Түркістандағы ұлық тойға түркітілдес 23 мемлекет өкілдері қатысты

«Түркістан – ер түріктің бе­сі­гі ғой» деп ұлы Мағжан ру­хын көркем сөзбен кестелеген Түр­кістан қаласы тек алаш жұрты үшін ғана ардақты емес, тамырын көк түріктен тартқан барлық түркі тілдес халықтар үшін киелі мекен, қасиетті Атажұрт.
Егемен Қазақстан
23.03.2017 2920
2

Әз-Наурыз күні осы киелі қа­лада «Түркістан −Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасының салтанатты ашылуы мен Нау­рыз мерекесіне арналған «Нау­рыз­нама» шарасы өтті.

Түркістан төрінде өтіп жат­қан жиынға 23 мемлекеттен түр­кі тіл­дес 25 ұлттан тұра­тын 300-ге тарта қо­нақ­тар ат шал­дырып келіп­ті. Олардан бө­лек халықаралық ұйым өкіл­дері мен зиялы қауым, қала тұр­ғындарын қос­қан­да ұзын саны он мыңға жуық адам қатысты.

Қожа Ахмет Ясауи кесе­несін­де киіз туырлықты қазақ­ты өз алдына жеке мемлекет етуге еңбегі сіңген қазақ хан­дары, абыз-әулиелері, батыр­лары мен ел сөзін ұстаған биле­рі мәңгілікке дамылдап жатыр. Құрметті қонақтар осын­да зия­рат жасағаннан кейін қазақ­тың қа­лың тарихының көзі тірі куәгері Түркістан тарихи музейін аралады.

Содан соң Есім хан алаңын­да «Түркістан − Түркі әлемі­нің мәдени астанасы» мен «Наурыз­нама» думаны басталды.

Мерекелік шараны об­лыс әкімі Жансейіт Түйме­баев ашты.

Салтанатты жиында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұ­­ха­медиұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың арнайы жол­даған құттық­тау сөзін оқып берді.

– Баршаңызды түркі халық­тары­ның қасиетті қара шаңырағы саналатын Түркістан қаласының түркі әле­мінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып жариялануымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл тарихи шешім – түркі тіл­дес мемлекеттердің, ТҮРКСОЙ ұйы­мы­ның елімізге деген құрметі мен Қазақ­станның халықаралық аренадағы зор абырой-беделінің тағы бір жарқын көрінісі.

Түркістан орта ғасырлардан бас­тап түркітілдес халықтардың маңыз­ды рухани орталығы болып ке­леді. Ұлан-ғайыр Еуразия өңірінің мұ­сылмандары Қожа Ах­мет Ясауи кес­енесін Орталық Азия мен Қазақ­стан­дағы ең қас­тер­­лі орын ретінде кие тұ­тып, тәу ету­ді дәстүрге айналдыр­ғаны­на тарих куә.

Үш ғасырдай Қазақ хан­ды­ғының астанасы болып, халқы­мыздың көп­теген игі жақсылары жерленген бұл қала әрдайым киелі мекен болып қала бермек, делінген Елбасы құт­тық­тауында.

Шара барысында Ж.Түймебаев  бар­ша жұртшылықты Түркіс­тан­ның Түркі әлемінің мәдени аста­насы жылы атануымен құттықтады.

− Ұлыстың Ұлы күнімен үйлесіп, жарасып жеткен жүрекжарды, қуанышқа қуаныш қосатын, шаттыққа шадымандық еселейтін тағы бір теңдессіз тойға жиналып отырмыз. Әзірет Сұлтан әспеттеген, күллі түркілер ту етіп көтерген, қашанғы қара шаңырақ, тарихи Түркістан шаһары Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде бауырларымыздың баршасына құшағын айқара ашты, – деп атап көрсетті Жансейіт Қансейітұлы.

Шара барысында ТҮРКСОЙ халық­аралық ұйымының «Бас­пасөз сыйлығы» шетелдік және қазақ­стан­дық 15 үздік журна­лиске тапсырылып, мереке концерттік бағдарламаға ұласты. Онда 500-ге жуық биші күн мен түн, жұл­дыздар бейнесінде «Күн мен Түн­нің теңелуі және Табиғаттың оя­­нуы» театрландырылған сазды-хо­рео­­графиялық қойылымын көр­сетті.

Сонымен қатар, түркітілдес халықтарға ортақ ұлы тұлғалар – Арыстан баб, Ясауи, әл-Фараби, Қор­қыт ата образдарындағы көрі­ніс сахналанса, Қазақ хандары киелі шаңырақты көтеріп, онда­ғы уықтарды өңіріміздегі 20 этномә­дени орталықтың өкілдері ұстауы­мен бейбіт еліміздегі тұрақтылық пен татулықты көрсетті.

Концерттік бағдарлама барысында «Сүйінші. Шашу» көрінісі қойылды. Онда ұлттық киімдегі аттылы жаршылар Наурыз келгені жөнінде сүйінші сұрап, шашу шашты. Алаңда түркітілдес мем­лекеттерге арналған 6 киіз үй көтеріліп, түркітілдес мем­лекеттердің «Наурыз» керуені кел­ді. Керуенде 18 түйе, 30 ат, 4 ар­ба және түркітілдес мемлекет­терден келген 300-ге жуық мәдениет қызметкерлері өнер көрсетті.

Салтанатты жиында түр­кі­тілдес мемлекеттердің әлем халқын бірлікке, достыққа, бейбіт­шілікке шақыруға арнаған үндеуі қабылданды.

Бұдан кейін сөз алған сенатор Қуаныш Айтаханов, ТҮРКСОЙ ха­лықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов құт­тық­тау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін айтты. Қ.Айтаханов Сенат Төр­а­ға­сы Қасым-Жомарт То­қаевтың құт­тықтауын оқып берді.  

Наурыз тойы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы этноауылда жалғасты. Мұнда барлық ұлттық нақыштағы әбзел­дермен безендірілген 12 қанатты 33 киіз үй тігілген. Қазақтай дар­хан халық әлемде сирек қой. Қазе­кең сыйлы қонақтарын күтуге дастарқанға барын салатындығы әлімсақтан мәлім. Сол ұлттық мінез әр киіз үйден көрінді.

Той кезінде бірқатар ел аға­ларын да сөзге тарттық. Солар­дың бірі қоғам және мемлекет қайраткері, Түр­кістандағы Халық­аралық қазақ-түрік универ­си­тетінің қазығын қағуына Елба­сының тапсырмасымен Қазақстан жағынан қол қойған академик Мырзатай Жолдасбеков бүгінгі іс-шараның қаншалықты маңыздылығына өз бағасын берді.

− Бұл біздің кешегі Мұстафа Шоқай бастаған ағаларымыздың арманы еді. Олар Түркістан мемлекетін құрды, бірақ ғұмыры ұзақ болмады. Енді сол бақыт қайта келе жатыр. Мына Наурыз тәуелсіздік екеуі қосылып, түрік кіндігінен жаралған ұрпақтың басын қосып жатыр. Көк түріктің балалары ажырамасын. Елімізде тыныштық болсын, наурыздан наурызға аман-есен жетейік, − деді ол.

Наурыз-думаннан соң Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халық­аралық қазақ-түрік университеті базасында «Түркістан және Түр­ко­логия» атты халықаралық ғы­лыми-теориялық конференция өтті.

Түркологияның өзекті мәсе­лелері ғылыми талқыға түскен алқалы жиынға алыс-жақын шет елдер мен қазақстандық 100-ден аса ғалымдар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.

Отырысқа модераторлық еткен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бү­гінгі ғылыми басқосу тілі, ділі, діні, тегі бір түркі халықтарының мәдени ықпалдастығы мен өркениет бірлігін жаңғыртып, қазіргі жағдайын баяндау арқылы терең тарихынан сыр шертетініне сенім білдірді.

− Біздің мығым бірлігіміз, тұтастығымыз – ортақ руханияттың алтын қайнары, сарқылмас ғылым бұлағы. Түркі әлемі бірлігінің бүгінгі шы­найы жанашыры, Түркі әлемі­нің ақсақалы атанған Елбасы­мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың бастамасымен іске асқан түркі бірлігінің айшықты көріністерінің бірегейі бүгінгі шара деп білемін, − деді өңір басшысы.

Конференцияда Мәдениет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ТҮРКСОЙ халық­ара­лық ұйы­­мының бас хатшысы Д.Қа­сейі­новке 70 жыл толуына орай жол­­даған құттықтау хаты мен төс­бел­гісін тапсырды.

Басқосуда ғылыми кон­ференцияның құрметті қонақтары Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұха­медиұлы, Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орын­басары Мұстафа Рухи Өзбил­гич, мемлекет және қоғам қай­рат­кері, профессор Мырзатай Жол­дасбеков, ТҮРКСОЙ-дың бас хат­шысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі сынды бірқатар азаматтар сөз сөй­леді.

Түркияның Мармара уни­верси­тетінің профессоры Томар Женгиз бен Ресей ғылым акаде­мия­сының докторы, профессор Фир­даус Хисамитдинова баян­дама жасады. Ғалымдар «Түр­кістанның түркі тарихы мен мәдениетінен алатын орны», «Қ.А.Ясауидің түркілік ислам идео­­­логиясын қалыптастырудағы рөлі», «Та­рихи жазба деректер мен көне жәдігер­лерді зерт­теу­дің маңыздылығы» және «Б.Кен­­жебайұлы және түркітанудың өзекті мәсе­лелері» бағыттары аясында пікір алмасты.

«Түркістан және Түркология» халықаралық конференциясында 8 мемлекет тарапынан 115 ға­лымның баяндамалары жи­нақ­талып ұсынылды.

Түркістанда өткен ұлы жиын түркітілдес елдер мен Қа­зақ­стан­ның өнер жұлдыздары бір­лесіп өткізген гала-концертке ұласты.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу