Тұманбай ақынның досы

Достықты сөз ету оңай емес. Әрі қызық, әрі қиын. Қызығы — достар өмірі өнегесімен ерекше. Мәселен, Қасым Аманжолов «Ақын туралы аңыз» поэмасын жан досы Абдолла Жұмағалиевке арнады. Өлеңмен ескерткіш орнатты. Қиыны — нағыз достар қазіргі заманда бар ма деген сұрақ туады. «Қалта жолдас көп, жан жолдас жоқ». Мұны айтқан қазақ сатирасының классигі Оспанхан Әубәкіров. «Шынымен дос жоқ екен, дос жоқ менде». Бұл — Мұқағали Мақатаевтың сөзі.
Егемен Қазақстан
18.03.2017 7737
2

Ал Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылында тұратын білім беру ісінің үздігі, сексеннен асқан зейнеткер қария Едіге Сапаевты тыңдасаңыз, ол кісінің пікірі мүлдем бөлек. Достыққа шүбәсіз се­неді. Неге? Ендеше, оның себебін өзі айт­сын.

– Меніңше, нағыз достар кеше де болған, бүгін де бар. Оның куәсі мы­на мен, өзіммін. Егер, тағдыр маған Тұманбай Молдағалиевті жо­лық­тыр­ма­­ғанда, кім біледі, достық дейтін ұлы се­­зімнің құнын дәл осы тұрғыда ба­ға­лай алмас та едім.

Шын достық жан тазалығында ғана өркен жаяды. Тұмашым жазған мы­на бір сөйлемдерге назар салып қа­ра­ңызшы. «Өмірде біздің кінәмізден еш­кім жылап көрген жоқ. Біз тек қия­натсыз әлемді аңсадық. Екеуміздің бі­рі­мізге біріміздің сенгенімізге, малымызды қосып бірге айдағанымызға, жаны­мыз­ды қосып жібергенімізге жарты ға­сыр болған екен», дейді ақын өткен күн­ге арнаған естелігінде. Міне, оның көң­іл пәктігін паш ететін дәлел.

Нағыз достық сирек кездеседі. Тот бас­пайтын асыл секілді қымбат. Ең ғажабы, ол кез келгеннің пешенесіне бұйырмаған. Өмірлік тәжірибемде мен осы қағиданы қапысыз ұқтым, – деді Едіге аға ойланып.

Олар – Тұманбай мен Едіге, 1948 жылы 1 қыркүйекте Есік қаласындағы мектеп-интернаттың ауласында танысыпты. Әңгімелері де тез жарасқан. Се­бе­бі, екеуі де жетімдіктің зарын кешкен жа­рым көңіл қарасирақтар. Өңірлері де, өмірлері де ұқсас. Туған ауылдары бір-бірінен қашық емес. «Қазатком» мен «Қазақстанның» арасы ат шаптырым жер ғана.

Армандары қабысып, талғамдары табысқан. Кейде мұндай жақындық бір құрсақтан туған бауырларда да кез­деспейді. Екеуінің арасында балаға тән алақұйын мінездер, қызғаныш пен өк­пелесу, өктемдік пен өзімшілдік еш­қашан да болмаған екен. Сондықтан сы­нып­тастары тұрмақ, бүкіл мектеп оқу­шы­лары оларды «егіздер» деп атап­ты.

– Сынып жетекшіміз Фрида Янке деген апайымыз Тұмашты өте жақсы көр­ді. Келешегінен үлкен үміт күтті. Мек­теп бітіру кешінде: «Тұманбай, сен бұдан кейін қайда оқығың келеді?» деп сұрағаны бар. «Бағымды әдебиет ма­ңынан іздеймін, апай», – деді ол. «Ал сен ше, Сапаев?» – деп мұғалім маған бұ­рыл­ды. «Мен бе, мен Тұманбайдан қал­маймын», – дедім.
Құдай аузыма салды ма, алдағы күндеріміз тура осылай өтті. Біз тағы да бір бөлменің тұрғыны атандық. КазМУ-дың филология факультетін бір­ге бітірдік, – деді Едіге аға жастық шақ­тың бір сәттерін еске түсіріп.

Мынандай да қызық жағдай болған екен. Жігіттер қыз таңдайтын кезге же­те­ді. Ұнатқан құрбыларына кө­ңіл­дерін біл­діріп, хат өрнектелуі керек. Олардың ойынша махаббат сөзі тек өлеңмен жол­да­нуы керек сияқты еді. Оны орындайтын ақын бар, ол – Тұманбай.

Кезегі келгенде: «Сен кімді қалай­сың?», – дейді Едіге досына. Сонда до­сы өзі сұлу, өзі өнерпаз, өзі оқу озаты Т-ның есімін атаған. Бұған Тұманбай да қуанады. Едігенің қолын құшырлана қы­­сады. Сондағы жасырынып қалған бір сезімнің құпиясы 50 жылдан кейін ғана ашылған.

– Тұмаштың естелігін оқып отырып бе­ті­мнің ду ете түскені. «Шынында да ол мектептің жұлдызы еді. Мен де ол қыз­ды жақсы көрдім. Сүйдім. Бірақ, сен бірінші болып атаған соң, таласып қай­тейін. Ол қыз сенің болашақ жарың бо­луға тиісті деген шешімге келдім», – деп жазыпты.

Қайран, асыл Тұмашым! Жүрегін­де­гі сүйіспеншілігін амалсыз жасырған екен. Маған бола сезімін өз қолымен тұн­шықтырыпты. Егер, сол кезде осы жай­дың шет жағасын ғана білдіргенде ғой, оларға өмірлік бақытты мен тілей­тін едім. Алайда, бұл дүниеде Тұманбай үшін достықтан қымбат еш нәрсе бол­ған емес, – дейді біздің кейіпкеріміз.

Тұманбай мен Едіге интернат ауласында қалай табысса, сол күй­ле­рін өзгертпей жетпістен асты. Сый­лас­тықтарына сызат түскен жоқ. Бұл жай­ға әрі таңғаласың, әрі сүйінесің. Атақ та, даңқ та ақынды алдандыра алмады. Ұлық болған сайын кішік бол­ды. Едігенің табанына кірген тікен Тұ­ман­байдың жүрегіне қадалған. Бірге күл­ді, бірге қуанды. Есімін ел білетін үлкен қаламгер Едігенің қасына келгенде қарапайым адамға айналатын. Тіпті оның көмекшісі сияқтанып елпілдеп жүргенін көргендер бұған түсіне алмай, еріксіз бас шайқайтын.
– Көкшетауда қызметте жүрген үлкен ұлым үйленетін болды. Сондағы құ­­да түсу рәсімдерінің бәрін Тұмаш өз мой­нына алды. Ақын жүрегіндегі шат­тық оның көзінен нұр болып шашы­ла­тын.

Сонымен, біз құдалыққа бардық. «Тұманбай Молдағалиев келе жатыр», деген сөздің өзі-ақ көкшетаулықтарды елең еткізді. Бізді әуежайда облыстық пар­тия комитетінің бірінші хатшысы Қасым Тәукеновтің өзі күтіп алды. «Тұ­ме­ке, ғафу етіңіз, шұғыл жұмыс­тар­мен Мәс­кеуге ұшатын болдым. Мынау – міне­­тін көліктеріңіз, мына жігіт – ме­нің көмекшім. Бәрі қарауларыңызда бо­ла­ды», деді ақынды ардақтаған қай­рат­кер азамат.

Сонда бақыттан басым айналды. «Шүкір, – деймін қуанып. Кешегі екі жетім енді, міне, облыс басшысының көлігімен келе жатырмыз. Сен бұған жет­тің, Тұмаш. Сенің жеткенің – менің жет­кенім», дедім ерекше толқып. Біздің өмірімізде мұндай мысалдар өте көп еді, дейді ағамыз досының су­ре­тіне елжірей қарап.

Екеуінің арасындағы әзілдердің өзі қазақы қалжыңның сүйкімді үлгісіндей еді. Бірде Көкшетаудағы ақын Еркеш Ибраһим әйелімен Алматыға келеді. Тұманбай інісін қарсы алып, қонақ етеді. Туыстай болған ағасын барын салып күтеді. Үш күн өткен соң олар қаладан сыртқа шығып, біраз ел аралау­ды жөн көреді. Бағыттары – Жаңашар ауылы. Себебі, онда Едігенің үйі, бере­ке­лі дастарқаны бар.

Хабар бермей келсе де Едігенің жары Әнипаш отағасының жоқтығын біл­­дірмейді. «Едіге қазір келеді», деп бәрін дайындайды. Қой да сойы­лады, шай да қайнайды. Қуырдақ та піседі. Бірақ, бір нәрсені күткен Тұманбай үлкен қонақты үйдегілерге әлі таныстырмаған еді.

Жадыраған көңілмен жақсы әңгіме бас­тала бергенде, үйге Едігенің кіш­кен­тай ұлының кіріп келгені. Ойнап жүріп бай­қамапты, іш киімін дымдап алған екен. Сол кезде манадан бері сыпайы отыр­ған Әнипаш басын тік көтереді.

– Әй, Еркеш! – дейді. Зірк ет­кі­зіп атын атағанда үлкен ақын селк ете тү­седі. Әнипаш сөзді ары қа­рай жал­ғай­ды. «Әй, Еркеш, дереу бұ­тың­да­ғы шалбарыңды шеш!» – дей­ді. Мы­нан­дай бұйрықты естігенде қонақ­тың кө­зі атыз­дай болады. Тұманбай мен Күл­тай бол­­са іш­терін басып шиқылдап, көз­де­­рінен су аққанша күледі. Бұл оқи­ға­ның мәнісін тү­сін­беген үш адам. Олар – ақын Еркеш, ол кісінің әйелі Ақыл жә­не қо­нақ күтуші Әнипаш еді.

– Кешіріңіздер, бұл үйде де бір Ер­кеш бар. Соның өсіп жатқанын сіздерге ес­кертпеппін, – дейді Тұманбай езуін әрең жиып.

– Оқасы жоқ. Келін айналайын, сен са­быр ет, қысылма! Тіпті соған әуре бол­­машы. Кәне, киімді маған бер. Ер­кеш­­тің шалбарын Еркеш ауыстырсын, – де­ген екен қонақ ақын.

– Тұмаш жыр жазған кезде ең алдымен өзінің жақсы көретін адамдарымен үн­сіз сырласатын секілді. «Есіңде ме, Едіге», – дегендей, олармен бір ақыл­д­а­­сып барып даңғыл жолға түсе ме деп ойлаймын. Санап отырсам, маған ар­­нап 104 өлең шығарыпты. 104 өлең де­ге­ніңіз кішігірім бір жинақ. Бұл өзі қы­зық құбылыс. Оның біз білмейтін өзін­дік құпиялары бар. Оны келешекте әде­биет зерттеушілері ашатын шығар.

Едіге аға әңгімесін ары қарай сабақ­тады.

– Солардың ішінде мен үшін әнін ком­позитор Сейдолла Бәйтереков жаз­ған «Жан досым» дейтін шығар­ма­ның жө­ні бөлек. Әнді ең алдымен Ермек Серкебаев орындады. Қалың жұрт сүй­іп тың­дады. Достықты ту еткен жан­дар­дың көңілінен шықты.

Бұл туралы менен гөрі Тұмаштың өз сөзі әлдеқайда әсерлі. 2008 жылы 19 ақ­панда «Айқын» газетіне сұхбат берген. Енді соны оқып көрелік. «Өмірдегі қуанышым үшін, бақытым мен аман­ды­ғым үшін досыма қарыздармын деп ой­лаймын. Оның адамдарды жақсы көруі, аялауы ешкімге ұқсамайды. Сол үшін де мен Едігені өте жақсы көрдім. Оның адалдығын, аппақ көңілін, қиянат жа­сай алмайтын қылығын өзіме үлгі тұ­та­мын. Сейдолланың шығарған әнін­де­гі өлеңді мен Едіге досыма арна­дым», – депті.

Егер осындағы Едіге деген сөзді Тұман­бай деп өзгертсек, бұл менің де оған айтқаным болып шығады. Тұмаш – өмір­б­аянымның бір бөлшегі тәрізді. Кей­де жаным құлазып жалғыз­сы­рай­мын. Алайда, жазмышқа не шара?! Бұл күн­дері қолымнан Тұмашымның кітап­та­ры түспейді.

Уақыт алға қарай жылжып барады. Өмір – өзен тоқтаусыз ағып жатыр. Әлі-ақ жыр сарайын жаңғыртатын талай жампоздар дүниеге келеді. Алайда, дос­­­тықты ту етіп көтерген Тұманбай Молда­ғалиев­тай ақын бір ғасырда бір-ақ рет туатын шығар, – деп ардагер аға, қа­­дірлі қария Едіге Сапаев әңгімесін аяқ­­тады.

Осындай асыл достардың болғанына және бола беретініне біз де сендік. Ұлы сезімнің ал­дында басымызды иіп тағ­зым етуге тура келді.

Болат МӘЖИТ,
журналист

Алматы облысы

Суреттерде: балалық шақтан бір белгі; көп жыл өткен соң.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу