Тоқыраудан тыс тұрған тұлға

Дара сипатты зымыраған жалған, жалпы ғаламдық уақыт Серік Смайылұлын әп-әдемі, сырғақтай сымбатты күйінде томарға толы тоқсанның төріне алып келді. Әлбетте, торқалы той иесінің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері көрсетілетіні анық. Серік Қирабаев творчествосында мастану, мақтану, кеуде көтеру, оған «нан пісіру» деген ұғым аяқ асты, жиіркенішті болды. Оның дамылсыз ғылыми ізденісі, жаңа беталысқа жанға жағарлық жағдай жасау табиғи тәлімі төбеден көрінеді. Ондаған жылдар бойы, тоқыраудан тым алыс тұрмыс кешетін тарихи тұлға Отан, Еңбек Қызыл ту, «Халықтар достығы» ордендерімен бірнеше медальдармен марапатталды. Қанша атақтар, мемлекеттік және республикалық Ғылым академиясының сыйлықтарының иегері болды. Ресей Федерациясының «К 100-летию М.Шолохова» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ресей оқу академиясының шетелдік мүшесі. Қазақстан оқу академиясының академигі атағының иегері.
Егемен Қазақстан
07.04.2017 3676
2

Белгілі сыншы, әдебиеттануды те­рең мазмұнды кеңінен таратып, көп­тің игілігіне айналдыруда ұлан-ғасырлық ең­бегін сарп етті. Өзінің 60 жыл шама­сын­дағы жемісті, көпсалалы терең, теория мен практиканы ұштастыру жолында 1948 жылдан баспа бетінен белгілі болған Серік Смайылұлы 40-тан астам монография, 700 ғылыми-әдеби сын еңбектерін жа­рыққа шығарды. Біраз кітаптары Одақ және республика баспаларында орыс тілінде басылып шықты. Осы ұшан-теңіз ақыл-ой, жасампаздық ізденістің 40 кітабы, бірнеше жүз мақалалар баспадан шыққанын, оларға күні-түні сарп болған сараптау, талдау, тың пікір айту құралдары қазіргі замандағы компью­тер, интернет мүмкіндігімен теңдеу қай­да, маңына да жанаса алмайды ғой. Қандай қажырлы еңбекқорлық, өзін-өзі қамшылай алға тарту, халық қазынасын, оның қыршын жастарын, жанынан азаппен айырылған арыстарды архив астынан, шаң-тозаңда жат­қан тамаша туындыларын суырып алып, көпшіліктің рухани баю құралына айналдырды. Шы­ғар­­­машылық еңбектері тек бес сау­­­с­ақтың дамылсыз қимылдауы ар­­қылы қаламсаптың сиясын тек қа­­ғаз бетіне түсіру қазіргі ком­пью­тер­­мен жұмыс істейтіндерге өрес­кел көрінетіндігі белгілі ғой. Бая­ғы сүй­кімді, жанға жақын, аса қа­ра­­пайым, ұлы­лығын ұлықтаудың мүл­­дем елесі білінбеген ер-аз­а­мат.

Ұлы Отан соғысының ат тө­бе­­ліндей азайған ардагерлері Сұл­тан Жиенбаев, Шәңгерей Жә­ні­бек, Аманжол Қалықов Серік Қи­ра­баев­ты «Сері-аға» деп ерке­ле­теді, құр­меттейді. Өзінің биязы мінезі, бір­қалпы, ұшан-теңіз еңбегі ақсақал майдан­герлердің пейілін өзіне еріксіз аударады.

Мен Серік Смайылұлы Қи­ра­­баевты 1952 жылдан бері бі­ле­мін, істес болдық. Ол сол кезде «Пио­нер» журналының редакторы еді. Ре­дакцияда өзін қосқанда үш адам іс­теді. Олар көпшілікке белгілі қа­ламгерлер Мұқан Иманжанов, Те­мірғали Нұртазин еді. Жұқа ғана журналдың жұ­мысын сәтті бастады. Жанашыр оқу­шыларды өзіне тарта білді. Келетін кісілерді жылы қабақпен кәсіби түрде қарсы алды. Көзге ілінер-ілінбес, бірақ мазасыз ұйымдастыру жұ­мы­сына көңіл бөлуге, қолға алу­ға тура келеді. Редакторға жау­ап­­кершілік жабысып қалатыны ай­­дан анық. Журналистік кәсіп ке­­се-көл­денеңдеп жас дарынды баурап әкет­ті, творчестволық қарқынына ше­­­берлігі қосылды. Бал­ды­р­ған­дар­ға арналған әдеби-қо­ғам­дық жур­налға жас қа­ламгерлер жиі ке­летін еді. Редактор, оның екі әріп­те­сі жас қалам ұстағандардың басын біріктірді. Ұлы Отан соғысы аяқ­талар кезде сайланып, 1953 жыл­ға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Ко­ми­тетінің бірінші хатшысы қызметін ат­қарған  Жұмабай Шаяхметов қазақтың жас дарындарын қойын кітапшасына жазып алатынын айтушы еді. Сол тізімнің бірін­ші қатарында Серік Қирабаев тұрды. Өйткені, Серік ылғи Орталық Комитеттің Бю­ро мәжілістеріне Орталық Ком­со­мол Комитетінің хатшыларымен бірге ша­қы­рылатын. Бірде Жұ­ме­кеңнің маған «Кенжебаев, сен ана Қирабаевты қолдай жүр, да­рынды жас. Біз оны келешекте жауапты жұмыстарға тартамыз», деп айтқан тапсырмасы әлі есім­де. Сондықтан мен Серікке осы кішігірім мақаланы жазуға ұсы­­ныс жасадым. Ол қабыл алды. Әри­не, мен әдебиетте оқушы, фи­ло­софиялық ой еле­гінен өткізуші ға­на ғалыммын. Менен көш ілгері те­рең, жан-жақты толағай те­ңіз­дей тол­қыған ойларымен жазатын атақ­ты ғалымдар, айталық, Сейіт Қас­қабасов, Жұмағали Ысмағұлов, та­ғы басқалар да дай­ын ғой.

Серік Смайылұлының отбасы – асыл жары Әлия Сәрсенқызы Бейсенова, екі балапаны Нұр және Әлім, басқа да туыстары, әсіресе, Дәмеш апаймен аралас-құралас бол­ғанымызға, міне, 66 жылдан асты. Ал­ға ғана зымыраған, қайта айналмас уақ­ыт­ көңілге медеу әрі көңіл қалдыратын өк­і­ніш.

Осы ұзақ мерзімді қатынаста зәредей көңіл қалдыратын мінезі болған емес. Мен шын қияда жайыла мардымсымай, қарапайым, кішіпейіл қалпындағы баяғы биязы Серік бауырымды ғана басыма көтеремін, зор мақтаныш етемін.

Бір ғана зерттеу қызметімен айналысып жүр­мейтін. Ғылымға байланысты алыс-жақын сапарларға шығып Мәскеу, Баку, Ленинград, Киев, Ташкентте болып, атақты ғалымдармен пікір алмасып, аса сүйікті жұбайы Әлиямен бірге географияның атақ­­ты орыс ғалым­да­рымен кездесіп, сөй­лесіп, тіпті Әлия Сәрсенқызының ұста­зы Ақ­жан Машанимен Сирияға барып, Шам ша­һарындағы Кіші қақ­па ал­дын­дағы қо­рым­­да әл-Фа­ра­би­дің жер­ленген бейітіне бел­гі де қой­ып қайтқан.

Сыншы-әдебиетші С.Қирабаев әде­биет алыптарының твор­чес­тво­­сын зерттеуді әсте бәсең­дет­кен емес. Спандияр Көбеевтің шығар­ма­шылығы, 1937 жылдардағы қа­зақ­тың тарихи тұлғаларын, ешбір жа­зық­сыз оққа ұшқан қазақ-кеңес әде­биетінің клас­сиктері Сәкен Сей­фуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров ақталған соң, олардың сөз жетпес бағалы мұра­ларын, есімдерін қадірлеген хал­қына қайтаруда ай­тарлықтай ең­бек жасады.

Жер мен көктің қасиетін қос қа­натын жайып тастайтын аққу­лар­дың айдын көлі сияқ­ты, Сері-ағаң мен Әлия Сәр­сен­­қызының отбасы, жалпы қоғам­дық жайтқа тән міндеттер мен мәң­гі­ліктер за­ңынан бөлек тұрған жоқ. Отбасы – ұлт­тық, мем­лекеттік ұя. Осы ұя­дан талай дарынды тү­лектер қа­нат­танады. Азаматтықтың шы­­ңында қалықтайды. Туған хал­қының мән-жайын өз өмірінің өзе­гіне, мақсаты мен мәніне ай­нал­­дырады. Солардың бірі – ел­ге, жер­ге, тарихқа белгілі Серік Қира­ба­ев пен Әлия Бейсенованың ат­тары, олар­дың отбасы. Әлия Сәр­сен­қызының «Өмір өт­келдері» ең­бе­гінде «Мен ерте тұрмыс құ­рып, үл­кен апамның қолында өмір сүр­дім» деп жазды. Одан соң ол кез­де­гі тұрмыстың қиын­дығы, оқу қа­жеттілігі, балапандардың кө­­зін ашып, дүниеге келуі, әсіресе, тұ­ңғ­ыш бал­бөбек Нұр, одан соң Гүлнәр, Әділдің дүниеге келуі әке-шешелерін, туыстарын шынайы қуанышқа бөледі. Немерелерін бас­тарына көтерді. Жандарынан қал­дыр­мады, еркелетті, жылы қой­ын­дарынан шы­ғармады. Не­ме­ре­лер иісі ата-ана мерейі бір-біріне ұла­сып, жұпар аңқыған жайға же­те­леді. Қандай ырыс, жетістікке кенелді.

Сері-ағаң Нұрды көзінен бір де бір таса қыл­мады. Әкесіне тәр­­биелеуге бермеді, туыс­тар үйі­не қондырмады. Сері-ағаң Нұр­ды Н.В.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мем­лекеттік уни­вер­ситетінің аспиранту­расына жі­бе­руді еске салуға келгенде одақ­­­тық жоғарғы министрліктің кадр­лар бас­қар­масының бастығы Васи­льев­ке және мини­стр­дің орын­ба­сары Станикке хат жолдадым. Рах­мет! Олар дереу бір орын берді. Нұр МГУ-дің аспиранты болды. Ол кездегі МГУ дү­ние жүзіндегі жо­ғары оқу орындарының бірі бо­­латын. Қазір мен Нұрмен әріп­тес­пін, философиямен шұ­ғыл­да­намыз. Нұр ағылшын және бас­қа да тілдерде жазып, сөйлейді. Мен болсам 90-нан аса жаңа ғы­лым, жалпы философия теория­сы­нан бөлініп шыққан ғылым та­рихымен, философиясымен шұ­ғылданудамын. Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы ха­лық­­аралық университеттің бірін­ші проректоры Нұр Серікұлы Қира­баев Алматыда сол кездегі Фи­лософия, политология және дін­та­ну институтының директоры, Қазақстан Ұлттық академиясының кор­рес­пондент мүшесі Зарема Кәу­кенқызы Шәукенованың тіке­лей басшылығымен жемісті өт­кен І философиялық конгресте те­рең, осы уақыттағы проблема – жа­һан­дану өзгерісі жөнінде көлем­ді ғы­лыми зерттеуін ортаға салды.

Аталарымыздың «алып – анадан» деген қағидасы ескірмейтін өси­ет.

Нұр, Гүлнәр, Әділ дипломаттың ар­дақ­ты анасы – Әлия Сәрсенқызы Бейсенова 1932 жылы 25 наурызда Қарағанды облы­сы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының докторы (1984), профессор (1985). Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық Ғылым ака­де­мия­сының академигі (2005). Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың ие­гері (2013). Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верситетінің география және эко­логия ғылыми-әдістемелік орта­лығының ғылыми жетекшісі Ә.Бейсенова – Қазақстан фи­зи­калық географиясы мен эколо­гия­сы саласындағы көрнекті ға­лым­дардың бірі. 600-ге жуық ғы­лы­ми еңбек жазған, оның ішінде мо­нографиялары, оқулықтары жиыр­мадан асады. 50 жылдан ас­там уақыттан бері Ә.Бейсенова Қазақстан табиғатын зерттеу тар­и­хы­мен шұғылданып келеді. Осы та­қырыпта кан­дидаттық (Мәскеу, 1967 ж.), докторлық (Баку, 1984 ж.) диссертациялар қор­ғады.

Серік пен Әлияның отбасы, ғылыми бол­мыстары оңай бо­ла қойған жоқ. Еңбек, із­деніс, құш­тарлық қасиеттері халқына елеу­­лі еңбектер сыйлап, өз атта­рын, қа­зақ атын шығаруды көздеді. Айтуға оңай, іс­те қиямет қиын, екеуінің жазғанын қос­қанда 60 зерттеу ғылыми кітаптары, 1400 ғы­лыми көлемді мақалалар ха­лық игілігіне жұм­салуда. Нұр Серікұлының ғылыми ең­­бектері қаншама десеңізші. Сонда бұл ғы­­лым бұлағы тасып жатқан отбасынан бір кітапхананы толтыратын ең­бектер жа­рық­қа шықты.

Осы қажырлы еңбек, уақытты тиім­ді, үнемдей, бағалай пайдалану дәреже­сінде жеке-дара ғылыми атақтарға, сыйлық­тар­­ға, мемлекет марапаттарына ие болды. Қазақ мәдениеті мен өркениетінің шы­ңы­на ерлі-зайыпты ғалымдар шынайы же­тіс­тіктерімен шыққаны зор мақтаныш. Се­рік Қирабаев, Әлия Бейсенова Қазақстан Рес­­­пуб­ликасы Ұлттық Ғылым ака­де­мия­сы­ның академигі болып сай­ланды. Ерлі-зай­ып­ты екеуінің бір­дей академик болуы Қазақ Рес­пуб­ли­касы тарихындағы үшінші ғана жай. Академик атанған бірінші ерлі-зайыптылар семейлік Ләйлә Базанова мен оралдық Фазыл Мұқаметқалиев, екінші академиктер атыраулық Салық Зиманов пен қа­рағандылық Шәрбани Баталова бол­ды. Фазылмен де, Салықпен де ты­ғыз ара­ла­с­тық. Серағаң да менің жұ­байым Нағи­ма­­ға және маған жез­де болып келеді. Бұдан ар­тық мақ­таныш болмас.

Ал Серағаң мен Әлишаға шал­қы­ған шаңырақтарың сүйініші сайрап, қуанышы қайнап, тек жақ­сылыққа, айтулы табысқа жете бе­рің­дер демекпін.

Сағындық КЕНЖЕБАЕВ,

Ұлы Отан соғысының ардагері,

Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі, профессор, философия ғылымдарының докторы

АЛМАТЫ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу