Ол үшін қаланың батыс аймағындағы арнайы белгіленген жер телімдерін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтуды аяқтау үшін биыл инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында қазынадан 476,7 миллион теңге бөлініп отыр. Аталған қаражатқа ұзындығы – 14,2 шақырым кәріз желілері, 29,4 шақырым электр желілері салу жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстарының бас мердігері – «Қазбайлық Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазір 18,5 шақырым су құбыры және 10 кВт электр желілері құрылысы толығымен аяқталды. Жұмыс кестесі бекітіліп, 0,4 кВт желілерінің тіреулерін орнату бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың наурыз айына дейін Жезқазған қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға 2415 азамат өтініш берген.
Осы орайда, барлығы 144 пәтерлік төрт көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына қажет жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 47,7 миллион теңге бөлініп, мердігер іске кіріскенін айта кеткен жөн. Аталған жоба іске асқан жағдайда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде тұрған 2002 азаматтың тізімі де 1878 адамға қысқармақ.
Дархан Мұқан
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы
Пікірлер(1)
Жанар (20.03.2017 17:54:47)
Жақсы жаңалық. Былтырлары жаңа үйден пәтерлер берілген. Енді үй салатын жер берілсе, халыққа жақсы болар еді.
Жауап беру
Пікір қосу