Туберкулездің дендеуіне теріс діни ағымдардың да әсері бар

Өмір жақсы жағына қарай өз­ге­ріп, тұрмыстың талай тауқыметі же­ңіл­десе де, адам баласын өкшелеп ке­ле жат­­қан сырқаттар бар. Әлеу­мет­тік жағ­дай­ды айтпағанда, емі бая­­ғыда табыл­­ған «көксау» си­яқ­ты дерттердің ден­де­уіне көп жағ­дай­да науқастардың өзі кінәлі.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 2595
2

Мә­­селен, мамандар 2016 жыл­дың қо­­рытындысы бойынша елі­міз­де ту­­­беркулездің тұрақты эпидемио­ло­гия­­лық жағдайы қалыптасып отыр­ға­­­нын алға тартуда. 

Медицина жүз жерден дамыса да, ту­беркулез жер бетіндегі ең көп та­рал­­­­­ған жұқпалы аурулар қа­та­рында қа­­­лып тұр. Дүниежүзілік ден­саулық сақ­­тау ұйымының (ДДҰ) 2016 жыл­ғы есе­біне қарағанда, жыл сай­ын жа­һан­да 8,5 мил­лионнан ас­там адам өкпе құрты ау­руына шал­дығып, жылына 1,3 мил­лионы осы аурудан көз жұ­ма­ды. Нақты деректерге сүйенсек, қа­зір Қа­зақ­стан­да туберкулезге шал­дық­қан 17 456 адам диспансерлік есепте тұр. Бұл 2015 жылға қарағанда 2283 адамға аз. Сонда денсаулық сақ­тау саласын алаңдатқан жағдай не­­ден туындап отыр? Ал 2015-2016 жыл­дарға арналған жаһандық бә­се­­ке­­­лестік туралы Дүниежүзілік эко­но­­­микалық форумның есебіне қа­ра­­­ғанда, «Туберкулездің таралуы» (Tuberculosis incidence) факторы бой­­ынша Қазақстан 2016 жылы 92-орынды иеленген,  бұл 2015 жыл­­­мен салыстырғанда 9 орынға жо­­­ға­ры. Неге?

Өзіміздегі мәліметтер былай дей­ді: 2016 жылы өкпе құрты бойынша көр­сет­кіш 9,9 пайызға төмендеп, 52,7 пайызды құрады, 2015 жылғы көр­сеткіш 58,5 пайыз болатын. Сол сияқты, таралу көрсет­кіші 13 па­­-

й­ызға дейін азайып, 100 мың адам­ға шаққанда 80,6 пайызға кемі­ген. Ал 2015 жылғы статистика 92,6 пай­ыз болатын. Сонымен қа­­тар, ту­беркулездің таралуы 18 жас­қа дейін­гі  балалар арасында 21,6 па­й­ызға тө­мен­дегендігі бай­қал­ды. Сә­й­кесінше өт­кен жылы  ту­бер­ку-­

­л­ез­­ге алғаш рет шалдыққан 9381 адам анықталды. Яғни, бұл дерт  874 нау­­­қасқа азайған.  Ал 2015 жылы бұл ди­а­гноз 10255 адамға бірінші рет қой­­ылған болатын.

Онда неге 2015-2016 жылдарға ар­­­­нал­­ған жаһандық бәсекелестік туралы Дүние­жүзілік экономикалық форумның есебі бойынша Қазақстан 9 орынға жоға­рылады?

Дәрігерлер бүгінгі таңда жаппай бол­маса да, отандастарымыздың қар­­­сы екпе алудан бас тартып отыр­­ған­дарына алаңдаулы. Бір жа­ғы­­нан қазір халық арасында егуге бай­­ланысты екіұдай көзқарастар бар. Бұл ахуалды мамандар діни се­нім­дермен де байланыстырып отыр. Бұ­лай кете берсек, түбінде ба­лалар арасында туберкулездің жыл­дам өршіп кететін ауыр түрлері бе­лең алуы әбден мүмкін. Осы арада та­ғы бір мәселені ескермей кетуге бол­май­ды. Қазір әлемде жыл сайын  түрлі дә­рі­лерге көнбейтін, яғни көптеген пре­параттарға бейімделіп алған ту­бер­кулез формаларының жарты ми­л­лионнан астам жағдайы тіркеліп отыр. Қазақстан көптеген дәрілерге үй­­ре­ніп алған туберкулез түрлері бой­ын­ша Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының басты назарында тұр­ған 18 елдің бірі.

ДДҰ өзінің «EndTB» стратегия­сын­­да 2035 жылға қарай ту­бер­ку­лез­ден көз жұматындар санын 95% жә­не тубер­кулезге шалдығуды  90%­ тө­менде­туді көздеп отырғаны аян.

Аталған ұйымның  2016-2035 жыл­­дарға арналған «EndTB» стр­а­те­гиясына сәйкес елімізде тубер­ку­­лезді интегра­ция­ланған бақылау мо­де­лі жасал­ған. Жағ­дайды бақылауда ұс­тау бағдар­ла­масы негізінде ха­лыққа туберкулезге қар­сы көмек көр­сету үшін бастапқы ме­ди­­ци­на­лық-санитарлық көмек пен ту­бер­ку­лезге қарсы қызметті біріктіру көз­делген.

Бүгінде туберкулезге қарсы қыз­­меттер мен бастапқы ме­ди­ци­­на­лық-санитарлық көмек ара­сын­­дағы горизонтальды ин­тег­­ра­ция (ту­б­кабинеттерді бастапқы ме­ди­ци­на­лық-санитарлық көмек қа­рауына бе­ру) аудан деңгейлерінде  88 пайызға ат­қарылса, қала деңгейінде 26 пайыз жүзеге асырылған.

Туберкулездің алдын алудың пә­р­­­мен­ді шараларының бірі ретінде ам­булаториялық емдеуді күшейту қа­­рас­­тырылып отыр. Мәселен, 2015 жыл­мен салыстырғанда, елде 2016 жы­лы жұқпалы бактерия бөлмейтін нау­­қас­тарды амбулаториялық жол­мен ем­деу 2,1 есеге артқан.

Еліміздегі Фтизиопульмонология ұлт­тық ғылыми орталығының ди­рек­торы, профессор Жұмағали  Ыс­ма­и­ловтың мәлімдеуінше, ту­бер­кулезге  қар­сы ұйымдарды ірі­лендіру арқылы олар­ды орталықтандыру еліміздегі мұн­дай медициналық мекемелер санын 89-дан 33-ке дейін азайтқан. Ал төсек орындар саны 10 032-ден 8 264-ке дейін кеміген.  Осыдан 905 922,5 мың теңге үнемделіп, бұл қаржы туберкулез диаг­но­сти­ка­­­сына, инфекциялық бақылау мен ам­­булаториялық емдеуге қайта бө­лін­ген.

Елімізде 24 ақпаннан бері тубер­ку­­лездің алдын алу айлығы жүріп жа­тыр. Бұл шара «Туберкулезді жою үшін бірігейік!» деген ұранмен Ха­лықаралық туберкулезге қарсы кү­рес күні, яғни 24 наурызға дейін жал­ғ­асады.

Қалай десек те, қатерлі ісіктерге, дау­­асы әлі табылмаған СПИД сия­қ­ты дерттерге қарағанда, емі бо­лып тұ­рып та тез жұғатын, оңай та­ра­ла­тын  тубер­кулезді ауыздықтау адам­дар­д­ың өзіне байланысты. Қазір елі­міз­де дәрігерлер өкпе ауруларына қа­тысты тегін кеңестер береді, ақы­сыз қарайды. Жылына бір рет тұр­ғылықты мекенжайыңызға қарай флю­орографиялық тексерістен өтіп т­ұ­руға болады.  


Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу