегі адамдардың жан­кештілігі, өмір мен өлім үшін тілмен айтып жеткізе алмайтын айқастар, ты­ғырыққа тірелу, кенет жақ­сылыққа бастайтын үміт­ті жол­дың оянуы... бә­рі-бәрі бар.

Ал, фильмнің про­дюсері Тимур Бекмам­бетовтің ай­туын­ша, кино түсіру идея­сын көтерген әртіс Ми­­ро­­нов. Сөйтіп, Евгений екеуі КСРО-ның екі дүркін ба­тыры, аңыз ғарышкер Леоновпен кездеседі. Алек­сей Архи­пович оларға алты сағат бойы 50 жыл бұрын бол­ған оқиғаны бүге-ші­гесіне дейін әңгімелейді.

– Осы кездесуден кейін біз мынадай ға­жап адам туралы және ға­рышты игерудің әлемдік тарихындағы адам сенбес оқиғалар жайлы фильм түсіруді қолға ал­дық, – дейді Тимур Бек­мам­бетов.

Дубляжға барлығы 25 актер қатысқан. Е.Ми­роновқа дуб­ляж жа­­саған әртіс Аза­мат Қа­­на­пия болса, К.Ха­­бен­ский­ді – Ғани Құл­жа­­нов, С.Королевті Ба­қытжан Нұр­­пейісов ды­быс­таған. Ға­рышта, не тіреуі, не тұ­рағы жоқ ке­ңістікте шыркөбелек айналып жүрген кеме ішінде, өлім мен өмір ар­палысындағы Леонов пен Беляевтың жанкешті диалогтарын бұзбай-сыз­бай қазақ тілінде дәл кино­дағыдай тебіреніспен жет­кізу... айтарға сөз жоқ ғажап.

Расында, дубляж әр­тіс­тері кейіпкерлер эмоциясын толық бере алған. Сондықтан да, бұл туындыны ең әуелі қазақ дубляж өнеріндегі үлкен жетіс­тік деп бағаласақ, қа­те­лес­пейміз.


Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу