Ұлтты тану рухани кемелдікке сүйенеді

– дейді белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы Филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметұлымен өзі қалам тартқан көрнекті тұлғалар жа­йында пікір алмасып, әңгіме қаузаған едік. Олардың ұлт мүддесіне сіңірген еңбектері, шығармашылықтары және зерттеп-зерделеу жұмыстары туралы ғалым ойларын өз сөзімен бергенді жөн көрдік.
Егемен Қазақстан
17.01.2017 5441
2

Түркі тілін тірілткен тұлғалар

Жүсіп Баласағұн мен Қожа Ахмет Ясауи туралы сөйлеу бір жағынан оңай, жаттанды сөздерді тізбектей айта беруге болады. Екінші жағынан қиын. Біздің зерттеушілер бір өзекті нәрсеге кіре алмай жүр. Олар «Құтты білік» туралы айтқанда, мемлекет, саясат, шаруашылық, мәмілегерлік өнер, ақындық, шешендік және басқалар туралы сөз етеді. Бірақ  кітапта ең өзекті рухани мәселе жатқанын сезбейді. Бұл қабаттың астарын тереңінен ашпай, шығарманың идеялық мазмұнын ғылыми тұрғыдан таратып бере алмаймыз.

«Құтты білікті» зерттегенде нағыз зер­де­лейтін мәселеміз – «жәуанмәрттік» ілімінің негіздерін ашып, талдау. Сонда ғана қалғанын толық тани аламыз. Біз кітаптың рухани өзегін таппай, сыртын айналып әуреленудеміз. Мен бұл рухани өзекке Абайдың құдіреті арқылы түстім. Абайды зерттей жүріп, жаңа танымға қадам бастым.

Ал Қожа Ахмет Ясауиді халық неге көкке көтеріп, әулие тұтады? Өйткені, Ясауи дін мен қазақтың ұлттық дәстүрін үйлестіре білді. Екіншіден, поэзияны «Құтты біліктен» кейін түркі тілінде сөй­летті. Ғылым мен поэзияда үстемдік ет­кен араб, парсы тілдерінен бірінші рет бас тартқан «Құтты біліктің» авторы болса, екіншісі – Ясауи. Түркі тілі өте сақ, киік сияқты ұстатпайтын, соны ырыққа көндіріп, кітап жазу – үлкен құбылыс. Түркі тілінде поэзияны үшінші жазған тұлға – Әлішер Науаи. Осылардың арқасында поэзияда, ғылымда түркі тілі қолданыла бастады.

Қазақтарды Ресей бодандыққа салған­да, бірден Түркістандағы кесенесіне тиіс­ті. Генерал Черняев кесенені жермен-жексен еткісі келді, зеңбірекпен екі тұ­сын бұзып та үлгерген. Бірақ жарты әлем шулап, әрең алып қалды. Кеңес өкіметінің шолақ белсенділері де дінмен аяусыз күресті. Молда атаулыны тұтас қамап, көбін жер аударды. Біразы атылып кетті. Халықтың бүкіл рухани санасын Ясауи ілімі ұстап келгенін қарсы күштер жақсы біледі.


 «Толық адам ілімі» – бірегей рухани құбылыс

Халық әлі Абайды толық таныған жоқ. Кеңес билігі кезінде Абай шығар­ма­ларынан атеист, материалист деген кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Халықтың санасын сол ұғым әлі де көлегейлеп тұр. Осыны біз біртіндеп, жаңа дүниетаным арқылы насихаттап, дұрыс жолға қоюымыз керек. Меніңше, Астанада Абайдың ғылыми-зерттеу институтын ашпай болмайды, өйткені ескі дүниетаным түбірімен терістелді. Дүниеге жаңа дүниетаным келді. Енді біздер атеизм-материализм деген жалған ұғымды ұмытып, Ұлы сана жолына бет бұрдық. Бағыт-бағдарымыз өзгерді. Абай мұрасын, ұлы сана танымы тұрғысынан біліп, насихаттауға көшеміз.

Абай неге өмір бойы зарлап өтті? Пенделік көзбен қарағанда, олай ететін жөні жоқ еді ғой. Ештеңеге мұқтаж бол­ған емес, сонда неге зар иледі? Оны қын­жылтқан халқының қасіреті, бодан­дық тағдыры. Он сегіз жыл би, болыс бол­ған ол биліктің ішкі құпиясын, бізді сор­латқан саяси әдісін терең танып білген. Содан кейін патшаға телеграмма жіберіп: «Мынау сайлау елді бүлдіріп жатыр. Сіз генерал-губернаторларға бұйрық беріңіз, болыстарды тағайындап қойсын», деген ойын жеткізді. Патша олай істемейді, өйткені ол «сексеуіл әдісін» қолданып отыр. Бұл әдісті Ба­тыс Сібірдің генерал-губернаторы Сперан­ский ұсынған. Ол патшаға жазған қыз­мет хатында: «Қазақтың даласында сек­сеуіл деген ағаш өседі екен, балталаса жарылмайды, шеге қақса кірмейді, бі­рақ сексеуілді сексеуілге ұрса быт-шыты шығады. Осы сексеуіл әдісін қазаққа қолданайық» депті. Міне, Ресей империясының бізге қолданған басты сая­саты осыған негізделген. Әр болыста 12 ауыл болады, ол 12 ауыл әр түрлі рудан болуы шарт, содан кейін 4 ауылнай, 4 би сайланады, тағы да онбасы, елубасы лауазымдарын қосқанда, шамамен 270-тей  қызмет орны болады. Қазақтарды соған таластырады. Аш иттерге майлы сүйекті лақтырып жібергенде бәрі бірден бас салады емес пе?! Дәл осы секілді қазақтар да қызмет үшін итше таласты, осыдан келіп қазақтың мінезі бұзылды. Мұны көріп, сезген  Сұлтанмахмұт Торайғыров:

Абай тұсы қазақтың бұзылғаны,

Қаралыққа айналып қызыл қаны…

Ақ пейіл бауырмалдық қалып кетіп,

Желбуаз «сұрқия» боп қызынғаны.

Мас болып партияға қызып алған,

Даланың табиғатын бұзып алған,

Елдігіне, жеріне әм дініне

Құрылды талай тұзақ, талай қақпан, деп қамыға жырлады. Мұндағы тұзақ дегені – миссионерлік саясат. Яғни шо­қын­дырып, орыстандыру болды. Ал қақ­­пан дегені – бізді қасіретке ұрын­дыр­­ған сексеуіл әдісі. Мінез-құлқымыз түзе­лер емес, Абай осыны көрді. Қалай еліме жәрдем етемін деп, халқына ем үшін толық адам ілімінің негізін сала бастады, бірақ аяқтай алмай кетті. Тек ру­хани өзегін жүйелеуге ғана үлгерді. Әуезов білсе де айта алмады, себебі бұл ілім тікелей дінмен байланысты болатын. Абай­дың толық адам ілімінің формуласы үш сөзден ғана тұрады: бірі – ақыл, жай ақыл емес, нұрлы ақыл. Содан кейін, на­қылия, ғақлия дәлелдерге сүйеніп, әді­летті алады. Үшіншісі – рахым. Осы­лардың негізінде кітап жазғанмын. Алайда, оның ұғымы күрделі, оқуға ауыр болып кетті, бірақ қолданыста жүр. Енді тілі жеңіл, ұғымы қарапайым кітап жазуды қолға алдым.


«Сендер қазаққа керексіңдер»

1961 жылы Мұхтар Әуезов Тәжік­с­та­н­нан Ташкент қаласына келгенде, күтіп алып әңгімелескен едім. Мұны ұйымдастырған сол кездегі кафедра меңгерушіміз Әлманбет Төлеуов болатын. Кездесуде кандидаттық диссертация төңірегінде екі сағаттай пікірлестік. Мұқаң: «Қандай тақырып аласың?» деп сұрады. «Абай және Шығыс» тақырыбын алайын», дедім. «Жоқ! Жолың болмайды, балам», деді. Ертеңгісін тағы бас қостық. «Не болды, тақырыпты ойландың ба?» деді. «Ойландым, соны аламын», дедім. «Жетекшің қандай тақырып ұсынып еді?» «Абай әдеби мұрасының зерттелу жайы туралы, аса қиын тақырып  екен», деп күмілжідім. «Дәл осы тақырыпты ал!», деді бұйыра. «Ой, аға! Талас болып кетеді ғой». «Кішігірімдерін сына да, ауқымды дүниелерді сынамай жаза бер. Соның өзі жетіп жатыр», деді. Ақыры, сол тақырыпқа Әуезов пен жетекшім Қажым Жұмалиев күштеп көндірді.

Аспирантураға Баукең – Бауыржан Мо­мышұлы арқылы түскенмін. Кейін келе қызықтым да, әлгі тақырыпқа мүлде кіріп кеттім. Ал Шығысты бәрібір шы­ғар­дым. «Абай және Шығыс» деген кітапты жаз­ғаныма бүгінде өзім таң қаламын. Уақытында Жаратушының өзі жол көрсеткен сияқты.

Докторлық диссертациямда «Мұхтар Әуезов және Абай проблемалары» деген тақырыппен төрт мәселені зерттеу нысанасына алғанмын. Олар Абайдың өмірбаяны, әдеби ортасы, шығармаларының текстологиясы және Шығысқа қатысы Әуезов зерттеуінде деп аталады. Соңғысына Әуезовті әдейі қалқан етіп алдым. Соның өзінде алғашқы үшеуін академиктер қолдады да, Шығысты алып таста деп отырып алды. Мен көнбедім, сегіз жыл бойы қорғатпай қойды. «Шығысты алмаймын, ол болмаса қорғамай-ақ қояйын» деп табандылық таныттым. Кейін, қайта құру кезінде М.Әуезовтің қызы Ләйла, академиктер Зәки Ахметов және Серік Қирабаев үшеуі қолдап, солардың арқасында қорғадым-ау.

Қазіргі мектеп оқулықтарын қарасаң, Абайдың шығысы туралы бір сөз жоқ. Өйткені, 1949 жылы КОКП Орталық комитетінің космополитизм туралы арнайы қаулысы шықты. Онда Шығыс пен Батысқа бас игендерді талқандаймыз делінген, осының салдарынан қаншама адам қуғынға түсіп, құрбандыққа ұшы­рады. Әуезов те қудаланды, ғылым кан­дидаты Қоңыратбаевты Алматыдан қуып, қаңғытып жіберді. Жеті жылдық мектепте сабақ беріп жүрген жерінен кейін Қызылорда педагогикалық инсти­ту­тының директоры Әділ Ермеков ша­қы­рып, қызметке алады. Сонда жүріп док­торлығын қорғады. Ол кезде мен оны­ншы сыныпта оқып жүрген бозбаламын, қандай қаулы шығып жатқанын қайдан білейін. Әуезовтің: «Балам, жолың болмайды», дегеніне сол құжат себеп болғанын кейін түсіндім.

Әуезовтің көп ойы ішінде кетті. «Біз кетеміз, сендер қалуларың керек, қазақ­тың өмірін, дәстүрін қазаққа жет­кі­зетін бір адам қажет, сол сенің мой­ның­да», де­ген Байтұрсыновтың Мұхтарға айтқан сөзін маған Қайым ағай жеткізген еді. Әлімхан Ермеков пен Мұхаң: «Біз бір­ге кетеміз», деп көнбеген ғой. «Жоқ! Ақы­мақ болмаңдар, біз бас тіккенбіз, сендер қа­заққа керексіңдер», деген Байтұрсынов. Сон­дықтан да Әуезовтің жолы қиын бол­ды, ол Ленин сыйлығының лауреаты бол­ғанда ғана еркін тыныстады. Оған дейін төр­ге отырғызып қойып, сынап жатқанын талай көрдік. «Абайдың Батысынан Шығысы басым» деген пікірі үшін де қыспаққа алды.


Баһадүр Бауыржан. Ақтарылмаған архивтер

Халық баһадүрі Бауыржан Момышұлы туралы айтылмаған әңгіме әлі көп. Мен батырдың соңғы басылған отыз томдығына бұрынғы қысқартулардың барлығын қайта кіргіздім. Оны басу да оңай болмады. Серік Үмбетовке Жамбыл облысының әкімі болып отырған кезінде: «Баукеңнің жүз жылдығы жақындап келеді. Соған әрекет етуіміз керек. Мен жоба ұсынып отырмын. Сіз жиырма бес миллион теңге бөліңіз. Мен отыз том шығарамын», дедім. «Көке, оны қайдан табасыз? Біз оқитын бес-алты-ақ кітап қой», деді. «Ол архивте жатыр». «Шығара аласыз ба?» «Шығарамын». Көп ұзатпай мәселені мәслихаттың алдына қойды, депутаттар бекітіп берді. Содан кейін 25 миллион теңге ұйымдастыруға, 25 миллион теңге басуға алдым да, бәрін тастай қылып түгел орындап бердім. Мен енді Баукеңнің жүз томдығын жасап жатырмын. Қайдан табамын? Оның барлық архивін сөйлету керек. Мәскеуде батырдың академияда оқыған сегіз мың бет лекциясы жатыр. Өзге де архивтерін қоса есептегенде. Қазір құпия деп бермей отыр.

Екінші – 1942 жылы Баукеңнің даңқы қатты аспандады. Сол кезде Момыш­ұлының үстінен «Дивизияда ұлтшыл» деген арыз жазылған. Соғыс жүріп жатыр. Мәскеуді уысында ұстап отырған Щербаков басқаратын саяси бюроның мүшелері тексерту жүргізген. Онысы шала болып, екінші тексеру жүргізеді. Қазақстан орталық партия комитетінің сол кездегі хатшысы Әбдіхалықовқа бір айдың ішінде сарбаздардан бас­тап генералдарға дейін – барлығының Баукең туралы пікірін әкелу жүктеледі. Нәтижесінде баһадүр ақталып шығады. Оны көре алмаған адамдар осылай жасаған. Міне, бұл да төрт мың беттік құжат, Ресей архивінде сақтаулы. Сонда он екі мың бет болды ма?

Үшінші – Б.Момышұлының Кубаға жиырма күнге барған сапарында сөй­леген сөздерінен үлкен бір том шығады. Олар испан тілінде даярлап отыр. Арнайы өкілімізді жіберсек, беретіндерін айтқан. Бірақ құпия деп қайтарып жіберіпті.

Төртінші – қазір Баукең араласқан әскери адамдардың архивтерін қарап жатырмыз. Көп нәрсе табылуда. Ұзақ уақыт керек екен. Өзіміз үш-ақ адамбыз, жұмыс қауырт, алайда бітіреміз.

Бесінші – Баукеңнің үйінде екі шаба­дан өз қолымен сызған карта жатыр. Ол екі жүз жеті рет кірді ғой майданға. Әр кірген сайын карта жасайды екен. Қалай соғысады, қай тұстан соққы береді, қоршауға алу тәсілі – барлығы картаға түсіріледі. Біз оны оқи алмаймыз, бірақ бастырамыз. Бұл генералдарға, әскери оқу орындарына керек. Сонда Баукеңнің мұрасы жүзден асып кетеді. Біз тек игере алмай жатырмыз.

 Жазып алған

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келіп жетті

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

24.09.2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

24.09.2018

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

24.09.2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу