Ұйқым келмейді...

Елордаға Оралхан оралды! Астана қалалық жастар театры сахнасында тұңғыш рет жазушы Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді...» әңгімесінің желісінде қойылған Дәурен Серғазиннің музыкалық моноспектаклі көрерменімен қауышты.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 4713
2

Соңғы жылдары сахнадан жы­р­ақтап, тек кітап сөрелерін ұзақ­тау тұрақ етіп қалған Оралхан Бөкей шығармашылығы сахналанып қа­на қоймай, көрерменіне жан­р­лық тұрғыдан да үлкен жа­ңа­­л­ығын ала келді.

Моноспектакль – әлемдік театр үрдісінде кеңінен тараған, экс­п­ерименттік деңгейдегі жан­р­­лық табиғаты қалыптасып, кө­рермен талғамын өз ерек­ше­­лі­гі­не төселткенімен, қазақ ау­ди­­ториясына, біз тілге тиек ет­кен қойылым сынды қадау-қа­­дау бірді-екілі тәжірибелік жұ­­мыс­тар болмаса, әлі то­лық­тай еніп, сіңісе қойған жоқ. Сол сең енді бұзылды! Қолға ал­ған қай жұмысынан да жа­ңа­лық күтіп үйреніп қалған театр­сүй­ер қауым Дәурен Сер­ға­­зин­ді «Ұйқым келмейді...» му­зы­ка­лық моноспектаклі ар­қы­­лы жа­ңа қыры­нан таныды. Ол­ – сах­на­гердің ак­тер­лік пен ре­­жи­с­сер­ліктен бөлек, саз­герлік қы­ры. Бір өзі режиссер, бір өзі басты рөлде ойнаған өнер ие­сіне спектакль барысында қол­да­нылған әуендердің де автор­лы­ғы тиесілі. «Сөз жеткізе алмас жерді музыка жет­кізеді», дей­ді әйгілі композитор Шопен. Орал­хан Бөкейдің дра­малық боя­уға бай сыршыл туын­дысына романтикалық леп сыйлаған әде­мі тәжірибенің куәсі болып тарқастық театрдан! 

Иә, дәл жазушы Оралхан Бөкей секілді оның да ұйқысы кел­­мейді... Жанына шабыт ұя сал­­ған­да, санасын сезім сіл­кін­т­кен­­­­де, өзге емес, Өзімен, Өзінің іш­­­к­і әлемімен сыр­лас­­қысы кел­ген­­де... сахнагердің осы­лай кірпі­гі айқаспай қоятыны бар екен. Он­­дай сәтте актер Дәурен ги­та­ра­с­ын қолына алып, көңілін тер­­бе­ген жүректің жазбаларын әуен тіліне айналдыруды қаша­н­нан бері дағдыға айналдырып­ты. Ханбибі Есенқарақызы, Қай­рат Иманбеков, Айбатыр Сей­тақ, Хамза Көксебек сынды ақын­дар­дың өлеңдеріндегі ора­лымды ойлар да спектак­ль ат­мо­сферасына сұлулық үс­теп­ті. Бірнеше музыкалық аспап­тың жан­­­­­ды сүйемелдеуімен орын­дал­­ған әндер қойылымның ли­ри­ка­лық иірімдерін айшықтай түс­кен­­дей. Мейірғат Амангелдин, Іңкәр Нә­сиева, Айсұлтан Жәлиев, Ақ­­жан Орынбасарова сынды театр актерлерінің вокалдық һәм орын­даушылық мүмкіндіктеріне де атал­ған қойылым арқылы куә бо­­лып, сахнагерлерді өзге қы­ры­нан таныдық.

Шығармашылығына үнемі жас­­тық тақырыбын арқау еткен жа­­зушының туындысына жас ре­­жиссердің таңдауының тү­суі таң­сық жайт емес, қалыпты жағ­­­­­­дайдай қабылданғаны және рас. Неге десеңіз, жазылу та­ри­­хы өт­кен ғасырға тиесілі «Ұй­­қым кел­мей­ді...» туынды­сы та­қы­­­­ры­п­­тық өзек­тілік, маз­мұн­дық ау­­­қым­дылық тұрғысынан тіп­ті де ­ес­­кір­мепті. Жазушының жа­ңа ға­сы­р­­д­а да айтары бар кө­рі­не­ді. Ол – ада­ми құндылықтар мен жас­­тар бой­ын­дағы тәрбие мә­се­лесі. Осыны су­рет­керлік сұң­­ғы­лалықпен сезіне біл­ген режи­с­сер бізге бүгін басқаша ой салды, Оралхан әлеміне өзгеше көз тігуге ша­қырды.

Оралханның өзі айтпақшы, біз­­дер – Адамдар, сезімді бағ­а­лау, ада­ми құндылықтарды қас­тер тұту, ұлттық болмысқа бас ию, кие мен құдіреттің парқына бой­лауды жаңа заманның тым асығыстау ағымына ілесеміз деп жүріп ұмытыңқырап барады екенбіз. Соның салдарынан бол­са керек, күні бүгін кеше та­бысып, ертеңінде ажырасып жатқан жас отбасылардың, тастанды бала мен тексіз ұрпақ санының артуына да себепші болып отырған көрінеміз. Тал бесіктен бойға даритын тәрбиені есікт­ен шыға бере тексіздікке ұлас­тырып алып жатқан жастар әрекетінің астарында да осы адами құндылықтарға немқұрайлы, сезімге селкеу қараудың салдары жатса керек. Қойылымда бас кейіпкер Жеңісханның аузымен кешегі күн мен бүгінгі тү­сі­ні­гі­мізді параллель ала оты­рып, пси­хо­­логиялық тұр­ғы­дан сараптайды. Мәселен, кей­іп­кердің жездесі тұр­­мысына қара­мас­тан, үйелмелі-сүйе­лмелі, бірі­нің соңынан бірі ерген он екі баласының амандығы мен бей­қам болашағы үшін тынымсыз тер төгіп, өз өмірін тұтасымен со­лар­дың тіршілігі мен тәрбиесі үшін сарп етеді және оның өтеу­і­не ештеңе дәметпейді.

Ал бүгінде қандаймыз? Тұң­ғышымызды көзіміз қиып, қо­қыс­қа тастаймыз. Сәл қиындық ке­зіксе, жетімдер үйін жағалап, бала­лар үйінің санын арттыруға бей­і­лміз. Осы сарындас қо­ғам­да­ғы өзекті мәселелер қойы­лым­ның аллегориялық астарын байыта түскендей.

Спектакльдегі келесі ай­та ке­те­­тін тұс – сценография мен жа­рық мә­селесі. Әс­і­ресе, шығар­ма­ның көр­кем-эстетикалық әсерін арт­­тыруда де­корация мен жа­рық­­тың атқарған рөлі орасан зор. Қойылымның қою­шы суретшісі Ерлан Тұяқов пен жа­рық қою­ш­ы­лар еңбегінен де сәтті із­­де­ні­с­тер­ді байқадық. Залға кір­ген сәт­­те бірден сахнаның ор­та­сында қа­­зықша қағылған адам бойымен ша­­малас жалаңаш қуыршаққа (ма­никен) көзіңіз тү­седі. Салған бет­тен: «мұнысы несі?», «ұят емес пе?» деген ой­ға келуіңіз (бәл­­кім, келмеуіңіз де) мүмкін. Бі­­­рақ ол да – образ. Бүгінгі жа­ла­­ңаштанып бара жат­қан құн­ды­­лықтарымыздың сим­вол­мен бе­дерленген көркем бей­­не­сі. Қой­­ылым атмосферасы­на ене бе­ре жай-жайлап заман кел­бе­ті көз ал­дыңызда осылай­ша сурет­те­ле бе­реді сөйтіп. Сах­на­дан Орал­­хан­ның ойын оқып оты­р­ға­ны­ңызбен, түй­­­сігіңіз бү­гін­гі күн­нің бет-бе­де­рін көз ал­ды­­ңызға әкеледі.

Жалпы, моноспектакльдің әдет­­тегі ауқымды спектакльдер­мен салыстырғандағы бір артық­шы­­лығы – актердің сахнада бар мүм­­кіндігін ашып көрсете алуына жағ­­­дай туғызылады. Актер ән де са­лады, би де билейді, жан әлемін ақ­тара көрерменімен сырласады. Бұл жағынан режиссердің ұтқан тұсы – спектакльді шағын сахнаға құрып, бар ой-толғанысын шек­теулі аудиторияға бағыттауы. Кө­­рер­меннің демін сезіне жүріп, ете­не өнер көрсету актер үшін, бірін­­шіден, үлкен сын болса, екін­­­шіден, көпшілікпен шы­ғар­­ма­шылық байланыс орнаты­п, қой­ылым атмо­с­ферасына ен­гі­зу­дің ұтымды бір жолы да. Осы тұрғыдан келгенде, Дәурен Сер­­ғазин режиссер ретінде діт­тегеніне жетті деп есеп­тейміз. Кө­­рермен спектакль жүрген уа­қыт аралығында виртуалды әлемді ұмытып, өзінің ішкі жан дү­ние­сіне үңіліп, іштей ойланып кө­руге тырысты. Қойылымнан соң қан­шама көрерменнің Оралхан Бөк­ей кітаптарын қайта парақтап һәм парықтауға асығып, театрдан шы­ғып бара жатқанын көзіміз шалды. Жүздерінен аңдадым: олар бүгін ұйықтамайды, Оралханды оқиды!

Назерке ЖҰМАБАЙ

Астана


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

21.09.2018

Жабайы бәсекелестік немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау белең алып барады

21.09.2018

Ректор Мәлік Ғабдуллин

21.09.2018

Парасаттылық пен азаматтықтың өнегесі

21.09.2018

Танзанияда паром суға батып, 44 адам қаза тапты

21.09.2018

Антон қарттың айтқандары

21.09.2018

Көшенің сәнін келтіріп...

21.09.2018

Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

21.09.2018

Алда елді елге қосу мұраты тұр

21.09.2018

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды

21.09.2018

«English for Jastar» – жаңа жоба

21.09.2018

Нақты істердің партиясы

21.09.2018

300 мың адам диктант жазды

21.09.2018

2017 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жуық болды - Елбасы

21.09.2018

Әліпби ауыстыру – үлкен өзгеріс

21.09.2018

Елбасы. Елорда. ЭКСПО

21.09.2018

Парламенттік тыңдау өтеді

21.09.2018

Инвесторларды тарту мәселелеріне арналды

21.09.2018

Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу