Жақсылығы мол жаңа бағдарлама

Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру барысы туралы» тақырыбында партиялық тыңдау өткізді.
Егемен Қазақстан
28.04.2017 5504
2

Аталған шараға Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары – «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева, Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Парламент депутаттары, сондай-ақ, мемлекеттік орталық органдардың, облыс әкімдіктерінің, университеттердің, колледждердің, коммерциялық және қоғамдық ұйым­дар­дың басшылары қатысты. 

Отырысты ашқан «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының бірінші орын­баса­ры соңғы 16 жылдың ішін­де Қазақстанда жұмыссыздықтың екі есеге азайып, ол 13 пайыздан 5 пай­ызға төмендегенін айта ке­ліп, бұл өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік-эконо­ми­калық саясатының тиімділігінің айқын дәле­лі болып табылатынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа одағынан (8,2%), Украинадан (9,7%), Қырғызстаннан (8%), Бразилиядан (12%), Ресейден (5,6%) озып, АҚШ пен Ұлыбританияның (4,8%) көрсеткішіне жақындап қалған.

Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед адам капиталының сапасын көтеру мен азаматтарды тұрақ­ты жалақымен қамтамасыз ету, биыл­ғы жылы Мемлекет басшы­сы серпін берген ауқымды және жап­пай жаңғырудың көздеген бас­ты мақ­саты болып табылатынын а­тап өтті. «Сан миллиардтаған инвес­ти­ция­­ларды тарту, жаңа зауыттар мен фаб­рикалардың құрылысы, биз­нес­ті қолдау, ауыл шаруашылығын кө­­те­ру, инфрақұрылымды жаң­ғыр­ту, әлеуметтік жағдайды арт­ты­ру – осының бәрін де біздің Елба­сы­мыз халқымыздың әл-ауқатын жақ­сарту үшін істеп жатыр. Соның ар­қа­сында бізде қазір тіпті жұмыс кү­ші жетіспеуде. Елімізде 445 мың жұ­мыссыздың тіркелгеніне қара­мас­тан, өткен жылы ғана ең алдымен көр­ші елдерден табыс табу үшін көп­те­ген шетелдіктер келді. Осындай үйлесімсіздікті түзету биылғы жылы Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырыла бастаған, ауқымы жағынан біре­гей, нәтижелі жұмыспен қам­ту мен жаппай кәсіпкерлікті дамы­ту бағдарламасының негізгі бағыт­тарының бірі болып табылады», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Өз кезегінде Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аталған жаңа бағдарлама­ның бес жылға арналғанын хабарлады. «Үстіміздегі жылдың 1 наурызы­нан бастап Елбасының тапсырмасы­на сәйкес дайындалған Нәтижелі жұмыс­пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті да­мыту бағдарламасын жүзеге асыра бас­тадық. Қазіргі таңда бағдарламаға қа­ты­сушылардың саны 122 мыңға жетті. Олардың 50 пайызға жуығы ауыл тұрғындары. Өткен екі айдың ішін­де республика көлемінде 57 мың аза­мат ашық вакансияларға, яғни тұрақ­ты жұмысқа орналастырылып, 23 мыңнан астам жас әлеуметтік жұ­мыс орындарына және жастар практи­ка­сына тартылды», – деді министр.

Т.Дүйсенова одан әрі бағдарлама­ның негізгі мақсатын сөз етті. Оның айтуынша, бұл жаңа бағдарлама азаматтарды жаппай оқы­ту арқылы олардың өздігінен жұ­мысқа тұруын қолдау, несие беру ар­қылы өз кәсібін ашуға мүмкіндік жа­сау болып табылады. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда ми­нистрлік облыс әкімдерімен бірлесе отырып жаңадан ашылатын жұмыс орындарын анықтау ісін аяқтаған.

Жиында белгілі болғандай, осы жыл­дың соңына дейін ірі мем­ле­кет­тік және салалық жобаларды іске асы­ру­дың, сондай-ақ, жаңа кәсіп­орын­дар­ды құрудың арқасында 346 мың жұмыс орны ашылатын көрінеді. Бұл орайда адамдарға сұранысқа ие ма­мандықтарды игеруге көмек көр­се­тіледі. Мәселен, биылғы жыл­дың қыр­күйегінде 21 мың жас адам тех­ни­ка­лық және кәсіптік білім ұйым­да­рына оқу­ға жіберілмек.

Сала министрінің айтуын­ша, еңбек нарығында электр газ­бен дә­не­кер­­леушілердің, аспаздардың, жөн­деу жұмыстарын жүргізетін темір ұст­а-

ларының, электрмонтерлердің, мал дәрігерлерінің, электриктердің, мон­таж­шылардың және тігіншілердің жетіспеушілігі байқалады. Жастарға осы мамандықтарды мемлекет есе­бінен меңгеруге мүмкіндік туып отыр. Жиырма төрт жастан асқан азаматтарды тегін, қысқа мерзімді білім алу курстарына жіберіп, содан кейін оларды жұмысқа орналастыру көзделуде.

Сонымен қатар, министр еңбек күшін жұмылдыруды арттыру бо-

йынша да жұмыс жүргізіліп жат­қа­ны, ха­лық тығыз орналасқан өңір­лер­дің тұр­ғындарына жұмыс қолы же­тіс­пейтін жерлерге қоныс аудару ұсы­ны­лып, бұл процесс басталып кеткенін сөз етті.

Отырыста тағы бір бағыт – кәсіп-

к­ер­лікті дамыту мәселесі де сөз бол­ды. Биылғы жылы ғана ауыл­ды жер­лер­дегі өз ісін баст­а­ған кә­сіп­­керлерге 3300 несие беру жос­пар­лан­ған екен. Ауыл шаруа­шы­лы­ғы вице-министрі Гүлмира Исаева­ның айтуын­ша, кәсіп­кер жылына 6 пайыздық мөл­шер­ле­ме­мен 5 жылға 18 миллион тең­геге дейін несие ала алады.

Жиында Нәтижелі жұмыспен қам­ту және жаппай кәсіпкерлікті да­мыту бағдарламасының орындалу барысы таныстырылғаннан кейін нұр­отан­дықтар мемлекеттік органдар мен өңір басшыларының алдында атқа­рылып жатқан жұмыстардың көңіл аударарлық тұстарын нақтылап берді. Мәселен, депутаттарды өңірлік деңгейдегі еңбек балансының ресурсы, жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс сапасы, еңбек миграциясының жоспарлануы, көрші елдерден келетін заңсыз жұмыс күшінің ағымы, шағын несиелерге қол жетпеушілік, білім беру мекемелерін қайта бейіндеу жә­не басқа да бірқатар мәселелер атап өтілді.

Тыңдау барысында аталған мәселе­лер­ді талқылауға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға тікелей қатысатын ауыл кәсіпкерлері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері де онлайн көрсетілім арқылы қатысты. Олар түйткілді мәселелерді атап, ахуалды түзеуге байланысты өз ұсы­ныс­тарын жеткізе білді әрі өздерін тол­ғандырған сауалдарын тиісті мини­с-

тр­ліктер мен мемлекеттік органдар бас­шыларына қойып, лайықты жауаптарын алды.

Отырысты қорытындылаған Мұхтар Құл-Мұхаммед жүз мыңдаған қазақ­стандықтың әл-ауқатының арта түсуі жаңа бағдарламаға байланыс­ты екеніне тоқталды. Сондықтан да партия алдағы уақытта да оның орын­да­луының сапасын қатаң қадағаламақ.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.11.2018

Бекзат жаттыққан спортзал

15.11.2018

А. Майтиев тариф қалыптастырудың ашықтығын арттыру шаралары туралы айтып берді

15.11.2018

Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

15.11.2018

Бас прокуратурада бизнес саласындағы проблемалық сұрақтар талқыланды

15.11.2018

Қазақстан мен Швеция ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын анықтады

15.11.2018

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

15.11.2018

Алматыда композитор Әсет Бейсеуовты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Президент Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевты қабылдады

15.11.2018

Жезқазған мен Сәтбаевтың арасында ірі супермаркет салынады

15.11.2018

Елбасы Словакия Республикасының Премьер-Министрі П. Пеллегринимен кездесті

15.11.2018

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұтфолла Шәкеновты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Алматыда Құрманғазының 200 жылдығына арналған дәстүрлі музыка фестивалі аяқталды

15.11.2018

Асқар Шәкіров ұлттық құқық қорғау мекемесімен өзара іс-қимылын оң сипаттады

15.11.2018

Алматыда «Серікбол Қондыбай. Рух жауынгері»  атты деректі фильмнің көрсетілімі болды

15.11.2018

Алматы полициясы: ірі сатып алушының үйінен ұрланған заттар иелеріне қайтарылды

15.11.2018

ШҚО-да атқа мінген ауыл әкімі қасқырдан құтқарып қалды

15.11.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

15.11.2018

Қостанайда жол-көлік оқиғасы 5,9 процентке азайды

15.11.2018

Аягөзде зағип жандарға құрмет көрсетілді

15.11.2018

Алматы полициясы: өтінім беру 15 минутқа дейін қысқартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу