Жетісуда жұмыс жүйелі жүріп жатыр

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасы бойынша Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаев Мемлекет бас­шысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­­дауында және «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттердің жүзеге асырылу барысымен танысу, сонымен қатар Үкіметтің еліміздің әлеуметтік-эко­номикалық дамуы бойын­ша атқарып жатқан жұ­мыстарын түсіндіру үшін Алматы облысына жұмыс сапарымен барды.
Егемен Қазақстан
02.05.2017 1768
2

Премьер-Министр ауыл ша­руа­­шылығы және индус­трия­лы­қ кәсіпорындарда, инфра­құры­лым­дық нысандарда, білім және медицина мекемелерінде болды. 

Премьер-Министрдің жұмыс кестесіндегі басты шаралардың бірі аймақтағы қоғам өкілдерімен және бизнес-қауымдастықпен кездесу болды.

Бірінші кезекте Бақытжан Сағынтаев Талдықорған қаласын­дағы әуежайдың авиация­лық қауіп­сіздігі қызметінің жұмысын тексеріп, ұшу-қону жолағына, аэровокзал ғимаратына  жүргізілген реконструкциялау мен әуежайдың жаңа авиарейстерді дамыту бойын­ша перспективалары туралы баян­даманы тыңдады. Сонымен қатар, Премьер-Министрге аймақ­тың туристік әлеуетін артты­ру мақ­сатында Үшарал қаласында салынып жатқан аэровокзал құры­лысы туралы баяндалды.  

Қазіргі кезде Талдықорған әуе­жайында жылына 26 мың жолаушыға қызмет көрсетіліп, 600 авиарейс ұшырылады. Әуе айлағының қазіргі аэродромдық мүмкіндіктері Boeing-757, Ил-76, ТУ-134, Челленджер-850, АН-24, ЯК-40 типіндегі ұшақтарды қабыл­дауға мүмкіндік береді.

Талдықорғанның әуе айла­ғы Жетісудың әлеуметтік-эконо­микалық дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет астанасына қатынап жатқан рейстермен қатар, мұнда ел өңірлеріне бағытталған әуе қа­тынастары да даму үстінде. Жа­қын арада Өскемен мен Ресей Фе­дерациясының қалаларына әуе рейстері ашылады. Өңірішілік маңыздағы дамыған бағыттарды есепке ала отырып, жаппай демалыс орындарына – Алакөл көліне  Қазақстанның өзге облыстары мен көрші елдерден туристердің көптеп келуіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев АӨК-ті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуымен және инновациялық технологияларды қолданатын шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров облыстағы АӨК-ті  және қант қызылшасын, суармалы егіншілікті дамыту, сонымен қатар, сервистік-дайындау цехтарын құру бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады.

«Нам Г.Н.» шаруа қожалы­ғы­ның үлгісінде Бақытжан Сағын­таевқа суармалы егіншілікте жаңа технологиялардың қолда­нылуы туралы әңгімелеп берді. Бұл шаруа­шылықтағы суармалы жер көлемі 75 га, оның ішінде 25 га жерде қант қызылшасы, 30 гектарға картоп өсіріледі, қалған жерлерге соя және күздік бидай егіледі. 20-ға жуық жұмыс орындары құрылған.

Аймақта алғаш рет 10 га қы­зылша өсіру аумағында тамшылатып суарудың израильдік технологиясы эксперимент түрінде қолға алынады. Диқандар осылайша қызылша түсімінің артуы­на қол жеткізеді, ол аталған шаруа­шылықта аймақ бойынша орташа деңгейден жоғары және жылына 600 центнерді құрайды.  

Алматы облысында қант қы­зылшасын өңдейтін Жетісу­дағы аса ірі Ақсу зауыты іске қосыл­ған. 2017 жылы аймақта қант қы­зылшасы егілетін аумақты 9 мың гектарға дейін арттырып, 30 мың тонна қант алу жоспарланып отыр. Бұл облыс халқын 84%-ға өз қантымен қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді, сол сияқты 2017-2020 жыл­дарға арналған АӨК дамытудың мем­лекеттік бағдарламасының міндет­теріне сай келеді.  

Облыста 2017 жылы АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 33,6 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражаты қарас­тырыл­ған, оның ішінде субсидия көлемі – 24,9 млрд теңге. Биыл 111 ауылшаруашылық коопе­ративтерін құру жоспарланып отыр.

Бақыт­жан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде өңір жұртшылығымен облысты одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту, сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бә­секеге қабілеттілік» атты Жол­дауы мен «Болашаққа бағдар: қо­ғам­дық сананы жаңғырту» бағ­дар­ламалық мақаласында алға қойған міндеттерін іске асыру мә­селелері жөнінде кездесу өткізді.

Қатысушылар кездесу аясында өңірді дамытудың өзекті мә­селелерін талқылады, солардың ішінде: кәсіпкерлікке, денсаулық сақтау мен білім беру саласына қолдау көрсету, жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысы, сон­дай-ақ, облыс жұртшылығын толған­дыратын өзге де мәселе­лерді тал­қылады.

Премьер-Министр өңір жұрт­шылығымен кездесуде Үшінші жаңғыртудың табысты болуы тек материалдық-техникалық ресурс­тарға емес, бірінші кезекте,  адами капиталға байланысты екенін атап өтті. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын құрып, мамандарды оқыту мен қайта оқытуға ерекше назар аудару қажет.  Таяу болашақта өңірде оңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болады, осы себепті, жергілікті билікке кадрларды қазірден бастап дайындай беру керек.   Кездесу барысында Б.Сағынтаев Үкіметтің әрі қарай да бизнес-ахуалды жақсар­тып, кәсіпкерлерге қаржылай және заңнамалық тұрғыдан қолдау көр­сетіле беретініне екпін түсірді.  

Кеңес барысында Алматы облысының әкімі А.Баталов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Білім және ғылым министрі Е.Са­ғадиев, Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек және Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов сөз сөйледі.

Сондай-ақ, кездесуде облыс­тық Ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Е.Келемсейіт, «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС бас директоры А.Матюков, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті А.Оразалы, «Ескелді» ӨК басшысы С.Сариев, Облыс­тық қоғамдық келісім кеңесінің төр­ағасы О.Жақиянов, «Нүсіпов және К» ЖШС директоры Қ.Нүсіпов, Іле ауданының М.Мақатаев атын­дағы №13 орта мектебінің директоры Ғ.Нәдірбекова, «Огни Алатау» облыстық газетінің бас редакторы А.Идигов сөз сөйлеп, сұрақтар қойды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, ел Үкіметі өндірісті әртараптандыру, жаң­ғырту, экспорт көлемін ұлғайту және инвестициялар тартудан тұратын экономикалық өсім­нің жаңа үлгісіне ауысудың кешендік жұмыстарын жүргізуде. Осының бәрі ел экономикасының өсімін жыл соңына қарай 5-6% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп жоспар­лан­ған.

Үкімет аталған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін өз жұмысын бес бағытқа жұмылдырады, олар: жаппай кәсіпкерлікті дамыту, өнімді жұмыспен қамту мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, цифрлы экономика мен салалық жобаларды дамыту.

Үкімет жұмысындағы ма­ңызды бағыттардың бірі – құры­лыс секторын дамыту. Соған орай Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынды, оның аясында таяу 15 жылдың ішінде 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген. Сондай-ақ, аграрлық секторды дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді, бұл сала Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс.

Үкіметтің алдында тағы да бір маңызды міндет – еңбек нарығын жаңғырту мәселесі тұр. Ол өндірістің барлық түріне заманауи технология­ларды енгізуге негізделеді. Бұдан өзге, Президент Н.Назарбаевтың тап­сырмасы бойын­ша тегін кә­сіби-техникалық білім беру бағ­дарламасы қабылданды, ол жаңа кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда цифрландыру мен ақпараттандыру қағидаларына негізделген, денсаулық сақтау мен білім берудің жаңа жүйелерін қалыптастырудың кешенді жұ­мыстары жүргізілуде.

Барлық алға қойылған мін­деттерді іске асыру үшін Үкі­меттің, азаматтық қоғам­дас­тық­тың ұйымдасқан жұмысы қа­жет. Сондай-ақ, Алматы облысы тұр­ғындарының Мемлекет басшы­сының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жол­дауы мен «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағ­дар­ла­малық мақаласында алға қойған міндеттерін іске асыру мә­селесінде белсенді болуы маңызды.

Кеңес қорытындысы бойынша Б.Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға және облыс әкімдігіне көтерілген барлық мәселелердің шешімін бақылауға алуды тапсырды.

Нұрбол Әлдібаев, 

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу