Жер қадіріне жеттік пе?

Егемен Қазақстан
24.01.2017 123
3

Сунгат ага 2Осы шолушы бағанын жазардың ал­дында бір жағы ақыл-кеңес, бір жа­ғы көпшілік пікірі болсын деп «қан­дай тақырыпты көтергеніміз орын­ды?» деген мағынада әріп­тес­те­ріміздің арасында шағын сауал­на­ма жүргізген едім. Тілдескен ал­ты адамның арасында екеуі жер та­­қырыбында жазғанымызды жөн деп тапты. Сондағы келтірген уәж­де­рі мынау: «Менің ойымша, халқымыз әлі де болса, жер қадіріне жете қоймаған секілді. Оған мысалды алыстан іздемеймін, бәрі де көзге ұрып, көрініп тұр. Көптеген өңірлерде қазақ үйінің ауласы, әдетте, тақыр күйінде бос жатады. Сол шағын ауланың өзін күтіп-баптау, оған ағаш отырғызып, жасыл желекпен көмкеру дегенді білмейді. Бірақ біздің оңтүстікте, құдайға шүкір, олай емес. Жердің босқа жатпай жайнап тұрғанын жақсы көреміз. Әлде, бұл басқа өңірлерге қарағанда бізде жердің тапшылығынан, жаздың ұзақтығы мен судың молдығынан туындаған дүние ме екен?! Міне, осы жағын жазып, халыққа ой салу керек», деді оңтүстікқазақстандық журналист қарындасым. Екінші әріптесім мынадай ой айтты: «Біздің Алматы облысындағы ауылымызға осыдан бірнеше жыл бұрын корейлер келіп, жерді жалдап алып, оған пияз екті. Жалдағандарын қайтейін-ай, кейін сол жерге ештеңе шықпай қалды. Пияз дегеніңіз жердің барлық құнарын сорып алып, оны жарамсыз етіп тастайды екен ғой. Жаздыгүні бара қалсаңыз, сол жерден енді борпылдаған бос топырақты  ғана көресіз. Осыны көргенде, мен пияз өсірушілердің неге елден елді, жерден жерді аралап жұмыс істейтіндігін ұққандай болдым. Олар гүлден бал соратын аралар секілді. Құнарлы жерді таңдап алып, пияз егеді де, қажетті өнімін алған соң тайып отырады. Міне, осы жағдайды халыққа жеткізіп, ескерту керек. Егер біз жерді материалдық игілік көзі деп бағаласақ, оның өндіргіштік қасиетін есепке ала отырып, күтіп-баптап, аялай білсек, сол жерді жалға бергенше өзіміз жұмыс істер едік қой», деді ол. Осы әңгімелерді естіген соң ойға қалдық. Жердің мемлекеттік меншігі то­лық мойындалған кеңестік жетпіс жыл уақыттан кейін ақыры біздің хал­қымыздың бойына да «жер иесі» деген ұғым бірте-бірте сіңісіп келе жатқан секілді. Бірақ мұның өзі де жерді өндірістің басты құралы ретінде күтіп-баптау, оның қадірін ұғу, өзінің ғана емес, өз әулетінің болашағын жермен байланыстыру деген ұғымды білдіретіндей деңгейге жете қойған жоқ. Өйткені, біздің «жер иелену» жөніндегі қазіргі түсінігіміз оны меншіктеп алғаннан кейін екінші біреуге табыс табу мақсатында мол қаржыға сату немесе жалға берудің айналасында ғана қалыптасып отыр. Әрине, жер туралы қазақ халқының да өзіндік тарихи түсінігі бар. Біздің ата-бабаларымыз оны «кір жуып, кіндік кескен туған жер», «атамекен» тұрғысында қадірлеген. Міне, осы тұрғыдан алғанда оны киелі деп түсініп, қажет болса, жер үшін жанын қиған. Бірақ, бізде оны материалдық игілік көзі ретінде бағалау әлі де болса кемшін түсіп жатқанын көріп отырмыз. Халқымыздың бойында жерді атамекен ретінде қадірлеу қасиетінің мығым екендігін былтырғы жылы ауылшаруашылық жерлерін жеке меншікке беру туралы айтыс-тартыс­тар көрсетіп берді. Сол кезде адамдар ереуілге өздерінің иеліктеріндегі жер телімдері үшін емес, жалпы қазақтың кең-байтақ даласы үшін шықты. Олар шетелдіктерге ауылшаруашылық жерлерін жалға беруге қарсы болды. Халықтың бойындағы осы қасиетті Елбасы да бағалады. Егер же­рімізді осылай қорғай білсек, біз­ді жау алмайтындығын айтты. Сөй­тіп, ауылшаруашылық жерлері туралы жаңа заңға 5 жылға мораторий жариялады. Сонымен қатар, жерді материалдық игілік ретінде бағалауымыздың әлі кемшін түсіп жатқанын да жасырмады. «Бұл салада еңбек өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Отандық фермерлер бір гектар жерден орта есеппен 400 доллардың өнімін алады. Дәл осы көрсеткіш АҚШ-та 1,5 мың долларды, Германияда – 2800, Францияда 3200 долларды құрайды», дей келе осындай себептерден ауыл шаруашылығының жаңа техникаға, жаңа технологияларға, суғару жүйелеріне инвестиция салуға мұқтаж болып отырғандығын айтты. Иә, жерді басқадан қорғай білу бір мәселе де, оның тиімділігін көру екінші мәселе. Егер өз иелігіміздегі алақандай жерді ұқсата алмай отыр­сақ, бір өзіне бірнеше мемлекет сыятын алып даламыздың пайдасын қалай көрмекпіз? Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу