Жер туралы заң жобасы таныстырылды

Кеше Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне жер қа­ты­нас­тарын рет­теу мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар ен­гізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Елі­мізде өткен жылы құрылып, белсенді жұмыс істеген Жер реформасы бойынша комиссияның атсалысуымен әзірленген аталған заң жобасына қатысты баяндаманы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жасады. Ол құжат аясында көзделетін мақсат-мүдделер мен басым бағыттар бойынша айта келіп, депутаттар тарапынан мәлімделген ұсыныс, пікірлер талапқа сай заңға енгізілетіндігін мәлімдеді.
Егемен Қазақстан
14.04.2017 3414
2

Мәжіліс депутаттары мен ел­дегі саяси партиялардың, қо­ғамдық ұйымдардың жә­не ғы­лыми ортаның өкілдері бас қос­қан алқалы жиынға Аграр­лық мәселелер комитетінің мү­ше­­сі Берік Оспанов жетекшілік ет­ті. Ал заң жобасының негізгі мақ­­саты – ауыл шаруашылығы са­­ласының иелігіндегі жерлерді бе­ру­дің айқын тетіктерін бел­гі­леу мен олардың пайдаланылуын реттеуге және жерді пайдалануды бақылауды күшейтуге ба­ғытталған. Бұл жөнінде баян­дамашы заңда көрініс беретін бір­қатар жаңа өзгерістер мен то­лықтыруларға тереңірек тоқ­тал­ды.

«Құжатта қазақ­стан­дық­тар­ға ауыл шаруа­шы­лы­ғы жер­­лерін жалға бе­ру сақ­та­ла­тындығы жә­не Жер ко­дек­сін­дегі тәр­тіп­ке сәй­кес, ауыл ша­­руа­шы­лы­ғ­ын­да­ғы жерлерді бе­ру кон­курс­тық негізде жүзеге асы­ры­ла­тындығы баяндалған. Ауыл шаруашылығы жер­ле­рі­­нің үлкен мөлшерін «бір қол­­ға» беруге жол бермеу мақ­­са­тында, заң жобасымен қа­зақ­стандықтарға жалға бері­ле­тін ауыл шаруашылығы жер­ле­рі­нің ең жоғары мөлшерін ал­­қап­тар бойынша респуб­ли­­ка, облыс және әкімшілік ау­дандар (қалалар) шегінде бел­гілеу қарастырылған. Со­нымен қатар, құжатта мем­ле­кеттік шекараның шекара бел­деуінде және аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін бе­ру талаптарын күшейту мә­се­лесі де арқау етілген. Онда шет­ел­діктерге, азаматтығы жоқ адам­дарға, шетелдік заңды тұл­ға­ларға және шетелдіктердің қа­тысуы бар заңды тұлғаларға жер­ді иеленуге шектеу қою көз­деледі», – деді Е.Нысанбаев.

Вице-министрдің ай­ту­ын­ша, егер заң жобасы ма­құл­­да­натын болса, ауыл ша­руа­­­­шы­лығы жерлерін пайда­лану құ­қын беруді шешуде қоғамдық ке­ңестер мен ұй­ы­м­­дардың пікірі ба­сым­дық­қа алынады және мем­ле­кет ауыл ша­руашылығы жер­лерін же­кемен­шікке сатпай­ды, шет­ел­дік­терге бермейді.

Талқылау барысында сөз ал­ған­дар тарапынан құжат маз­мұ­нына қатысты көптеген сын-ескерт­пелер айтылды. Атап айт­­­қан­да, жер көлемін шектеуге қатыс­ты әдістемені қазірдің өзін­­де ай­­қын­дап, заң аясында нақ­ты­­­лау қажеттігі мен кон­ку­рстық не­­­гізде жер берудің шынайы­­лы­ғын қамтамасыз ету те­тік­терін жетілдіру туралы ұсы­ныс білдірілді.

Орайлы сәтте, аталған мә­се­леге қатысты үн қатқан Мә­жі­ліс Төрағасының орынбасары Вла­димир Божко қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныс, пі­кірлерді алдағы отырыс­тар­да қоғам арасында ашық тал­қылап, заң жобасын тиімді бап­тармен толықтыруға үндеді. «Тіп­ті, аталған мәселе туралы арнайы баяндама жасаймын деушілер болса, оларға да мінбер ұсынуға дайынбыз», – деді ол.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»


– Бұл заң жобасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Жер заң­на­ма­сының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Жарлығы мен 2016 жылғы 18 тамыздағы №308 Жарлығын орындау үшін әзірленіп отыр. 


Сонымен қатар, алғаш таныстырылып отырған құжатта Жер реформасы бойынша комиссиямен ауыл шаруашылығы мақсатында жалға берілетін жерлердің шекті мөлшерін белгілеу де ұсынылады. Ал ол жергілікті жердегі атқарушы органдардың әзір­леген әдістеме негізіне сүйене отырып жүзеге асы­рылады. Ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерінің көлемін белгілеу мәселесі де нақтыланған.

Сондай-ақ, бұл заң жобасы жер учаскелерінің мөлшеріне шектеуді белгілеу мен оны тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оған қоса, ауыл шаруашылығы жерлерінің мақсатты пайдаланылуына арнайы мониторинг жүргізіліп, мұндай іске қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері де тартылады. Құжатта жайылымдардың жай-күйін анықтау құқы ауыл тұрғындарының еншісіне жүктеліп, ондай шешім ауылдардағы жайылымдардың жетіспеушілік проблемасын шешуін қамтамасыз етуі тиіс. Ең бастысы, әкімдерге тұрғындардың мал жаюы үшін қажетті жайылымдарды мемлекет мұқтажы ретінде мәжбүрлеп алып қоюға мүмкіндік беріледі.

Берік ОСПАНОВ, Мәжіліс депутаты:


– Заң жобасының алғашқы таныстырылымы болғандықтан, құжаттың кейбір тұстарының ішкі иіріміне тереңірек тоқталып өткім келеді. Талқылауға қатысушылар тарапынан айтылған жерді конкурс арқылы пайдалануға беру жайын таратып айтсам, бұл процестің жүзеге асырылу тетігі былай:

Ең алдымен конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ-тарда, әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық хабарлама тақталарында жариялау қарастырылады. Мұндай әдіс конкурсқа қатысушыларға тең мүмкіндік береді.

Ал конкурстың жеңімпазын анықтайтын конкурстық комиссияның құрамына жалпы санының 50% құрайтын қоғамдық кеңестер мен «Атамекен» ҰКП ұйымдарының өкілдері қатыстырылады. Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылар үшін конкурсқа қатысудың міндетті шарты төмендегідей болып келеді:

– ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің бизнес-жоспары;

– шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру бойынша міндеттемелер;

– жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер;

– өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егу алаңдарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау міндеттемелері.

Игерілмей жатқан жерлерді ұтымды және тиімді пайдалану мақсатында белгіленген мұндай талаптар бірқатар мәселелерді оңтайлы шешетіндігіне сенімдімін.


Гүлжахан БИМЕНДИНА, 

Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары:



– Аталған заң жобасының тұтас жазылып шығуына өз басым бастан-аяқ қатыстым. Бұл құжат Жер реформасы бойынша комиссияның 11 шешімі бойынша дайындалған. Ең алдымен, ерекше атап өткім келетіні, біздің жеріміз бес жылдың ішінде ешкімге сатылмайды. Жекеменшік те болмайды. Екіншіден, тек қана Қазақстан азаматтарына 49 жылға дейін жалға беріледі. Берген күннің өзінде оны Үкімет өз бақылауында ұстайды. Үшіншіден, әр ауылдың аумағында нақты радиустың ішінде жайылым жер ешкімге жалға берілмейді деп нақты жазылған.

Сонымен қатар, шекаралық белдеу және шекара аумағында орналасқан жер телімдерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктердің үлесі бар компанияларға жалға беруге тыйым салынады. Сондай-ақ, шекаралық белдеуде орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері жеке меншік тұрмақ, жалға да берілмейді. Ал енді кей өңірлердегі жергілікті халық сол жерлерге мұқтаждығы туса, онда жайылым, шабындық ретінде ғана пайдалануға рұқсат етіледі.


Мұхтар ТАЙЖАН, 

Б.Тайжан атындағы қордың президенті:



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу