Тұжырымдама түйіні – ауырмайтын жол іздеу

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласына қатысты мәселе қозғалды. Яғни, Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің тұжырымдамасы талқыланды. Сондай-ақ, екі заң жобасы қаралды.
Егемен Қазақстан
26.04.2017 2855
2

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016-2019 жыл­дарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы жайында баян­дады. Министрдің мәлім­деуінше, бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру. Бұл дегеніміз, халықтың денсаулығын нығайту бойынша ведомствоаралық жұмыстарды реттеу және үйлестіру. 

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген бар. Тұжырымдаманың негіз­гі түйіні, міне, осы мәтел­дің өзегін­де жатқандай. Министр­дің мәлімдеуінше, қоғамдық денсаулық моделі ауруларды емдеуден гөрі оның алдын алу мен басқаруға назар аудару­ға мүмкіндік бермек. Бұл Қазақ­станда Дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымы айқындаған қоғам­дық денсаулық сақтау­дың негізгі он оперативті функ­ция­сының негізінде құрыла­ды. Оған халықтың денсау­­лы­­­ғ­ы мен әл-ауқатын эпи­де­м­ио­­­­логиялық қадағалау, ден­сау­­­­лыққа қауіп төнген және тө­тен­ше жағдайларда мони­то­ринг жүргізу және әрекет ету, денсаулықты қорғау, оның ішін­де қоршаған ортаның, еңбек, тамақ өнімдерінің қауіп­сіз­ді­гін қамтамасыз ету, соны­мен қатар, денсаулықтың нашар­лауын ерте анықтау арқылы аурулардың алдын алу жағ­дайлары кіреді. Сонымен қатар, көрсетілген функциялардың қатарына денсаулық сақтау сала­сын стратегиялық бас­шы­­лықпен, білікті кадр­лар­­мен, сон­дай-ақ, тұрақты ұйым­дас­тыру­шылық құрылыммен және қаржыландырумен қам­та­масыз ету кіреді. Бұдан бас­қа, оның функцияларында қоға­м­дық денсаулық сақтау сала­сындағы ақпараттық-түсін­діру жұмыстары мен зерт­теу­лердің дамуына ықпал ету қа­рас­тырылады. Ал бұл қызметтің дамуының негізгі ба­ғыттары қазіргі кезде нор­ма­тивтік құқықтық база мен бюд­жеттік бағдарламаларды қа­лып­тастыру, ұсынылатын қыз­меттер тізімін әзірлеу, инфра­құрылымды дамыту, бірың­ғай IT-платформа құру, кадр­лық әлеуетті дамытуды қам­тумен денсаулық сақтау сала­сы­ның әлеуетін арттыру, соны­мен қатар бизнесті тарту мен мемлекет-жекеменшік әріп­тес­тігін дамыту сияқты жұмыс­тарды қамтиды.

Денсаулық сақтау саласы сөз болғанда, көптің көкейінде тұратын бір сауал – еліміздегі дәрі-дәрмек бағасы туралы бо­ла­тыны жасырын емес. Үкі­метте де бұл мәселе айтыл­ды. Осыған байланысты Ден­сау­лық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің бөл­шек сау­да­дағы шекті бағасын 2018 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап бекі­тет­і­нін мәлім етті. Министр Е.Бір­танов «Бөлшек саудадағы дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленіп жат­қанын, енді оны талқылау баста­латынын жеткізді. «Алдымен қоғамдық кеңесте, кейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында, БАҚ-та кеңінен талдайтын бола­мыз. Қоғам талқылауынан соң, заң жобасы биыл күзде Пар­ла­ментке жолданады. Жыл соңы­на дейін оны қабылдап, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап дәрі-дәрмектердің шекті баға­сын бекітеміз деген үміт бар», деді министр.

Үкімет отырысына қоғамдық ұйым­дардың басшылары, соны­мен қатар, ДСҰ өкілдері де қаты­сып, сөз сөйледі. Ал талқы­лау қо­ры­­тындысында Премьер-Ми­нистр Үкімет мүшелеріне жыл со­ңы­на дейін қоғамдық ден­сау­лық сақтау қызметін құру бо­йын­ша ұйымдастыру жұмыс­тарын аяқтауды тапсырды.

Отырыста қаралған келесі мәселе – «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кейбір заңнама­лық ак­ті­­леріне жоғары оқу орын­дарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мә­се­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заң жобасы жайында Бі­лім және ғылым министрі Ер­­лан Сағадиев баяндады. Ми­­нистр­­дің мәлімдеуінше, Қазақ­­­станның жоғары оқу орын­дары­ның академиялық және бас­қару еркіндігін кеңей­ту де­геніміз ЖОО-ларға сту­­дент­тер­ді қабылдауға, құ­рылым тә­р­ті­бін, білім беру бағ­дар­ла­ма­­ларының мазмұнын анық­тау­ға және ғылыми-білім беру қыз­меті бойынша еншілес ұйым­дар­ды құруына құқық беру­ді біл­діреді. Бұ­ған дейін осын­дай ар­тық­шы­лықтар тек ұлттық ЖОО-лар­да ғана бол­ған. Бұдан өзге, Ұлт­­­тық бі­лік­тілік шеңберіне бі­рік­­­тірі­ле отырып білім беру бағ­­­­дар­­ламаларын әзірлеу қағи­да­­сы енгізілетін болады. Осы­ның арқасында ЖОО-лар білім беру нәтижелері мен өздері­нің құзы­реттіліктерінің негі­зін­де дер­бес білім беру бағдар­ла­ма­ларын әзірлей алатын бола­ды. Сон­дай-ақ, ЖОО-ларды ли­цен­зия­лау жүйесі де өзгереді. Егер бас­тап­қыда тек мамандық ли­цен­­зия­ланған болса, енді заң жобасы қабылданған соң жалпы дайындау бағыты да лицен­зияланатын болады.  

«Бүгінгі таңда жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру­де шамамен 600 мамандық бар, жаңа тәсіл енгізілгеннен ке­йін даярлаудың 10 бағыты пайда бола­ды, оның ішінде ЭЫДҰ ел­деріндегідей, ЖОО-лардың 600-ден де көп дербес білім беру бағдарламалары болады», деді министр. Сонымен қатар, студенттерге де екі бағыт бо­йын­­ша оқудың дербес жолын қа­лыптастыру құқығы берілмек. Олар – пәндерді тереңінен мең­геру және пәндерді қосымша мең­геру. Қосымша меңгеруде бір мамандықта оқып жүрген студент­тер өз білімдерін толықтыру үшін қосымша мамандықты да игеруге мүмкіндік алады.

Үкімет отырысында қаралған тағы бір мәселе – «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне оларды Қазақ­­стан Республикасы Конс­титу­циясының нормаларына сәй­кес кел­тіру мәселелері бойынша өз­­ге­рістер мен толықтырулар ен­гі­зу туралы» заң жобасы. Бұл жо­баны Әділет министрі Марат Бекетаев таныстырды. Ол заң жоба­сының мақсаты заңнамалық акті­лер­ді Конституцияға жақында енгі­зілген түзетулерге сәйкес кел­тіру екенін, соған орай 7 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізу талап етілетінін мәлім етті. Қазақ­стан Республикасының Қыл­мыс­тық кодексінің бірқатар бабы­на, азаматтық туралы, шетел­дік­тердің құқықтық жағдайы тура­лы, жергілікті мемлекеттік бас­қару және өзін-өзі басқару тура­лы, халықтың көші-қоны тура­лы, ұлттық қауіпсіздік тура­лы, волонтерлік қызмет тура­лы заңдардың нормаларына өзге­рістер енгізіледі. Бұдан өзге, «Құқық­тық актілер туралы», «Про­куратура туралы» заңдарға және сот жүйесі қызметін реттейтін заңға түзетулер енгізілетін болады.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу