Ұлыстың Ұлы күні ұлтқа мұра

Шартарапқа шұғылалы көктем салтанат құрған нау­рыз айында дүние қайта жаса­рып, жаңа кейіпке көшеді. Қара жердің бауырынан көктеп шық­қан көк өскін көңілге бір ерекше шабыт сыйлап, ой-қия­лыңды шалқыта түседі.
Егемен Қазақстан
23.03.2017 2039
2

Көк­тем­ді қарсы алу салтанатына қыс бойы дайын­далған халық та көк­тем келіп, күн көзі көріне баста­ған­нан-ақ бұл мезгілден ерекше бір жылылық, шуақ күтеді. Ал Ұлыс­тың ұлы күнінің еліміз үшін бере­келі де мерекелі шақ екені анық.

Самарқанның көк тасы еріп, жер-дүние әсем күйге бөлен­ген шақта облыстық орта­лық «Һи­батулла Тарази» меші­ті Әз Наурыз мерекесін ұйым­дас­тырды. Күндердің сұлтаны жұма күні намаздан шыққан көпшілік мешіт тарапынан дайындалған арнайы ақ дастарқаннан дәм татып, наурыз көже ішті. Сондай-ақ, бұл күні мешіт ауласына сегіз қанат киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. Наурыз мейрамына Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет және бірқатар мемлекеттік қызметшілер, еңбек ардагерлері арнайы қатысып, көпшілікпен бірге болды. Ал қариялар елдің тыныштығын, ауызбірлігін тілеп, қазақы салтпен бата берді.

Бұл шарада Наурыз нақыш­тары кеңінен көрініс тапты. Атап айтсақ, Тараз қалалық мешіт­терінің жанынан құрылған ар­найы топ арқан тарту, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, қошқар палуан сынды ұлттық спорттық сайыс­тарда өз өнерлерін көр­сетті. Жүзден жүйрік шық­қан жеңім­паздар ақшалай сыйлық­тармен марапатталды. Ал өңірімізге белгілі ақын-сазгерлер ән әуеле­тіп, күй шалқытты.

Ұлттың ұғым-түсінігінде Ұлыс­тың Ұлы күні қайырым­дылық, мейірімділік мерекесі болып саналады. Бұл күні қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіліп, мешіт атынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға кілем табысталды. Ал мешіттің қыздар, әйелдер секторы әйел­дер жамағаты үшін бесік салар, тұсау кесер сынды салт-дәстүр рәсім­дерін өткізіп, әжелер мек­тебі жастарға өнегелі өсиетін айтты. Мешіт ұстаздарының ұйым­дастыруымен көпшілікке руха­ният тақырыбынан викторина­лық сұрақтар қойылып, жауап берілді.

«Һибатулла Тарази» меші­тінің бас имамы, Қазақстан мұ­сы­л­мандары діни басқарма­сы­ның облыстағы өкілі Данияр қа­жы Жұмабаев бұл іс-шара жас­тары­мыздың ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін ар­т­тыру үшін ұйымдастырылып отыр­ғанын айтты. «Наурыз ешқан­дай да діни мейрам емес. Дін мен дәстүрдің сабақтас екенін ескерсек, бұл рухани мереке еліміз үшін де игілікті. Жастарымыз да бабадан балаға мұра болып келе жатқан әз Наурызды жан-жүрегімен түйсінсе, бұдан ұтылмасымыз анық», дейді Данияр Әлимұ­хам­мед­ұлы. Шынында да бұл мереке Ұлыс­тың Ұлы күні ұлтқа мұра еке­нін тағы бір дәлелдеді.


Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»


Жамбыл облысы                                                                                      


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.11.2018

Әлеуметтік-еңбек саясатының маңызы зор

15.11.2018

Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкім

15.11.2018

Әлемдік әдеби сыйлықтар

15.11.2018

Бізге белгілі әрі белгісіз Горький

15.11.2018

Елбасы кітапханасының көшпелі қоры көрмесі – Ақтөбеде

15.11.2018

Қазақстан Республикасы Президентінің Жастар жылын жариялау туралы Жарлығы

15.11.2018

Qala jáne qazaq

15.11.2018

Pálsapa – таза ойлау жүйесі

15.11.2018

Заң жобалары мақұлданды

15.11.2018

Елбасы халықаралық биржаның алғашқы сауда-саттық рәсімін бастап берді

15.11.2018

Жемқорлықпен күрес жайы талқыланды

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу