Жалған қоңыраудың әлегі

немесе «Жамандық шақырма!»
Егемен Қазақстан
03.08.2017 3824
2

Алматы – Талғар жолында ілбіп ке­леміз. Кептеліс. Қарсы бағыт бос. Ара-тұ­ра бір көлік өтеді. Бұл – алда бір жағдай бол­ды деген сөз. Екі бағыт та – біз бергі, олар ар­ғы жақта – бір шырғалаңның сал­­да­­рынан тоқтап тұрғанымыз анық. Арт­­қы жақта қалған жүргізушілердің шы­­дамсыздаулары енді қарсы бағытты толтыра бастады. Оң жақ қапталымыз сіресіп тұр. Сөйтіп, екі жолақты жолдың қос бағытында төрт, кей жерлерде бес қатар тізбек пайда болды. Көп өтпей жаяу жүргіншілер қаптады. Оларға жеңіл, түседі де жүре береді. Ал, көлік жүргізу­ш­ілері олай ете алмайды. Қанша уақыт болса да осылай кідіруге мәжбүр. Кенет әлдекім көлігін жол шетіне шығарып, есігін құлыптады да, жүгіре жөнелді... 

Әдетте қалың кептелістің өзінде асса бір сағат жүретін 20 шақырымдық жолды 3 сағаттан аса жүріп, үйге жеттік-ау. Жол-жөнекей көзіміздің жеткені, Қызыл қайрат ауылында, үлкен жолдың бойында орналасқан балабақшаның айналасындағы шұбырған халық, қап­таған көлік – өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметі, полиция... Балабақ­ша­ның аумағын лентамен тартып тастапты. Тұсымызда ұялы телефонымен бар жағ­дай­ды түсіріп тұрған 15-16-дағы оқу­шы­дан не болғанын сұрадық. Жауабы сүйінші сұрағандай сергек естілді:
– Мына жерге бомба қойылған!

Бір қызықтың боларын күткен немесе дегбірі қашқан адамның даусы осылай шығатын.
Алматыдағы бір өзі бірнеше адамды жай­ратып салған қылмыскер жайлы әй­гілі оқиғаның дүмпуі әлі басыла қоймаған, тіксініп қалдық. «Бомба қойылған» деген сөз – төбеңнен жай түс­кендей әсер етері түсінікті, бірақ біз­ді тіксіндірген ол емес болатын. Ә де­генде әлемнің әр түкпірінде күн құр­ғат­пай болып жататын террорлық жарылыстар бізге де жеткен бе дегенге ұқсас бір кеп санаға ұялайды екен. Оның үстіне, басқа емес, балабақша. Әдетте балалардың жып-жылы ұясындай, ең алаңсыз, ең қауіпсіз сезілетін үйді жау шапқандай, әне-міне күлі көкке ұшардай, қорқынышты леп еседі. Балабақша соншалық қорғансыз, соншама аянышты күйге түсіпті. «Бомба қойылған» деген сұп-суық сөзден кейін базары тарқап, құты қашқан кейіпте, үрпиіп қалыпты.

Кейін білдік, бұл шырғалаң түсте бас­талыпты. Әлдекім Талғар ауданы, Қызыл қай­рат ауылындағы балабақшаға бомба қойылғаны туралы қоңырау шалған. Ауыл­да үш балабақша бар, қайсысы еке­нін де на­қты айтпаған. Жедел әрекет ету то­бы мен құтқарушыларға бір сәтте үш түр­лі бағытта жұмыс істеуге тура кел­­ген. Ара­да төрт сағат өткенде барып, қоңы­раудың жалған екені белгілі бол­ған. Үреймен, күдікпен, сапырылыспен өткен төрт сағат – сырттай қарағанда қыс­қа ғана уақыт болғанмен, соның тіке­лей куәгерлері мен басы-қасында жүр­ген­дер үшін ұстараның жүзінде өткен бітіп болмас азап қой. Мұндайда уақыт тоқтап қалғандай болады. Бұрынырақта сұхбаттас болған өрт сөндіруші өмірі қыл үстінде жүретін әріптестерінің әйелдеріне арналған бір сөз бар деп еді: «Сен оны жұмысына барынша құрметтеп шы­ғарып сал. Соңғы рет көріп тұруың мүм­­кін». Өрт сөндірушінің өзі мұн­­дай болғанда, жарылғыш затты анық­тай­тын саперлердің тағдырын ойлау мүл­де қорқынышты. Төрт сағат ішінде олар не ой­лады екен... Біз әдетте «осынша адам эва­­куацияланды, қауіпсіз жерге кө­ші­рілді» деп ақпарат ретінде оңай айта саламыз. 
Біз сайтымызға рейтинг жинау үшін жан­таласа жазып жатқанда, іштегілердің қан­ша шашы ағарды екен... 
Жол ортаға көлігін тастай жүгірген әл­­гі жі­гіт­тің қан­дай ша­руасы болды екен... 

Бүкіл елді дүр­лік­тірген бұл оқиғаның се­бе­бі – болмашы бас араз­дығы кө­ріне­ді. Ал­ға­шында түк бол­ма­ға­ндай, бала­ларды­ қауіп­сіз жер­ге кө­ші­руге кө­­мек­тесіп жүр­­ген Гесім­ді әйел, тіп­ті, теле­ар­­на­лардың бі­ріне сұхбат беріпті. Ба­ла­­бақша­мен жапсарлас тұ­­­ра­­тын көр­­­ші ғи­ма­­рат­тың ие­сі­­мен әл­де­не­ге ке­ліс­пей қал­­­­ған, содан кек алуға бе­­кін­­­ген келін­шек арада екі са­ғат өтер-өтпесте қыл­мысының әш­ке­ре болатынын ойла­ды деймісіз. Сөйтсе, қазір техника әб­ден дамыған, жалған қоңырау шалушы­ны анықтау анау айтқандай қиын шаруа емес екен. Осы уақытқа дейін бол­ған жағдайларды жалпылама шолып шық­қанда көзіміздің жеткені – соның бірде-бірі ашылмай қал­мапты. Тіпті бұл тарапта аса қиындық та тумайтын секілді. Қоңырау шалушының иесін анықтауға кеткен ең ұзақ уақыт – бір жұмыс ауысымынан аспапты. Ана бір жылы Қызылордада жатып алып, Алматының метросын «бомбалаған» әзілқой да қоңырауынан кейін көп өтпей үйіне қызыл жағалылардың кіріп келетінін болжап та үлгермеген. Сірә, қылмыскерді Алматыдан іздейді деп ойлаған болса керек. 

Осыдан біраз бұрын әлдебір қылмысқа қатысы болып (кейін кінәсіздігі анықталып, ақталып шықты), тергеуге түскенде, тәртіп сақшылары ұялы телефонындағы соңғы әңгімелердің жазбаша нұсқасын алдына тартқанын айтып, «бұларға біздің әр басқан қадамымызды анықтау түк емес екен ғой», деп түңіліп шығып еді. Оған дейін естіп жүрсек те, аса мән бермеген кеп екен, әлгінің әңгімесінен кейін ғана, шындап ойлана бастадық. Қазақ «керегеде де құлақ бар» деуші ме еді? Ал, біз, спутник дәуірінде, қаптаған техниканың ортасында отырып, із кесушілерден қулық асырғымыз келеді. Алдыңдағы компьютер экранының, үйіңдегі телевизордың да көзі бар дейді деректер. Ал, біз сол көз бен құлақтың негізгі құралы саналатын ұялы телефонды ұстап отырып, қылмыс жасаймыз. 

Күштіні жығатын басқа күштінің әйтеуір бір шығатыны секілді, техникадан асатын өзге бір техниканың ойлап табылғаны жайлы күн сайын айтылып жатады. Біздің соны білмейтіндігіміз, білсек те онша сеніңкіремейтініміз ғой, қоңырау шалғанда телефондағы гаджеттік бағдарламалар арқылы дау-сымызды өзгертіп, «қулық асыратынымыз». Жатақханада ерігіп жатып, әлдебір «шытырманға» аңсары ауып, «ер адамның» даусымен вахтаға қоңырау шалған қыз жайлы естіген боларсыз? Гаджеттік бағдарлама дегеніңіз құрбы-құрдасыңмен әзілдескенге, өзің сияқты «аңқау» біреулерді алдауға, ойын үшін ойлап табылған жеңіл-желпі нәрсе емес пе?! Ал, біз соның көмегімен із жасы­р-ғымыз келеді. 

Мұның бәрі техникалық мүмкіндік жайлы түсініктің таяздығынан. Рас, заңнан, оның жазасынан қорқамыз, бірақ, қылмыс жасау туралы ойымыз тым шектеулі. Біздің қылмыс жайлы ұғымымыз көбіне кісі өлтіру мен ұрлық жасаудың төңі­ре­гінен ұза­майтын болса керек. Рас, кісі өлтірудің жанында жалған қоңырау анау айтқандай қа­тыгездік болмауы мүмкін, бірақ, сапы­ры­лыс­­қан, са­былысқан, қым-қуыттың ішінде біреу сүрініп кетіп, енді біреу сас­қа­­лақтап жүріп қада­­мын шалыс басып, мерт болуы мүмкін ғой. Олай болма­ған күнде де, «ұрлықтың үл­кені – өз­ге­нің уа­қытын ұрлау» деген бар, қаншама адамды шаруасынан қалдырдыңыз. Төтенше жағдайлар мен жедел жәрдем мақұл, міндеттерін қалай да атқарады. Іс-қимылға кеткен шығын да ештеңе емес, орнына келеді. Бұл тарапта төтенше жағдайлар қызметі жиі айтатын, болуы мүмкін жағдай мынау: сіздің өтірігіңізбен әуреге түсіп жүргенде, өзге жақта қатер үстіндегі шын мұқтаж біреулерге көмек кешігіп жетуі мүмкін. Бұдан өзге де түбін қазсаң бір-бірімен байланысып кете беретін қаншама «мүмкін жағдайды» індете беруге болады. Мәселен, әлгі жол үстінде қаншама тағдыр, қаншама проблема кетіп бара жатты екен...
Көлігін тастай жүгірген жігіт көз алдымнан кетпейді...

Деректерге сүйенсек, жалған қо­ңы­рау шалушылардың дені бұл қа­дамға ерігіп, ойнап баратын көрінеді. Жұмыс күнін қысқарту үшін өзі қызмет істейтін ғимаратқа бомба қойылғаны жайлы ақпар беріп, үйіне тайып тұруды ойлаған жас жігіт туралы естігенде, шын таңдандық. Бала күнімізде, баста­уыш мектепте мұғаліміміз ауырып қалса, сабақ болмайды деп қуанушы едік, кейін ес кіре бастағанда-ақ әпенделігімізге күле отырып әңгіме қылатынбыз. Ал, бұл сойталдай жігіт. Үйіне ерте қайтқысы келеді!

Мұның бәрі еркеліктен туатын, іші пысқандардың, ішіп алғандардың, ақылы кемшіндеулердің, тіпті, «осы рас па өзі?» деп тексеріп көргісі келгендердің әрекеті көрінеді. Бұл тізімде кім жоқ дейсіз: мектепке кешігіп бара жатып, жедел жәрдем шақырған оқушы, махаббатта жолы болмаған жігіт, мысығы ауырып қалған, баласы сабақ оқымай қойғанда, ине салдырам деп қорқыту үшін ақ халаттыларды әуреге салған... Осылай кете береді. Бір қызығы, жедел жәрдем мен құтқару қызметіне шалынған қоңырау иелеріне ешқандай жаза жоқ. Бұл қызметтегілер елдің еркелігін үнсіз көтеруге мәжбүр. Тіпті, болғанға да, болмағанға да жедел жәрдемді шақыра беретін, дәрігерлердің «жақын танысына» айналған адамдар бар. Күн сайын бір ауру ойлап та­бады, әлдебір проблемасын айтып шағы­нады. Мұндайлар көбіне, жалғыз бас-ты, қараусыз қалған қарттар тарапынан болатын жағдай. Жеке адамдарға деген реніші мен өкпе-ызасы қоғамға, бүкіл елге деген жеккөрінішке ұласқан. Психологтардың жұмысы керек-ақ. 
Мұндай қоңыраулардан, бәлкім, енді қолға алынып жатқан медициналық сақтандыру полисі жолға қойылғасын құтылатын шығармыз дейді мамандар. Өйткені, көп елдерде жедел жәрдем ақылы қызмет көрсетеді. Сірә, аса қым­бат болмаса да, ақылы болғаны жөн шығар. Өйткені, ақша төлейсің десе азар да безер болатын көп ағайынды телефонын қолына аларда денсаулығы туралы тағы бір ойланып алуға мәжбүрлер...
Ал, «бомба қоюға» болмайды. Оның за­ңы қатал. Әлем террористерден зә­резап болып отырған уақыт, жа­за бұрынғыдан да күшейген. Жалған қо­ңырау шалушылардың қылмысы тек­серілгенде қасақана жасады ма, әл­де қа­телесті ме деген мәселе арна­йы тексеріледі. Қасақанасы түсінікті, ал, қа­телік – буды өртпен шатастыру, әл­де­бір жайтты күдікті деп тану сияқ­ты жағдайлардан туындайды. Әрине, мұн­дайда ақтығы дәлелденсе, кешірім жасалады. Сол себепті әлгіндей жағдайлар болмауы үшін заң қызметкерлері ел ішіне жиі шығып, БАҚ арқылы, интернет арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұруы керек. Алматы облыстық прокуратурасының хабарлауынша, ма­­ман­­дардың тақырыптық дәрістері, шағын деректі фильмдер мен роликтерді тұрақты түрде елге ұсынып отыру ма­ңыз­ды нәрсе. Өйткені, қасақана жасалмаса да, қателесудің де зардабы аз болмайды. Сол себепті, құтқарушыларды мазаламас бұрын, анық-қанығына көз жеткізіп ал­мақ ләзім. 

Нақты мәліметтерге сүйенсек, Ал­ма­ты облысында биылғы жартыжылдық­тың есебі бойынша террорлық акт тура­лы жалған ақпарат беруге қатысты 4 іс тір­келіп, сотқа жіберілген. Соның бірі Ұйғыр ауданында болған жайт. С есімді азамат Алматы қаласындағы №7 ауруханаға бомба қойдым деп қоңырау шалған. 600 науқас, оның (ішінде жансақтау бө­лімінде жатқан ауыр науқастар да бар, 1100 аурухана қызметкері қауіпсіз жер­ге шыға­рылған. Алматы қалалық іш­кі іс­тер де­пар­таментінің 11 автотехни­касы мен 35 қызметкері, қалалық төтенше жағ­­дайлар департаментінің 4 автотех­никасы мен 23 қызметкері жұмыл­ды­рылған оқиғаның соңы – С мас кү­йін­де қоңырау шалған деген актімен бітеді. Сот үкімімен мас күйде болғаны ескерілсе керек, 2 жылға бас бостандығы шектеліп, шыққан шығын түгелдей өндірілген. Ескерілсе дегеніміз, 2015 жылғы өзгеріс бойынша бұл тараптағы қылмысқа санкция күшейтілді. Бұрын 6 жыл мерзіммен бірге баламалы жазалар да қарастырылса, соңғы заң бойынша баламалы жазалар алынып тасталған. Яғни, сізді ешқандай ақша да, «ауру» да құтқара алмайды. 

Алматы облысы бойынша биыл­ғы жар­ты жылдықтың дерегі бұл тарап­тағы қылмыстың өсіп келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, 2016 жылы 2 қыл­мыс тіркелген. Ал, жарты жылда 4 қылмыс. Алаңдауға тұрарлық жағ­дай. Биылғы 6 ай ішінде 13 жалған қоңы­рау шалу фактісі тіркелген, оның 9-ы қасақана. Қасақана қылмыстың 4-еуі террорлық әрекетке байланысты бол­ғандықтан сотқа жіберілген. Қалған 5-еуі де жазасыз қалды деуге болмайды, жоғарыда айтқанымыздай өртке, зорлық-зомбылық сияқты жайттарға қа­тысты жалған қоңыраудың иелеріне әкімшілік жаза қолданылады. 

Баламызға дейін қылжаққа айнал­дырардай (Сарыөзек ауылынан Алматы­дағы метроға бомба қойылғаны туралы ақпарат беріп, бүкіл елді дүрліктірген 9 жасар ба­ла оқиғасы есіңізде болар) терроризм сон­шалық ойыншық болмаса керек еді. Ба­ланы қойшы, кінәні заманға, әке-ше­­ше­сіне жауып, ақтап алуға болады. Соғыс ойынын зіңгіттей азаматтардың ер­мек қылатыны қиын. Біз, сірә, өз басымыздан өтпеген жағдайды толық сезіне алмайтын шығармыз. Өмірден, бір-бірімізден алыстап бара жатқанымыз ғой, әлдебір кинодан көргенімізді шынайы жағдайда байқап көруге көңіліміз ауып тұратыны.

Біздің де бала кездегі бір ермегіміз соғыс болыпты. Кішкене бұтақты қару орнына кезеніп, атысып ойнайтынбыз. Соның өзі үлкендерге жақпай қалатын... «Жамандық шақырма!» деуші еді сонда...

Алмас НҮСІП,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Коллажды жасаған 
Амангелді ҚИЯС,  
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу