ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ!

Егемен Қазақстан
15.01.2010 1860
Кеше Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің Қазақстан Республикасының Ұйым төрағалығына кірісуіне арналған инаугурациялық мәжілісі өткізілді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҚЫҰ-НЫҢ  ТӨРАҒАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСУІНЕ ОРАЙ ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҮНДЕУІ Вена, 14 қаңтар 2010 ж. Мәртебелі қауым! Құрметті ханымдар мен мырзалар! Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ­тастық ұйымындағы төрағалықтың мәрте­белі миссиясын Қа­зақстан аса зор жауапкершілік сезімімен қабылдайды. Біздің еліміз төрағалықты қазіргі заман та­рихы­ның аса күрделі бір кезеңінде қолына алып отыр. Дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағда­рыс­тың салдарынан әлемнің жаһан­дық құры­лымында тектоникалық өзгеріс­тер орын алуда, бұл үдеріс әлі де аяғына жеткен жоқ. Жаппай қырып-жою қаруын таратпау режі­мі­нің дағдаруы, лаңкестік, гуманитар­лық және экологиялық апаттар, аштық, кедейшілік, түрлі эпидемиялар, энергетика ресурстарының азаюы, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстар – міне, бүгінгі адам­зат өркениеті душар болып отырған осын­дай қатерлердің тізімін одан әрі жал­ғастыра беруге болады. Бұлармен күрес жүргізу ЕҚЫҰ сияқты қызмет аясы көпқырлы және беделді институттардың бар күш-жігерін жұмсауын қажет етеді. Сөз жоқ, әлемдік ахуал ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші ел ретінде Қазақстанның алдында тұрған сынақты күрделендіре түседі. Алайда бүгінде ЕҚЫҰ алдындағы шешілуі тиіс ең өзекті түйткілдер біздің еліміздің сыртқы саясатының күн тәртібінде әрдайым орын алуда. Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап өңірлік және жаһандық қауіп­сіз­дікті нығайтуға нақты үлесін қосып келеді. Семей ядролық полигонының жабылуы, қуаты жөнінен әлемдегі төртінші зымы­рандық-ядролық арсеналдан бас тарту және оның инфрақұрылымын толықтай жою еліміз үшін тарихи шешім болғаны белгілі. Таяуда Қазақстанның бастамасы бой­ын­ша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттің халықаралық күні ретінде жариялау туралы қарар қабылдады. Қазақстан өңірлік және бүкіләлемдік экономикалық үдерістерге жауапты қатысушы ретінде өз рөлін толық сезінеді. Әлемдік нарыққа көмірсутегі шикізат­тары­ның күннен күнге арта түскен мөл­ше­рін сырт­қа шығара отырып, біздің елі­міз дүние жүзінің, соның ішінде Еуро­паның энергетикалық қауіп­сіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қосуда. Астық және өзге де азық-түлік түр­ле­рі­нің ірі экспорттаушысы ретінде Қазақ­стан БҰҰ-ның Аштықтың алдын алу және әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі түйт­кіл­де­рін шешу бағытын­дағы Мыңжылдық мақ­саттарын орындауға белсене атсалысуда. Қазақстанның Азиядағы өзара ықпал­дас­тық және сенім шаралары Кеңесін ша­қы­ру жөніндегі бастамасы қазіргі уақытта Азия құрлығындағы ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің көпқырлы бірегей құралына айналды. Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ-ның Азиядағы өзін­дік баламасындай болған бұл форум әлемдік жал­пы ішкі өнім өндірісінің үштен бірін қам­та­ма­сыз ететін, жалпы тұрғындарының саны 3 мил­лиард адамды құрайтын елдердің басын қосуда. Қазақстан үшін Орталық Азияның тұ­рақты дамуы – аса маңызды басымдық­тың бірі. Еліміздің экономикасының дамуы бүкіл өңірге оң ықпалын тигізуде. ЕҚЫҰ-ның өзге де мемлекеттерімен бірге Қазақстан қазіргі әлемдік құры­лымның түйінді мәселелерінде Шығыс пен Батыстың арасын түсіністік арқылы жақындастыруға бағытталған ұмтылыс­тарды жан-жақты қолдайды. Біздің еліміз сан алуан ұлттар мен дін­дер өкілдерінің мекені болуымен ерекше­ленеді. Қазақстанда 140 этнос пен 40-тан астам кон­фессия өкілдері бір шаңырақ астында тату­лықта тұрады. Біздің этносаралық және дінаралық келісім жөніндегі өнегелі үлгіміз – сан алуан конфес­сия­лардың өзара әрекеттес­ті­гінің бүкіләлемдік үдерісіне Қазақ­стан­ның қосқан нақты үлесі. Менің бастамам бойынша 2003 жылдан бері Астанада кон­фессияаралық үнқатысудың бірегей фо­румына жан бітірген Әлемдік және дәс­түр­лі діндер көшбасшыларының үш съезі болып өтті. Құрметті ханымдар мен мырзалар! Кең географиялық ауқымын, қаты­су­шы мемлекеттердің өзара әрекеттестігі тәжірибесі мен жақсы жолға қойылған жұмыс тәсілдерін ескере отырып, біз ЕҚЫҰ-ны халықаралық ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің маңызды те­тіктерінің бірі деп санаймыз. Ұйым Ванку­верден Владивостокқа дейінгі ұлан-ғайыр кеңістіктегі қауіпсіздік архитектурасына қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарды және атқарып келеді. Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның оңды тарихи ресурсының да өз шегі бар. Бүгінгі таңда сенімге сызат түсіретін және бітпейтін қандай да бір “қызыл шек­тер”, “нөлдік сомамен ойнау” тәжірибеле­рін жалғастыруға жол беруге болмайды. Халықаралық ұйымдардың қызметтері­нің тиімділігін жаһандық жаңа қатерлерге сәй­кес­тендіріп, арттыру мәселесі бірінші кезекке шыға бастады. Нақ осындай міндет үнқаты­су­дың бірегей алаңы саналатын, ғаламшары­мыздың үш құрлы­ғындағы 56 мемлекетті біріктіретін ЕҚЫҰ-ның да алдында тұр. ЕҚЫҰ болашағын айқындайтын сауал мы­надай: ұйым ХХІ ғасыр әлемінің саналуанды­ғын мойындайтын құрылым ретінде бой көр­сете ала ма, әлде “Венадан шығысқа қарай” кеңістігінен дәстүрлі Батыс дараланып тұратын, блоктарға жіктелген ұйым болып қала бере ме? Әлемдік демократиялық қоғамдастыққа жиырма жылдай уақыт бойы кірігіп келе жатсақ та, ЕҚЫҰ-дағы кейбір әріптестері­міздің санасы әлі “бұрынғы кеңестік рес­публикалар” туралы жаңсақ түсініктерден арыла қойған жоқ. Осы ретте ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің көр­сет­кен сенімі Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. Демократиялық қоғам орнату – біздің халқымыздың саналы таңдауы, сондықтан біз еліміздің одан әрі саяси либералдануы бағыты мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруды жалғасты­рамыз. ЕҚЫҰ төрағалығы біздің елімізде тек сыртқы саяси табыс қана емес, жалпыұлт­тық ауқымдағы құндылық ретінде қабыл­данады. ЕҚЫҰ-да қалыптасқан дәстүрге сәй­кес, біз төрағалық ететін елдің мазмұнды бірізділенуін білдіретін Іс басындағы төрағалық ұранын жария етеміз. Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт “Т” – “траст” (сенім), “традишн” (дәстүр), “транс­парен­си” (ашықтық) және “толеранс” (төзім­ділік) болады. Біріншісі, бір-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді. Екіншісі, ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидат­тары мен құндылықтарынан тұрады. Үшіншісі – халықаралық қарым-қаты­настарда “қосарланған стандарт” пен “жіктеу шек­терінен” азат, барынша ашық­тық пен транс­паренттік. Қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатер­лерді еңсеруде сындарлы ынтымақ­тас­тыққа ұмтылу. Ал төртіншісі – бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениет­тер және өркениеттер арасындағы үнқатысуды нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы. ЕҚЫҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі ретінде Қазақстан Ұйымды дамыту мәсе­лесінің негізі болып табылатын консенсус­тық алаңды нығайтуды және кеңейтуді қарастырады. ЕҚЫҰ саммитінің 10 жылдан бергі уақыттағы үзілісі Ұйымның консенсустық негізі дағдарыс жағдайында болмаса да, тоқырау ахуалында тұрғанын аңғартады. Осыған байланысты біз ЕҚЫҰ-ға мүше елдерді 2010 жылы жоғары деңгейдегі кездесуді шақыру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырамыз. ЕҚЫҰ елдері көшбасшыларының кездесуі Хельсинки Қорытынды актісінің 35 жылдығын, Париж хартиясының 20 жылдығын және Екінші дү­ниежүзілік соғыстың аяқталуының 65 жыл­ды­ғын атап өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Саммит үшін ЕҚЫҰ-ның жауапкерші­лігі аймағындағы қауіпсіздіктің көкейкесті проб­лемалары, Ауғанстандағы жағдай және толе­рант­тылық мәселелері мазмұнды толықтыру бола алар еді. Нақ бүгін ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің көшбас­шылары саяси ерік-жігер танытып, өз халық­тарының алдында тұрған күрделі де түйінді мәселелерге жауап беретін уақыт келді. Саммит ЕҚЫҰ-ның осы заманғы қауіп-қатерлердің алдын алуға бейімделуі­не қуатты қарқын беріп қана қоймай, сонымен қатар біздің халықтарымыздың осы Ұйымға деген сенімі мен құрметін де арттыра түседі. Түптеп келгенде, өздерін сайлаған ха­лық­тар­дың игілігі мен өркендеуі жолында­ғы ынты­мақтастық пен қауіпсіздікті нығайтуға күш салу – мемлекет және үкімет басшыларының тікелей міндеті. Сонымен қатар ЕҚЫҰ бүгінде еш­теңемен алмастырылмайтын Ұйым болып табылады. Оның тоқырауы немесе жойылып кетуі еуро-атлантикалық кеңістіктегі өте қауіпті ва­куум­ның пайда болуына әкеліп соққан болар еді. Осы ретте, Хельсинки Қорытынды ак­тісі­не қол қойылған 1 тамызды – Еуро­падағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы күні деп жариялау туралы ұсынысты қарауды ұсынамын. Төрағалықтың басымдығына қатысты Қазақстан ЕҚЫҰ-ның барлық үш “себеті” арасында оңтайлы тепе-теңдікті сақтауға көңіл бөлуге тырысатынын атап өткім келеді. Осын­дай ұстаным мәселелерді ке­шенді түрде көруге, қазіргі заманғы сыртқы қауіп-қатерлердің пайда болуына тиімді түрде қарсы тұрып қана қоймай, олардың пайда болу көздерін табуға да мүмкіндіктер туғызады. Сөз соңында Қазақстан Іс басындағы төраға ре­тінде ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидат­тары мен құн­дылықтарын берік ұстанатынын атап айтқым келеді. Біз Ұйымға мүше барша елдердің мүдде­ле­ріне өзара тиімді шешімдерді табу ниетіндеміз. Қазақ халқында “Бірлік болмай – тірлік болмас” деген даналық сөз бар. Біздің еліміз XXІ ғасырдағы ЕҚЫҰ-ны оның ауқымындағы барша халықтар үшін демократияның, тұрақтылық пен өркендеудің біртұтас кеңістігі ретінде қарастырады. Назарларыңызға рахмет. Жаңа жылда мол табыстар тілеймін.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.12.2018

Алматыда «Сиқырлы әуендер» киноконцерті өтті

18.12.2018

Ақтөбе облысында алпыс отбасы қоныс тойын тойлады

18.12.2018

Қарағандының 2018 жылғы аруы белгілі болды

18.12.2018

Қарағанды облысында спорт кешені пайдалануға берілді

18.12.2018

«Астана» велоклубының жаңа маусымдағы құрамы анықталды

18.12.2018

«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесіне үмітті картиналар тізіміне енді

18.12.2018

Отырарда «Оқсыз» спорт кешені ашылды

18.12.2018

Үндістанда ауруханадағы өрттен 6 адам қаза тапты

18.12.2018

Бүгін Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

17.12.2018

Алтын домбыра иесі анықталды

17.12.2018

Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік құрбандарына ас берілді

17.12.2018

Чемпиондар Лигасының 1/8-ші финалының жеребе тарту рәсімі өтті

17.12.2018

Жамбыл өңірінде 28 нысан ашылды

17.12.2018

Атыраулықтар «Елбасы жолы» фильмін тамашалады

17.12.2018

Тәуелсіздік күні БҚО-да 37 бала дүниеге келді

17.12.2018

Гиннестің рекордтар кітабына енген Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде қойылады 

17.12.2018

Татарстандағы қазақ студенттері Тәуелсіздік күнін атап өтті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда допты хоккейден ел кубогы біріншілігі өтуде

17.12.2018

«Ырыс» Түркістан облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу