Түркістанда өзбек киносы күндері өтті

2018 жыл  Қазақстанда Өзбекстан Республикасының  жылы  аталып  өткені белгілі.  Осы бастамалар аясында бауырлас халықтардың жақындығын тереңдетуге септігін тигізетін  түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылған болатын. Ауқымды шаралар әлі де жалғасын табуда. Осы орайда Түркістан облысында   Өзбек киносы күндерінің салтанатты ашылуы өтті.

Егемен Қазақстан
13.01.2019 3606
2

Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Отарбаев Мәлік Нұржанұлы,   Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Фатхуллаев Абрар Джахангерұлы және Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамұлы қос елдің ту еткен татулығы мен достық байланысын айқындайтын айтулы басқосумен құттықтап, тарихи фильмдердің ортақ тәрбиесі мен мазмұны жөнінде сөз етті.

Кино – кез келген мемлекеттің мәдениет айнасы іспетті. Ол, сол халықтың тұрмыс-салты мен дәстүрін дәріптейтін құрал болып саналады. 

Сондықтан да бүгінде бүкіл әлем кино мен телехикая саласына үлкен ден қойып  жүр. 

Біздің елімізде де кино саласына жіті көңіл бөлініп, кеңінен насихатталып келеді. Себебі, кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын үлкен құралдардың бірі болып саналады. Сондықтан да, кез - келген мемлекет өз киноиндустриясының дамуына зор мүмкіндіктер жасайды.  

Кино саласы мен анимация саласының біздің өңірімізде дамып келе жатқаны қуанарлық жағдай. 

Былтырғы жылдың өзінде өңірлік туризмді дамыту, тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Күш атасы – Қажымұқан» анимациялық фильмі және “Қалқанқұлақ” қиял-ғажайып  телехикаясы түсіріліп,  «Көне жетігеннің сыры» атты телесериал және «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» атты анимациялық фильмдері түсірілді. 

Бүгінгі іс-шараның екі елдің арасындағы алтын көпір, бауырлас қазақ-өзбек халықтарының достығы мен бірлігін нығайтуға себеп болатынына сенімім мол. 

Түркі елдеріне ортақ, мəдениеті мен əдебиеті егіз тарихи фильмдерді насихаттау, кинорежиссерлер мен актерлар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, тəжірибе алмасуға жол ашу болып табылады. 

Қазақ пен өзбек – түбі бір туысқан халықтар. Екі елдің мәдениеті мен салт-дәстүрі, діні, тілі ұқсас. Қазақстан мен Өзбекстан ғасырлар бойы сақталған достық пен қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, жаңа деңгейге көтеруде. 

Түркістан облысына келіп, халқымыздың рухани байлығын молайтуға қосқан елеулі үлестеріңіз үшін алғысымды білдіре отырып, баршаңызды тағы да Өзбек фильмдері күндерінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!",-деді Мәлік Нұржанұлы.

Көрсетілім барысында қазақтың ұлы ақыны Абайдың балалық шағы, қоршаған ортасы, шығармашылығы және мұрағат құжаттарын қолданып түсірілген «Слово Абая» деректі фильмі (режиссері: Шухрат Махмудов), Шыңғыс Айтматовтың қиссасы аясында түсірілген «Сарвкомат Дилбарим» көркем фильмі (сценарий авторы: Сарвар Каримов пен Керез Зарликова, рөлдерде: Адиз Ражабов, Мадина Талипбек, Улуғбек Қодиров, Элина Абайқызы, Бобур Йулдошев, Журабек Орзиев, Матёқуб Матчонов, Нигора Каримбоева, Алишер Узоқов),   «O’zbekkino» агенттігінің тапсырысы бойынша «O’zbekfilm» киностудиясы түсірген тарихи кинокартина «Ойкиз» ертегісі (режиссері: Акбар Бектурдиев) Түркістан қалалық мәдениет үйіне жиналған  көрермен назарына ұсынылды.

Айта кетсек, 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан Республикасы жылына байланысты екі елдің достастығын арттыру, мәдени байланысты нығайту мақсатында 20-дан астам іс-шаралар өткізілген болатын. Олардың қатарында Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері  “Дўстлик” қауымдастығы және Халықаралық Әмір Темір қайырымдылық қорының Қазақстандағы бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз бір халықпыз», «Әмір Темір - Ұлы сәулетші» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Өзбек Ұлттық академиялық драма театрының Түркістан облысындағы гастрольдік сапары, «Офарин-2018» облыстық әншілер байқаулары өтсе, сонымен қатар, Өзбекстанның Навои облысында өткен Халықаралық «Нурли наволар» фольклорлық фестиваліне Қазақстанның атынан түркістандық өнерпаздар қатысып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Ташкент қаласында түркістандық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт қойылды. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу