Жаһандық бағаны реттеген отандық уран

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев уран өндіруді қысқартудың себебін түсіндірді
Егемен Қазақстан
15.05.2017 2347
2

Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағаты «Уран өнеркәсібінің дамуы туралы» тақырыбымен өтті. Депутаттар мен Үкімет мүшелері қатысқан алқалы жиынға Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева жетекшілік етіп, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндама жасады.

Өткен жылы елімізде 24 070 тонна уран өндіріліп, 2009 жылғы кезеңмен салыстырғанда өсім 76 пайызға жеткен. Ал биыл қаңтарда республикада уран өндірісінің көлемін 10 пайызға яғни, 22 мың тоннаға дейін төмендету туралы шешім қабылданған. Парламенттегі Үкімет сағатында осылай деп үн қатқан министр Қ.Бозымбаев уран өндіруді қысқартудың себебін егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Біздің уран өндіру ісіндегі қысқартқан көлеміміз әлемдік өндірістің 3 пайызын құрайды. Осындай шешімнің нәтижесінде әлемдік нарықтағы уран бағасы 20 пайызға қымбаттады. Ал 2016 жылы табиғи уран нарығында 80 пайыз уран өнімі белсенді өндірілген болса, оны өндірген негізгі елдердің қатарында Қазақстан, Австралия, Канада, Нигер және Ресей сынды мемлекеттер бар. Енді әлем бойынша өндірілген уранды жоғарыда аталған елдерге шаққанда – 39 пайыздық үлес Қазақстанның еншісіне тиесілі болып шығады», – деді Қанат Алдабергенұлы.

Министрдің айтуынша, соңғы уақытта әлемдік уран нарығында уранға деген ұсыныстың артуы айқын сезіле бастаған. 2011 жылғы Фукусимада орын алған келеңсіздіктен кейінгі кезеңде жоғары белсенділік байқалуда. Мамандар пікірінше, бұл үрдіс осы күндері де жалғасын табуда. Сол себептен де өткен жылы табиғи уранның бағасы едәуір төмендеген. Тіпті, статистикалық мәліметтер базасында бір жыл ішінде құнның 40 пайызға дейін құлдыраған көріністері тіркеліпті.

«Осындай жағдайларды бағамдаған сала мамандары табиғи уран нарығындағы артық үлес 2020 жылға дейін сақталады деген болжам айтуда. Соның нәтижесінде уран бағасы құбылып, ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігі бұзылады деп күтілуде. Қалай десек те, біз әлемдік уран нарығындағы қиын жағдайға қарамастан Қазақстан әлемдік нарықта өзінің басшылық ұстанымын сақтауға қабілетті деп нық сеніммен айта аламыз», – деді Қ.Бозымбаев.

Естеріңізде болса, 2009 жылы Қазақстан уран өндiрiсi бойынша әлемде бiрiншi орынға шыққан болатын. Содан бері біздің елдің көшбасшылық ұстанымы әлі де сақталып келедi. Бұл биіктік ел аумағында уран өндiру iсiнің негізгі қозғаушы күші – «Қазатомөнеркәсiп» АҚ» ұлттық компаниясының еншiлес және бiрлескен кәсiпорындары арқылы бағындырылып жатқанын да атап өткен жөн. Өйткені, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ»-ның өндiрушi кәсiпорындарының құрамына бiрнеше елдiң компаниялары мен бiрлескен кәсiпорындары кiредi. Ал олардың арасында қазақстандық ұлттық компанияның қатысу үлесi 30-65 пайызға тең түседі.

Бүгінгі күні уран өндірумен Ресей мен Францияның, Қытай, Канада, Жапония және Қырғызстанның компанияларымен бірлескен 11 кәсіпорын айналысатындығын алға тартқан министр, Қазақстанда өндірілген уран түгелдей әлемдік нарыққа, бірінші кезекте Қытай мен Еуропа, Канадаға және АҚШ-қа экспортталатындығын мәлім етті. Сондай-ақ, әлем бойынша барланған уран қоры бойынша біздің ел жержаһандағы жалпы қордың 12 пайызын еншілеп, екінші орынға жайғасқан.

Қазір өндірістік технологияның қарышты дамыған шағы. Тіпті, күн сайын ашылып жатқан жаңашылдықтың соңынан ілесу де оңайға түсіп жатқан жоқ. Еліміздегі уран өндіру процесі де соны технология мен жоғары санатта сапалы өңделген, барынша байытылған өнім қажеттілігіне сұраныс артуда. Осы бағытта Қазақстан ядролық отын жасаудың толық циклін қалыптастыруды жоспарлауда.

«Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспарында энергетика саласындағы басты мақсаттардың бірі – 2020 жылға қарай ядролық отын циклімен вертикалды ықпалдасқан компания құру туралы айтылғаны баршамызға белгілі. Сондықтан да біз табиғи уранды өндіріп, сатып қана қоймай, жоғары қосылған құрамы мен құны бар уран өнімдерін шығарып, әлемдік нарыққа шығаруға да мүдделік танытудамыз», – деді Қ.Бозымбаев.

Минситрдің айтуынша, атом өнеркәсібі бағытындағы басымдықтардың бірі ядролық отын жасаудың толық циклін қалыпастыру. Бұл ретте отандық ресурстық базаны мейлінше кеңінен қолдану жоспарлануда.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2018

І Алматы халықаралық Мәдени форумы басталды

22.11.2018

Батыс Қазақстанда «Асық терапиясы» жобасы басталды

22.11.2018

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімі тағайындалды

22.11.2018

Тараздағы турнирде 9 мемлекеттің балуандары белдеседі

22.11.2018

Арқалықта қуатты, заманауи ет комбинаты жұмысын бастады

22.11.2018

Жеке куәлікті саусақ таңбасы алмастыратын болады

22.11.2018

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

22.11.2018

Жамбыл облысында жылқы ұралағандар ұсталды

22.11.2018

Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды

22.11.2018

Алматының ірі жылу магистралінде апат болды

22.11.2018

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

22.11.2018

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

22.11.2018

Елбасы мақаласы шетелдік БАҚ назарында

22.11.2018

Тарихи сана тұғыры – ұлттық болмыс

22.11.2018

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

22.11.2018

Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

22.11.2018

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

22.11.2018

Қалдықтар да кәдеге жарайды

22.11.2018

Зиялы қауым өкілдері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы не дейді?

22.11.2018

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

Elbasy Nursultan Nazarbaev bıylǵy jylǵy halyqqa Joldaýynda úkimet múshelerine qaratyp, «Bizde árqıly baǵdarlamalar qabyldanyp jatyr. Indýstrıalyq baǵdarlama, ınfraqurylymdyq baǵdarlama, sondaı-aq, áleýmettik máselelerdi qamtyǵan kóptegen baǵdarlama bar.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу