Жеңіл атлеттерімізді жеңісімен құттықтады

Кеше Астанада Президент Әкімшілігінің Басшысы, еліміздің Жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Егемен Қазақстан
21.07.2017 4806
2

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты 6-9 шілде аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен болатын. Оған сарықұрлықтың 43 елінен 800-ден астам спортшы қатысқан. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте төрт алтын, екі күміс, екі қола медаль иеленіп, Үндістан мен Қытайдан кейінгі үшінші орынға ие болды. 
«Ел намысын Азия чемпионатында абыроймен қорғап, жүлделі орынға ие болған барлық спортшыларға федерация басшылығының атынан алғыс білдіремін. Спортшыларымыз Азия біріншілігінен жалпы саны сегіз медальмен оралды. Ол біз үшін үлкен жетістік. Спорттың бұл түріне Елбасымыз ерекше көңіл бөліп, әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Алдағы жарыстарда да спортшыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын», деді Әділбек Жақсыбеков.
100 және 200 метрге жүгіруден әйелдер арасында екі алтынға қол жеткізген Виктория Зябкина мен үш қарғып секіру сайысынан чемпион атанған Мария Овчинниковаға қаржылай 5 мың АҚШ доллары, одан бөлек құрамында Светлана Голендова, Рима Кашафутдинова, Виктория Зябкина және Ольга Сафронова бар 4х100 метр­ге эстафеталық жүгіруден әйелдер құрамасында топ жарған әрбір желаяқ қызға 400 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді. 
Сонымен қатар, 100 метрде күміс, 200 метрде қола медальға ие болған Ольга Сафронова – 4,500, үш қарғып секіруден күміс жүлдегер Ирина Эктова 3 мың және ерлер арасынан ядро лақтырудан қола медальды иеленген Иван Иванов 1,500 АҚШ долларымен марапатталды.
Марапаттау рәсімінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұлт­тық құраманың бапкерлер құрамына алғыс айтып, Прези­денттің жеңіл атлетикаға баса назар 
аударып жатқанын жеткізді.
Марапаттау рәсімінің соңында Әділбек Жақсыбеков барлық спорт­шы мен бапкерлерге алдағы жа­рыстарда сәттілік тіледі.

Әли БИТӨРЕ, 
Фото: Орынбай БАЛМҰРАТ, 

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу