«Юбер» қайда апарады?

Аулада тұрған таксиді көріп, бұл қайсы компанияның көлігі деп сұрадым. Жүргізуші «Юбер ғой, смартфоныңызбен интернет арқылы тапсырыс берсеңіз болды, қалаған жеріңізге апарамыз» деп жауап берді.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 2866
2

Осыдан он жыл бұрын ақпараттық технологиялардың еліміздегі кейбір жағдайы турасында “ИТ” -ке темір неге керек деген ойдан арылар уақыт жеттІ”  деген мақаламыз жарық көрген-ді (“Егемен Қазақстан”, №67-68 (24645),16 наурыз, 2007 ЖЫЛ). Мақаланың жазылуына арқау болған сол кезде жиі айтылып, жасалына басталған электронды үкімет бағдарламасы.  Соның аясында  еліміз көлемінде еніп жатқан жаңа ақпараттық технологиялардың  қысқаша шығу тарихтары мен түрлері, басты даму бағыттары туралы баяндалған-ды.  Содан бері мұндай маңызды бағдарламаны жүзеге асыру барысында отандық ақпараттық технологиялар саласында біраз елеулі іс-шаралар атқарылды. Алматы қаласының маңайында Ақпараттық технологиялар паркі (қазіргі Инновациялық технологиялар паркі) ашылды, Ақпарат және байланыс министрлігі құрылып, Астанада Зерде ақпаратық-коммуникациялық холдингі дүниеге келді, мемлекеттік Ақпаратты Қазақстан-2020 бағдарламасы қабылданды. Өкілетті үкімет құрылымының өткен жылдардағы берген есептері бойынша мемлекеттік қызмет түрлерінің электрондық қалыпқа ауыстырылу саны жоғары пайызды құрап отыр. Десе де бұқараттық ақпарат желілерде айтылып жатқан сын да, ұсыныстар да жоқ емес бұған.  Кәсіби сала мамандарының алдында ары қарай не істеу қажет, қандай бағытты ұстану керек және осы кезеңде қай іс-шараның орындалуы маңыздырақ деп тұрған сұрақтар да аз емес.

Бұл мәселе «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының үстіміздегі жылғы 31 қаңтарда жарияланған Қазақстан халқына жолдауынан соң соны серпінге ие болды.

Мемлекет басшысы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Ол үшін Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керектігі, цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін беретіні туралы ескертіліп, сондықтан Үкімет ІТ (Ақпараттық технологиялар) саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс деп баса айтылды. Бір айта кететін жайт, құжатта денсаулық сақтау, білім беру ісінде және де басқа кәсіби салаларда қолданылатын 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг,  роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу (Big Data) сияқты жаңа  цифрлық қызмет көрсету түрлері келтірілді.  

Елбасының жаңа технологияларға жіті мән беріп, ондағы ең озық жетістіктерді жоғары мінбеден атап айтуы еліміздегі математика, техника мен ақпараттық технологиялар салаларының  мамандарының  құптауына бірден ие болғаны сөзсіз. Міне осындай ұлттық маңызды мәселеге пікір қосып, ат салыссақ деген ниет бізде де бар. Сол себепті , игі істің басы ретінде әрі  барша жұртқа таңсық болмаса екен деген оймен Жолдауда айтылған технологиялық соны өзгерістердің әлемдік деңгейдегі пайда болуы мен  ақпаратты қоғамның стратегиялық даму сатыларындағы орындары мен қолданымға ену кезектері турасында төменде  ой қозғағанды жөн деп отырмыз.

Алдымен өткен он шақты жылдың ішінде дүниежүзіндегі айтылмыш салада болған кейбір өзгерістер мен өнімдерге көз жүгіртелік:      

1.    2007 жыл.  Стив Джобс тұңғыш Айфон (Iphone-2) смартфонынын дүние жүзіне паш етті. Бұл – гаджеттік дәуірдің басы десек те болады. Сол жылы  Майкрософт Марк Цукерберг қоғамға ұсынған Фэйсбук (Facebook) әлеуметтік желісінің акциясының бір бөлігін сатып алып, оның бағасының демде көтерілуіне әрі тез арада көптеген елге таралуына жағдай туғызды. Тағы бір әлеуметтік желі Твиттер (Twitter)  South by Southwest (SXSW)  фестивалынан соң  бірден кең тарауға ие бола кетті: оның күнделікті твиттер саны 20 000-нан  60 000-ға жетті. 

2.    2008 жыл. Блокчэйн (Blockchain) технологиясына негізделген тұңғыш  Электрондық ақша Биткоин (Bitcoin) дүниеге келді.  Бірінші электрлік автомобиль Tesla Roadster сатылымға шықты.

3.    2009 жыл.  Қысқа хат-хабармен  жылдам алмасып отыруға негізделген Skype  жүйесіне бірден-бір бәсеке туғызған аты-шулы Viber, Whatsapp бағдарламалары дүниеге келді. Іле шала осыларға ұқсас ондаған, TanGO, IMO, Telegramm т.т. пайда болды. «Ауқымды мәліметтерді»  (Big DATA) пайдалануға арналған бағдарламалық MapReduce,  аппараттық  Watson (IBM) секілді технологиялар аса ірі көлемді мәләметтерді реттеп, олардың ішінен керекті табуға арналды .  UBER – дүниежүзілік таксиге тапсырыс беру жүйесі пайда болды.

4.    2010 жыл. Instagramm әлеуметтік желісі қолдануға берілді. 

5.    2011 жыл.  Apple корпорациысында  Siri –сұрақ-жауап жүйесі толық қолданымға енгізілді.

6.    2014-2016 жыл.  Бос тұрған үш өлшемді кеңістікті сенсорлар қойып,компьютерлік модельдеу арқылы  оны бейне бір заттарға толы жер ретінде көрсететін Толықтырылған орта (Augmented reality) технологиясы кеңінен таратылуда.

Бұлардан басқа байланыс инфрақұрылымында  WiFi сымсыз байланыс жүйесі тез арада тұрмыстық қажетке айнала бастады.  Ұялы байланысты тарату жүйесі 2g стандартынан  3g- ге, одан ары 4g стандартына  көшіп, Ғаламторға кез-келген жерден мобильдік қондырғы арқылы тез арада ену мүмкіндігіне қол жетті.  «Интернеттік заттар» (  Internet things) – қоғамда,тұрмыста  қолдануға арналған бұйымдар мен қондырғылар, жаңа ақпараттық медициналық технологиялар, жасанды сана – машиналық оқыту – бейнелерді танып, ажырата білу (Artificial Intelligence-Machine learning -  Pattern recognition) сияқты жаңалықтар жыл сайын қарқындам дамып келеді.  Роботтандыру саласында олардың адымдап жүре алатын жаңа түрлері,  пилотсыз ұшақтар (Дрондар) мен жүргізушісіз басқарылатын автомобильдер мен Саналы көлік тасымалдары жүйесі (ITS–Intellectual transport system) пайда болды. Онлайн- саудаға негізделген Amazon, eBay, Alibaba т.т.  интернет-дүкендер миллиондаған тұтынушыларға қызмет көрсетуде.

Әрине, жоғарыда келтірілген тізім бар жаңалықтарды толықтай қамтып отыр дей алмаймыз.  Дегенмен, осылардың ғана негізінде кейінгі 10 жылда цифрлық технологиялардың  адамзат өміріне елеулі өзгерістер әкелгенін көріп отырмыз. Бір қарағанда пайда бола бастаған соны ақпараттық үрдістерді ешқандай концепцияға байланыссыз, ретсіз, тек қана Ақпараттық технологияларды (АТ) жасаумен айналысатын  танымал өндіруші компаниялардың нарықтың сұранысына сәйкес шығарып отырғаны деп те ойлап қалуға болады. Бірақ, олай емес. Бұл мәселе турасында осы мақала аясында баяндамақшымыз.

Ақпаратты-Индустриалды Қоғам өзіндік  өмір сүру салтына  Ақпараттық технологиялардың  (АТ) ену деңгейіне байланысты  үш жаңа даму кезеңінен өтеді.  Әр кезеңде басты иституционалдық негіздер болып табылатын Мемлекет, Бизнес және Тұрғын субъектілері мен олардың арасындағы өзара қарым-қатынас «электрондық өмір сүру» мүмкіндігіне сатылап ие болады.Жоғарыда келтірілген тізімдегі заманауи жаңалықтарды Ақпаратты-индустриалды мемлекеттің даму сатыларына сәйкестендіріп қоялық.

Оның алғашқысы –е- үкімет(e-Government). Электронды мемлекеттің бастамасы болып табылатын бұл кезеңде барлық мемлекеттік құрылымдардың анықтамалық қызмет түрлері бекітілген  АТ-стратегияға сәйкес  электронды қалыптарға алмастырылады. Тұтынушылар оларды ақпарт тарату жылдамдығының  2G, 3G не 4G стандарттарына сай өздері тіркелген операторлық байланыс жүйелері арқылы мобильді қондырғыларына немесе компьютерлеріне қабылдап алады.  Сондықтан, неғұрлым байланыс жылдамдығы жоғары болса, соғұрлым азаматтардың сұраныстары сапалы түрде орындалатын болады. Ол үшін байланыс түрлерінің замануи деңгейдегі инфрақұрылымы болуы қажет. Бастысы,  толықтай ақпараттандыруға бірінші кезекте мемлекеттік  құрылымдар қамтылады. 

Келесі  кезеңді 2004 –ші жылдары Жапония мен Оңтүстік Корея елдерінде басталып, қазір дүниежүзінде қалыптасқан  ұғымменu-үкімет (u-Government) деп те атайды. Мұндағы латын әрпі U ағылшынның ubiquitous деген сөзінің бас әрпі. «Кез келген жерде» деп аударуға келетін сөздің мағынасы АТ-ң кез келген іскерлік, экономикалық қарым–қатынастарға кеңінен ықпал ете бастауына меңзейді.

Дамыған мемлекеттердің алдыңғы легі аяқ басқан осы бір өтпелі кезеңде жеке бизнес пен квази-мемлекеттік құрылымдар көрсететін қызмет түрлерін жаппай электронды  нысандарға көшіруге ұмтылады. Өз кезегінде электронды тауар мен қызметті ұсыну – қолданудың ыңғайлылығы электронды ақшаның айналымының өсуіне әсер етеді. Байырғы банк жүйесі алдыңғы лекте болу үшін виртуалды карта және тағы да басқа жаңалықтарды енгізуге тырысады.  Бұған қоса, оны жылдамдату үшін интернет-банкинг, мобильді банкингті пайдалану  кеңінен таралады. Кез келген жерде жеке мобильді гаджет, телефонды қоса алғанда, коммуналдық қызметке, оқу орындарының немесе транспорттық тасымал ақысын төлейтін құралына айналады. Электронды әмиян деген сол.  Осы күнде шет елдерде мұны жиі байқауға болады. Осы даму сатысында өкілетті құрылымдар мынадай жобаларды енгізуді дұрыс деп санайды: білім беру саласындағы оқушыларға көрсетілетін электронды қызметтердің барлық түрін үйлестіру жүйесі, көлік тасымалдауды саналы  басқару жүйесі,  кеңейтілген поштаның (дәстүрлі  жіберілген заттарды тасу ғана емес, онлайн сатып алынған тауарларды да тұтынушыларға жеткізуді сапаландыру) логистикалық жүйесі. 

Елбасы Жолдауындағы «ауқымды мәліметтер» технологиясы осы ретте қолданымға кіреді. Мысалы, тауар ұсынушылар тұтынушылардың талғамын электронды жүйедегі ауқымды мәліметтер арқылы байқап отырып, жылдам өтетін тауарлар легін анықтап, ұтымды сауда жасауына мүмкіндік алады. Ал, тиісті мемлекеттік статистикалық құрылымдар елдің экономикалық сұранысы туралы деректерге ие болады. Бұдан басқа қаржы жүйесінде, экологияда, денсаулық сақтау мен елдің қауіпсіздігі саласында да керекті мәліметтерді тез табу үшін бұл технологияға деген сұраныс арта түседі.

 «Интернеттік заттар» деген жасанды санасы (интеллект) бар, бір-бірімен автоматты түрде деректер алмасу мүмкіндігіне ие  күнделікті қолданымда жүрген қоғамдық, тұрмыстық , техникалық бұйымдар мен қондырғылар. Қарапайым бір мысал. Интернеттік зат ретінде жасалынған үйдегі теледидар, егер  экранына күн сәулесі тәкелей түссе, терезедегі «ақылды» перденің жабыла тұруын сұрай алатын дәрежеде болады. Басқа мысал. Бір адам күнделікті бір бекеттен белгілі уақыт аралығында автобусқа отыратын екен дейік. «Ақылды»   автобус жаңағы бекетке бір-екі аялдама қалған сәтте әлгі адамға жүргізушісінен тыс, өзі ескертпе хабарлама жіберетін болады.

 Жалпы айтқанда, бұл озық технологиялар көптеген салаларда қолданысқа кеңінен ене беретін болады.  Әрине, оларды толықтай қолдану үшін сәйкес инфрақұрылымды қажет деңгейге жеткізу керек.  Соңғы кездері айтыла бастаған 5G байланыс түрі (қалалық немесе сырттағы wi-fi) осындайда қажет болады. Ал, енді электронды қоғамның  келешегі қандай деген сұрақ дамудың үшінші кезеңінен  жауабын табады. Бұл турасында интернетте ашық жарияланып жүрген футурологтар пайымдауына сүйеніп, қысқаша баяндап өтелік.

i – үкімет. Қоғамның барлық субъектілері тығыз  электронды байланыста болатын шешуші кезеңде мемлекеттің басты ресурсы саналатын адам - жеке Тұлға дамыған «электронды матрицаның» басты кейіпкеріне айналады. Әрбір  саналы азамат (intellectual) білімі мен тәжірибесін пайдалану арқылы сұранысқа ие қызметін тек мекемеде отырып қана емес кез келген жерден интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы да ұсына алатын мүмкіндік (іс-шараға виртуалды немесе «желілік қатынасу»)  заңды түрде жүзеге асырылытын болады. Яғни, жеке азаматтың жоғарғы оқу орнында  білім алуы, маман ретінде бір немесе бірнеше жұмысқа орналасуы  сияқты еңбек қарым-қатынастарындағы негізгі түсініктер түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Футурологтардың айтуынша оған бірінші себеп жаңа технологиялардың өзгеру жылдамдығының артуы. Шындығында, тез өзгеріп отыратын техникалық, технологиялық үрдістер соларға негізделген экономикалық, медициналық, әскери және тағы да басқа көптеген салалардың кәсіби талаптарының жаңарып отыруына әкеледі. Бұларға арнап маман дайындап отыру дәстүрлі университеттердің қолынан келуі екі талай. Сондықтан  бастапқыда интернет желісін пайдаланатын, қашықтан оқыту әдісін меңгерген виртуалды оқыту мекемелері көптеп пайда болады. Ал, болашақта  интернеттегі Википедиа секілді анықтамалық білім қорлары ауқымды мәліметтер,  роботтық сұрақ-жауап жүйелері негізінде   біртіндеп нағыз «виртуалды мамандандырылған университеттерге», тіпті «кәсіби кеңесшілерге» айлануы әбден мүмкін. Кез келген мемлекетте тек осы кезде ғана «Ақылды экономика», «Ақылды Халық»,  смарт-экономика, смарт- медицина, смарт-қала т.т. деген ұғымдар нағыз мәніне ие болады.

Байқап отырсақ, цифрлы мемлекетте түрлі кәсіби салалардағы алшақтық біртіндеп жойылып, қоғамның өмір сүруіне  қатысты сұраққа жауап бере алатын, білім мен алдыңғы қатарлы тәжірибе нәтижелеріне негізделген тұтастай бір «ақылды» компьютерлік жүйе пайда болмақ. Басты  ерекшелігі, әр түрлі кәсіптің мамандары мен жалпы  іскер жандар  дәл мезетіндегі сұранысқа байланысты экономикалық салаларға инновация енгізумен сол жүйені толықтырып отырады. Қазірдің өзінде осының алғашқы қадамы көрініп тұр. Мысалы, ешқандай бір материалды-техникалық негізі болмай-ақ, интернетті пайдаланып, Юбер (UBER) жолаушы тасымалдау мобильдік жүйесін дүниежүзінде қолданысқа енгізіп, экономикалық  жаңалық жасап отырған америкалық компания осының мысалы. Ал, мұндай өнім смартфон, интернет банкинг, мобильдік әлеуметтік жүйелер,  3G, 4G-байланысы  секілді технологиялар болмағанда, қолданысқа енер ме еді? Озық білімге негізделген дамыған экономикасы бар елде осындай инновациялық үрдістер көбейе түседі.  Адамзатты цифрлық дәуірдің жаңа сатысы күтуде. Иә, жақын  келешекте «Юбер»  бізді қайда апарады? 

Амандос  СҰРАНШИЕВ,

физика-математика ғылымдарының кандидаты,

ақпараттық технологиялар сарапшысы




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келіп жетті

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

24.09.2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

24.09.2018

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

24.09.2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

24.09.2018

Солтүстік Қазақстанда Жансүгір батырға еңселі кесене тұрғызылды

24.09.2018

Музей қызметкерлеріне үстемеақы төленгені жөн

24.09.2018

Жергілікті ерекшеліктер ескерілсе игі

24.09.2018

Қайрат «қаһарына» мінді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу