ЖЕҢІС

Егемен Қазақстан
01.01.2010 7134
Ел өміріндегі елеулі оқиға­лардың бірінен саналатын әр жаңа жылдың өзіндік атаулы күн­­дері, мерейлі мерекелері бо­лады. 2010 жылдың сондай мәр­те­белі мерекесі Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңістің 65 жылдығы дер едік. Бұл сұрапыл соғыста ал­дың­ғы толқын аға ұрпақтың кейінгі жастарға үлгі боларлық ерлігі әр қырынан айтылып келеді. Төрт­күл дүниені дүр сілкіндірген сол соғыста миллиондаған адам­ның өмірі қиылып, баласы әке­сінен, ана ұл-қызынан, ер-азамат сүйікті жарынан айырылып, қан­шама шаңырақтың ойраны шықты десеңізші. Тәубе дейік, сол соғыссыз күн кешіп келе жат­қанымызға 65 жыл толады екен. Адамзатқа бейбітшіліктен артық бақыт бар ма? Қаншама жасын ұрпақтың өмірін қиған сол соғысқа қазақ топырағынан миллионнан астам адам қатысты. “Қар жамылған кең дала қанға бөгіп, гүрілдейді сұр аспан өлім төгіп, Жас қазақ мұрттай ұшты уралап”, деп жазушы Ғабиден Мұс­тафиннің сөзіне жазылған қыршын композитор Рамазан Елебаевтың хас батыр Төлеген Тоқтаровқа ар­на­ған “Жас қазақ” әнінде айтыл­ғандай, майдан шебінде көз жұм­ған­дардың рухы Жеңіс күні жаң­ғы­рып, аман оралғандардың бейбіт өмірдегі ерлік еңбегі аңыз боп ай­ты­лып, тарих бетіне алтын әріп­тер­мен жазылуда. Қазір сол майдангер әке-апаларымыздың қатарымызда жүргені саусақпен санарлық болып барады. Тіпті кей ауылдарда жұрт аузында айтылатын ерлігі мен еңбегі болмаса, өздері жоққа тән. Ел газеті Жеңістің 65 жылды­ғына орай, сол арыстардың өлмес рухын жаңғырта отырып, арамызда жүрген біртуар асылдарымыздың жанкешті ерлігін үлгі ретінде айтып отыруды мақсат етеді. Соғыстың қайсысы да ауыр тиетіні белгілі. Бұл соғыстың да талай жұрттың титығына тиіп, үмітін өшіріп кеткені мәлім. “Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек насихат ісімен айналысар едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы және басқа өлке халықтары туралы тамаша кітап жазумен шұғылданар едім”, деген бейбіт өмірді кенезесі кебе аңсаған ұлт көсемі Мұстафа Шоқай сол соғыста немістердің ортасында болғаны мәлім. Егер сендер жеңсеңдер, түркі әлеміне қандай жақсылық жасар едіңдер дегенде кеудесін жел үрлеген соғысқұмарлар өздерінің төрткүл дүниеге жүргізер үстемдігін оларға да жасайтынын жасырмаған екен. Соны еске ала отырып, Мұстафа Шоқай өз тәуелсіздігін алмаған елге қандай мемлекет болса да жақсылықты кем жасайтынын, шамасы келсе, басып-жаншуға әзір тұратынын айтып, елдікке ие болу жолындағы күресті жалғастыра беру қажеттігін үлгі етіп қалдырыпты. Міне, сол ұлы тұлғаның арманы орындалып, тәуелсіздігімізді алдық. Сол тәуелсіздікке сұра­пыл соғыста қан кеше жүріп те өз үлестерін қосқан, елі мен жерін қорғауды мақсат еткен батыр ұлдар мен батыр қыз­дардың ерлігін 65 жылдық Жеңіс мерекесі тұсында жаңғыртып отыруды, жоғарыда айтқаны­мыздай, бас басылым өзінің па­рызы санайды. Соның алғаш­қыларын бүгінгі жанашыр нө­мірде оқырманға ұсынып отыр­мыз. Мұнымен қатар, сұрапыл соғыста өлшеусіз ерлік көр­сеткен, қаламын қаруға айыр­бастап, халқымыздың қай жа­ғынан болса да таланты мен дарынын танытқан айтулы екі ақынның, атап айтқанда, жыр жампоздары Әбу Сәрсенбаев пен Сырбай Мәуленовтің жұрт аузынан түспей келе жатқан “Сен құрметте оны” және “Соғыстан қайтқан сол­дат­­тар” өлеңін қоса жа­рия­­лауды жөн көрдік. Жылдың жылы сөзі БЕРЕКЕ-БІРЛІК ТІЛЕЙМІН! Қанипа БІТІБАЕВА,Өскемендегі Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназияның ұстазы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ең алдымен “Егемен Қазақстан” газетінің жур­налистерін 90 жылдық мерейтойымен құттық­таймын. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы талай тар жол, тайғақ кешуден өтсе де, халқының мұңын жоқтады, жақсылығына қуанды. Сіздерге алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілеймін. “Егеменді” жарты ғасыр бойы оқып келемін. Мен айтар едім, “Егеменді” бес жыл оқыған адам қазақ халқының кешегісі мен бүгінгісін жетік білетін, ой-өрісі кең, терең ойлы азамат болып шығады. Туған тілім, қазақтың қаракөз балаларын тәрбиелеп жатқан біз сияқты ұстаздар “Егеменді” сүйікті газеті санайды, егер газеттің 150 мың тиражы бар болса, оның төрттен үш бөлігін әріптестерім жаздырып алады. Бас басылымның 90 жылдық мерейтойына Елбасы Н.Назарбаевтың арнайы келуі, қатысуы, өзі салдырған ғимаратты аралап көруі, қара шаңырақта газет басшыларымен кездесіп, сұхбат беруі шын мәнінде бір ғасырда бір-ақ рет болатын тарихи оқиға дер едім. Өйткені, газет – халықтың көзі, құлағы. Қалың оқырман барлық жаңалықтарды газет-журналдардан оқып, теледидардан тамашалай алады. Елбасының сұхбатын біздің мектеп-гимназияның ұстаздары да мұқият тыңдады. Қазіргідей қаржы дағдарысы кезінде тұйықтан алып шыға білген Елбасының ерлігі көп мемлекет басшыларына үлгі болса керек. Өзім 41 жылдан бері ұстазбын. Соңғы 29 жыл бойы 90 жылдық тарихы бар Жамбыл атындағы мек­теп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ бе­ремін, Құдайға шүкір, менен білім алған шәкірт­тер­дің ішінде мыңдаған жастар еліміздің түпкір-түп­кі­рінде жемісті еңбек етіп жатыр. Екі шәкір­тім ғылым докторы, 28-і ғылым кандидаттары. Еңбектерім еленіп жа­тыр. Сонау 1990 жылы Қазақстанда бірінші болып, Кеңес Одағында бесінші болып КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болдым. “Құрмет” ордені, ондаған медальдар қырық жылғы еңбектің өтеуі болса керек. Төрт бірдей мемлекеттік университеттің құрмет­ті профессоры, АҚШ-тағы Тусон қаласының құр­метті азаматымын. Осыдан жарты жыл бұрын Тарбағатай ауданының бұрынғы әкімі Алдияр Әубәкіров елдегі сіңлілеріңізге көмек жасаңыз деген соң, екі бірдей мектепте өзімнің айтулы мектебімнің филиалдарын аштық. Ол жерде қазір талай таланттар білім нәрімен сусындап жатыр. Ұзақ жылғы ғылыми жұмыстың нәтижесінде 32 кітабымды жарыққа шығардым. Енді ағайындарға айтатыным, алған бостан­дығымыз бен тәуелсіздігімізді құрметтей білейік. Қазақ ежелден меймандос халық, тіпті сонау ашаршылық жылдары бір жапырақ нанды басқа ұлт өкілдерімен бөліп жегеміз. Елде тыныштық болса, қиыншылықтардың бәрі ұмытылып қалады. Елбасы Н.Назарбаев қазақ халқын алға қарай жетелей беретініне сенеміз. Американың, Англияның,  Еуро­паның аспанында қазақ халқының көгілдір туының желбірей беруін көргім келеді. Ендеше, барыс жылы бізге береке, бірлік, бақыт әкелсін. Қазақ елінің туы аспандай берсін! Өскемен. ҮДЕЙ ТҮСІП ШАБЫСЫҢ, ЕЛГЕ РИЗЫҚ ДАРЫСЫН! Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ел өмірінде де, сондай-ақ , әлемде де маңызды оқи­ғаларға толы 2009 жыл тарих қойнына сіңіп, жа­ңа 2010 жыл төрімізге озды. Жаһандық қаржы-эко­но­микалық дағдарыс зардабын тартқан көптеген мем­лекеттердің, соның ішінде ТМД-ның кейбір елдерінің шаруасы шатқаяқтап, тұрмысы тұралап қалғанда Қазақстан бұл тұзаққа түспеді. Бұл Елба­сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елжан­ды­лығының, болашақты болжай білетін көрегендігінің, ақылман саясаткерлігінің арқасында қолымыз жет­кен игілік. Иә, елді тығырыққа тіремей, еңсесін түсірмей, жаһандық дағдарысты жеңудегі жетістіктеріміз мені ерекше қуантады. “Жол картасы” өзінің игілігін бе­ріп отырғаны айдан анық. Соның арқасында еліміз­де, сондай-ақ біздің өңірімізде де әлеуметтік-эко­номикалық жетістіктерге ие болдық. Ауруханалар, мектептер, балабақшалар, өндіріс орындары қатарға қосылды. Осының бәрі, сөз жоқ, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы абыройын асқақтата түсті. Ал биыл еліміз үшін тіпті айшықты, бедерлі жыл болмақ. Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде тұңғыш болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етпек. Осы орайда мен еліміздің осы зор ауқымды қызметті абыроймен атқа­ра­ты­ны­на сенімдімін. Жасыратын несі бар, “Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында” де­мек­ші, бәрінен де арамызда жүрген, бөрік астынан бастарын қылтитып тұ­ратын бөрілердің қылығы қынжылтады. Оңды­мыз­ды олқы, жақсымызды жасық көрсетуге ниет­те­ніп, үй іргесінен су жі­беретіндердің пиғы­лынан сақтасын деймін. “Бүлінгеннен бүлдіргі алма” деп данышпан бабаларымыз оң жол нұсқаған ғой. Есті жұртымыз осындай саясаткерлердің сойылын соғып, соңында кетпесін. Біз берекелі бірлікті, тату-тәтті тұрмысты,бір-бірімізге жанашырлықты қалайтын ұлттар ұясымыз. Ендеше, сүттей ұйып отырған осы ынтымағымызға жік түспесін. Еліміздің өркені өсе беруін қалаймын. Қазақстанда саяси тұрақтылық іргесін нығайта түссін. Халық тыныштықты қалайды. Ал бізде осыны толыққанды баянды етіп отырған экономикалық та, әлеуметтік те жетістіктеріміз баршылық. Петропавл. СЕН ҚҰРМЕТТЕ ОНЫ Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ Тізеден кесіп аяғын. Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ Қолтықтағы ұзын таяғын. Кеше елге қатер төнгенде Ол жауға қарсы шапты, Бізді жалмамақ болған ажалды Өр кеудесімен қақты. Ол арыстанша алысты, Өлім соққысын өз үстіне алды. Денесін оқ пәршелесе де Ел намысын қорғап қалды. Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Сенің келешегің үшін берді ол Азаттық жолында аяғын! Әбу СӘРСЕНБАЕВ. СОҒЫСТАН ҚАЙТҚАН СОЛДАТТАР Жаутаңдай қарап дала тұр, Көз жасын сүртіп жаңа бір. Хабарсыз ұлын сұрауға Жолыңды тосып ана жүр. Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар, Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар. Кешікпей жарым келер деп Төрінен сайлап орынды. Батысқа қарап елеңдеп Ару жүр тосып жолыңды. Көтерді бәрін ауырдың Азамат болып арды ақтар. Көрдің бе жарын арудың, Соғыстан қайтқан солдаттар. Кетерде солдат жарының Ішінде қалған ана жыл. Көкемді айтпай танырмын Деп бір сәби бала жүр. Қайрылмай қалай кетесің Хабарсыз қалай ол тоқтар. Көрдің бе оның көкесін, Соғыстан қайтқан солдаттар. Қаралы қағаз жіберіп, Қаншама қайғы салды оқтар. Барады үнсіз түнеріп Соғыстан қайтқан солдаттар. Сырбай МӘУЛЕНОВ. ӨРТ КЕШКЕН АРУ Табыл ҚҰЛИЯС, жазушы. Өткен ғасырдағы ел басына көп ауыртпалық әкелген, миллиондаған адамның өмірін қиған сұрапыл соғыстағы Жеңіске биыл 65 жыл толады. Сол Ұлы Отан соғысы деп аталатын қиын кезең бүкіл адам­заттың жан-дүниесін ғана ойрандап қойған жоқ, бел шешіп қарсы күресуге бастады. Береке-бірлікке, аталы сөзге, ақыл-парасатқа ұйыған жерде жеңіс болмай қоймайтынын осы бес жыл ішіндегі жан алып, жан беру дәйек­теді. Біз осы соғысқа қарғадайында қанаттанып қатысқан, жеңіспен оралып, қазір бір әулеттің анасы атанған Зұлфат Сәрсенғалиқызы Жалмұхаммедова туралы ой қозғасақ деп отырмыз. Сәл шегініс жасасақ, Зұлфаттың өмір жолы оңай болмапты. Ата-қоныстары Астрахан қаласы еді. Әкесі Сәрсенғали Медетұлы мен анасы Рахима бейбіт күнде әдемі тірлік кешіп отырған. Сүттей ұйыған тату отбасы болатын. Анасы Зұлфатқа “Байлық та, бақыт та біреудің шаңырағына бітеді, қазан-ошағына, есігіне, бесігіне бітеді, соны сақтайтын ақыл болады” деп үлгі беретін. Дәулеттері де осал болмапты. Үйір-үйір жылқысы, ақтылы қойы өрісте жатыпты. Әйтсе де Кеңес өкіметі келгеннен кейін бай деп әкесін тұтқындайды. Алдарындағы дәулетін тәркілейді. Сол бір сәтте анасы кеше айна­ламызда қаптап жүрген туыстар қайда деп көз жасын төгіп отырғанда Зұлфат он жаста еді. Зұлфат Ақбұлақтағы педаго­гика­лық училищені бітіргеннен кейін жұмысқа орналаса алмайды. Сол жылы сұрапыл соғыс басталып кеткен еді. Жас қыз қалай да елге жау, ұлтқа қас емес екенін дәлелдеу үшін майдан шебіне барсам деп өтініш білдіреді. Бұл тілегі де алғашқы кезде қабылдана қоймай­ды. Ақыры ер азаматтармен бірге Батысқа бет түзейді. Алғашында Ульяновскідегі авиация училище­сінің байланыс бөліміне оқуға тү­сіп, оны бітіргенде кіші сержант ата­ғын алады. Мәскеу түбіндегі бе­сінші әуе әскеріне қабылданады. Ре­сейдің Омбы, Томск, Пензадан кел­ген өзі секілді қыздар Зұлфат­тың алғырлығына, жіті қимылына тәнті болады. Оған күндіз-түні бірдей ұшқыштардан хабар алып тұру жүктеледі. Курск, Харьков, Полтава, тағы басқа қалаларды азат етуге қатысады. Қаһарман қыздың әрбір ерлігі ескерусіз қалмайды, марапатқа ие болып жүреді. Фашистердің жатқан жерін, келе жатқан бағытын анықтау оңай болмайтын еді. Бірақ басымызды өлімге тіксек те орындауға бел байлайтынбыз, дейді Зұлфат сол бір қиян-кескі кезеңді еске алып. Ол тағы бірде өзі майданға ба­ру­ға талап қылып жүрген тұста бә­рін анасымен ақылдаспай істегенін, мақсаты орындалған тұста анасы, “Әлі жассың ғой, құлыным, соғыс деген әйел адамның ісі емес, өлім мен өмір арпалыс­қан­да жүрегің шыдас бермесе қай­те­сің?” – дегені бар еді. Ал соғыс­тың қарсаңында ғана өзіне кесіл­ген үкімді орындап, бүкіл денсау­лығынан айырылып келген әкесі, “Сен менің “кінәмді” ақтағың келе ме, балам? Мен ақпын, ешкімге жасаған кінәм де, күнәм да жоқ, нақақтан-нақақ кеттім. Түрменің түбінде бүкіл денсау­лығымды құрттым. Осының өзі-ақ жетіп жатыр емес па? Тілімді алсаң, тылда да еңбек аз емес қой!” – депті. Алайда қайсар қыз алған бетінен қайтпаған. Майдан шебіне аттанып кеткен. Зұлфат әскери борышын өтеп жүрген бөлімше талай рет жау қоршауында қалған кездері де болыпты. Бірақ аққа құдай қашан да жақ болатыны бар ғой. Жауынгерлік жолы Тушинодан басталып, Курск, Орел, Харьков, Ясса, Кишинев бағытымен жүріп, Болгария, Чехославакия, Вен­грия, Югославия, Румыния жер­ле­рін азат етуге ұштасқан. Байла­ныс мамандығын үздік меңгерген Зұлфат Сәрсенғалиқызы майдан­дағы ерлігі үшін ІІ дәре­желі “Отан соғысы” орденін, он­даған медальді омырауына таға­ды. Жеңіс күнін Брно қаласында қарсы алады. Әскери ұшқыш­тардың сол сәттегі қуанышын ол көз алдына елестеткенде жүзі жайнап кететіні бар. Кейде майданнан оралмай қалған замандастарын еске түсіріп, мұңайып та қалады. Өмір шіркіннің көп өткелін көрдік қой, бейбіт күнге не жетсін? Алла жар болып, аман оралдым, ұрпақ өсірдім. Ал от жағып, отау тікпей кеткен боздақтарды айтсаңшы? Арттарында аты-жөнінен басқа не белгі қалды? Тіпті кейбі­реу­лерінің аты-жөндері де белгісіз болып қала берді. Сондықтан да мен белгісіз жауынгер қабіріне барғанда ең алдымен есіме со­ларды түсіремін. Аруақтары риза болсын деп, құран бағыш­тай­ты­ным бар, дейді Зұлфат. Ол 1945 жылдың қыркүйегіне дейін Пловдив қаласында әскери қызметте болады. Соғыстан кейін Орынбор облысындағы өзінің Ақбұлағына келеді. Елге оралған оның қуанышында шек жоқ еді. Өзі секілді майдангер Зәбитпен от жағып, отау құрады, ұрпақ өсіреді. Слава, Әнуар, Сырым, Амантай есімді төрт ұлды өмірге әкеліп, қатарға қосады. Олардан немере-шөбере сүйіп, аналық, әжелік парызын өтейді. Бүгінде Зұлфат Сәрсенғалиқызы Жеңіс­тің 65 жылдығын ел болып атап өту жөніндегі Қазақстан Пре­зи­д­ен­тінің бастамасына ерекше ықылас танытып, ризалығын білдіріп отыр. Өткенді ұмытпау, алдыңғы толқынды қадірлеу бұл кейінгіге сабақ болады. Олардың өзім жеттім, өзім болдым, өзім толдым дегеніне жол бермейді. Заман жаңарған сайын ұрпақ та алмасады. Ал ұрпақты ұрпақ қадірлеу, қастерлеу ең жақсы қа­сиет. Бұл тұрғыдан келгенде, қа­зақтың үлгісі де, өнегесі де бөлек. Содан да шығар, қазақ жұртының шежіре жазып, бүкіл ата-ба­ба­ларын түгендеп отыра­тыны. Енді, міне, осыдан 65 жыл бұрынғы соғыс шежіресін қайта “тірілтуге” деген ниетті мен құптаймын. Ана­лық алғысымды, батамды бе­ре­мін! – дейді Зұлфат Сәрсен­ға­лиқызы.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу