Туризм Оңтүстікке ту тігеді

Қазақстан 2020 жылы жаздың күні Таяу Шығыс елдері үшін, ал қыс айларында еуропалықтар үшін туристік мемлекетке айналатыны осыдан бес жыл бұрын айтылған болатын.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 4035
2

Үкіметте бұл жоспарды жүзеге асыру мақсатында жобалар да жасалды. Таяу Шығыс елдерінен келетін туристер үшін өте тартымды болғандықтан, Оңтүстік Қазақстан облысында жазғы туризмді дамыту керектігі де күн тәртібіне шығарылған еді. Бес жыл бұрын көтерілген мәселені еске салып отыруымыздың себебі де жоқ емес.

Түркістанға түркиялық туристер ағылады

Биылдан бастап 45 елдің азамат­та­ры Қазақстанға визасыз келе ала­тын болды. Олардың қатарында Эко­но­ми­калық ынтымақтастық және да­му ұйы­м­ының, Еуропалық одақтың мү­ше­лері, сонымен қатар, Біріккен Араб Әмір­ліктері, Малайзия, Сингапур сия­қ­ты елдер бар. Сондай-ақ, жазда өте­тін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрме­сі­не келуші шетелдік қо­нақтардың арасында Түркістандағы тарихи нысандармен танысып, Шар­да­­­ра­ға шомылғысы, Сарыағаш ши­па­жай­ларында ем алып, тау бөктері та­би­ғатын тамашалап, Шымкентте де­ма­л­­ғысы келетіндердің аз болмайтыны анық. Сол қонақтардың сұранысын қа­на­ғаттандыруға дайындығымыз қандай?

Туризм әлемдік экономиканың ажыра­мас бөлігіне айналды. Дүниежүзілік ту­ристік ұйымның мәліметіне сүйенсек, қа­зіргі әлемдік туризм өнеркәсібінен түскен табыс мұнай экспорты мен мұнай өнім­дері және автокөлік табысынан кей­інгі 3-орында тұр екен. Осы саланы дамыту арқылы жаңа жұмыс орында­рын көптеп ашып, ұлттық табысын мо­лайтып отырған елдер көп. Алайда, пай­дасы көл-көсір туризм өнеркәсібі елі­мізде, оның ішінде оңтүстікте қар­қын­ды дамып отыр деп айта алмаймыз. Десек те, соңғы жылдары туризм са­ласын дамытуға деген талпыныс күшейіп келеді. Табиғи әдемілігімен, бі­регей тарихи және археологиялық мұ­ра­сымен, туризмі қарқынды дамып ке­ле жатқан инфрақұрылымымен танымал Түркияның тыныс-тіршілігін жақ­­сы білетін Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының әкімі Жансейіт Түймебаев тың бастамалар көтеріп, тиімді жобаларды қолға алуда. Байқағанымыз, талай оң бастамалардың жүзеге асуына түрткі бо­ла бастаған Түймебаевтың негізгі бір «кө­зірі» туризм болғалы тұр. Оңтүстікте «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту» кластерін дамыту ісі айрықша назарға алынып, Түркістан қаласы, Отырар мен Сарыағаш аудандары, Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтары мен «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристік нысандары енгізілген. Аймақтың танымалдығын арттыру мақсатында «Ontustik» туризм бренді әзірленді. Өңірде 3 және 5 күндік туристік маршрут жасалды. «Recommended by EXPO» белгісі бе­ріліп, «Шымтур», «Саэль тур» және «Мирас тревел» туристік ұйымдарымен ме­морандумға қол қойылды.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы­­ның туристік әлеуеті жо­ға­ры. Өңі­рі­міз­де саяхатшыларды қызық­ты­ра­тын ны­сандар көп. Мысалы, ЮНЕСКО-ның мәдени мұ­ралар тізіміне енгізілген Қо­жа Ахмет Ясауи кесенесі, Сауран қа­ла­шығы, Отырар ау­данындағы Арыст­ан баб кесенесі мен кө­не Отырар қа­лашығы, Бәйдібек ау­да­нындағы Бәй­ді­бек ата, Домалақ ана ке­се­не­лері мен Ақмешіт үңгірі, Төле би және Түл­кі­бас аудандарының қайталанбас әсем та­­биғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қо­рық­­тары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлт­тық табиғи паркі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық кә­сіп­к­ер­лік, индустриялық-инно­ва­циялық да­му және туризм басқармасының мә­лі­метіне жүгінсек, бүгінгі таңда об­лыс кө­лемінде 1278 тарихи және мә­дени ес­­керткіш саяхатшылар үшін қыз­мет ете­ді. Түркістан, Отырар, Сайрам ба­ғы­­тында мінажат ету – мәдени-та­ны­м­дық туризмі, Ақсу-Жабағылы, Қа­ратау мем­­лекеттік табиғи қорықтары мен Сай­рам-Өгем мемлекеттік табиғи ұлт­­тық пар­кі аумағында экологиялық ту­р­изм және Са­­ры­ағаш, Манкент ши­па­­жайларында ем­­деу-сауықтыру ту­ризмі да­­му үстінде. Өңір­де туристерге ар­нал­ған 36 демалыс ай­мағы, 100-ге тарта қо­нақүй, 6 демалыс үйі жұмыс істейді. Облыс аумағында 837 археологиялық ескерткіш бар. Оның 155-і құрылыс және сәулет нысаны болса, бесеуі тарихи, жетеуі монументалды қолөнерге жатады. Жыл сайын киелі орындарға зия­рат етушілер саны артып келеді, бірақ оларға қызмет көрсету сапасы әлі де тиісті деңгейде емес. Сондай-ақ, мамандар ескі қалашықтар орнын қоспағанда, ел аузында әулие, киелі саналатын 300-ге жуық тарихи-мәдени орын ішкі туризмді дамытуда толық пайдаланылмай отыр­ға­нын, Отырар ауданында 100-ге тарта, Түркістан қаласының төңірегінде 40-тан аса ескі қала орындарының көбі үйін­ді күйінде жатқанын айтуда. Осы ол­қы­лық­ты ескерген жергілікті билік тарихи қалалардың орнын реттеп, қалпына кел­­тіру жұмысын іске асырмақ ниетте. 

Биыл Түркістан қаласы Түркі әлемінің мә­­дени астанасы болып бекітілгені мә­лім. Осы орайда қалада алыс-жақын ел­дер­­д­ен келген қонақтарға барынша қо­­л­ай­лы жағдай жасау бағытында көп­те­ген жұ­мыс атқарылуда. Облыс әкімі Жан­сейіт Түймебаев Түркістанды ту­рис­тік қа­лаға, туризм орталығына айналды­ру күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі еке­­нін, жылына 1 миллионнан астам турист келетін аймаққа алдағы жылдары 1 ми­ллионға жуық түркиялық туристің ке­лу­ге дайын екенін айтқан болатын. Со­ған сай сервистік қызметтердің сапасын да жоғары талапқа сай етуді, қала­ның туристік әлеуетін арттыру бойынша нақты қадамдық іс шара жоспарын бе­кітуді тиісті мекемелерге тапсырды.

Қасқасу – Шымбұлаққа, Сарыағаш Бурабайға бәсекелес бола ала ма?

Оңтүстікте туризмнің түтінін түзу ұшы­ратын оң бастаманың бірі һәм біре­гейі – Іле Алатауының көркем ете­гіндегі шатқалда теңіз деңгейінен 2260 метр биіктікте орналасқан «Шым­бұ­лақ» тау-шаңғы шипажайына Қас­қа­су экологиялық аймағындағы тау-шаң­ғы курортының құрылысы бас­ты бә­се­ке­лес болады деп кү­тілуде. Жыл бойы ту­ристік қызмет көр­сететін халық­ара­­лық деңгейдегі тау-шаң­ғы курорты аумағында қонақ үй, мей­рамхана, ар­қан жолы, бассейн және тағы басқа да ны­сандар салу ісі жоспарла­нып отыр. Жо­ба толық іске асырылған жағ­дай­да ал­ғашқы жылдары 120 мыңға жуық қо­­нақ қабылдай алатын Қасқасу шаңғы трасса­сының биіктігі 1880-3155 метр, ұзын­дығы 33,4 шақырым болмақ. Қазір мұнда электр энергиясы бағаналары орнатылып, автомобиль жолын дайындау жұмысы, кәріз тазалау ғимараттарының орны әзірленіп қойыпты. Жалпы, Төле би ауданында туристер демалатын 12 табиғи орын бар. Сондай-ақ, 8 зиярат ету, 1 сауықтыру, 4 жоғары сервистік қы­з­­мет көрсететін, 44 көпшілікке ар­нал­­­ған демалыс орны тағы бар. Ал «Тау самалы» демалыс аймағында 200 орын­ды қонақ үй құрылысы мен 800 метр­лік шаңғы жолы салынбақшы екен. Бұл жобаның жалпы құны 700 млн тең­ге. Қаражат жеке кәсіпкердің есе­бі­нен жұмсалмақ. Сондай-ақ, ауданда саумалмен емдеу орталықтары салынуда. Биыл Төле би ауданында 160 орынды саумалмен емдейтін 3 бірдей орын іске қосылмақшы. Жеке кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева басқаратын компания «Тау самалы» демалыс аймағынан этноауылдар құрылысын жүргізуде. Мұнда 7 киіз үй мен ұлттық қолөнер бұйымдары ор­на­ласатын үйдің құрылысы келешекте пай­далануға берілмек. Бұл жобалар ой­да­ғыдай іске асса, Төле би ауданында ту­ристік сервистік қызмет жақсарып, де­малушылар саны арта түспек.

Ал Сарыағаш еліміздегі курорт­тар­дың брендіне айналып, ем алу мен дем алу­дың, тынығудың барлық талаптары­на сай орталық ретінде дамып келеді. Бү­гінде бұл демалыс аймағы бүкіл ТМД елдеріне белгілі. Алдағы уақытта Сары­ағашта дем алу және ем алу сапа­сын халықаралық деңгейге жеткiзу мақ­сатында жаңа жоба әзiрленген. Яғ­ни, 600 гектар аумаққа 1500 орынды жа­ңа курорттық қалашық са­лы­нады. Бү­гiнгi таң­да 22 емхана-шипажай жұмыс iс­тейт­iн Көктерек ауылы денсаулығын түзет­кiсi және демалғысы келетiндер үшiн курортты мекен болмақ. Туризм са­ласының мамандары бұл жоба­ның ку­­рортқа келушiлер санының алты есе өсуiне мүмкiндiк беретiнiн айтып отыр, яғни жоба іске асырылған жағ­дай­да бас­тап­қыда жылына 284 400-ге жуық демал­у­шы қабылдау жоспарлануда. Сондай-ақ, Сарыағашта казино­лар салынып, еліміздің Щучье, Қап­шағай қалаларындағы секілді ойын биз­несі дамымақ. Жалпы, бұл жобаларды жүзеге асыру қыруар қаржыны қажет ететіні мәлім. Сондықтан Қасқасу – Шым­бұ­лаққа, Сарыағаш Щучье мен Қап­ша­ғай­ға бәсекелес болар-болмасын уақыт көр­сетеді.

Тағы бір еуропалық үлгідегі қалашық Ақсу-Жабағылы қорығында салынбақ. Ал Шардара су қоймасы жанынан жағажай туризмін дамыту қолға алынатын болады. Шардарада жағажай бойында қонақ үйлер, жағажай спорттық алаңдары, мейрамхана, саябақ сынды нысандарды салу жоспарланып отыр. Жағажай туризмін дамытуға 255,3 гектар жер телімі анықталып, оны елді мекен санатына ауыстыру жұ­мы­с­т­а­ры жүргізілуде. Сондай-ақ, Шар­дара әуежайын қалпына келтіру жос­парланған. Алайда, Шардарада әуе қа­тынасы болатынына күмәнмен қа­ра­у­­шылар көп. Мемлекеттен қаржы бө­лі­ніп, қосылған күннің өзінде шығыннан кө­­зін ашпайтын жоба болатынын айту­шы­лар да аз емес. Мамандардың пі­кі­рін­­ше, әуежайдың инф­рақұрылымын са­­луға миллиардтаған қаржы қажет, ұшақ­­­тар­дың қызметіне белгілі кө­лем­де мем­­лекет дотация беруі керек. Әуе­жай­ды күтіп, талапқа сай етіп ұстау, қау­іпсіз­­дігін қамтамасыз ету үшін қаншама қыз­­меттер қажет болады. Күніне 5-6 ұшақ ке­ліп қонуы тиіс. Сон­дықтан, бұл өзін-өзі ақ­­тамайтын, тиімсіз жоба деп са­найтын­дар бар­шылық. Қалай болғанда да, Шар­да­рада жағажай туризмін дамыту мақ­са­тындағы жоба іске асырылған жағ­дай­да алғашқыда жылына 135 мыңға жуық де­малу­шы келеді деп жоспарлану­да.

Облыстық кәсіпкерлік, индус­три­ялық-инновациялық даму және ту­ризм басқармасының мәліметіне жү­гін­сек, Оңтүстікке жылына 1 миллион 300 мыңнан астам турист келеді екен. Олар­д­ың басым көпшілігі Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия және Италия азаматтары. Бұл мемлекеттер қатарын биыл ЭКСПО қонақтары ұлғайта түседі деген болжам бар. Шетелдіктерден бө­лек өзі­міздің Қазақстанның барлық ай­ма­ғы­нан ши­па­жай­ларға, тарихи орын­дарға ке­лу­ш­і­лер көп. Демек, туризм Оңтүстік үшін тап­тыр­мас табыс көзі болғалы тұр.


Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан» 

Оңтүстік Қазақстан облысы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Алмат Мадалиев әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

26.03.2019

2019 жылғы қаңтарда елімізде 80711 жеңіл автомобиль тіркелген

26.03.2019

Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті Кеңесшілер Палатасының Спикерімен кездесті

26.03.2019

Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кеткенін мәлімдеді

26.03.2019

Алматылық жастар астана атауын өзгертуге қолдау білдірді

26.03.2019

Үкімет пен Ұлттық Банк интернет-займдар бойынша маржаны шектеуді жоспарлайды

26.03.2019

Елорда жаһандық индексте қалай жоғарылады?

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

26.03.2019

Р. Дәленов көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жаңа шаралар туралы айтып берді

26.03.2019

Бақыт Сұлтанов автобус апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

26.03.2019

Қарағандылық спортшылар екі Әлем кубогын ұтып алды

26.03.2019

Оңдасын Оразалин Әйтеке би және Хромтау аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

26.03.2019

Мүлдем жауапкершілік жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Орталық стадионның жағдайы туралы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу