Жетісу спорты неге жер бауырлады?

Облыс әкімі Амандық Баталов облыстық әкімдікте жиын өткізді. Жиынға «Жетісу» футбол клубы мен «Жетісу» әйелдер волейбол клубының жаттықты­рушылары мен спорт саласының басшылары қатысты.
Егемен Қазақстан
10.04.2017 12993
2

Күн тәртібінде бір ғана мәселе. «Жетісу» әйелдер волейбол командасы мен «Жетісу» футбол коман­дасының ойын нәтижесі талқыланды. Жиынды ашып, жүргізіп отырған өңір басшысы облыста спорт саласы көрсеткіштерінің төмендеп кеткендігін айта келіп, спорт басшылары мен жаттықтырушыларды сынға алды. Айта кетейік, волейболдан әйелдер арасын­да сынға түскен «Жетісу» командасы биыл ел чемпионатын үшінші орын көрсеткішімен аяқтаған болатын. Ал футбол командасы өткен жылы Премьер-лига сапынан бірінші лигаға түсіп қалды. Әр саланың өркендеп өсуіне дәйім қолдау білдіріп отыратын өңір басшысы спорт саласын да қаржыдан тарықтырған емес. 

Мәселен, 2017 жылға облыстық бюджеттен жалпы спорт саласына 6 млрд теңге бөлінген. Өткен жылы да қаражаттан тарықтырмағанын алға тартқан Амандық Ғаббасұлы сапасыз жұмыс көрсеткішінің себебі жайлы сұрады.

«Жетісу» кәсіпқой футбол клубына биылғы жылға облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары С.Тұрдалиев «Жетісу» футбол командасындағы бей-берекетсіздіктер туралы баян­дап берді.

– Сіздің тапсырмаңыз бойынша клубқа тексеру жұмыстары жүргізілді. Онда бірқатар заңсыздықтар анықталып, кінәлі адамдар жауапқа тартылды. 2010 жылдан бері жымқырылған қаржы көлемі 1,2 млрд теңгені құраған. Оның сыртында тек айыппұл төлеу мен сот шығындарына 980 млн теңге жұмсалды. 2015-2016 жылы бөлінген қаражат қарыз­дарды төлеуге жіберілді. Клубтың қатысуымен жиі өткен сот отырыс­тары команданың жаттығуы мен ойын өткізуі­не кері әсерін тигізді. Бүгінгі күнде барлық олқылық­тар орнына келтіріліп, жемқорлыққа тосқауыл қойылды, – деді ол.

Облыс басшысы бұл турасында клубқа басшы болып сайланған Серік Мұқановқа жаңа міндеттер табыстады. Ең бірінші, клубтағы қаржыға қатысты заңдылықтарды қатаң сақтап, биылғы маусымда бірінші лигадан Премьер-лига сапына қайта оралу міндетін жүктеді және 2018 жылы чемпионатта бестіктен төмен түспеуді тапсырды. Сонымен қатар, Амандық Ғаббасұлы клубқа Серік Мейірханұлының басшы болып келген себептері жайлы айтып өтті. Қазіргі кезде клубқа жақсы менеджер қажет. Бұл ретте С.Мейірханұлының мол тәжірибесі бар. Білігі мен біліктілігі сәйкес келгендіктен де оған осы жұмысты тапсырып отырғандығын тілге тиек етті. Ал футболшылармен жұмысты нағыз кәсіби футбол маманы Дмитрий Огайдың атқаратынын жеткізді. Ал волейбол командасының тізгінін Вячеслав Шапранға ұстатты.

Өңір басшысы жеті мәрте ел чемпионы, сегіз дүркін Қазақстан кубогын иеленген, әлемнің үздік 20 командасының қатарына енген команданың қатарынан екі жыл чемпиондыққа қол жеткізе алмауын қаржылық жағдаймен байланыстырмады. Бұл клуб басшысының жіберген олқылығы. Мұның бәрі жаңа құрам жинаудағы кемшіліктер мен жаттығу үдерісін дұрыс жолға қоймаудан және қатаң сұралмаудың салдарынан екендігін клуб директоры А.Шалқыбековқа қарата айтты. Мәселен, биылғы жылға әйелдер кәсіби клубына 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Қомақты қаражаты бола тұра сапалы ойыншылардың қамтылмауы команданың ойын нәтижесінің құлдырауына әкеп соққан.

Вячеслав Шапран бұған дейін де «Жетісу» волейбол командасын жаттықтырған. 2013-2015 жылдар аралығында жерлестеріміз ел чемпионы атағы мен кубокты қанжығасына байлаған еді. Тіпті 2013 жылы Азия чемпио­натында екінші орынды да иеленген. Кәсіби маманның командаға қайта оралуы волейбол командасы ойынының деңгейін көтереді деген сенім артылды. Осы орайда облыс басшысы В. Шапранға жаңа міндеттер жүктеді. Ұлттық құраманың негізгі базасының Алматы облысында болуы керектігін және Ұлттық құраманың сапына кіретін ойыншылардың басым көпшілігін «Жетісу» волейбол командасы ойыншыларынан жасақтауды жоспарлап, ол үшін үздік ойыншыларды команда құрамына тартуды тапсырды. Бұл ұсыныстың Қазақстан волейбол федерациясының басшылығымен келісілгендігін және оған бар жағдайды жасайтындығын жеткізді.

Жиын соңында облыста басқа да спорт түрлерінен көрсеткіштердің төмендеп кеткендігі жайлы әңгіме қозғалды. Ауыр атлеттеріміздің допинг дауына іліккендігі, қазақ күресінен чемпиондардың шықпауы, қысқы Универсиада ойындарына қатысқан спортшылардың жүлделі орынға қол жеткізе алмағандығы қатты алаңда­татындығы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Т.Шарапиевке қарата айтылды. Облыс басшысы «Спорт саласына қолайлы жағдай туғызып, жас жеткіншектердің оқу-жаттығуына жан-жақты қамқорлық жасап отырмыз. Жаңа есімдер шығуы үшін резервтер дайындауымыз керек. Олардың спортпен үздіксіз шұғылдануы сіздің негізгі жұмысыңыз болып табылады», дей келе жоғарыда айтылған сыннан нәтижелі қорытынды шығару қажеттігін шегелеп тапсырды.

Ришад Тұрғанбаев,

журналист

Талдықорған


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу