Тілін буған басқарма

Павлодар – мықты спортшы­лардың ордасы. Бұл өңірден талай чемпион шыққан. Бұйыртса, болашақта да туады небір саңлақ. Әлем спортында қолтаңбасын қалдырған сол саңлақтардың бүгінгі жетістігін насихаттай алып жүрміз бе? Айтпағымыз осы жайлы.
Егемен Қазақстан
22.05.2017 2892
2

Осы күні адам өмірін ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Жасы да, кәрісі де интернетке «матаулы». Мұның зияны да, пайдасы да бар. Зия­нын айтып, зар илеп қайтеміз. Пайдасына тоқталайық. Қазір атыңды шығарып, жұртқа танылудың төте жолы – әлеуметтік желіде белсенді болу. Тек сол жолды дұрыс пайдалана білу қажет. Яғни, жеке бастың емес, қоғамның мүддесіне бағыттасақ болғаны. Мәселен, жарыс десе, делебесі қозып, барған бәсекесінен қоржынын жүлдеге қампайтып қайтатын спортшы қауымның жетістігін неге насихаттамаймыз? Қазіргінің чемпионы – бұрынғының батыры. Ендеше, көпшілік қаһарманын білуі керек қой. Өкінішке қарай, біздің облыста осы жағы кемшін. 
Жеке федерациялар мен қауымдас­тықтардың жұмысын сөз етпей-ақ қоялық. Өңір спортының екі тізгін, бір шылбырын ұстап отырған облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасын мысалға алсақ жеткілікті. Сонымен, бұл басқарма интернетті қаншалықты дұрыс пайдалануда? Әлеуметтік желіде белсенді ме? 
Басқарманың ресми сайтына (http://oblsport-pavlodar.gov.kz/ru/) кірдік. Жаңалықтар бөлімі соңғы рет 5 нау­рызда жаңартылған. Осы аралықта біздің спортшылар не жарысқа қатыспаған, не барған жерінен сымпиып бос қайтқан. Мекеменің ресми сайтына кірген адам осындай ой түйеді. Жарайды, бұл ресми сайт делік. Ақпаратты таңдап салады. Негізгілеріне назар аударады. Бірақ, өңір спортшыларының жетістігін жалпақ жұртқа жариялап, жар салудың басқа да жолдары бар емес пе..?
Жерлестеріміздің жетістігін алғаш болып еститін осы басқарманың мамандары. Ендеше, сол бір сүйінші хабарды көпшілікпен бөлісіп отыру үшін неліктен әлеуметтік желілерден мемлекеттік мекеменің ресми парақша­сын ашып қоймасқа? Сөз жоқ, желіге «жабысқандардың» дені сол парақшаға ешбір жарнамасыз-ақ жазылар еді. Себебі, спорт – бәріне ортақ. Бұл саланы түсіну және оңай. Сондай-ақ, қысқа-қысқа спорт хабарларын жұртшылық тез қабылдайды. Өкінішке қарай, облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының әлеуметтік желілерден бірде-бір парақшасын көр­медік. Мәселен, Ақтөбе және Оң­түс­тік Қазақстан облыстары басқар­маларының «Фейсбук» желісінде өз парақшалары бар. Спортшыларының жетістігін сол жерге жариялап отырады. Басқармаға да, жарыстан олжалы оралған оғланға да жарнама, насихат емес пе?!
Негізі бар ғой, бір өңірге бір спорт сайты керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы. Газет-журнал шығарумен салыс­тырғанда, сайтты жүргізу әлдеқайда оңай әрі шығынсыз. Оның үстіне оқырманы да көп. Осыны ескерді ме екен, Маңғыстау (http://aktausport.kz/) және Шығыс Қазақстан облыстары (http://vksport.kz/) өздерінің жеке спорт сайттарын ашты. Жап-жақсы жұмыс істеп тұр. Бізге де осындай бір сайт қажет. Осыны облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы қолға алса, сайт жұмысын дөңгелетіп әкететін мамандар табылады. Бірақ, қайдам. Бұл басқарма – біздің өңірде баспасөз хатшысын ұстамайтын мемлекеттік мекеменің бірі. Басқарманың интернет желісіндегі жұмысының ақсап жатқаны да сондықтан болар...
Өзге салалар секілді емес, спорт жариялылықты сүйеді. Чемпиондарды насихаттаумен өңірдің имиджі қалыптасады. Осыны түсінсек екен. 

Фархат ӘМІРЕНОВ,
журналист

ПАВЛОДАР
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу