Тілшіге тығыз тапсырма

Егемен Қазақстан
11.01.2010 2010
АЯЗ БЕТ ҚАРАТПАЙ ТҰР Жыл ауысар шақтағы оңтүстікте 10 градусқа дейін жылы болып, соның өзі көктем келіп қалғандай әсер еткені бар еді. Тіпті кейбіріміз қыстың суық болғаны жөн ғой десіп, табиғаттың алдамшы ойынына ілесе жөнелгендей болдық қой. Қазақтың “кәрі құдасы” сонымызды сезген болуы керек, оңтүстік облыстарда қар жауып, ептеп күн де суытты. Ал шығыс және солтүстік облыстарда аяздың бет қаратпай тұрғанына екінші аптаға кетіп барады. Мұндай жағдайда бәріміз алдымен ауылдарға жол қатынасы бар ма екен, малды ауылдар жем-шөптен қысылып қалмап па, қалалардағы көп қабатты үйлердің жылуы қалай екен дейтін сұрақтарға жауап іздей бастаймыз. Тілшілерге берілген тапсырма да осы сұрақтарға байланысты еді. Павлодардан – Фарида БЫҚАЙ: – Қыстың аты – қыс қой. Осылай болуы керек те. Қақаған суық пен аязға баяғыдан етіміз үй­ренген. Ерте күзден-ақ сақа­дай-сай дайындала бастаймыз, – дейді павлодарлықтар. Соңғы үш-төрт күнде қақаған аяздың беті қайта қоймады. Күндіздің өзінде 30-32 градустан, түнде 40 гра­дусқа дейін аяз болып тұр. Қар да қалың түсті. Алыстағы елді ме­кен­дер, ауылдар тұрмақ, облыс орталығының өзінде де жүріп-тұру қиындай бастағандай. Бірді-екілі болмаса, аяздың ызғарынан ыққан ба, әншейінде арлы-берлі ағылып кеп жататын қымбат же­ңіл көліктердің де қарасы азай­ып­ты. Осындай аязды күндердің алдын алып, жалпы облыс бой­ын­ша төтенше жағдайлар басқар­ма­сы арқылы арнайы штабтар құры­лып, кезекшіліктер ұйымдас­ты­рылып, күні-түні жұмыс жа­сауда. Қалаішілік жолаушылар тасы­малдайтын автобус бағыттары, трам­вай жолдары, сырт жаққа шығатын байланыстар болсын барлығы түгелдей бақылауға алынды. Облыс орталығының көшелерін қалың қардан тазалауға 134 техника жұмыл­ды­рылыпты. Қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің осы салаға қарасты жұмысшылары күні-түні, яғни 24 сағат бойы кезекпен жұмыс жасауда. Алыстағы Ертіс, Железинка, Шарбақты, Лебяжі аудандарынан бізге келіп түскен мәліметтерге қарағанда, қалың қар бүркеніп жатқан ауыл-ауылдарда да жағдай орнықты, қыстың ызғары қатты болса да мал-жан аман, қора-қопсы жайлы, үй жылы екенін білдік. Қамданған қапы қалмайды деген осы. Ең шалғай болып табылатын Железинка ауданының әкімі Жанат Шұғаев аязды күндерге қа­ра­май, ауыл-ауылдарды аралап, бір көріп қайтқанын, демалыс уа­қы­ты болса да барлық ауыл әкім­де­рі, аудан әкімдігінің қызмет­кер­лері кезекшілік жасап, қар қалың жауған, ауа райының қытымыр күндері оқыс бір жағдайдың орын алып қалмауына баса назар ауда­ру­да екендерін, сондықтан барлық жағдайды қатты бақылауда ұстап отырғандарын айтты. Алыстағы Ер­тіс ауданында да қатты аяз күн­деріне орай аудан әкімі аппа­ра­ты­ның басшысы Байшота Шың­ғыс­тың айтуынша, жалпы аудан бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылыпты. Түске қарай аяздың беті қайтқанымен, кешке қарай күшіне енетін әдеті. Ауыл­дықтар да қыр-сырын жақсы бі­леді. Аудандық азаматтық қорға­ныс және төтенше жағдайлар қыз­мет құрылымдары бірлесіп жұмыс атқаруда. Қазір “Нұрал” жауапкер­шілігі шектеулі кәсіпорны барлық техника күштері арқылы жолдарды қардан тазартуда. Ертіс өзені ма­ңайында отырған ауылдарға да ескерту жасалыпты. Қыстың ызғары қанша қатал болса да, бәрінен бұрын елдің іші аман-есен екенін айтқан аудандардан келіп түскен хабарларға көңіліміз толды. Күн жаманы кетер дейді қазақ. Ал далада әлі де сары аяз адамдарды сынайын дегендей әне, одан сайын сақылдап күшіне еніп барады. Петропавлдан – Өмір ЕСҚАЛИ: Солтүстіктің сақылдаған сары аязы жұртшылықты біраз алаң­датқанымен, табиғаттың тосын мінезіне дайындық жұмыстары ал­дын-ала жасалғандықтан, күтпеген оқиғалар орын ала қойған жоқ. Жаңа жылдың алғашқы күндері температура күрт төмендеп, оған суық жел, сырғыма боран қосы­лып, сақтық шаралары тіпті ны­ғайтыла түсті. Ерекше маңыздағы нысандар, емханалар, мектептер бақылауға алынып, жылумен, жарықпен жүйелі қамтамасыз етілуі қатаң қадағаланды. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақса­тымен 581 адам, 356 техника кез келген жағдайға сақадай-сай әзір тұрды. Барлық бағыттар бойынша 153 жылу қосындары әзірленді. Мемлекеттік автоинспекция қыз­меткерлері күні-түні кезекшілік ұйымдастырып, күшейтілген құ­рам­да жұмыс істеді. Жол бой­ла­рын­да жанармайы қатып қалған 4 көліктің иелеріне дер кезінде кө­мек берілді. Бұл күндері өрт сөндірушілер де тыным тапқан жоқ. Олар 18 өртті дер кезінде өшіре біліп, бірнеше адамды ажал тырнағынан құтқарды. Мәселен, Жұмысшы кентінде болған тілсіз жауды ауыздықтау барысында 5 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды. Өкінішке қарай, жаңа жылда қайғылы оқиғалар да орын алды. “Сақтансаң сақтаймын” деген қарапайым тәмсілді қаперіне алмаған адамдар түрлі жазымдарға душар болды. 3 қаңтар күні Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Буденное ауылында суыққа тоңып өлген 30 жастағы ер адам табыл­ған. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ақпарат­тарына қарағанда, жолға шыққан, көше кезген 9 адам үсікке шалы­нып, 6-уы көз жұмған. Рузаев кентінде өртке оранған үйден ер адамның мүрдесі шыққан. Петро­павл қаласындағы Бензострой кен­тінде өрт жалмаған үйдің ішін­де қалған ер адам ащы түтінге ула­нып өлген. Шағын аудандардың бірінде жылыту жүйелерін жөндеп жатқан 49 жастағы тұрғын қай­ғы­лы жағдайға ұшыраған. Мереке күндері облыс орталығындағы ме­дициналық айықтырғышқа күніне 25-40 мас адам жеткізілген. Бірқа­тары туған-туыстарына табыс етілген. Төтенше жағдайлар мен түрлі оқиғалардың алдын алу жұмыстарын тиімді атқарудың арқасында бұл күндері бірде-бір өте ауыр қылмыс тіркелген жоқ. Ал ауа райын болжаушылар бол­са аяздың бірнеше күнге созы­ла­тынын, соған орай сақтық ша­раларын бәсеңдетпеуді айтып отыр. Қостанайдан – Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА: Қостанайда кеш түскен қыс қаһарына мініп тұр. Өткен жылдың аяғында басталған аяз әлі сынған жоқ. Бөрідей ұлыған боран да ауық-ауық қайталап соғады. Кеше күні бойы ақ түтектен қарға адым жер көрінбеді. Бірақ “кәрі құдаң” қыс қалай қатуланса да қостанайлықтар еш нәрседен қиналып отырған жоқ. Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, Рождество мерекелерінде облыс қалалары мен ауылдық елді мекендерде электр энергиясы желілері мен жылу құбырларының апатсыз, тоқтаусыз жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. – Мұның барлығы да қысқа жаздай-күздей жүргізілген ұқыпты дайындық жұмыстарының арқа­сын­да мүмкін болды. Қыстан қы­сыл­маудың коммуналдық шаруа­шы­лыққа қатысты екі себебі бар. Алдымен жылу жүретін құбырлар мен электр желілерін сапалы жөн­деу керек. Сосын қарызың бол­маса қыс қиындығын сезбейсің. Біз осының екеуін де қамтамасыз еткенбіз, – дейді облыстық энергетика және коммуналдық ша­руашылық басқармасы төраға­сы­ның орынбасары Ольга Пе­чаткина. Сонымен қатар облыста көмір мен мазуттың жеткілікті қоры жасалған. Ал электр энергиясы мен көгілдір отынның ақысы алдын ала төленген. Сондықтан үйі ұядай жылы қостанайлықтарға қыстың аяз бен қары кедергі емес. Ал қыс айларындағы қауіптің бірі жолдарда кездесетіні аян. Бірақ боран қалай ұйтқып соқса да Қостанай өңіріндегі жолдарда жолаушылар таситын автобустар мен басқа да көліктер тоқтаған жоқ. – Біз желтоқсан айының 25-нен бастап ауданаралық, облыс­ара­лық жолдарда кезекшілік ұйым­дастырдық. Төтенше жағ­дай­лар жөніндегі департаментінің ауа райы құбылысы туралы алдын ала ескертуін ескеріп отырамыз. Боран күшейген кезде жолаушылар көлі­гін үлкен жолдарға шығармауға кеңес береміз, – дейді облыстық жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары басқармасының төрағасы Болат Нақанов. Кеше күн-түні соққан боран кезінде аудан және облысаралық үлкен жолдардың қарын 17 тех­ни­ка тынымсыз тазалады. Алыс рейс­терге жүретін автобустар мен басқа да көліктер сапарын тоқ­тат­қан жоқ, жолаушылар жол аза­бынан ада. Шығыс Қазақстан облысынан – Оңдасын ЕЛУБАЙ: Алтайдың алты айға созылатын арқыраған ақшұнақ аязды қысы нағыз күшіне енген сыңайлы. “Бір апамнан бір апам сорақы” деген­дей, мұның алдында да аяз қатты қысып, түнге қарай ауа райы 38-39 градусты көрсетсе, міне, бүгін төртінші күн Өскеменде сынап бағанасы түнде 40 градустан асып түсті. Өткен сенбі күні жоғары оқу орындарының үшінші курс сту­денттеріне дейін сабақтарына бара алмады. Иә, биылғы қыстың беті жа­ман. Жыл басында ауа райын зерттеуші синоптиктердің басшы­лары “қыс жылы, қар жұқа бо­ла­ды” деп сәуегейлік танытқан. Жа­қында ғана Зайсан ауданындағы дос-жарандарға телефон шалып, аман-саулықты сұрағанда, ең бірінші естігеніміз: “Міне, екі ап­тадан асты, қалың жауған қар үйдің төбесінің шатырына дейін жетті, қар тазалаумен алысып жүр­міз” деп алаңдаушылық білдірген еді. Қар қалың жауған соң облыс орталығын аудан, қалалармен жал­ғастырып жататын күре жолдың да тынысы тарылып, қатты боран-шашыннан тіршілік нысанының жабылып қалатыны белгілі. Иә, Кенді Алтайда қыс қатты... Облыстық әкімдік жанынан құрылған төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның соңғы отырысы сегізінші қаңтарда өтті. Оны облыс әкімінің орынбасары Серік Тәукебаев жүргізді. “Ауа райы қатты суытпақ, оған әзірміз бе, шалғайдағы ауылдарға азық-түлік жеткізу жағы күн талабына сай ма?” деген сауалдарға жауап қай­тарылды. Соңғы екі-үш күнде төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің шешімімен соляр­ка­мен жүретін көліктерге кешкі 16.00-ден таңғы 9-ға дейін тос­қауыл қойылды. Ол кеше алынып тас­талды. Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай, Үржар, Аягөз аудан­дарының түкпірде жатқан ауылдарына азық-түліктің мол қоры аяз түспестен бұрын жет­кізілген. Бүгін Күршім-Қалжырға жол жабық. Бірақ бұл ауылда азық-түліктің қоры жеткілікті. Жалпы, аязды күндері ҚР Көлік және коммуникация министрлі­гі­нің облыстық департаменті мен “Қазақавтодордың” басшылары өз жұмыстарына жауапкершілікпен қараған. Департаментке қарасты 74 түрлі маркалы қар тазалағыш, қар күрейтін техника демалыссыз жұмыс істеп тұрды. Қазір барлық аудандарға жол ашық деген хабар айтылды мәжілісте. Біз кеше шалғайдағы екі аудан­ның басшыларымен тілдес­кен едік. – Катонқарағай ауданына қар қалың түсті. Таулы аймақтарда қар қалың жауғандықтан, қар көшкіні қаупі сейілмей тұр. Біз, әсіресе, Печи ауылы маңынан өтетін Бұқтырма өзеніндегі мұздың қатпауы салдарынан су деңгейінің көтерілуіне алаңдап отырмыз. Облыс әкімі Б.Сапарбаев қауіпті жерді аралап көрген, тиісті қаржы бөлінген. Демек, апаттың алдын аламыз. Ал азық-түлік шалғайдағы ауылдарда жеткілікті, себебі жол ашық, – деді бізбен тілдескен Катонқарағай ауданының әкімі, жақында ғана еңбекте қол жеткен жоғары табыстары үшін “Құрмет” орденімен марапатталған Серік Зайнулдин. – Зайсан ауданына қатты аяз келіп жетті. Биыл ауданға қардың жылдық мөлшерінен артық ылғал түсті. Барлық ауылдарға авто­көліктер қатынауда, газет-жур­налдар жеткізіліп жатыр. Қыстан қысылмай шығамыз деген ой бар, – дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Қазбек Биқадамов.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу