Жаңалық жоқ... – жақсы жаңалық!

Егемен Қазақстан
06.01.2017 157
3

talgat-suyinbay

«Ассалаумағалейкүмнен» соң мін­детті түрде «Не жаңалық?» дей­тініміз бар. Үйреншікті сұраққа – үйреншікті жауап: «Жаңалық жоқ... Аман-есен...». Ең қызығы, осы­нау қысқа ғана сұ­рақ-жауаптағы «жаңалық жоқтан» кей­ін адамдар арасында бір біріне кө­сіліп жаңалық айту басталады екен. Социологтар солай дейді, әрине, он­да да егер сұхбаттасушылардың оған уақыты жетіп жатса, айтылып қа­на қоймайды, қызу талқыланатын кө­рі­неді.

Кезінде бір телеарнаға үңіліп, бір-екі газетке шұқшиып, бір радиоға құлақ түріп үйренген буынның тасқындаған жаңалықтар нөпірін бойына сіңіре алмай «басы айналып» қалған жайы бар. Енді ше, 100-ден астам телеар­на, 100-ге жетеқабыл газет-журнал, веб-сайттардың санынан, тіптен жаңы­ла­сың... бәрі қосылып алып күн-түн демей «атқылап» таратқан ақпаратының қай­сы­- ­бірін қармап үлгерерсің? Өскемендегі зоопаркте бір қыздың бетіне түйе тү­к­іріп жіберген... саваннада суретке тү­сірмек болған журналист қызды кө­лік­тің терезесінен атылып бас сұққан ары­стан жеп қойған... Алепподағы атыс пен Америкадағы құлаған жекеменшік ұшақтың жай-жапсары туралы бір мезетте құлағдар боласың! Смартфон сурет те түсіреді, бейнеролик те жасай береді. Халықтың бәрі жаңалық қуып кетті, әйтеуір, елді дүрліктіруге, жұртты таңғалдыруға әуес! Бұған қосымша, қазір кез келген азамат бір мезетте «Ютубтың» жұлдызы болып шыға келеді. Журналистер жайына қалғандай!.. Аузы дуалы, әлемдік мәртебесі бар ақын ағамыз Олжас Сүлейменов «Шатас­тыр­ма­ңыз­дар, әлеуметтік желі – журналистика емес!» деп бір, қабағы түйіліп айтқанда барып, «үһ» деп бір күрсіндік те қойдық. Қазір осы жолдар жазылу үстінде, ал төрткүл дүниенің төрінде қандай оқиғалар болып жатыр?! Ақпараттың алпауыты, жаңалық атаулының жаршысы – БиБиСи секілді қуатты ақпарат машиналарына Жер шарының төрт бұрышынан оқиғаның ізін ала 15 минут немесе әрі кеткенде жарты сағат бұрын болғанын тіркеп, қолма-қол тарата қою түк емес! Ал тікелей хабар таратудан алдына жан салмайды! ...90-шы жылдардың басы. Теле­арнада сұхбат жүріп жатты. Студияда – екеу, театр директо­ры Тұңғышбай әл-Тарази және тіл­ші Баян Есентаева. Әңгіменің ор­та тұсында мынандай сауал қой­ыл­ды. «Тұңғышбай Қадырұлы, сіз­дің бойыңызда «қазақбайский» қы­лық­та­ры­ңыз көп дейді, бұған не дейсіз?!» «І-ім... Иә, ондай, қылық бар! «Қазақ­бай­ский» қылықтар менің жаныма сондай жақын. Керек десеңіз, ол мен үшін – мәртебе! Бірақ, сіздер айтып жүргендей, «қазақбайский» қылық пен «мырқымбайский» қы­лық­ты жүдә шатастыруға келмейді. «Мырқымбайский» – менің жауым!» Халық әртісі Тұңғышбай әл-Таразидың ол жауабы неге екені... талай­лардың жа­н­ына майдай жағып, жаңалық көріп, көпке дейін ауызекі әңгімеде қызына айтылып та жүрді. Бүгінгі ақпарат әлемінде «аяушылық білдіру» деген ұғым атымен жоғалды... Ақпарат ағыны адамдардың беделіне, мансабына, халқының сүйіктісі екен­дігіне де қарамайды. Бүгінгі ақпарат бол­ған оқиғаны талдап жатпайды, болған оқиғаны таратып қана тынады. Ақпарат әлемі – аламан жарыс, кім бірінші?! Өткен айдың басында бүкіл әлеуметтік желі, БАҚ, сапырылысқан сайт арқылы елімізге есімдері аса танымал әрі беделді осы екі азаматқа қатысты ақпаратты аяусыз төгіп-шашты. Әп-сәтте елдің аузындағы «ең маңызды» жаңалыққа айналды. Шүкір, әйтеуір «дуылдап», дауыл соққандай болып барып басылды. Иә... ақпарат әлеміндегі мұндай дауыл өз екпінімен басылмайынша, ешкім тоқтата алмайды. Болашақта да солай! Бүгінгі буырқанған ақпараттың ағыс арнасы мүлдем басқаша! Әйтеуір, тілге тиек етер, елдің құлағын елең еткізер жаңалық табылса, жерде қалмайды. Қас пен көздің арасында ақпараттың ұлы көшіне ілеседі де кетеді. Бұл – масс-медиадағы сөз бостандығының басты талабы! Әйтсе де, тек қана жаңалықтың со­ңы­нан екі өкпесін қолына алып қуып үйренген, бізді де – кеңестік жур­на­ли­с­тиканың шекпенінен шыққан буынды, соған бейімделген Батыстың да, Аме­риканың да журналистерінің бұдан да қажығандығы байқалып қалды. Әлем жур­налистері арасындағы әзілдеп айты­лып жүрген «no news is good news – жаңалықтың жоқтығының өзі жақсы жаңалық» деген тіркестің дүниеге келуіне осынау құбылыс себепші-ау?! Ақпаратқа да ішінен өзіңе керектісін ғана қиып алар күн туды! Яғни, бұл – ақпаратқа, жалпы жаңалыққа «диета ұстауға» тура келеді деген сөз емес пе өзі... No news – good news!

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Мұқтаж отбасылар баспаналы болуда

22.02.2019

Жұма күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын болуы мүмкін

22.02.2019

Мүгедек жандар үшін құнды құрылғы

22.02.2019

Қазақстанның футболшылары Молдованы ұтты

22.02.2019

Жекешелендірілген балабақшаларды неге қайтармайды?

22.02.2019

Конькиден әлем чемпионаты басталады

22.02.2019

Жамбыл өңіріндегі жақсы бастама

22.02.2019

Бағдарламаның жемісі айқын аңғарылады

22.02.2019

Туған жерге туыңды тік!

22.02.2019

Жолдау жүгін елмен бірге көтеріп жүр

22.02.2019

Қазақстанның баскетболшылары Австралиядан ұтылды

22.02.2019

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

22.02.2019

СҚО-да әлемдегi iрi қалайы кен орны ашылады

22.02.2019

Шалқар-Имантау демалыс аймағын жаңғыртуға  1 млрд теңге жұмсалады

22.02.2019

Павлодарда облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдық мерейтойы  өтті

22.02.2019

Ауылы аралас, қойы қоралас ағайын...

22.02.2019

Солтүстiк Қазақстаннан көшiп кеткен тұрғындардың саны 15% азайды

22.02.2019

АҚШ-тың келесі президенті кім болады?

22.02.2019

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

22.02.2019

Биылғы жылдың межелері бекітілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу