Заңнамаға түзетулер қабылданды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болып, палата әуелі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялады. Оның құрамында 79 ел мен Еуропалық одақты қосқанда 80 мүше бар. Бүгінгі таңда Гаага конференциясының аясында 39 конвенция жасалған болса, біздің еліміз олардың 8-ін ратификациялады.
Егемен Қазақстан
28.04.2017 2455
2

Біздің еліміздің Гаага конферен­циясына мүше болуы Қазақстан құқық жүйесінің әлемдік стандарттарды ескере отырып, одан әрі дамуына, қазақстандық азаматтар­дың шет елдердегі мүдделері мен құқық­тарының қорғалу тиімді­лігін артты­руға ықпал етеді. Гаага конферен­циясының құрамына ену Қазақстанға ортақ істер мен саясат жөніндегі кеңес­ке қатысуға, конвенция жобала­рын әзірлеу үшін арнайы комиссиялар жұмысы­на қатысуға немесе Гаага конференциясы жұмысының аясында халықаралық жеке құқықтың барлық мәселелерін зерделеуге, Гаага конвенциясына үйлестіруді талдау барысында Гаага конференциясы мен оның мүшелерінің сараптамалық көме­гін алуға, немесе өзге Гаага конвен­ция­ларына қосылудың тиімділігі мәсе­ле­лерін қарастыруға мүмкіндік береді. 

Сенаторлар Георгий Ким мен Рашит Әкімовтің сауалына Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді. Сенатор Марат Тағымов заң­ды қолдау тұрғысында сөз сөйледі.

Заңнамаға дене шынық­тыру мен спорт мәселелері бойынша түзетулер екі оқылымда қара­лып, қабылдан­ды. Құжат дене шынық­тыру және спорт саласын қаржы­лан­дырудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру, айқындығы мен қар­жыландыру жүйесінің шы­найы­лығын арттыру мақсатында әзірленген болатын. Түзетулермен еліміздің Бюджет кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекс­ке, сондай-ақ, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бюджет кодексіне түзету Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап дене шынық­тыру және спорт саласындағы мемлекеттік тапсырманы алуға және оған қатысуға құқық беруді көздейді. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңда спорт түрлері бойынша бюджет қаражатының тиімді бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында спорт түрлерін саралау жүйесін енгізу, Ұлттық олимпиада комитетін қоса алғанда, мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы функциялардың аражігін ажырату, т.б. ұсынылады.

Қосымша баяндама жасаған сенатор Серік Бектұрғанов құжат­ты қабылдау нәтижесінде респуб­ли­калық және аймақтық деңгейдегі қар­жы ресурстарын объективті және тәуел­сіз бөлуге кепілдік бере­тін үлгі қа­лыпт­асатыны күтіліп отыр­ға­­н­ын жеткізді. Атап айтқанда, заң жо­ба­­сында  көзделгендей, спорт түр­­лері­не саралау жүйесін енгізу және ба­сым­дықтар тізімін белгілеу өңір­лер бас­шыларының әуестіктері мен ұнату­шылықтарына қарамастан еліміз­де де, аймақтарда да келешегі зор ба­ғыт­т­арды дамы­туға мүмкіндік береді.

Сенаттың Халықаралық қаты­нас­тар, қорғаныс және қауіп­сіз­дік комитетінің төрайымы Дари­ға Назарбаева заң жобасын әзірлеу­ші­лерге комитеттің бірқатар ұсыныс­тарын айтты. Олар: Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – президенттік тест көрсеткіштерін күрделілігіне байланысты бірнеше санатқа бөлу; Мәдениет және спорт министрлігі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы­мен бірге бірыңғай оператор («Туризм және спорт индустриясын дамыту қоры») арқылы бұрын бөлінген қаржы көлемін сақтай отырып, кәсіби және бұқаралық спортты дамытуға қаржы бөлу; Мәдениет және спорт министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, кәсіби арнаулы және бұқаралық спортты қаржыландыру жөніндегі бюджет бағдарламасын бөлу мәселесін пысықтау, сондай-ақ кәсіби спорт клубтарына, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептеріне және спорт ғимараттарына салық жеңілдіктерін беру (ТСК, жер мен мүлік салығы, ҚҚС); мына санаттарды: кәсіби спорт, арнаулы және бұқаралық спортты пайыздық қатынастарға байланысты мемлекет бюджетінен қаржыландыру көлемін белгілеу, аймақтарда спортты дамыту мен спорт инфрақұрылымын дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау, спорт жарыстарын қолдауды жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігіне беру. Міне, осы және тағы басқа маңызды мәселелерді заң жүзінде бекіту көзделіп отыр.

Отырыс барысында сенатор­лар­дың депутаттық сауалдары жария етілді.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Ауылдарға көгілдір отын келіп жатыр

21.11.2018

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

21.11.2018

Қазақстан құрамасы бесінші себетте

21.11.2018

Жаңақорған ауданында 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді

21.11.2018

Павлодарда Тұңғыш Президент күні  27 жаңа нысан пайдалануға беріледі

21.11.2018

Н.Назарбаев: «Ұлы даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек

21.11.2018

Таэквондошылар Әбу-Дабиге аттанды

21.11.2018

Елбасы: Деректі-қойылымдық фильмдердің, көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажет

21.11.2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

21.11.2018

Президент: Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы»

21.11.2018

Елбасы: «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет

21.11.2018

Алматыда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен форум өтті

21.11.2018

Ел аумағында 11 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп жатыр

21.11.2018

Елбасы «Дала фольклорының антологиясын» жасауды ұсынды

21.11.2018

Жоспарланған меже – 100 мың гектар

21.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Алтай - Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі

21.11.2018

Елбасы әлемге қазақ жерінен тараған жылқының қадірін жете түсінуге шақырды

21.11.2018

Қазақстанның ірі электр стансалары жылыту маусымына толық дайын

21.11.2018

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

21.11.2018

«Хат қоржын»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу