Ұлттық Банктің банк нарығын дамытуда нақты бағдарлары бар

Қазақстан Ұлттық Банкі осы жылы республика банктері активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізбекші. Саладағы жағдайдың нақты жай-күйін растау реттеушіге банктердің проблемаларын тиімдірек шешуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Олег СМОЛЯКОВ.
Егемен Қазақстан
20.04.2017 3787
2

– Олег Александрович, қазақстандық банктердің несие портфелінің сапасын қалай бағалайсыз? Жұмыс істемейтін кредиттер үлесінің ресми көрсеткіштері соңғы бір­неше жылда айтарлықтай төмен­деді. Мұндай статистика жағдайды қаншалықты объективті көрсетеді? Кейбір халықаралық сарапшылар жұ­мыс істемейтін қарыздардың әлеует­ті «қалқаны» едәуір жо­ғары деп пайымдайды.

– Өте дұрыс, банктер порт­фельдерінің сапасы – еліміздің қаржы нарығының және оған қатысушылардың болашағы тәуелді болатын негізгі жайлардың бірі. Ағымдағы жылғы наурыздың басындағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін қарыздар (төлем мерзімі 90 күннен асқан) деңгейі банктердің реттеушіге ұсынатын есептілігіне сәйкес 7,32%-ды немесе 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2014 жылғы ең жоғары деңгейден 3,8 трлн теңгеге төмен. ХҚЕС-ке сәйкес жасалатын банктердің есеп­тілігі банк менеджменті мен оның аудиторларының қарыздарды жұмыс істемейтін қарыздар санатына жатқызу мәселесіндегі пайым­дарының бір-бірінен айтарлықтай алшақ екенін болжайды. 2015 жылы едәуір макроэкономикалық күйзелістер болды, бұл банктердің қарыз алушыларының қаржылық жай-күйіне және төлем қабілетіне жағымсыз әсер етті. Алайда банктер төлемдер жасау мерзімін кейін­деу мерзімге ауыстыра отырып, қарыздар бойынша зиянды тануды, оның ішінде қарыздарды «жасанды» қайта құрылымдау есебінен тануды кейінге қалдыруға тырысуда. Мұндай қарыздарды қаржылық ортада «мәңгі жасыл» қарыздар деп атайды. Соның нәтижесінде іс жүзінде төлемдері жоқ қарыздар банктің есептілігі бойынша жұмыс істемейтін қарыздар санатына жатқызылмайды. Сондықтан да Ұлттық Банкте тұтастай алған­да, жүйе бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың әлеуетті көлемі банк­тердің есептілігінде көр­сетілген ағым­дағы деңгейден асып кетеді деп пайымдауға негіз бар.

Осылайша, банктер актив­терінің нақты сапасы қарыз алу­шылардың қаржылық жай-күйінің төмен болуынан, «сенімді емес» кепілдерді, мысалы, болашақта түсетін ақшаны және мүлікті, үлестес компаниялардың сақтан­дыру полистерін, жеке тұл­ға­лардың кепілдіктерін және тағы басқаларды пайдалану практикасынан, сондай-ақ, акционерлердің және олармен байланысты тұл­ғалардың бизнесті қайтарымсыз кредиттеуден қосымша бағалауды талап етеді. Мұндай жағдай Қазақ­станға тән болып табылмайды. Мұндай жағдайға әлемнің көптеген реттеушілері ұшырайды. Оны шешу үшін Ұлттық Банк те, басқа елдердің реттеушілері де активтер сапасын кешенді бағалауды жоспарлап отыр, ол әдетте стресс-тестілеу жүргізумен қатар жүреді. Банктер активтерінің сапасын кешенді бағалау 2017 жылы бағаны ортақ бөлімге келтіретіндей ету үшін бірыңғай әдіснама бойынша жүргізілетін болады. Бағалаудың объективтілігін және оған деген сенімді қамтамасыз ету үшін басқа елдердің орталық банктері тәуелсіз сарапшыларды тартты. Мұндай тәсілді біз де қолданамыз. Банк секторы активтерінің сапасын бағалауды тәуелсіз сыртқы консультант халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген әдістеме бойынша жүргізетін болады.

Әлеуетті проблемалар көлемін түсіну Ұлттық Банкке жұмыс істеуге қабілетті банктерді үстеме капи­талдандыру және қайта құры­лымдау құралдарын пайдалана отырып және жұмыс істеуге қа­білетсіздерін тиісінше тазарта отырып дәрменсіз банктердің проб­­лемаларын ретпен шешу жүйе­сін енгізу процесіне неғұрлым сын­дарлы қарауға мүмкіндік береді.

– ХВҚ-ның Қазақстанда болған миссиясының мүшелері бұрын осы жылы Ұлттық Банкті «әлсіз банктерге» қатысты барынша қатаң ұстанымда болуға шақырды. Осы тәсілмен келісесіз бе немесе Ұлт­тық Банк жағдайы қиын қаржы инс­ти­туттарына көмек беруге дайын ба?

– Мемлекет басшысы өзінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жол­дауын­да Ұлттық Банкке қар­жы секторын «жаңғыртуды» жү­зеге асыру жөніндегі міндетті ше­шу шеңберінде банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Атап айтқанда, Ұлттық Банктің алдына екінші деңгейдегі банктердің балансын «тиімсіз кредиттерден» арылту жөніндегі жұмысты жеделдету және қажет болған кезде акционерлер тарапынан банктерді үстеме капиталдандыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндет қойылды.

Активтердің сапасын бағалау және стресс-тестілеу бойынша жүргізілген жұмыстың нәти­жесі бойынша анықталған пробле­малар­дың ауқымына қарай тиісті шаралар қабылданады. Оларда, бірінші кезекте, банктің орнықтылығын арттыру үшін банкті оның акцио­нерлері тарапынан үстеме капиталдандыру жөніндегі талаптар қамтылады. Сондай-ақ, шараларда проблемалы банктерді қалыпқа келтіру және реттеу рәсімдері қамтылады. Сондықтан Ұлттық Банктің стресс-тест жүргізу бойын­ша іс-қимылдары проблемалы банктерді тиімді қалыпқа келтіру және реттеу үшін құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауды және банктердің проблемаларын банк жүйесіне деген сенімді жоғалтпай жедел шешуді қамтамасыз ететін неғұрлым және ең аз мемлекеттік шығыстары бар қауіпсіз тәсілдерді болжайды. Орнықтылығы жеткіліксіз банктерге қатысты шаралар қа­былдау кезінде уақтылы хабардар болу рет­теушіге қаржылық тұрақ­­тылықты қамтамасыз ету бойын­ша қоғамдық шығындарды барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Проблема қаншалықты ерте анықталса, оны шешу соншалықты жеңіл болады, оны шешу кезінде әлеу­меттік және экономикалық шы­ғын соншалықты аз талап етіледі.

Ұлттық Банк жалпы алғанда, нарықта тек күшті және қаржылық тұрғыдан орнықты, реттеушінің талап­тарын орындауға және банк жүйесінің қаржылық тұрақты­лығына нұқсан келтірмей қызметін жүзеге асыруға қабілетті банк­тер жұмыс істеуге тиіс болатын ұс­танымды қолдайды. Әлсіз банктер нарықтан кетуге тиіс.

Банктік қызметтер нарығында қалуға ниетті банктер елдегі және әлемдегі экономикалық ахуалдың және Қазақстанның банк секторы алдында тұрған сын-қатердің өзгеруі жағдайында тиісті шараларды қабылдауға – бірігуге немесе үстеме капиталдануға тиіс. Бұл ретте Ұлттық Банк банк­­тер­дің бүкіл банк жүйесінің тұ­рақ­­тылығын қамтамасыз етуге мүм­кіндік беретін бастамаларды ғана қолдайды. Таңдалған тәсіл ағымдағы халықаралық практикаға сәйкес келеді және жақында болған кездесулердің, сондай-ақ, және экономика мен банк секторының жай-күйі мәселелері бойынша талқылаулар барысында ХВҚ-дан оң пікірлер алды.

– Яғни осы жылы банк секторында шоғырландырудың жаңа процестерін күтуге бола ма?

– Бірқатар банктерді шоғыр­лан­дыру процесі шарттар бо­йын­ша, халықаралық міндет­темелерді қоса алғанда, банк­тер депозиторларының, креди­тор­ларының, өзге клиенттерінің жә­не қарсы агенттерінің құқық­тары мен заңды мүдделері сақтал­ған кезде ғана мүмкін болмақ. Ұлттық Банктің жекелеген банк­тер бастаған бірігу жөніндегі бастамаларды қолдайтындығын қайталап айтамын, олар банктерді капиталдандыруды ұлғайтуға және клиенттерге қызмет көрсету бойынша қолданыстағы бизнес-процестерді жақсартуға ықпал етеді. Бұл ретте біз өз тарапымыздан банктерге банктік бизнестің тиімділігін арттыруға бағытталған ықпалдастыру процестерін тезірек аяқтау бойынша қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз.

– Халық банкі мен Казком арасындағы мәміле қандай талаптармен жасалуы мүмкін?

– Заңнаманың талаптарына сәйкес әлеуетті мәмілені іске асыру шарттар бойынша, халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, банктер депозиторларының, креди­торларының, өзге клиенттерінің және қарсы агенттерінің құқықтары мен заңды мүдделері сақталған кезде ғана мүмкін болады. Халық банкінің «Казкоммерцбанк» АҚ-тың акцияларын сатып алу бо­йынша әлеуетті мәмілені іске асыру үшін Ұлттық Банк және Халық банкі тарапынан Казком­ның активтерінің сапасына бірлескен тәуелсіз тексеру жүр­гізілуі қажет. Әлеуетті мәмі­ленің сандық өлшемдері тәуелсіз тексеру нәтижелері алынған соң айқындалатын болады. Алайда, бүгінгі күннің өзінде Халық банкінің Казкомның капиталына ықтимал енуінің базалық талабы оның үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қаржы институтын жеткілікті деңгейге дейін үс­теме капиталдандыру болып табылады деп біржақты айтуға болады.

– Бұрын, ықтимал мәміле шеңберінде «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ-ты тарту жос­парланып отырғандығы хабарланған болатын. Оның бұл процестегі рөлі қандай?

– «Казкоммерцбанк» АҚ-тың кредиттік портфелінің айтар­лықтай бөлігі (50%-дан астам) «БТА Банк» АҚ-тың міндет­темелерімен берілгендігі белгілі. Бұл ретте «БТА Банк» АҚ-тың актив­тері құны ұзақ мерзімде қалпына келетін активтерге жатады. Осының салдары ретінде, олар «Казкоммерцбанк» АҚ оларды ұстауы бойынша қажетті қаржы ағындарының жеткілікті деңгейін қалыптастырмайды. Сондықтан «Казкоммерцбанк» АҚ-тың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін бірінші кезеңде БТА Банктің активтерін «Казкоммерцбанк» АҚ-тан бөлу қажет. Бұл кезеңде «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ оператор болады. Одан кейін осы активтерді мемлекет-жекеменшік әріптестігі жобалары, оның ішінде өңірлік даму бағдарламалары шеңберінде экономикалық айналымға тартуды қамтамасыз ету қажет.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қа­зақстанда тәуекелге бағдар­ланған қадағалауды енгізуге бағыт­талған, реттеушілік нор­мативтерді бұзбаған, бірақ тәуе­келді саясатты жүргізетін банк­терге қатысты алдын алу шара­ларын қолдануға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатқаны белгілі. Осы алдын алу іс-қимылдары туралы мысал келтіре отырып айтып берсеңіз?

– Иә, шын мәнінде, Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде Мемлекет басшысы банк секторын қалыпқа келтіру бойынша шаралар кешенін әзірлеуді, формальды тәсілден тәуекелге бағдарланған қадағалауға өтуді қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Ұлттық Банк банк секторын қалыпқа келтіру бойынша шаралар кешенін әзірлеуге кірісті, оның шеңберінде реттеушілік және қадағалау процесінің халықаралық қағидаттары іске асырылатын болады. Атап айтқанда, Ұлттық Банк проблемалардың туындауын және тәуекелдің іске асырылуын күтпестен, дағдарысты құбылыстардың алдын алу бо­йынша жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі кезде Ұлттық Банк Еуропалық одақ­та қабылданған әдіснаманың негізінде тәуекелге бағдарланған қадағалауды енгізу тәсілдерін мақұлдады. Бұл тәсілдер бизнес модельдің жұмыс істеу қабілетін бағалау әдіснамасын және оған тән тәуекелдерді айқындауды, банктердің тәуекелдерді бас­қару және ішкі бақылау жүйе­лерін, сондай-ақ, капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігін ай­­қындаудың ішкі жүйелерін қам­титын жаңа қадағалау моделін әзірлеуді көздейді. Тәуекелге бағдарланған қадағалау ден қою қадағалау шаралары жүйесінің толық өзгеруін, атап айтқанда, қолданыстағы шектеулі ықпал ету шараларын және ертерек ден қою шараларын, санкциялар мен мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерін түбегейлі өзгертуді көздейді. Бұл қадағалау моделі банктердің әртүрлі тәуекелдерге ұшырағыштық деңгейін оларды басқару жүйелерін жетілдіру арқылы кезең-кезеңімен төмен­детуге мүмкіндік береді.

2017 жылы Ұлттық Банк банк­тің капиталын тиісті түзету­мен (реттеушілік меншікті капиталды реттеушілік прови­зиялар мен ХҚЕС бойынша про­визиялардың арасындағы айырмасына азайту) провизияларды бағалаудың бірыңғай әдістемесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, банктердің бай­ланысты тұлғалармен жасалған мәмілелерді және жеңілдік берілген талаптармен жасалған мәмілелерді бағалау тәсілдері кү­шейтілетін болады. Сондай-ақ, аудиторлар мен бағалаушылардың банктің қаржылық жағдайының на­шарлағаны туралы ақпаратты жасырғаны үшін жауапкершілігін күшейту, тіпті қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға дейін күшейту мәселелері қаралады.

Сонымен қатар, Ұлттық Банктің мандаты банк капи­та­лы­ның құрылымын мәжбүрлеп қайта құ­ры­лымдау және банктерді біріктіру процесін жеңілдету бөлі­­гінде заңнамалық деңгейде күшейтіледі.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу