ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Егемен Қазақстан
11.01.2010 2022
Павлодар қаласының әкімі Бақытжан Жоламановпен әңгіме – Бақытжан Төлежанұлы, сіз әкім болып келген уақыт Елбасының тапсырмасымен бас­тал­ған “Жол картасы” бағдарламасына дәл кел­ді. Бағдарлама қала бойынша қалай жүйеленіп, қалай орындалуда? – Еліміздің өркендеуі үшін Үкіметте қа­былданған бағдарламалардың бәрі де орындалу үшін жасалды. Әрине, “Жол картасы” бағ­дар­ла­масын жүзеге асыруға бәріміз де белсенді үлес қосудамыз, сондықтан толық сенімдімін. Бүгінгі күні облыс орталығында осы бағдар­ла­маға орай 123 нысанда құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны іске асыру қаланың білім беру, әлеуметтік қор­ғау, мәдениет және спорт нысандарын, сондай-ақ, қала көшелерін, аулаішілік жолдарды жөндеуде, тұрғын үй-коммуналдық сала құры­лымдарын сақтап қалуға үлкен көмегін тигізіп отыр. Мысалы, қаланың су-жылу, электрмен жаб­дықтау және кәріз жүйелерін қайта жарақ­тандыру және Лермонтов, Димитров көшеле­рін­дегі кәріз коллекторы, сонымен қатар, 61 ауланы көріктендіру бойынша, автобекет аумағын, Конституция алаңын және қаланың 4 скверін көріктендіру бойынша жұмыстар қазір аяқталып та қалды. Жаз бойы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде облыс орталығындағы 78 мектеп пен балабақша, кітапханалар, “Ко­лос” балалар мәдени орталығы, “Космос” жас­тар үйі, “Шымыр”, “Толқын” бассейндері, “Зе­леная роща” шаңғы роллерлі базасы, “Жұлдыз” стадионы толық жөндеуден өтеді. Бұл нысан­дар­дағы жұмыс мерзімі мен құрылыс сапасы қатаң бақылануда. Осы мақсатта қа­ла­лық әкімдікте құрамында қала әкімінің орын­басарлары, қалалық мәслихаттың депутаттары және “Нұр Отан” партиясының өкілдері бар ар­найы топтар құрылды. “Жол картасы” бағдарламасы арқа­сында қаланың тұрғындары еңбекке араласып, 6685 жаңа жұмыс орны құрылды. – Облыс орталығына қарасты қала айна­ла­сында тұрса да проблемалары қордаланып қалған Мойылды, Жетінші ауыл, Шәукен, Кенжекөл сияқты ауылдар бар. Мысалы, Мойылды ауылында 100 бүлдіршін бар, оларға балабақша керек дегендей... – Әрине, бұл ауылдарға бірнеше рет бар­дым. Мойылдыдағы суды тазарту кешенді блок-модулін іске қостық. Қазір ауыл тұр­ғын­дарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Ендігі мәселе осы ауылдағы көп қа­батты үйлерді жылумен қамтамасыз ету болып тұр. Қалған ауылдарға да, мысалы, жергілікті жұрт Жетінші ауыл атап кеткен Қазанғап би бабамыз өмір сүрген Павлодар-Астана жолы бағыты бойындағы ауылға “Жол картасы” бағдарламасы бойынша қаражат бөлініп, оның ішінде күрделі жөндеуге, көріктендіруге және балабақшаның аумағын көгалдандыруға 10,4 млн. теңге, мектептерді жөндеуге 10,9 млн. тең­ге, сыртқы жарықтандыру электр желілерін жөн­деуге 21,9 млн. теңге бөлінді. Бұл ауылға қазір жаңадан әкім тағайындалды. Облыс орта­лығының атауымен аттас Павлодар деген де ауылымыз бар. Осы жерде Қасым қажының атындағы мешіт бар, әрі қарай жергілікті ақса­қалдар жыр етіп айтып берген өткен тарихтың шежіресіндей болып Шәукен бай өмір сүрген Шәукен құмы, Шәукен ауылы жатыр. Бір жақсы жаңалық — осы ауылда өткен қыркүйек айында 420 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Балабақша үйіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл жолдары да ретке келіп қалды, жаңадан бой көтерген тұрғын үйлерге жарық өткізілуде. Алдағы уақытта жоспарға сай ауыл тұрғын­дары­ның әл-ауқатын көтеру үшін дәрігерлік амбу­ла­торияның жаңа ғимаратын, балабақша салу, ауыл клубын жөндеу қажет екенін білеміз. Ал, бүған дейін Кенжекөл ауылында электр жарығымен жабдықтау және ауыз су бойынша мәселелер бар болатын. Ауылдық округте жаңадан салынған тұрғын үйлерді электрмен жабдықтауды кеңейту бойынша арнайы жоба әзірлеп, ауылды қаланың орталық су жүйесімен жабдықтау жұмыстарын аяқтауға тапсырма берілді. – Қаланың осы ауылдық аумағының өзі азық-түлік белдеуін құруға сұранып-ақ тұр­ғандай... – Бұл жерде негізінен облыс орталығына жақын орналасқан Павлодар ауданы және Ақсу қалалық ауылдық аумағы көкөніс өсірумен шұғылданады. Жыл сайын картоп, қырыққабат, қызылша, сәбіз, басқа да көкөністермен қала тұрғындарын қамтамасыз етіп отырады. Ал, біздің қалаға қарасты ауылдарымызда мал же­те­ді, қазір ірі қара мал басының саны 9,5 мың­ға жетті, қой мен ешкі 11,2 мың басты, жылқы 1,5 мың басты құрап отыр. Құс саны 35,4 мыңға жетті. Ауылдарымыз жыл сайын жұмыртқа, сүт пен ет өндіруде. – Биыл облыс орталығы, әкімдіктердің маңайы түгелдей гүлге толды десе де болады. Тіпті, қала тұрғындары “Жол картасы” деген гүл егу деп ұғып қалып жүр. – Жаздыкүні облыс орталығын көгал­дан­ды­ру тәжірибесін алмасу мақсатымен біздің қаламызға Астанадан делегация келіп кетті. Олар жаңа технологияларды, қазіргі заманға сай техниканы қолдану бойынша сөз қозғады. Бүгінде “Астаназеленстрой” акционерлік қоғамы, жергілікті ИНЕУ жоғары оқу орны оқы­тушыларының ұсыныстары бойынша біздің қаламызды көгалдандыру мәселесінің жаңа тұжырымдамасы мен жобасы әзірленуде. Жыл сайын студенттік еңбек отрядтарымен және мердігерлік ұйымдармен көгал алаңдарын жаңарту мен жөндеу орындалды деп есеп береді. Щедрин, Қамзин, Катаев, Шөкин, Марғұлан, Пахомов, Ленин көшелері бойынша көгал алаңдарын жаңарту жөнінде жұмыстар биылғы жылы орындалады. Қаныш Сәтбаев, Кутузов, Ленин, Жеңіс сквері, Торайғыров көшелері бойынша көгал алаңдары жөнделіп жатыр. Сонымен қатар, қалада қылқан жапы­рақ­ты және жапырақ тұқымды ағаштар, жаңа технология бойынша ірі талдар жер топыра­ғы­мен отырғызылады. Өткен жылы 900-ге жуық жер топырағымен ағаш отырғызылды, Усолка шағын ауданында қоршау ретінде бес мыңға жуық қарағаш отырғызылды. Мектеп, ПИК, балалар және емдеу мекемелерінің өтінімі бой­ын­ша мекеме аумақтарына отырғызу үшін 4677 дана ағаш­тар мен бұталар әкелінді. Өткен жылы қала көшелері мен скверлерінде 12 700 шаршы метр жерге ашық түсті біржыл­дық оюлы композиция түріндегі гүлзарлар отырғызылды. Қаланы көгалдандыру үшін біржылдық гүлдер отырғызылады. Себебі, олар­дың гүлдену мерзімі ұзақ. Көпжылдық гүл­дер­дің көпшілігінде гүлдену мерзімі аз уақыт, сондай-ақ гүлзарлар жылдың суық уақытында тапталып қалатын қоғамдық жерлерде орна­ласқан, сондықтан оларды көп қолдана қой­маймыз. – Қаптаған өндіріс орындары шоғырланған облыс орталығында дағдарысты еңсеруге орай қандай шаралар жасалуда? – Елбасы дағдарыс салдарын жеңуге бағыт­талған және еліміздің осы сынақтан аман-есен шығып кетуі үшін, одан кейінгі экономикалық өрлеу, өсу бойынша бірнеше міндеттер жүктегені белгілі. Өнеркәсіп орындары 2009 жылдың алғашқы жарты жылдығында 143,4 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Бұл күндері осыған орай облыс орталығында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы 17 индус­трия­лық-инновациялық бағдарлама іске асы­рылуда. Негізгі капиталға инвестициялардың тартылуы 28,2 млрд. теңгені құрады, бұл – 2008 жылдың деңгейінен 1,2 % артық. Бұл күндері облыс орталығында 9 индустриялық жоба жүзеге асты. “Қазақстанның 30 корпоративті көш­бас­шысы” бағдарламасы шеңберінде электролиз зауытының екінші кезегінің құрылысы жал­ға­су­да. Екінші серпінді жоба – Павлодар химия зауыты базасындағы “Каустик” акционерлік қоғамында шығарылатын хлор-сілті өндірісі болып табылады. Ірі жобалардан басқа шағын және орта бизнеске де ерекше көңіл бөлінеді. Қаланың шағын кәсіпкерлік саласында 18,4 мың кәсіпкерлік субъектілер бар болса, мұнда 35 мың адам жұмыс жасайды. Тұрғын үй құрылысы жалғасуда, өткен жылы жалпы ауданы 37,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Облыс орталығындағы, Павлодар ауылындағы және қаладағы 420 орын­ға арналған мектеп, Кенжекөл ауы­лын­да­ғы балалар ауылы құрылысы аяқталды. Мек­тепке дейінгі балалар ұйымдарындағы бала орнының тапшылығын төмендету мақсатында өткен жылы қалада 6 балабақша қайта жөн­деліп, қолданысқа берілді. Бүгінде жаңа жұмыс орнын ашу мен сақтау, тұрғындардың нақты кірі­стерін сақтау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда. “Жол картасы” бойынша 6685 жаңа жұмыс орны құрылды, инвестициялық жоба бойынша өнеркәсіпте 5072 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қалада 2048 жаңа жұмыс орны ашылып, 5 мың азаматты жұмыс­қа орналастыру мүмкіндігі туды. Қала тұр­ғын­дарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. 2009 жылы осындай 29 жәрмеңке өткізіліп, шамамен 200 млн. теңге сомасына ауылшаруашылық өнімдері сатылды. – Бақытжан Төлежанұлы, көше бойына қойылған қазақтың ырымында жоқ сап-сары сиырдың, ала-құла жылқының, құмыра, арба­ның, құдықтың қазақы қауымның қаншалықты ренішін тудырғанын жақсы білесіз. Көшелерде қазақ тілінде жарнама, хабарландырулар деген мүлде кездеспейді. Алдағы уақытта солтүстік өңірдегі облыс орталығын қаншалықты қазақы, ұлт­тық нақышта әрлендіріп, біртуар ағалары­мызға ескерткіштер тұрғызуға үлес қоса аласыз? – Осы жуырда ғұлама ғалым Қаныш Сәт­баевқа ескерткіш орнатамыз. Алдағы уақытта сап-сары сиырдың, ала-құла жылқы, құмыра, арбалардың орнына ұлттық нақыштағы асық, түйе, қой, жылқы сияқты қазақ ұғымында сақ­талған төл дүниелерімізді жасап орналастыру үшін қалалық сәулет бөліміне тапсырма берілді. Бұл күндері Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының ауласы “Жол картасы” бағдарламасы аясында жөнделді. Қа­зақ қауымының енді осы жерден Аймауы­тов­тың ескерткіші орын алса деген тілегін де естіп жүрміз. Әрине, өткенге ескерткіш орнату біздің парызым саналады ғой. – Қыс қатты болып тұр. Проблема туындап жүрмей ме? – Қаланың тұрғын үй қорында 1314 көп қабатты тұрғын үй бар. Қысқы мерзімге тұрғын үй қорын уақытылы және сапалы дайындау мақ­сатында жаз айларында-ақ қалалық әкім­дікте штаб құрылды. Апта сайын қаланың бар­лық коммуналдық қызмет саласы басшы­лары­ның қатысуымен жоспарланған жөндеу жұ­мыстары мен оларды жүргізуге кететін шы­ғын­дар, дайындық мәселесі мен проблемаларын қарастыратын 24 рет штаб мәжілістері өткізілді. Сондықтан, қала қысты қысылмай өткізіп жатыр деп айта аламын. Қалалық жылу желілеріне, су құбыры желілеріне, кәріз желілеріне күрделі жөндеу жасалынды. Жөндеу жұмыстарын кесте бой­ынша “Павлодар жылу желілері” акционерлік қоғамы, “Павлодар-Водоканал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізді. Әңгімелескен Фарида БЫҚАЙ.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

16.11.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен ел біріншілігі өтті

16.11.2018

Атырауда жүргізушілер мен автобус жолсеріктерінің жалақысы екі есеге өсті

16.11.2018

Тұқым шаруашылығын дамытуға инвесторлар 25 млн $ қаржы салады

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу