Жаңа заң банк пен борышкердің қатынасын реттейді

Коллекторлық қызмет туралы заң жобасы 3 кодекске және 8 заңға өзгерістер енгізуді көздейді, яғни борышкер мен кредитордың өзара қатынасындағы проблемалық біраз мәселелерді жүйелік тұрғыдан шешеді.
Егемен Қазақстан
06.04.2017 1333
2

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының Пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Д. Ақышев өз баяндамасында, сонау 2012 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Келісімшарт жасасу тәуекелдерін тәуелсіз бағалау институттарын және коллекторлық агенттіктерді одан әрі дамыту тұжырымдамасы бекітілгенін, онда азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін коллекторлық қызметті мемлекеттік тұрғыдан реттеуді енгізу болжанғанын еске түсірді.

«Коллекторлық компаниялардың іс жүзінде ұзақ уақыт болуына және біздің өмірімізге кеңінен енуіне қарамастан, олардың қызметі арнайы заңнамамен реттелмейді және мемлекет уәкілетті органдары арқылы оларды бақыламайды», – деп атап өтті ол.

Ұлттық Банк Төрағасы «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кеңінен талқыланған заң жобаларының бірі екенін атап өтті.

«Жұмысқа қоғам қайраткерлері, заңгерлер, адвокаттар, коллекторлық компаниялар қатысты. Біз барлық қатысушылардың мүдделерін ескеруге тырыстық», – деді Д. Ақышев.

«Коллекторлық қызмет не үшін керек және ол неліктен пайда болды? Мұнда екі аспектіні қарау керек. Бір жағынан, банктер кредиттер береді және қарыз алушылар тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда борышты өндіріп алады. Бұл процеске заңдық негізде коллекторлық агенттіктер тартылады, олардың міндеті борышты қайтару жұмысын жүргізу болып табылады. Дәл осы реттелмейтін сегментте қазір қарыз алушыларға қатысты құқық бұзушылықтар байқалып отыр» – деп атап өтті Д. Ақышев баяндамасында. 

Екінші аспект банктер халықтың және кәсіпорындардың депозиттерін сақтау міндеті.

Сондықтан, оның айтуынша, банктерде кредиттері бар, сол сияқты өзінің депозиттерін қайтаруға мүдделі халықтың барлық тобы банкпен арадағы келісімнің талаптарын орындауы керек. 

«Біз осы жағдайда бүгін «Коллекторлық қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары осы қағидаттарға жауап береді және берешекті өндіріп алу бойынша болашақтағы өркениетті диалогтың негізін қалайды деп санаймыз. Заң жобалары банк пен борышкердің өзара қарым-қатынасын іс жүзінде қайта құрады. Банктер кредиттік тәуекелдерді бағалауға сақтықпен қарайды, ал клиенттер – кредитор алдында қаржылық міндеттемелерінің тиісінше орындалуына жауапты болу үшін тиісті деңгейде қорғалып, хабардар болады», – деп толықтырды Д. Ақышев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

16.11.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен ел біріншілігі өтті

16.11.2018

Атырауда жүргізушілер мен автобус жолсеріктерінің жалақысы екі есеге өсті

16.11.2018

Тұқым шаруашылығын дамытуға инвесторлар 25 млн $ қаржы салады

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

16.11.2018

Қазақстан - Өзбекстан: тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделуде

16.11.2018

Елорда жастары «Жастар жылынан» не күтеді?

16.11.2018

Павлодарда тоғызқұмалақтан «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін турнир өтті

16.11.2018

Айдос Тұрысбек: Самал Еслямова «Хабар» арнасының фильміне түсіп жатыр

16.11.2018

Батыс Қазақстанда тағы 50 кәсіпорын жалақы өсірді

16.11.2018

«Өрнек». Бір өлеңнің сыры. Ерлан Жүніс (видео)

16.11.2018

Кәсіп­кер­лерді заңсыз тексеру азайды - Бас прокурор

16.11.2018

Астана сессиясы. ҰҚШҰ-ның бейбітшіліксүйгіш беделін нығайтты

16.11.2018

Сарысудың музыкалық мұрасы

16.11.2018

Жалақаны өсіру үдерістері тездетілуде

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

16.11.2018

Режиссер Рүстем Есдәулетов атындағы фестивальдің жеңімпаздары марапатталды

16.11.2018

Майқайың кентінде сатылатын жеке меншік 110 үй бар

16.11.2018

Әбіш Кекіл­бай­ұлының немересі халықаралық жарыс­та бірінші орын алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу