Жол жүрісін қадағалаудағы оң өзгерістер

Қазір көшелерге көз жүгірт­сеңіз, жол-патрульдік полициясы көліктерін жиі көресіз. Бұл, бір жағынан, көңілге кәдімгідей үлкен демеу беретіні рас. Өйткені, жол-патрульдік полициясына тек жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау секілді маңызды міндеттер жүктелгенін ұмытпаған жөн.

Егемен Қазақстан
24.01.2017 21
3

Мұндай полиция бөлімшелері 2013 жылы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақ­сатында құрылған болатын. Әрине, арада көп жыл өте қойған жоқ. Бірақ, ең басты мәселе, жол-патрульдік полициясын құру нәтижесі бұл істің өзін-өзі ақтайтындығын көрсетті. Ал бұлардың саны бұрынғы бір-бірінің ісін қайталайтын бірқатар қызметтердің басын қосу арқылы арттырылған болатын. Сөйтіп, кезек­шілікке шығатын полиция жасағы да көбейе түсті. Енді жұрт­шылықтың бір байқағаны, олар осы қимыл-әрекеттері арқылы кез келген құқық бұзушылықтарға байланысты түскен дабылдарға орай тез қимылдап, көптеген қылмыстың ізін суытпай ашуға септесін болады екен. Соның нәтижесінде, дер кезінде ашылған қылмыс саны 6,9 пайызға артса, жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтау 7,7 пайызға өсіп отырған көрінеді.

Әрине, мұндай үлгілі үрдіс біздің ел тәжірибесіне соңғы жылдары ғана еніп отырғаны белгілі. Мұндай озық қызмет түрі өркениетті елдердің бірқатарында баяғыдан бері жүзе­ге асырылып келеді. Сондықтан, олардың көп жылғы жұмысында жеткен жетістіктеріне сай оны үлгі етіп алу көше тәртібін қадағалауда белгілі бір тиімді нәтижелерге нақты қол жеткізуге деген ұмтылыстан туындағаны түсінікті. Мәселен, оған дәлел, өткен жылы қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс­тар саны 3,2 пайызға азайса, соның ішінде көшеде орын алатын құқық бұзушылықтар 4,1 пайызға төмендеген. Сол сияқты, қазіргі кезде елімізде көлік саны жыл сайын емес, ай сайын көбейіп отыр. Бәрін айтпағанда, осы соңғы төрт жылда елімізде түрлі көлік түрінің қарасы айтарлықтай артқанына қарамастан, керісінше, жол апаты азая түскені де байқалды. Міне, мұны да көліктердің ортасында жүріп, жүргізушілердің жол ережелерін бұзбауын мұқият қадағалау арқасында жеткен жетістік дейміз. Қоғамға нақты керегі де осы емес пе?

Жоғарыда жол-патрульдік поли­циясы 2013 жылы ғана пайда болды дедік. Ал осы жылға дейін жол-көлік оқиғалары (ЖКО) 65 пайызға өскен екен. Соның ішінде жол апаты салдарынан опат болғандар саны 0,5 пайызға, жарақаттанғандар саны 71 пайызға артып кеткен еді. Жол-патрульдік полициясы қызметі өз міндетін орындауға кіріс­­сімен, яғни 2014 жылдың қоры­тын­дысына көз салсақ, ЖКО 13 пайызға қысқарған. Апат салдарынан қаза болғандар саны 15 пайызға азайса, жарақаттанғандар саны да 13 пайызға төмендеген. Сол сияқ­ты, былтыр жол апатынан қазаға ұшы­рағандар саны 3 245-тен 2 390-ға дейін кеміпті. Демек, жол-көлік оқиғаларының біртіндеп болса да азаюы – күшейтіле түскен бақылау нәтижесі екені анық.

Міне, енді сол 2013 жылдан бері қарайғы біздің еліміздегі жоғарыда айтылған тәжірибе нәтижесін ескере келе, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап жол қозғалысын қадағалау түгелдей автопатрульдеу тәсіліне көшті. Оған қоса, тағы бір жаңалық, құқық бұзушылықты автоматты түрде тіркеу жүйесі ен­гізілді. Ал бұған дейін осы жүйе ар­қылы тек жол қозғалысы ережесін бұз­ғандар ғана анықталатын.

Мұндай бақылау мен ізгілен­діру ісінің жақсылығы ұштаса келе, полиция қызметкерлері ала таяқты да ұстамайтын болды. Жүр­гізушілердің жүйкесіне тиетін ала таяқтың орнына басқа тәсілдер­дің қолданылуы да өркениеттілік­тің бір көрінісі екені анық. Осы ар­қы­лы жүргізушілердің де өзара бір-біріне деген сыйластығы, тәртіп­ке, заңға деген құрметі арта түседі деп ойлаймыз. Сол секілді, көлік құралдарын тоқтату патрульдік автокөліктегі арнайы дыбыс және жарық көмегімен де іске асыры­лады. Ал кейбір жағдайларда көлік құралдары қолмен белгі беру кезінде бір мезгілде ысқырық үнімен де тоқ­татылады. Демек, енді жол поли­циясы қол көтергенде оны жаман­дықтың емес, жақсылықтың белгісі деп ұғайық, ағайын!

Александр

ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Асықтан төсеніш пен ойыншықтар жасайды

17.01.2019

Оралда «Автобус» жедел шарасы өтуде

17.01.2019

27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді

17.01.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

17.01.2019

Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды

17.01.2019

СІМ мен Ауылшаруашылық министрлігі инвестициялар мен экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайтуда

17.01.2019

Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты

17.01.2019

Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)

17.01.2019

Үшінші мегаполистің төрт ауданында әкімдер тұрғындар алдында есеп берді

17.01.2019

4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер бар

17.01.2019

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

17.01.2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

17.01.2019

Қостанайда тергеуші кісі тонаушыны қылмысы үстінде ұстады

17.01.2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

17.01.2019

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

2250 әскери қызметші жеңілдікпен пәтер сатып алды

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу