Ұлт саулығын көздейтін бағдарлама

Былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы қабылданған болатын. Медицина саласын дамытуды көздейтін бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы кеше Үкіметте баспасөз мәслихаты өтті. Оған Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді.
Егемен Қазақстан
10.08.2017 7824
2

«Денсаулық» бағдарламасы ең алдымен халықтың денсаулығын нығайтып, олардың өмір сапасын жақсартуды көздейді.

Үш жылға жоспарланған бағ­­дар­­ламаның басты 7 бағыты бар. Оның біріншісі – қоғамдық денсау­­лықты қорғау. Бұл бағыт бойын­ша министрлік ұлт саулы­ғын ны­ғайтуды көздейтін қоғам­дық ден­саулық қызметін құрған. Ел өңір­лерінде ашылып жат­қан мұндай қызмет түрлері әртүр­лі аурулар­дың алдын алу жол­да­рын іздес­тіріп, халыққа неғұр­­лым қолже­тімді әрі тиімді тетік­терін қарас­тырады. Оның алғаш­қы легінде санитарлық-эпиде­мио­логия­лық жағдайды тұрақты сақтау, сыр­қат­тарды емдеу барысында заманауи тәсілдерді қолдану мәселесі тұр.

Л.Ақтаеваның дерегіне сүйен­сек, осы жылдың алғашқы жеті айында 10 инфекциялық ауру бойынша ешқандай да науқас көрсеткіші тіркелмепті. 27 жұқпалы аурудың таралу деңгейі төмендеп, соның ішін­де қызылша –  55 есе, трихинеллез – 20 есе, менингоктық инфекция 3,8 есеге азайған. Соңғы он жылда адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзарса, ана өлімі – 4 есеге, сәбидің шетінеуі 1,6 есеге қысқарған. Қатерлі ісік аурулары да ауыздықталып, 20 пайызға төмендепті. Вице-министр онкологиялық аурулар­дан өлім көрсеткіші азайып келе жатқанына тоқталып, бұған ауру­ларды бастапқы сатысында анық­тау да септігін тигізгенін атап өтті. Енді осы саладағы емдеу тәсіл­деріне жаңаша мазмұн беру, заманауи технологияларды пайдалану үрдісі жалғасып жатыр. Осы мақсатта Астанадағы Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында жаңа емдеу жобалары әзірленіп жатыр екен. Бұл әдістердің бәрі сырқаттардың өмір сүру сапасын арттырып, ғұмырын ұзартуға ықпал етеді.

Бағдарламаның екінші бағыты – халыққа медициналық-санитарлық алғашқы көмек шеңберіндегі қызметтердің сапасын арттыру, жедел медициналық жәрдемді дамыту, барлық денсаулық қызмет­терін біріктіретін арнайы меди­циналық көмекті дамыту.

Бағдарламаның үшінші бағыты негізінде медициналық қызмет көр­сету сапасын арттыру көзделіп отыр. Осыған байланысты сапаны қаөдағалайтын бірлескен комиссия құрылған. Былтыр аталған комиссия емдеу мен диагноз қоюдың 281 клиникалық хаттамасын, 40 ме­дициналық технологияны, меди­циналық ұйымның 8 стандартын мақұлдаған. Ал биылғы жар­ты­жылдықта 59 клиникалық хатта­ма бекітілсе, 14 медициналық техно­логия расталған. Енді жыл­дың аяғына дейін тағы 180 клини­калық хаттаманы әзірлеп әрі қарай жетілдіру жоспарланып отыр. Жалпы, медицинадағы кли­ни­ка­лық протокол дегеніміз – белгілі бір ауруларды емдеудің ғылыми дәлелденген тәсілдер жиынтығы. Ол – ұзақ жылғы зерт­теу­лердің нә­тижесінде тиімді деп та­нылған халықаралық емдеу жүйесі, яғни онда белгілі бір ауруды анықтауға қатыс­ты қандай сарап­тамалар жүргізу керектігі, нен­дей дәрі-дәрмек­тер қолданылу қажет­тігі және тиімді деп танылған емдеу тә­сіл­дері көрсетіледі. Демек, арнайы комиссия бекіткен хаттамалар негізінде емдеу – ауруды неғұр­лым дұрыс емдеуге жол ашады.

Төртінші бағыт – дәрі-дәр­мек­пен қамтамасыз етудің ұлттық саясаты болса, бесіншісі – ден­сау­лық сақтау саласының қаржы­лық тұрақтылығын сақтау арқылы медицинаны дамыту. Алтын­шысы – осы саладағы адами ре­с­урстарды басқарудың тиімді­лігін арттыру. Медицина саласы­ның басты мәселелерінің бірі – кадр тапшылығы. Әсіресе, ауыл­дық жерлерде дәрігерлер мен мед­бикелердің жетіспейтіні анық байқалады. Әрі кадрларды даярлау сапасы да көңіл көншітпейді. Сондықтан сала министрлігі шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестік негізінде медициналық білім беруді қайта жаңғыртуды қолға алған. Бес жылға жасалған дамудың стратегиялық жоспары шеңберінде еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында университеттік клиникаларды құру, профессорлық-оқытушылық құрамның білік­тілігін арттыру, академиялық бас­­қару жүйесін жетілдіру секілді жұ­мыстар қолға алына бастаған. Қа­зірдің өзінде медбикелік білім­ді жаңғыртудың фин моделі енгі­зіліп, бұл қанатқақты жоба бойын­ша 320 адам оқып жатыр. 

«Денсаулықтың» жетінші бағыты – мемлекет-жекеменшік әріп­тестігін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық тех­нологиялар негізінде денсаулық сақ­тау инфрақұрылымын дамыту. Министрліктің мәліметі бойынша бүгінде 10 медициналық нысан бойынша сенімді басқару шарты жасалған.

Мемлекет-жекеменшік әріп­тестігіне байланысты жур­налис­тер­дің сауалына жауап берген вице-министр 2016-2020 жыл­дарға арналған қолданыстағы жеке­шелендірудің кешенді жоспа­рының негізінде 7 облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жеке­шелендірілгенін атап өтті. Бүгінге дейін жалпы сомасы 12 млрд теңге болатын 11 жо­ба бойынша келісімшарт жасалыпты.
Вице-министрдің айтуынша, «Денсаулық» бағдарламасы ая­сындағы шаралар Мемлекет бас­шы­сы қойған  міндеттерді орын­дау­ға мүмкіндік береді. Жос­пар бо­йынша, Қазақстан 2050 жылға қа­рай әлемдегі ең дамыған отыз ел­дің қатарына қосылуы тиіс. Осы орайда еліміздің де денсау­лық сақтау саласы дамып, тұрғын­дар­дың орташа өмір сүру жасы 80 жасқа дейін ұзармақ.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,

«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

16.11.2018

Қазақстан - Өзбекстан: тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделуде

16.11.2018

Елорда жастары «Жастар жылынан» не күтеді?

16.11.2018

Павлодарда тоғызқұмалақтан «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін турнир өтті

16.11.2018

Айдос Тұрысбек: Самал Еслямова «Хабар» арнасының фильміне түсіп жатыр

16.11.2018

Батыс Қазақстанда тағы 50 кәсіпорын жалақы өсірді

16.11.2018

«Өрнек». Бір өлеңнің сыры. Ерлан Жүніс (видео)

16.11.2018

Кәсіп­кер­лерді заңсыз тексеру азайды - Бас прокурор

16.11.2018

Астана сессиясы. ҰҚШҰ-ның бейбітшіліксүйгіш беделін нығайтты

16.11.2018

Сарысудың музыкалық мұрасы

16.11.2018

Жалақаны өсіру үдерістері тездетілуде

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

16.11.2018

Режиссер Рүстем Есдәулетов атындағы фестивальдің жеңімпаздары марапатталды

16.11.2018

Майқайың кентінде сатылатын жеке меншік 110 үй бар

16.11.2018

Әбіш Кекіл­бай­ұлының немересі халықаралық жарыс­та бірінші орын алды

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

16.11.2018

Тозған жерді тыңайтудың тиімді тәсілі

16.11.2018

Қазақтың қара есептері

16.11.2018

Диқандар неге басқа дақылды таңдауда?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу