Татами үстін жалын шарпыды

​Өткен сенбі, жексенбі күн­дері Алматыда Қазақ елі Дзюдо федерациясының Құр­метті президенті Бекет Махмұтов жүлдесі үшін жастар арасында дзюдодан халықаралық турнир өтті дүрілдеп. Сол тур­нир­дің салтанатты ашылу сә­тінде Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов Бекет ағаны алтын медальмен ма­рапаттады. Бұл – 1996 жылғы Атланта олимпиадасы алтын медалінің көшірмесі. Олим­пиада комитетінің медалі де табыс етілді.
Егемен Қазақстан
27.04.2017 10543
2

Дзюдо турнирінде қаптаған боксшылар... Екінің бірі, егеудің сынығы емес, Олимпиада чемпиондары бастаған мықтылар. Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев, КСРО жеңімпазы Кә­рімжан Абдрахманов, әлем чемпионы Галиб Жафаров, ел боксы дәурендеген кезде бас бап­кер болған Тұрсынғали Еділов. Алтын балық үйі­рін­дей бұлардың дзюдо тур­ни­рінде неге жүргендерін көп­шілік жүректерімен сезеді, кейбіреулер аңтарылып қалған. 

Тоқсаныншы жылдардың қиын күндерінде спортшы­лардың жағдайлары да мәз емес еді. Шетелде өтетін жарыстар, елдегі оқу-жаттығу жиын­дары қомақты қаржыны қажет етті. Сол ауыр кезеңде Бекет Махмұтов Қазақ елі бокс федерациясының тізгінін қолына алды. Сол 1993 жылдан бастап бокстың дәуірлеу, дәурендеу кезеңі басталды. Бекет аға қаржысын да, бар қажыр-қайратын да аямай, түрен салды. Қазақ боксының тынысы ашылды, боксшылар дүр етіп сілкініп шыға келді. Махмұтов 1996-2006 жылдары АИБА-ның 1-вице-президенті болып сайланды. Сол биік лауазымда жүріп қазақ боксшыларын әлемдік до­даларда қақпайлаудан, қия­наттан қорғады. Аса беделді ұйымның басшылығында жүр­­генде қазақ боксшылары буыр­қанып, бұрқанып шыңға ұмтылды. Әлемнің ең беделді додасы Олимпиададан алтын, күміс, қола медальдармен орала бастады. Бұл жерде Бекет Махмұтовтың орасан зор еңбегі бар. Қандай талант болсын, бабы келмесе, қолдау болмаса бағы да таяды. Мына жерде атақты боксшылардың жүруінің сыры да осында. Бекет ағаға деген шексіз алғыстарын, ризашылықтарын білдіруде.

«Халық арена» сарайының төрінде төселген үш татами үсті жалын шарпиды. Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Молдова және Қазақ елінің балуандары жауырындарынан бу атқылап, сілкілесіп жатыр. Турнирдің тұңғыш рет өткізіліп жатқанына қарамастан, балуандар саны өте көп. Межелеген 400 балуан орнына 530 татами шеберлері білек түре жетіпті. Тек 60 кило салмақтың өзінде 60, ал 66 килода 67 балуан. Осы­­дан-ақ турнирге деген ықыласты бағамдай беріңіз. Жан­­күйер қарасы да мол.

Ұлт спортының жана­шыры Бекет Махмұтов 2009 жылы Қазақ елі дзюдо фе­дерациясының президенті болып сайланды. Өте іскер басшы дзюдоны да дүрілдетіп көтере бастады. Балуандар әлем­дік додаларда бұзып-жа­рып шыға келді. Кейін бұл іскер де, ойлы басшының бе­делін құрлықтағылар мойын­дап, Азия Дзюдо одағының вице-президенті лауазымына сайлады. Асхат Житкеев, Асхат Шахаров, Максим Раков, Ғалымжан Мұқанов, Елдос Сметовтердің Олимпиада, әлем чемпионаттарында Қазақ елінің қасиетті туын желбіреткен жыл­дар – федерацияны Бекет Мах­мұтов басқарған алтын кезең. Тек 2009-2012 жылдары жастар арасынан жарқ етіп Азияның 10 чемпионы шықты. Булығып жүрген жас толқын бұрқ етіп жанартаудай атылды. Жанартауға дүмпу берген – осы Бекет аға. Сондықтан да бұл ақса­қалға деген спортшылар құ­рметі ерекше. Әсіресе, дзюдо мен бокста.

Осы жылы наурыз айында Орал қаласында жастар арасында бокстан Бекет Махмұтов жүлдесі үшін халықаралық турнир өткізді шапағатын көрген шәкірттері. Енді Алматыда өтті халықаралық дзюдо турнирі ақ жүрек ақсақал құрметіне. Бұл – сонау қиын кезеңде ша­пағатын, қамқорлығын көрген шәкірттерінің алғысы. Жақсылық ұмытылмаса екен деген сауапты іс. Бұл турнир­дің өтуіне ұйытқы болған – Олим­­пиаданың күміс жүл­де­гері (Бейжің, 2008 ж.), әлем чем­пионатының қола медаль иегері (Мюнхен, 2001 ж.) Асхат Жит­­кеев бастаған дзюдо мамандары.

– Қазіргі жастар білсін, Бе­кет Махмұтов ағамыздың қан­дай ақ жүрек, ұлт спортының жанашыры болғанын, – деді Қазақ дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры Асхат Житкеев. – Бекет ағаның жүрегі де, қолы да ашық жан. Құрамадағы әр балуанның атын білетін. Үнемі намыстарын қай­рап, қамшылап отыратын. Же­ңімпаздар мен жүлдегерлерді қаржылай қомақты сыйақы бе­ріп, қанаттандырып отырды. Спортшылардың тарықпауына баса көңіл бөлді. Жарыстарға елден бұрын келіп, елдің соңынан қай­татын. Біз де сол кісінің іс­кер­лік тәжірибесінен үлгі ал­дық. Жақсылықты ұмытуға бол­майды. Шіркін, осындай адам­дар көбірек болса екен елі­­мізде.

Турнирге арнайы келген Азия Дзюдо одағының бас хатшысы Мукеш Кумар мен Азия одағының спорт директоры Че Куонг Хон жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, табысты өткенін ықыласпен айт­ты. Бұл – Қазақ еліндегі дзюдо күресінің даму қарқынына бер­ген баға.

Әзербайжан – дзюдо күресі жақсы дамыған ел. Елнур Мамедли, Назим Гусенов сияқ­­ты Олмпиада чемпиондары, Ельхом Мамедовтей әлем чемпионы шыққан топы­рақ. Олимпиада және әлем біріншілігінің жүлдегерлері де жеткілікті.

– Мамыр айында Әзербай­жанда «Ислам ойындары» өтеді, ел қазір үлкен дайындық үстінде, – деді команданы алып келген жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Адил Садыков. – Соның бағдарламасында дзюдо да бар. Құраманың бас балуандары Санкт-Петербургтегі Гран-при жарысына кетті. Кейбіреулері шет­елде оқу-жаттығу жиынын­да. Бұл турнирге 3 балуан әкел­гем. Үш-үш белдесу өткіз­ді, шамаларының жеткені сол. Турнирдің ұйымдастыру дең­гейі өте жоғары, төрешілер де әділ қазылық етті. Күні кеше ғана ересектер арасында Еуропа чемпионаты өтті Польшада. Екі алтын, үш қола медаль жеңіп алдық. Осының өзі Әзербайжан дзюдосының деңгейін көрсетіп тұр. Тағы бір айта кететін нәрсе, біз шетелден бапкер де, спортшы да шақырмаймыз. Қайтеміз, шетел маманын асырап, білікті бапкерлер мен Олимпиада чемпиондары өзімізде де бар.

Көрші Өзбекстан дзюдосы да жақсы көтеріліп келеді. Бұл елде Олимпиада чемпионы болмағанымен, Армен Баг­дасаров, Абдулло Тангриев, Ришод Собиров, Диорбек Уроз­баев сияқты Олимпиада жүл­дегерлері бар. Осы елден қалың қол болып 44 балуан жетті. Турнирдің бірінші күні 1 алтын, 1 қола медальға ие болды. 1996 жылы Атланта олимпиа­дасында күміс медаль жеңіп алған Армен Багдасаровтың ұлы Артем Багдасаров финалда біздің Қайсар Шамшадиновтан жеңілді.

Қазақ елінің қыздар құра­масы сегіз салмақта да алтын тұғырды меншіктеп алды. Олар: Адия Сайын (44 кг), Ақмарал Науат­бек (48 кг), Диана Аипова (52 кг), Аида Карчаева (57 кг), Гүл­дерайым Әлмағанбет (63 кг), Перизат Қадірбекова (70 кг), Әми­на Расул (78 кг), Нұрғаным Тұршабек (+78 кг). Жігіттер құрамасы жеті салмақта алтын тұғырға көтерілді. Олар: Дә­мір Болатбеков( 55 г), Марат Жан­қожа (66 кг), Барыс Қуан (73 кг), Мадияр Сембаев (81 кг), Ал­мас Жұмағали (90 кг), Қайсар Шам­шидинов (100 кг), Санжар Жабборов (+100 кг). Тек 60 кило­дағы өзбекстандық Кемран Ну­ри­лаев қана ырық бермей, алтын жүлдені жұлып әкетті. Өз­бек қызы Нодира Юлдашева (78 кг) мен қырғыз Кристина Нежникова (+78 кг) қола ме­дальға қол жеткізді. Ерлер арасында қырғызстандық Асман Акылбекұлы (60 кг), грузиялық Гиорги Базандарашвили (66 кг) және өзбекстандық Адхамжон Ах­медов (90 кг) пен Синдор Ну­руллоев (66 кг) қола медальға ие болды. Әзербайжан, Молдова ел­­дерінің дзюдошылары ең­се­лері түсіп, елге қайтты. Қа­зақ елі­нің қоржыны – уыс-уыс медаль.


Зейнел ЖЕКЕЙҰЛЫ,

журналист

АЛМАТЫ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу