Жас тұнды жанарға

Өмірде не нәрсені болсын жүре­гі­мен елжіреп қабылдайтын адамдар бо­­лады. Эмоциясы, жанайқайы, ми­ми­касы, ойы мен сезімі менмұндалап сыр­тына атойлап шығып тұра­тын он­дайларды көбіне өнер ошақ­та­рында жолықтыратыныңыз рас. Көз жасына тез ерік беретін кісіні әдет­те жүрегі тым нәзік адам екен деп бағалайтынымыз тағы бар. 

Егемен Қазақстан
27.01.2017 169

Сезімге бөлейтін өнердің құді­ре­тіне құлдық ұрдық! «Қыз Жібек» фи­льміне кемсеңдемейтін кісі бар ма, сірә? Жүрегі тас адам болмаса, «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек», «Заманай» мен «Қош бол, Гүлсары»... экрандық туындылары да тап солай, жанарыңызға жас тұндырады, жүре­гі­ңіз жаздағы уылжыған өріктей езіледі, ішкі сезімдер сапырылысып, алай-дүлей күй кештіреді. Бұрын үндінің фильмдерін тамашалап та ағыл-тегіл жы­лаған ғой сол кездің адамдары. Қазір айтсаң, күлкілі... Бір тамшы жас көкірегіңізді көк­темгі жасындай күңірентеді. Ал «Абай», «Ана-Жер-Ана»... спек­та­кль­­дерін сүлесоқ, бер жағыңмен тама­ша­лау тағы мүмкін емес. Бұлардан қазақ­тың сөз өнері құдіретінің қандай киелі, қасиетті екенін пайымдайсыз. Негізі айт­пағым, қазіргі орындалып жүрген әндердің жеңіл-желпі ырғаққа бой алдырып, байырғы тамырынан тым алшақтап кеткендігі туралы болатын. Бүгін қарап отырсаңыз, той-томалақта мәтіндері мәнсіз, көңіл сергітетін, ойсыз-мұңсыз сарындағы әуендер жиі орындалады. Той – қазақтың қа­зы­насы дейміз-ау, алайда бар гәп сондағы орындалатын әндерде ғой. Ойлы әннен гөрі тойлы әндерге көбірек бет бұруымыздың себебі неде? Өйткені, біріншіден, ән нағыз пайда табудың, бизнестің көзіне айналып отыр. Тұмсығымызды жарқабаққа соқ­тырып, жаралайтын тұсымыз осы. Бірқатар әншілер Еуропаның даң­ғаза әуеніне еліктеп, соларша ашық-шашық киініп, елірме үнге екі қолдарын ербеңдетіп ән салуды мәде­ниеттің биік сатысына көтерілу деп санайды. Сосын кейде бер жақта – әнші, ал ар жағында бір топ биші ал­қын-жұлқын, өз-өздерін жеп, мән-ма­ғынасыз құр бекер билейтініне күйі­несің. Ән мен би үйлессе, неміз бар өк­пелеп. Мәселен, шетелдің әншілері бұл жағынан қамшы салдырмайды, ал біздікілердің биі кешегі 70-ші жыл­дардың дискотекасындағы қимыл­дар­дан аумайды. Бишілер әнмен бірге қоз­ғалып, белдері жас шыбықтай майы­сып, иіліп тұрудың орнына оқтау жұт­қандай тіп-тік, қимылдарына қа­рап робот па дерсің. «Жібекті түте ал­ма­ған, жүн етедінің» кері. Америкалық Джими Хендрикс: «Біз музыка арқылы адамдарға гипноз жа­саймыз, оларды күйден-күйге құбы­лтып ең осал жерлерін анықтап ала­мыз. Ал содан соң оның миына не құям десең де еркің өзіңде» деген екен. Сол айтқандай, қазіргі жас қазақтың құ­ла­ғына батыстың бақырып-шақыр­ған әуездері құйылуда. Қан тобын анық­тамай адамға қан құю қандай қа­терлі десек, бөтеннің музыкасының сана­ға құйылуы да солай, қазір өте-мөте қауіпті. Ән өнері қазақта бұ­рын­нан тәрбиенің басты құралы, кісі бойындағы мүлгіген нәзік сезім­ді оятатын, миын демалтатын, сана сандығын маржан ойлармен көм­ке­ре­тін, рухтандыратын, жүзіне қан жү­гіртетін құндылық болып санал­ған­дық­тан, бізді бұл жайт қатты тол­ған­ды­руы тиіс деп ойлаймыз. Бүгінгі әндердің қадағалаусыз хал-ахуалы, бетімен кетушілік кім-кім­ді де толғантпай қоймайды. Біржан сал, Ақан сері, Мәди, Жаяу Мұса, Әсет, Балуан Шолақ, Абай, Иманжүсіп, Кенен, Нартай... әндерін алға оздырып, түрлі жанрда түрлентіп шыр­қасақ несі айып. Мұны қазіргі жас­тар қабылдай алмайды деп кім айта ала­ды? Билететін, бойды сергітетін, се­зім­ге жетелейтін әндерден гөрі бүгін ой­лантатын, толғантатын, құлақпен емес, жүректің қалқаншасымен қабыл­дай­тын әндердің бәсі биік тұрса несі жа­ман. Адамның ағзасына ағыла құйылып, ағыл-тегіл ойға шомдыратын ән гүлі шір­кін, мәңгі құлпырып ашылып тұр­са екен дейсің. Қазақтың баяғы ән­дерін жайғасып отырып, ойланып тың­дайтынсың, сағыныштан, аңсаудан жана­рыңнан жас таматын. Әдепті ән тыңдап өскен бала өмірдің мәнін түсі­ніп тұратын. Болашақта қандай адам болатының қандай әнді бойыңа сіңіріп өскендігіңе байланысты еді. Ал қазір өрендер кімдердің әнімен су­сындауда? Жүсіпбек, Манарбек, Ғарифолла, Құрманбек, Жәнібек, Ермек... тағы сол сынды әншілердің үн­дері түгілі есімдерін олар біле ме екен? Әй, қайдам! Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі сынды эстрада өкіл­де­рі сахнада ән шырқағанда шы­дап тұ­ра алмай, ботадай боздап жылаған жас­өспірімдерді көргенде еріксіз ойға шомғанбыз. Екі көзден шынайы тө­гіл­ген баяғы жас пен еліріп, еліктеп пар­ла­ған мына жастың арасында қандай айы­р­машылық бар деп...

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу