Түркияның Экономика министрлігі EXPO-2017 көрмесіндегі ұлттық павильонын таныстырды

Таныстыру шарасы Астанадағы Rixos Group мейманханалар желісінің құрамына кіретін Rixos отелінде өтті.
Егемен Қазақстан
06.06.2017 1718
2

EXPO-2017 көрмесіндегі Түркия комиссары, елдің экономика министрінің орынбасары Фатих Метин мен Түркияның экономика вице-министрі Тарык Сонмез жұртты түрік павильонының тұжырымдамасымен таныстырды.

Түркияның «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған EXPO-2017 көрмесіне қатысуы туралы шешім 2016 жылғы тамыздың 5-інде Түркия Республикасының  экономика министрлігі мен  Astana EXPO-2017 Әкімшілігі арасында қол қойылған хаттамамен ресми түрде бекітілді. 

Павильонның жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайды. Оның жанында  Таиланд, Иордания  және Әзербайжан павильондары орналасқан.  

Түркия EXPO көрмелеріне 34 рет қатысты. Ол 1851 жылы Лондонда өткен алғашқы EXPO-ға да қатысқан ел.  2016 жылы  Түркия тұңғыш рет өз елінде дүниежүзілік деңгейдегі аса ауқымды шара «World Botanic EXPO-2016»  Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына ие болды. «Балалар мен гүлдер» девизімен өткен бұл көрме осы саладағы жұртшылық қызығушылығына ерекше ие болған оқиға саналады. Төрт айдан сәл ғана астам уақыт ішінде көрмені 4,5 миллионнан астам адам тамашалаған. Кейбір күндері көрмеге келушілер саны 70 мың адамнан асып кеткен.

Milan EXPO-2015 дүниежүзілік көрмесінде түрік елі Түркия Республикасы экономика министрлігінің қолдауымен «Келешектің  іргесін берік қалау үшін  өткенді зерттеу» тұжырымдамасына қатысты.

Астанада өтетін  көрмедегі Түркияның тақырыптық тұжырымдамасы  «Тұрақты энергетика жолындағы Ғаламдық өзара әрекеттестік» деп аталады. Экспозиция девизі «Түркия – Энергия орталығы» дүниежүзілік  қоғамдастыққа Түркияның болашаққа сеніммен қарайтын бейбіт сүйгіш ел екенін паш етеді.

Логотип композициясының негізі – Күн. Оғыз тайпаларының таңбасы да жаратылыс кіндігі ретінде Күнді ерекше әспеттейді.  

Анадолы күні  – күнбағыс. Көк төсіндегі алтын күнге ұқсайтын  бұл өсімдік таза энергия символы болып саналады. Логотипте Түркияны бейнелейтін осы нышандардың бәрі көрініс тапқан.

Негізгі реңк ретінде Түркияның тағы бір ажырамас символы – көгілдір ақ түсі таңдап алынған. 

Тұсаукесер қонақтары алдында атақты «Челлистамбул»  виолончельшілер квартеті өнер көрсетіп, түрік халқының «Сема» және «Ней» билері орындалды.  

Бауыржан МҰҚАНҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу