Жаңа технологиялар платформасы

Қазіргі заманауи ақпараттық технологиялар адам өмірінің, оның ішінде денсаулық сақтау саласының түрлі тармақтарында өндірістік үдерістерді басқару және қызметті автоматтандыру мүмкіндігін береді.
Егемен Қазақстан
17.04.2017 7917
2

Ұлттық денсаулық сақтау жүйе­сін дамыту және жаңғырту саясаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бә­се­кеге қабілеттілік» атты Қа­зақ­с­тан хал­қына Жолдауында б­е­ріл­ген тап­сыр­маларға сәйкес жү­зе­ге асыры­лу­да.

Ақпараттық жүйелерді пайда­лану өздігінен қазақстандық ден­сау­лық сақтау саласы үшін иннова­ция болып табылмайды. Әр түрлі ав­то­маттандыру деңгейіндегі ақ­пар­аттық жүйелер еліміздің ме­ди­ци­­налық ұйымдарына бұрыннан бас­тап енгізіле бастады, алайда, атал­­ған процесс әртекті және бір­лес­­пеген және түпкілікті па­ци­ент­тің мұқ­таждықтарына бей­ім­дел­меген бо­латын.

Электронды ден­сау­лық сақ­тау­дың жаңа ар­хи­тек­ту­ра­сы­ның негізгі ком­по­нент­те­рі­нің бі­­рі Денсаулық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ақпараттық жү­йе­­лер­­ді ақ­па­раттандыру жә­не ин­теро­­­пе­рабельділігін қам­та­ма­сыз е­ту плат­формасы (Интеро­пе­ра­бель­ді­лік платформасы) болып табыла­ды.

Интероперабельділік платфор­масын енгізу пациенттің мұқ­таж­дықтарына бейімделген қау­іп­сіз, әділ, жоғары сапалы және тұ­рақ­ты денсаулық сақтау жүйесін қам­та­ма­сыз ету үшін медициналық кө­мек­­ті үздіксіз көрсету, ден­сау­лық сақ­­тау саласының ақ­па­рат­­тық жүй­­елерінің өзара іс-қи­мы­лын қам­­тамасыз ету, өзекті, нақ­ты жә­не толық ақпаратты авто­мат­тан­ды­­рылған түрде жинау мүм­кін­ді­гін береді.

Қазақстан Республикасының элек­­тронды денсаулық сақ­тау са­­ласын дамытудың 2013-2020 жыл­­­дарға арналған тұжы­рым­да­­ма­­­сының негізге алынатын қа­ғи­дат­­­­тарының бірі «пациентке бей­ім­­­де­лу» болып табылады. Яғни, оны іске асыру үшін пациентке ме­ди­циналық көмек көрсету ке­зін­де Қа­зақстан Республикасы аза­ма­­ты­ның электронды денсаулық пас­­порты қолданылуы және бұл қол­жетімді болуы тиіс.

Электронды денсаулық паспорты пациенттің ел ішіндегі медициналық ұйымдарда тексеруден өту және ем алу нәти­же­лері, оның ішінде бұрын ауырған ауру­ла­ры мен созылмалы аурулары, дә­рілік заттар мен басқаларға аллер­гия­лық реак­ция­сының бар-жо­ғы ту­ралы элек­трон­ды деректер ке­ше­нінен тұрады.

Аталған ақпарат Инт­ер­о­пе­ра­бе­л­ь­­ділік платфор­масының құ­ра­мы­­на кіретін бірыңғай эле­к­тро­­н­­ды денсаулық паспорты ре­по­зи­то­рийінде сақталады жә­не ме­ди­ци­­­­на қызметкерлеріне қол­же­тімді бо­­­лады.

Пайдаланушылардың Ин­те­ро­­перабельділік платформасында сақ­та­латын ақпаратқа қолжетімділігі мы­­н­­адай жеке электронды ден­сау­­­лық сақтау кабинеттерінің кө­ме­гі­­­мен ұйымдастырылатын болады:

– пациенттің жеке кабинеті;

– денсаулық сақтау қыз­мет­ке­рі­нің жеке кабинеті.

Пациенттің жеке кабинеті пай­да­ла­нушыға оның электронды ден­саулық паспортындағы дербес деректеріне, сондай-ақ, қа­был­дау­ға жазылу, дәрігерді үйге ша­қы­ру жә­­не басқа да денсаулық сақ­тау са­­ла­сының электронды қыз­мет­те­­ріне қолжетімділікті қам­та­ма­сыз етеді.

Пациенттің жеке кабинетіне па­циенттің денсаулығына байланыс­ты (мысалы, жоспарлы тексеру, қа­рау, егу) іс-шараларды өткізу қа­­же­т­тігі туралы хабарламалар тү­се­тін болады.

Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін қызметкердің жеке ка­бинеті пациенттің электронды денсаулық паспортымен өзара іс-қимыл жасау, электронды жолдамалар мен тағайындауларды басқару арқылы қызметкер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндігін бе­ретін, сондай-ақ, талдамалық жә­не статистикалық ақпаратқа, де­н­саулық сақтау саласының көр­сет­кіш­тері мен индикаторларына қол­же­тімділікті қамтамасыз ететін виртуалды кеңістік болып табылады.

Операциялық және талдамалық есептілік автоматтандырылған түр­де әртүрлі көздерден жиналған жә­не де­ректер үлгісіне сәйкес құ­ры­лым­дал­ған деректер негізінде қа­лып­тас­тырылады.

Электрондық денсаулық паспортын жүргізу процесінің д­ұ­­рыс жұмыс істеуі және есеп­ті­­лікті қалыптастыру ден­сау­лық сақ­­тау саласының ақ­па­рат­тық жү­й­елерімен, оның ішін­де ме­ди­ци­налық ақпараттық жүй­е­лер­мен, Интероперабельділік плат-фо­р­­масымен ықпалдасуды талап ете­ді. Осылайша, Қазақстан Ре­с­­­публикасының Бірыңғай элек­­трон­­ды денсаулық сақтау ке­ңіс­ті­гі құ­ры­ла­ды. Денсаулық сақ­тау саласының ақпа­раттық жү­й­еле­рімен тиімді өзар­а іс-қи­мыл жа­­­сау олардың инт­е­ро­пе­ра­бе­ль­ді­лігін қамтамасыз етуді, яғни се­ма­н­тикалық үйлесімділікті сақ­тап қа­лумен клиникалық және кли­никалық емес деректермен алмасу мү­м­кіндігін қамтамасыз етуді талап етеді. Аталған мақсаттарға қол жет­кізу үшін Интероперабельділік плат­формасы халықаралық дең­гей­­де танылған, стандартталған тә­сіл­де­мелерге негізделген ықпалдасу те­­тіктерін пайдаланады.

Интероперабельділік плат­фор­ма­сының құрамына Қазақстан Рес­пуб­ликасының электронды ден­сау­лық сақтау саласындағы барлық қа­тысушылар үшін ақпараттық объек­тілердің – анықтамалықтар мен жіктеуіштердің, тіркелімдердің (пациент­тердің, медицина қыз­мет­керлерінің, денсаулық сақ­тау ұй­ым­­дарының және бас­қа­лар­дың) бі­­рыңғай эталондық ма­ғы­на­сын қам­­тамасыз ететін инфра­құ­ры­лым­дық компоненттер кіре­ті­нін қо­­сым­ша атап өту қажет. Сон­д­ай-ақ, Ин­теро­­перабельділік плат­фор­ма­­сының құ­рамында ақпараттық ре­с­ур­с­тар мен деректерді сыртқы жә­не ішк­і қау­іп­тер­ден қорғайтын ең заманауи ақ­па­раттық қауіпсіздік құ­рал­дары мен рә­сімдер іске асырылады.

Интероперабельділік платформасы медициналық көмек көр­сету жә­не басқару шешімдерін қабылдау са­пасын жоғарылату және пациентті оның денсаулығы туралы кешенді ақ­паратпен, дер­бестендірілген нұс­­қаулармен және ескертулермен қам­тамасыз ету мүмкіндігін беруге арналған тұжы­рымдаманы іске асыру шеңберінде құрылған іргелі жобалардың бірі болып табылады.

Сайын Шайхиев,

Әділбек Сағадиев,

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республика­лық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

19.01.2019

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

19.01.2019

Балалар Евровидение — 2019 байқауы Краков қаласында өтеді

19.01.2019

Локомотивтерді жөндеу толық орындалды

19.01.2019

Мексикада құбыр жарылып, 20-дан астам адам қаза болды

19.01.2019

Мәжіліс депуттары Түркістандағы тарихи орындарды аралады

19.01.2019

Маңғыстаулық жас кәсіпкерлер бас қосты

19.01.2019

Оралда өзен аңғарына 6 тонна сиыр терісін төккендер анықталды

19.01.2019

Түркістанда Мәжілістің Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу