ЗАҢДАРДЫҢ ТӨРЕСІ

Егемен Қазақстан
01.01.2010 8667
2

2010 жылы Қазақстан Конституциясы қабылданғанына 18 жыл толады. Ал Тәу­елсіз еліміздің Ата Заңы бірнеше қағи­дат­­тардан тұрады. Тұжырымдамалық не­гізінің бастысы қоғамның саяси тұрақ­ты­лығын, әлеуметтік-экономикалық да­муын қам­тиды. Қазақстандық патрио­тизм негізін қалыптастырады. Демокра­тия­лық тәсіл­мен Үкіметтің, биліктің өз­ге­рістерін ре­фе­рендум немесе Парла­мент­тің заң қа­был­дауы арқылы жүзеге асыруға болады. Осы принциптерді біздер түпқазық ре­тінде ұстауымыз қажет. Конституцияның түпкілікті қағидасы – Қазақстанды жан-жақты дамыту, қоғамды демократиялық жолмен алға бастыру. Біздер депутаттық қызметімізде заң жо­баларымен танысқан сәттен-ақ өз ісімізді Конституциямен тікелей байла­ныс­тырып отырамыз. Парламентке Үкі­меттен жаңа заңдардың жобалары түседі, қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар ұсынылады. Кейде қоғам­ға аса қажетті заңдарды шығару үшін де­путаттар да заң жобаларын әзірлеп, бас­тамашылық жасайды. Соның барлығы Ата Заңға сәйкес болуы тиіс. Яғни, заң шы­ғарушылықпен айналысатын адам­ның жұмыс үстелінде Конституция жатады. Талқыланып жатқан заң жобаларына орай ел тұрғындарынан түсетін ұсыныс­тар да көп болады. Оны депутаттар жүйе­леп, жұмыс тобына ұсынады. Соның ішінде қоғамға аса қажеттісін, Ата Заңға сәйкес келетінін қабылдаймыз. Кейде аздаған түзетудің өзі Конституцияға сәйкес келмей жатса, немесе басқа кодекстер мен заңдардың нормаларына қайшы келгенде, талқылаудың ұзаққа созылатыны, пікір­та­лас­тар туындап жататыны анық. Америка Құрама Штаттары өз конституциясына екі ғасыр бойы өзгеріс енгізбеген екен деген пікірді айтып жатады. Америка ешкімнің боданында болған жоқ. Әрине, әр мемлекеттің құ­рыл­ған кездегі жағдайы әртүрлі болады. Сондай-ақ, ұстанған бағыттары да әртүрлі. Біздің мемлекетіміз бұрын Кеңес одағының құрамында болып келді. Ол жүйеден шығып, өз алдына тәуелсіздік алған тұста бірден дамыған елдердің ұс­танымындай талаптарды қоя алмайтыны белгілі. Ол кезде көзқарас басқа болды.. 2007 жылы 21 мамырда Конститу­ция­ға өзгерістер енгізілді. Өзгерістер мен толықтырулар енгі­зі­лерде кәсіби сарапшылардың талдауынан өткізіледі. Дамыған елдердің бірінде мынадай бір бап бар екен деген ұран­да­ған пікір бойынша кез келген толық­тыруды енгізуге болмайды. Өйткені, халқымыз айтқандай, “әр елдің салты басқа”. Енгізілетін толықтыру қоғаммен, халықпен байланысты болуы тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың: “Ең бастысы, кім екеніне қарамастан, әр адам Конституция қағи­даларын қатаң сақтауға міндетті. Біздің бәріміздің заңды білуіміздің маңызы зор. Ал оларды орындауымыздың маңызы одан да зор. Онсыз біздің өркендеген мемлекет орнатамыз, елімізде тәртіп орнатамыз деген ниетіміздің бәрі бекер. Мемлекет құру ісі – үздіксіз процесс, ол мемлекет канша өмір сүрсе, сонша уақыт жүргізіле бермек”, – деген сөзі ойымызды дәлелдей түседі. Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ, Мәжіліс депутаты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу