Тимур Құлыбаев, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті: Жаңа биіктерді бағындыруға дайынбыз!

Еліміз Ұлттық Олимпиада комитетінің ширек ғасырлық мерейтойын атап өтуде. ҰОК осы уақыт ішінде Қазақ елінің спорттағы даңқын арттыруға айтарлықтай үлес қосты. Мемлекетіміз әлемдегі жаңа спорт державаларының қатарынан лайықты орын алып, көк байрағымыздың дүниежүзілік додаларда желбіреуі мерейімізді үстем етіп жүр. Осы орайда біз ел спортының өткенін тағы бір шолып, бүгінін саралап, ертеңіне көз жүгірту мақсатында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевты әңгімеге тартқан едік.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 2786
2

– Қазақстан Республи­касы­ның Ұлттық Олимпиада комитеті сынды ірі, беделді ұйым басшы­лығының құра­мында бүгінде көрнекті саяси және қоғам қайрат­керлері бар... ҰОК командасы туралы айтып өтсеңіз, негізгі бағыт­тарға кімдер басшылық етіп отыр?

– Біздің командамызда бел­гілі саяси және қоғам қай­раткерлері бар екені рас. Өзінің орынбасарларының қабылдауына алдын ала жазылатын жалғыз басшы мен шығармын. Ол кісілер, сонымен қатар, белгілі спорт функционерлері, нағыз спорт жанкүйерлері. Бірнеше мысал келтіріп өтейін.

Қазақстан футболының жетіс­тіктері ҰОК жазғы спорт түр­лері бойынша вице-президенті Әділбек Жақсыбековтің есімімен тығыз байланысты. Жақында ол еліміздің Жеңіл атлетика феде­рациясының басшылығына келді. Астанада жаңа жеңіл атлетика кешенін салу жоспары қазірдің өзінде белгілі болып отыр, ол кейін ел құрамасын даярлайтын негізгі жаттығу базасына айналады. Әділбек Рыскелдіұлы өзі де тамаша спортшы: бәрімізге үлгі болып, 42 шақырымдық марафон қашықтығын толығымен жүгіріп өтеді, велосипед тебеді.

Ұлттық Олимпиада комите­тінің қысқы спорт түрлері бойынша вице-президенті Асқар Мамин де спортқа баяғыдан-ақ етене жақын. Ол елімізде шайбалы хоккейді дамытуға серпін берген «Барыс» хоккей клубының қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Асқар Ұзақбайұлы өзі де уақыт тауып, хоккей ойнап тұрады.

ҰОК паралимпиялық спорт түрлерін дамыту жөніндегі ви­це-пре­зиденті Қайрат Бо­ран­баев – елімізде жемісті жұмыс­тар жүргізіп отырған спорт бас­шыларының бірі. Ол құрамында ба­лалар футбол академиясы мен за­­­манауи спорттық базасы бар «Қай­­рат» футбол клубын жасақ­тады.

ҰОК халықаралық мәселелер жөніндегі вице-президенті Ан­дрей Крюков халықаралық Олим­пиада қауымдастығына 2022 жыл­ғы қысқы Олимпиаданы Ал­маты қаласында өткізу туралы ұсынысымен таныс. Алматының қысқы спорт түрлері бойынша болашағы зор қала ретінде ха­лықаралық деңгейде мойындалуы осы адамның басқарушылық дарынымен байланысты. Бұған қоса, Су спорты түрлері ұлттық фе­дерациясының бас хатшысы ретінде осы саланы дамытуға көп еңбек сіңіріп келеді. Ол Қазақ­стан су спортын күтпеген жер­ден олимпиадалық деңгейге кө­терген Дмитрий Баландиннің «өкіл әкесі» деуге болады.

ҰОК Бас хатшысы Данияр Абулгазиннің басқарушылық мол тәжірибесі бар. Ол Қазақстанның Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясын басқарады. Бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика және қазақ күресі бойын­ша ұлттық федерацияларды біріктірген ұйымның құрылымы да, басқару әдісі де бірегей.

– Көптеген оқырманда­ры­мыз Ұлттық Олимпиада ко­митетінің басшысы спортқа қа­лай келгенін білгісі келетіні анық?

– Спортпен мен ерте жасымнан айналыстым. Тенниспен, жүзумен шұғылдандым. 7-ші сыныпқа дейін жаттығудан қалған емеспін. Ал жетінші сыныптан бас­тап республикалық физика-математика мектебіне ауыс­тым да, не спортты, не оқуды таңдауға тура келді. Мен екіншісін таңдадым. Дегенмен, спортшы мен бапкердің қаншалықты тер төгетінін сол кезден-ақ білемін.

– Бүгінгі қазақ боксының дамуын сіздің атыңызбен байланыстырады. Бұл салаға қалай келдіңіз?

– Менің спорттың бұл тү­ріне деген құмарлығымды елімізге белгілі боксшы, кезінде Одақ көлеміндегі жарыстарда өнер көрсеткен әкем Асқар Алтынбекұлы оятты. Ол кісі маған өмірде де, спортта да үлгі болды. Спорт тәртіпке үйретіп, мінезді шыңдап, рухты жанитынын бала кезімізден біліп өстік. Әкемнің жолын қуып, бокс саласына келдім (А.А. Құлыбаев Қазақстан Бокс федерациясының құрметті президенті болған. – авт.). Федерацияда тәртіп орнатып, өңір спортын дамытуға, мамандар даярлауға ден қойдық, спорттық инфрақұрылымды ны­ғайтып, ел құрамасындағы бәсекелестікті арттырдық. Ұс­тан­­ған бағытымыздың дұрыс бол­ғанын нәтижелер көрсетіп отыр.

Одан кейін бірнеше федерацияны тиімді басқарудың үл­гісі болған Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы құ­рылды. Ұлттық Олимпиада коми­тетінің бұрынғы президенті Темірхан Мыңайдарұлы Дос­мұхамбетов 2015 жылы осы комитетті басқаруды ұсынып, Атқарушы комитеттегі әріп­тестеріміз қолдады. Бұл үлкен жауап­кершілік, дегенмен әрі қа­рай қай бағытта даму қажеттігі айқын. Бұрын да, қазір де ең алды­мен спортшыларымыздың мүд­десін қорғау – негізгі мақсат.

– Спортты дамыту бойынша алға қойып отырған мақ­саттарыңыз қандай?

– Әрине, спортты дамыту «бұқарадан – шеберлікке» қағи­дасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Елбасы да жыл сайынғы Жолдауларында әрдайым осы мәселеге назар аударады. Елімізде жеті мыңнан астам мектеп бар және солардың бестен бірінде спорттық инфрақұрылымдар жоқ. Бұл жерде, ең алдымен, мек­тептерді спорттық құрал-жабдық­тармен қамтамасыз етіп, спорттық инфрақұрылымын жақсарту қа­жет. Біз секциялық жұмыстар жүргізген дене шынықтыру мұ­ғалімдеріне үстеме ақы төле­нуін ұсынамыз. Бұл мәселеде бізді облыстық әкімдіктер қолдайды деп үміттенеміз.

Спорт саласында кәсіби мамандар даярлау жайына келсек, ҰОК бастамасымен, «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру басымдығындағы мамандықтар тізіміне биыл «Спорттық менедж­мент» және «Спорттық маркетинг» мамандықтары тұңғыш рет енгізіліп отыр. Сонымен қа­тар, спорт колледждерін де да­мытуымыз керек. Қазір елі­мізде сондай бес-ақ колледж бар. Әр облыстан кемінде бір спорт колледжінен ашып, олар әрі жаттықтырушылар мен дене шынықтыру мұғалімдерін даяр­лайтын орталыққа айналуы тиіс. Сондай-ақ, Алматыдағы Ту­ризм және спорт академиясын нығайтып, Астанада ҰОК қам­қорлығымен заманауи Дене шы­нықтыру және спорт универ­ситетін ашамыз.

Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында 1 миллионнан астам адам білім алуда. Елімізде 2014 жылдан бе­рі Ұлттық Студенттер Лигасы жұ­мыс істейді. Студенттер спор­­тын дамытып, жоғары оқу орын­­дарының спорттық инфра­құ­рылымын нығайтып, жарыстар бағдарламасын кеңейтуге күш салатын боламыз.

Спортшыларға медициналық қызмет көрсету мәселесі де аса маңызды. Қазіргі уақытта коман­даларға ғылыми тұрғыдан қолдау көрсетпейінше жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес. Бұл әсіресе допингке қарсы жаһандық үдерісте зор маңызға ие және мұны Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті де қолдайды.

– Расында да, допинг қазіргі уақытта спорттағы ең бір даулы мәселеге айналып отыр. Әсіресе былтыр көп айқай-шу шықты. Ең бір жағымсыз дау Риодағы Олимпия ойындарының қар­саңында орын алды. Еліміздің спорт қауымдастығы сол жан­жалдың салдарынан зардап шеккен жоқ па?

– Кез келген жанкүйер сияқты, еліміздің спорт тарихындағы осынша үлкен допинг дауы бізді де сергелдеңге салды. Дағдарған күйден арылу үшін жедел шара қолдану қажет болды. Қалыптан тыс, дегенмен, жалғыз дұрыс қадамға баруымызға тура келді. Мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахқа біздің барлық 104 спортшымызды қосымша допинг-тексеруден өткізіп, Рио Олимпиадасына қатысуына рұқсат беруін сұрап хат жолдадым. Тағы да ши шықпасын деп, сынамаларды талдау жасалуы үшін Дрездендегі допингке қарсы тәуелсіз зертханаға жібердік. Барлық спортшыларымыз бұл допинг-тестілеуден ойдағыдай өтті. Ауыр атлеттер командасы негізінен екінші құраммен өнер көрсетсе де, олар Қазақстан ауыр атлетика мектебінің мықтылығын дәлелдей білді. Десек те, допинг дауының салдарымен әлі де біраз жұмыстар жүргізуіміз керек.

– Ұлттық Олимпиада коми­теті допинг қолдануға үзілді-кесілді қарсы екенін үнемі мә­лім­деп келеді. Осы орайда іс жү­зінде қандай шаралар ат­қарылды?

– Былтыр Мәдениет және спорт министрлігімен, Ұлттық Ан­тидопинг Орталығымен бір­лесіп, Қазақстанның допингке қарсы жүйесін жетілдіру бойынша өзара әрекет пен шаралар кешенінің жоспарын жасадық. Бүкіләлемдік антидопинг агенттігімен (WADA – авт.) бірлесіп, қазір орындалып жатқан Жол картасын бекіттік. ҰОК-тың бастамасымен, сонымен қатар, WADA-мен жұмыс жасайтын тәу­елсіз антидопинг комис­сия­сы құ­рылды. Рио-де-Жанейрода өткен Олимпия ойындарының қорытындылары бойынша ан­тидо­пинг зертханасының бас­шылығына қатысты қажетті шешімдер қабылданды. Қазіргі уақытта Ұлттық Антидопинг Орталығын қайта тіркеу аяқталды, WADA бағдарламаларын жүзеге асыру үшін қосымша штат жинақ­талуда, допингке қарсы ережелер халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкестендірілуде, әлемнің жетекші антидопинг зертханаларымен келісімдер жасалды.

Сонымен қатар, спорт­шы­лардың биологиялық паспорттарын сараптау басталды, тұрақты комиссиялар реформаланды, Алматыдағы антидопинг зерт­ханасының қызметін реформалау мен жетілдіру шаралары жүргізіліп, оның жұмысына WADA ұсынған халықаралық бе­делді сарапшылар қатысуда. Біздің негізгі мақсатымыз – допингпен қай деңгейде болсын кү­ресуге қауқарлы, сонымен қатар, «таза» спортшыларды қор­ғай алатын тиімді жүйе құру. Допинг қолданатындарға біздің қа­тарымызда орын жоқ. Ондайлар анықталған жағдайда біз оларды бұрынғы марапаттары мен атақ-дәрежесінің бәрінен айырамыз.

– Допингке қарсы саясатты жүзеге асыру барысында ҰОК пен Мәдениет және спорт министрлігінің бірлесе жұмыс істеуі артты. Қазір спорт туралы заңға өзгертулер енгізу мәселесі қызу талқылануда, оның ішінде спортты басқарудың жаңа жүйесі де қарастырылуда. Осы орайда салалық ведомствомен әріптестік қалай жалғаспақ?

– Жасыратыны жоқ, ке­зінде Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына келген мәдениет саласының өкілі Арыстанбек Мұхамедиұлына спорт қауымдастығы күмәнмен қарағаны рас. Алайда, минис­тр салғаннан-ақ спортқа деген қызығушылығын танытып, жан­күйерлік табиғатын көрсетті. Оған Рио-де-Жанейрода өткен Олимпия ойындарында куә болдық. Мәдениет және спорт министрлігімен өзара жақсы тіл табысып отырмыз. Алға қойған мақсат-міндетіміз ортақ – ел спортын дамыту.

Қазіргі уақытта дене шынық­тыру және спорт туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Пар­ламент қарауында жатыр. Жобада спортты басқару мен қаржыландыру жүйесі же­тілдіріліп, Ұлттық Олимпиада коми­теті мен спорттық феде­рацияларға айрықша маңыз берілген. ҰОК олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бойынша жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын. Соған байланысты, Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелеріне заң жобасы бойынша көрсетіп жатқан қолдаулары үшін барша спорт қауымдастығының атынан ризашылығымды білдіремін. Осы заң жобасын қолдаған Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зай­роллаұлы Нығматулинге ерекше рахмет. Айтқандай, Нұр­лан Зайроллаұлы Қазақстан спортының үлкен жанкүйері, өзі де бокс құрамасының базасында жаттығып тұрады.

– Мәжіліс депутаттарының қатары жақында тағы бір спортшымен, Олимпиада чемпионымен толықты ғой...

– Серік Сәпиев лайықты депутат болатынына сенімдімін. Ол депутаттар корпусындағы алғашқы Олимпиада жеңімпазы емес. Атақты жеңіл атлет Ольга Шишигина да Парламентте. Кезінде Темірхан Досмұхамбетов, Серік Қонақбаев, Юрий Цхай, Дәулет Тұрлыханов және басқа да атақты спортшылар мен бапкерлер де Парламент депутаты болған.

– Тимур Асқарұлы, әңгі­мемізді қорыта отырып, Қазақ­стан спор­тының келешегі туралы ойы­ңызбен бөліссеңіз...

– Еліміз тәуелсіздігін алған 25 жылдың ішінде спорт саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстан әлемнің ең мықты 30 спорт державасының қатарына кірген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының әлемнің неғұр­лым дамыған елдерінің санаты­на кіру туралы тапсырмасын спорт саласында жүзеге асырып жатырмыз.

Жаңа биіктерді бағындыру үшін елімізде барлық жағдай бар. Отандық спортшыларды даяр­лауға заманауи спорттық ин­фра­құрылым жасалған. Қазақстанда 11 мыңнан астам спорт нысаны бар. Оған елімізде өткен Азия ойындары мен Универсиададан қалған бірегей спорт ареналарын қосыңыз. Олар құрама командаларды даярлау базасы қызметін атқарады. Еліміз бірнеше рет әлем чемпионаттарын, Әлем кубо­гының кезеңдерін, жазғы және қысқы спорт түрлерінен құр­лықтық біріншіліктер өткізді. Қазақстан халықаралық Олим­пиада қозғалысының ең белсенді мүшелерінің біріне айналды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ел спортын дамытуға үнемі кө­ңіл аударып, қамқорлық жасап отырғаны үшін спорт қауым­дас­тығының атынан алғы­сым­ды білдіргім келеді. Жеңіс тұғыр­ларынан көрінген спортшыларымыз жылдан-жылға кө­бейіп келеді. Сондықтан, олар қа­зақ­стандықтарды жаңа жеңіс­терімен қуанта береріне біз әр­дайым сенімдіміз.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу