Жетістіктер жобасы

​Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қазақ елінің көрнекті әйелдері: Арман алға жетелеп» және «Жетістік энциклопедиясы» атты кітаптардың тұсау кесер рәсімі өтті.
Егемен Қазақстан
04.04.2017 3126
2

Шараға мемлекет пен қоғамның барлық маңызды салаларында табысты еңбек етіп жүрген ер-азаматтар мен даңқты әйелдер қатысты. Кітаптың мазмұны тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу жолында аянбай еңбек сіңірген азаматтардың өмірбаяндық тарихы мен портреттік галлереясымен толыққан. 

Жиында сөз алған идея авторы Гуля Бабулова аталмыш жоба ары қарай жалғасын табуы мүмкін екенін айта келіп:

– 2014 жылы «Жаңа дәуір. Табыс Коды» жобасын бастаған болатынбыз. Бүгін екінші, үшінші кітабын жарыққа шығарып отырмыз. Президентіміз Н.Назарбаевтың «біз жаңа қаһармандарды жасауымыз керек» деген сөзін естіген бойда, осындай жоба жасасам қайтеді деп ойланып қалдым. Ақыры идеяны жүзеге асырып, қоғамның әр саласында қызмет ететін түрлі адамдар туралы естеліктерді бір топтамаға жинадық. Олардың әрқайсысы өз еңбектерімен биікке көтерілген, ел мүддесіне қызмет етіп жүрген жандар. Шын мәнінде, ондай үздіктер өте көп. Жобаны жасау кезінде қаншама жайсаң жандармен танысып, табысып кеттік, – деді. 

Ұлттық музейге жиналған бүгінгі қаһармандар ерлігі мен еңбегіне тоқталып өткен ол, көпшілікке ұсынылып отырған энциклопедиялық жинақтың маңызы мен мақсаты туралы айтып өтті:

−«Қазақ елінің көрнекті әйелдері: Арман алға жетелеп. Выдающиеся женщины Казахстана: Созидая мечту» кітабын шығарудағы басты мақсат – қазақстандық әйелдердің еліміздің тәуелсіздік алуы мен мемлмекетігімізді қалыптастыруға қосқан үлесі жайлы құжаттық куәлік қалдыру. Басылымға саясат пен бизнесте, қоғамдық өмірде, білім мен спортта, өнер саласында, білім беру және медицина саласында жетістіктерге жеткен әйелдер туралы очерктер енгізілген, – деді ол.

Кітапқа енген кейіпкерлердің бірі Сиязбек Далиев паралимпиада ойындарының чемпионы, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Өзінің айтуынша, 12 жасында ауыр жарақат алып, екі қолынан айырылған. 

«Басында өте қиын болды, – деп еске алады Сиязбек, – Жаттықтырушым мені үйрету үшін, алдымен өзінің қолын байлап тастап, жүзіп көрсетті. Мен суға батып кетем деп қатты қорқатын едім. Дегенмен бір апта ішінде жүзуді үйреніп алдым». 

Жарты жылға жетпей жүзуге әбден төселіп алған Сиязбек қалааралық турнирлерде бақ сынап жүріп, жеңісті жолын ары қарай жалғастырды. 2011 жылы Араб Әмірлігінде өткен I Дүниежүзілік паралимпиада кезінде алтын медальға қол жеткізеді. Басылымда Сиязбек сияқты қоғам өмірінде белсенділігімен көзге түскен, отбасы мен балалар игілігі үшін үлес қосып жүрген қарапайым ел азаматтары ескерусіз қалмаған. Мысалы, қостанайлық Нұрлан Садықов пен жұбайы Қарлыға екеуі – көп балалы отбасы. Балалар үйіндегі он баланы бауырына басып, асырап-жеткізген екеуі, бүгінде жапырағын кеңге жайған мәуелі бәйтерекке айналды. 

3 мың данамен жарық көрген кітап Қазақстанның барлық кітапханалар жүйесіне таратылған.

Ая Өміртай,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу