Тоғыз жасында топ жарды

Жақында шымкенттік тоғыз жасар Кәусар Ыбырайқызы мәнерлеп сырғанаудан Ресейде өткен халықаралық турнирде 1-орын алып, қазақ елінің абыройын асқақтатты.
Егемен Қазақстан
12.06.2017 10721
2

Бала біткенді мультфильммен ал­дандыруға болады деген ата-аналардың қателесетінін осы Кәусар қыз дәлелдеп берді. Ес білгеннен спорттық жарыс­тар­ды қызыға тамашалаған кішкентай көрермен, әсіресе, Сочиде өткен қысқы Олимпиада кезінде «көкжәшіктің» алдынан жиі табылған. Содан кейін ел қор­жынына жалғыз жүлдені салған Денис Тенді теледидардан көрсе қуанышын жа­­сырмаған. Қы­­зының бо­йын­да­ғы осы бір ерек­­­ше­лікті, мә­­­нерлеп сыр­ға­науға деген қызығушылығын аңғарған анасы Жанбота Атабекова қысқы спорт мек­тебіне ертіп барады. Сөйтіп, Кәусар №8 қысқы спорт мектебінде тәжірибелі жаттықтырушы Марина Шевчуктан мұз үстіндегі өнерді үйрене бастайды. Жаттықтырушысымен тез тіл табысып, мәнерлеп сырғанаудың әрі өнер, әрі спорт екенін ерте ұғынған ол  табандылығының арқасында елімізде өткен біріншіліктерде жүлделі орындардан көрінді. Нәтижесінде, халықаралық жарысқа қатысуға мүм­кіндік алды.  «Қызымның Ресейде өте­тін халықаралық жарысқа баратынын ес­тігенде қатты қуандым. Мәскеуге барғанымызда Ресейде спортқа қатты көңіл бөлінетінін аң­ғардық. Әлемдік стандартқа сай спорт кешенінде дү­ниенің түкпір-түкпірінен кел­ген спортшыларға қарап, жарыста Кәусарға қиын болатын шығар деп топ­шыладым. Олардың осалы жоқ, бар­лығы тек жеңіске жетеміз деп келеді емес пе? Кәусар мұз айдынына шық­қанда жүрегім дүрсілдеп, қатты тол­қыдым. Дегенмен, қызым айдын­да өзін еркін ұстап, секундтар өткен сайын менің күдігімді сейілтіп, сені­мімді ны­ғайта берді. Мың бұрала би билеп, кө­рермендерді тәнті етті. Ең жо­ғары ұпай жинады. Осылайша ол тур­нир жеңімпазы атанды. Оның жаттық­ты­ру­шысы Марина Шевчукке және оқу­шы­ларға жағдай жасап отырған мектеп директоры Бақытжан Зиябековке алғыс айт­қым келеді»,  дейді Кәусардың анасы. 
Кәусардың жеңіске жетуіне биге құмарлығы да септігін тигізгені анық. Ол қаладағы өнер мектебіндегі би үйірмесіне қатысады екен. Яғни, оқумен қатар спортқа да, би үйірмесіне де баруға уақыт тауып жүр. «Мұз айдынында өнер көрсеткен қарсыластарыма қарап, «менен асып бара жатқан ештеңесі жоқ екен ғой», деп ойладым. Содан кейін өз-өзіме деген сенімділік пайда болып, ойымдағыны жүзеге асыра алдым», дейді Кәусар. 
Тоғыз жасында халықаралық турнирде топ жарған Кәусар Ыбырайқызы болашақта қысқы Олимпиада жүлдегері немесе жеңімпазы болуды армандайды. Және осы мақсатта уақытының көбін спорт пен өнерге арнайтынын  да айтты. 

ШЫМКЕНТ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Алматыда көп балалы аналар баспана кезегін күтіп жүр

23.01.2019

«Сервистік әкімдік» Open space режимінде жұмыс істейді

23.01.2019

Ресей 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауы мүмкін

23.01.2019

Қытайдың ІЖӨ-нің өсу қарқыны ең төменгі деңгейге жетті

23.01.2019

Жас мамандарға пайдалы ақпарат (видео)

23.01.2019

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қожайыны анықталды

23.01.2019

Футбол күнтізбесі жарияланды

23.01.2019

«Иван Ярыгин» турниріне қатысады

23.01.2019

Данияр Елеусінов шаршы алаңға наурызда шығады

23.01.2019

Маңғыстауда арнайы мониторинг тобының алғашқы отырысы өтті

23.01.2019

«Ойыншық» сабындар

23.01.2019

Мұстафа рухын іздеген қазақтар

23.01.2019

Тұранның тұғырлы тұлғасы

23.01.2019

Инновациялық идеяларды тиімді пайдаланса...

23.01.2019

Ғылым деңгейі неге төмен?

23.01.2019

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

23.01.2019

Қайырымдылық байқауына іріктеу жалғасып жатыр

23.01.2019

Г.Әбдіқалықова Армения елшісімен кездесті

23.01.2019

Бес әлеуметтік бастама: Атқарар іс аз емес

23.01.2019

Ауылда отырып, аукционда жеңген фермер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу