Үш театр бір ғимаратта отыр

Тарихи деректерді кез келген жерге қыстыра беру ыңғайсыз болады. Біз Тахауи Ахтанов атын­дағы Ақтөбе облыстық драма театрының бүгінгі жай-күйі жөнінде жазуды жоспарлаған кезде оның арғы-бергі тарихына талдау жасауды қажет деп таппаған едік. Әйтсе де, айтпай кетуге болмайтын бір тың деректі оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Егемен Қазақстан
10.04.2017 6191
2

Айталық, аталған өнер ұжымының алғашқы құрылуы мен қалыптасуы жөнін­де архив материалдарына сүйене отырып, зерттеу жүргізген ақтө­белік қаламгер, өнертанушы Марат Мырзағұл оны отызыншы жылдардың орта кезінде рес­публикада ашылған алғашқы театрлардың қатарына қосады.  

Атап айтқанда, 1935 жылдың күзінде Ақтөбе облыстық музы­калық қазақ драма театры құрыл­ған. Жас та жаңа театрдағы ал­ғаш­­қы қойылымдар қатарына Мұх­тар Әуезовтің «Еңлік-Ке­бегі» мен «Түнгі сарыны», Жұ­мат Шаниннің «Арқалық батыры» және Бейімбет Майлиннің «Шұғасы» мен «Малқанбайы» кіреді. Ақтөбе театрының тұң­ғыш режиссері Ғұмар Омаров екенін де автор «Тахауи театры тари­хынан» деген кітабында атап көрсетіпті. Содан бері арада сексен жылдан астам уақыт өткенін есептеп шығару ешкімге де қиындық келтірмейді.

Міне, осындай өзіндік дәс­түрі мен тарихы, әрі кәсіби ше­берлігі қалыптасқан театрдың бүгінгі жай-күйі қандай деген орынды сауал туады. Бұған жау­а­п із­деу мақсатында біз таяуда Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында болған едік. Мұндағы маман-режиссерлермен, труппа актерлерімен және театрдың жетекшілерімен кездесу барысында көкейге келген кейбір ой-пікірлер төмендегідей.

Еліміздегі барлық кәсіби дең­гейдегі театрлар халыққа мә­де­ни қызмет көрсететін, олар­дың рухани талап-тілектері мен сұраныстарын орындайтын тең­десі де, баламасы да жоқ өнер ұжым­дары болып табылады. Бұл міндет бүгінгі әңгімеміздің бас­ты арқауына айналып отырған Ахтанов театрына да тән. Жыл ішінде қанша спектакльді сахнаға шығару керектігі, оған бюджеттен қанша қаражат жұмсалатыны жөнінде алдын ала жасалған шығармашылық жоспарда мін жоқ дерліктей. Алайда, «әттең тонның келтесі-ай» дегендей, орынның тарлығы, қойылымды қоюға қажетті бірден-бір фактор сахнаның жетіспеуі – ақтө­белік театр жетекшілерінің ады­­мын аштырмай отыр десек, шын­дықтан алшақ кетпейміз.

Бұлай болатын себебі, облыс­тық драма театры ғимара­тын­да біреу емес, екеу емес, үш бір­дей өнер ұжымы сығылысып отырғаны дей аламыз. Бұлар облыстық қазақ және орыс драма театры ұжымдары және «Екі езу» сатиралық театры болып шықты. Мұның алдыңғы екеуі тіпті дербес театр мәртебесіне де ие бола алмай, бар болғаны қазақ және орыс труппалары деңгейінде ғана әупіріммен күн кешіп келеді екен. Қандай да болсын әдеби-драматургиялық тұрғыдағы дү­ние­ні сахнаға шығару, оның көркемдік деңгейін олқы түсір­меу және көрермендердің бүгінгі биік талғам-тілектеріне сай өресі биік, рухани құндылығы жоғары қойылым әзірлеу белгілі бір уақытты қажет етеді. Ал егер бұған бөлінген уақыт жетпесе немесе қысқалық қылса қандай қойылымның да екі-үш қайнауы кем, дүмбілез болып шықпай ма? Үш театр алма-кезек спектакль әзірлеуі үшін олардың әрқай­сысына он-он бес күн ғана уақыт берілетінін білдік. Бұл арада толыққанды туындыны сах­наға шығару еш мүмкін емес, деп қынжылады Т.Ахтанов театры­ның директоры Нұрлыбек Жұбатқан.

Кәсіби театрдың аты – кәсіби театр. Мұнда кәсіби шеберлік пен терең ізденістерге ғана жол ашық. Халықтық театрлар мен көркемөнерпаздық деңгейіндегі, таяз дүниелер мен дилетанттық кәсіби театрға қойылатын биік талғаммен еш үйлесе алмайды. Әрі еш сыйыса алмайды. Осы орайда, аталған өнер ұжымының кәсіби деңгейі мен актерлік ше­бер­лікті одан әрі көтеру ісі де өз кезегін күтіп тұрғандай әсер қалдырады. Журналистік зерттеу барысында тағы бір аңғарғанымыз Ахтанов театрында талантты да дарынды актерлер бар. Олардың бірқатарының атал­ған мамандық бойынша қызмет атқарып, өздеріне бекі­тілген тиісті рөлдерді сомдап жүргендеріне де біраз жыл­дардың жүзі ауыпты. Әйтсе де, олардың кәсіби деңгейін одан әрі тереңдету және қайтадан мамандандыру, сонымен бірге, актерлер құрамын арнайы оқу орнын бітірген жас мамандармен толықтыру төңірегінде түйт­кілдер кездеседі.

Кез келген театрдың көркем­дік деңгейі көтеріліп, бағы ашылуына режиссерлердің тигізетін ықпалы мол. Шынтуайтына келгенде қазіргі күні Ахтанов театрында оның шығармашылық тұрғыдан толыса түсуіне септі­гін тигізе алатын тың әрі соны шығармашылық шешімдер енгізіп, өнер ұжымына жаңа­шылдық лебі мен рухын сіңіре алатын білікті режиссердің бол­мауы да өнер ұжымының бұрынғы асқақ мәртебесін тұқыр­та түсетіндей әсер береді. Әрине, бұл арада біз біраз уақыт бас режиссер қызметін атқарған Мағзом Бақытжанов пен көрермен көңілінен шыққан, біраз сахналық туындылардың тұсауын кескен жас талантты режиссер Алмат Шариповтің еңбектерін жоққа шығарудан аулақпыз. Алайда, біз Ахтанов театрында болған күні таяу­да ғана қаламгер Мырзан Кен­жебайдың «Тілеу батыр» тарихи-драмасын сәтті сахналай білген А.Шарипов М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрына ауысып кетіп бара жатқанын өз аузынан есті­дік. Мұндай жағдайда төрт құбы­ласы онсыз да тең бола алмай жүрген театрдың режиссурасы қандай болар екен деген ойда қалғанбыз. Өйткені, бас режиссер тұрмақ, қатардағы режиссері жоқ театрдың шығармашылық шырайы кіре қоюы екіталай емес пе? Ал спектакль қою үшін анда-санда өзге жақтан арнайы шақырылған режиссер қысыл-таяң жағдайдан тек уақытша шығып кетудің бір жолы мен амалы ғана екені тағы да аян.

Кез келген өнер ұжымының атағын асқақтатып, мәртебесін биік­тететін – қатардағы өнер өрендері. Егер олар өз уақытында тиісті атақтар мен мемлекеттік марапаттарға ие бола алмаса, рухы мен сағын сындырып алуы да ғажап емес. Бұл ретте Ахтанов театрында зейнет жасындағы «Құрмет» орденінің иегерлері Шалқия Бақытжанова мен Бақыт Айтовадан өзге тиісті атақ пен мемлекеттік мәртебеге ие болған бірде-бір актердің болмауы да оларды моральдық тұрғыдан ынталандыру ісі кенжелеу қалып қойғанын көрсетеді. Көзге түсіп жүрген актерлер мен театрдың өзге де мамандарын «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ұсыну мәселесіне бұдан төрт жыл бұрын Нұрлыбек Жұбатқан театрға директор болып келгеннен кейін ғана қолға алыныпты.

Әлбетте, тақырыпқа шығарып отырғанымыздай бүгінгі ма­териа­лымыздың басты арқауы Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе об­лыстық драма театрының бү­гінгі күні сапалы әрі көркемдік деңгейі жоғары сахналық қойы­­лымды шығару үшін тым тарлық етіп жүргені жөнінде еді ғой. Ендеше, бұған қатысты қандай түйін жасауға болады? Осы арада театр ұжымының мүшелері газет тілшісіне баяндап бергеніндей, төмендегідей жайтты шегініс ретінде айта кетудің орайы келіп тұрғандай. Осыдан тұп-тура жеті-сегіз жыл бұрын сол кездегі Мәдениет министрлігінің басы-қасында жүрген жетекші азаматтар мен облыс әкімі өңір орталығында бой көтеретін жаңа қазақ театры ғимаратының сызбалық жобасын театр ұжымына таныстырған екен. Театр директоры Нұрлыбек Жұбатқан осы жобаны біздің де көзімізге көрсетіп, қолымызға ұстатты.

Несін айтасыз, бұл жобаның сызба түріндегі сәні мен сәулетіне тіл жетпейді. Оны облыс орта­лы­ғындағы «Нұр-Ғасыр» меші­тінің маңынан тұрғызу белгі­ленген екен. Соған сәйкес теа­тр ғимаратында үш бірдей көрер­­мендер залын жасақтау жо­баланған. Тіпті, болашақта бой көтеретін өнер ордасының алғаш­қы қазығы қағылатын күн де айтылыпты. Мұны естіген­де, әрине, ақтөбелік театр майтал­мандарының қуанышында шек болмапты. Алайда, кейіннен оның іске аспай аяқсыз қалып қойғаны өкінішті-ақ. Мұның басты себебі неде деген сауалдың төркінін тануға талпына тұрсақ та, оған тұшымды жауап таба алмадық.

Ақтөбе еліміздің батыс өңі­ріндегі жыл сайын қанатын кеңге жайып келе жатқан болашағы мол қала. Қазір мұндағы тұрғындар саны жарты миллионнан асып түседі. Таяу және алыс келешекте агломерациялық даму сипатына сай тұрғындар санын миллионға жеткізу жөніндегі демографиялық бағдарламалар да бар. Осындай жағдайда қала­ның үш бұрышында үш театр ғимараты айнадай жарқырап халықтың рухани сұранысын қанағаттандырып жатса, қандай жарасымды. Әлемдік тіл қолда­нысында театрды қасиетті де киелі орын ретінде храмға теңеу үрдісі орныққан. Бұған қоса теа­тр жақсылыққа үндеп, жаманнан жирендіретін тәрбие орны. Өнеге ошағы. Келешегі кемел кентте мұндай олқылықтың орын алуы көңілге қона бермейді. Өзіңіз ойлап, ақыл таразысына салып көріңізші. Бір ғимаратта – үш театр. Мұндай көрініс өркенді өңірдің «бір кем дүниесі» болып қалып қоймаса игі. Сондықтан да, алдағы жылдарда Ақтөбеде жаңа қазақ театрының дербес ғимараты бой көтереді деп сенгіміз келеді.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы

Суретте: Т.Ахтанов театрының сыртқы көрінісі



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2019

Құнарсыз тағам аурушаңдыққа жол ашады

16.01.2019

Кеше - Цой, бүгін - Гагарин

16.01.2019

Поэзия

16.01.2019

Браконьерлермен күрескен инспектор Ерлан Нұрғалиев қаза тапты

16.01.2019

Қазақтың қара есептері

16.01.2019

Бір университетте - сегіз жеңімпаз

16.01.2019

«Мұғалім мәртебесі» заңына қатысты 8 мыңнан астам ұсыныс түскен

16.01.2019

Білім мен руханият ордасы

16.01.2019

Жас мамандар Балқашқа келіп, баспаналы болды

16.01.2019

Дәрі-дәрмек бағасы реттеледі

16.01.2019

Медициналық туризмді дамытуға үлес қоспақ

16.01.2019

Енді дәрігер «қағазсыз» емдейді

16.01.2019

Саланы ілгерілетудің соны мүмкіндіктері

16.01.2019

Түркістанның (Шауғар, Ясы) ортағасырлық кемеңгер перзенттері жайлы жаңа деректер

16.01.2019

Ескі тарихтың жаңаша жазылуы

16.01.2019

Нөмір сатудан 4 миллиард теңге табыс түсті

16.01.2019

Bas paıda algorıtmi

16.01.2019

Электронды қызмет – заманауи міндет

16.01.2019

Өмірдегі орны бөлек еді

16.01.2019

Қазақстанда баспасөздің міндеті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ataý men aqaý

Dúken, meıramhana, qonaq úı, shashtaraz, sulýlyq, sán salondary, basqa da túrli nysandardyń ataýy mańdaıshaǵa japsyryla salǵan jáı ǵana jazý emes, ulttyq bolmysymyzdy, ulttyq rýhymyzdy, qoǵamdyq sanany qalyptastyratyn, tárbıelik máni zor mańyzdy faktor sanalady. Solaı degenmen ókinishke qaraı, bul qurǵyryń túbiri sýyrylmaı qalyp qoıatyn aramshópti qansha otaǵanyńmen qaıta-qaıta qaýlap shyǵa beretini sıaqty áli kúnge deıin sheshimin tappaǵan túıini kóp túıtkildiń birine aınalyp otyr.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу