Теория да, тәжірибе де маңызды

Сахна сардарлары мен сайыпқырандары кең көлемде атап өтіп жатқан Халықаралық Театр күні мерекесінің думанды сипатын мағыналы оймен толықтырып, мазмұнын тереңдете түсу мақсатын көздеген Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы «Бүгінгі дәуірдегі театр өнері. Теория және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
Егемен Қазақстан
30.03.2017 5577
2

Конференция басталмас бұрын Академия ректо­ры, Қазақстанның еңбек сі­ңірген қайраткері Бибігүл Нүсіпжанова іс-шараның ма­ңызын түсіндіре келіп, сце­нография факультетінің сту­денттері ұйымдастырған көр­меге назар аудартты. Кө­р­­медегі талантты шә­кі­рт­тердің шеберлігінің ға­на емес, шығармашылық ер­кін қиял мен ізденісі нә­ти­жесінде дүниеге келген дип­ломдық жұмыстың сан түр­лі үлгілерін, негізінен, түр­л­і спектакльдер үшін әзір­­­­ленген сахналық костю­мд­ер, декорациялық, бу­та­­­­фориялық бұйымдар құ­рай­ды.

М.Әуезов атындағы қа­зақ академиялық драма теат­рының бас сценографы Е.Тұяқов сценография өне­рінің жаңа бағыттарына, су­рет­шілер қызметінің қи­ын­дығына тоқтала тұрып, Ака­демияның еліміздегі театр­ларды кәсіби мамандар­мен қамтамасыз етудегі ең­бегі атап өтуге тұрарлық еке­­­нін айтты.

Сахна мерекесіне орай Испаниядан, Германиядан, Ресейден, Өзбекстаннан арнайы шақырылған меймандар мен қазақстандық өнер зерттеушілері бүгінгі театр мәдениеті мен дам­уына байланысты өзекті ой­ла­рын өрбітті. Ресей Фе­де­ра­­циясының еңбек сі­ңір­ген әртісі, Санкт-Пе­тер­бург Мем­лекеттік кон­сер­ва­­то­рия­сының профессо­ры Ни­на Арсентьева «Бо­ла­шақ опера әншілерін тәр­бие­л­еудегі вокальдық және дра­малық өнер синтезінің үде­рістері» деген мәселені Мария теат­ры тәжірибесі не­гізіне сүйеніп, талдады. Ал ұлттық сахна өнерінің же­тістігі мен кемшілігін сау­­атты саралай отырып, ак­тер­лер мен режиссерлер қау­ы­мын сыни көзқарасымен қамшылап жүретін белгілі театр сыншысы, «Театр өнерінің тари­хы мен теориясы» ка­фе­дра­сының меңгерушісі Сәния Қабдиева классика мен заманауи режиссураны шебер ұштастырып, жанрлық, пішіндік жағынан өрістетуді қол­ға алған Қазақстан театр­ларының дамуының негізгі бағыттарына тоқталды.

Әр ел мамандарының ба­­сын қосатын ауқымды бас­­қосулар тәжірибе бөлі­су­і­мен тиімді. Өзбекстан театр­ларындағы Батыс Еу­ропа классикасының сах­на­лық игерілуі туралы сөз қоз­ғаған профессор Мухаб­бат Туляходжаеваның ойын осы елден келген әріп­тесі Мар­фуа Хамидова өнер­та­ну ғылымының да­му соқ­пақтарындағы жаңа­шы­л­дық сипаттар жайлы баян­дамасымен толықтырып, жалғады.

Конференция жұмысы Кельн университетінің про­фессоры Ирина Мил­лер­дің, ресейлік профессор Н.Арсентьеваның, өз­бек­стан­дық өнертанушы М.Ту­ля­­ходжаеваның шеберлік са­ба­қ­тарымен ұштасты.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу