КОЛУМНИСТЕР

Нантепкі

Қазір қоқыс контейнерінің қасынан өтсеңіз, шашылып жатқан нанды көресіз. Табаныңыздың астында тапталып жатады. Байқамай басып кетсеңіз, бойыңызды бір ыңғайсыздық билейді. Бала кезінен ата-әжелерінің құлаққа құюымен нанды қадірлеп өскен ұрпақ арамызда. «Нан қиқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар, теріп алып қастерлеп, торғайларға тастаңдар» деген тақпақты тақылдап айтып өскен буын да белорта жасқа келді. Сондықтан нанды дастарқанда шашпауға, аяқ астында жатса баспауға тырысамыз. Бұл жазылмаған заңдылық. Тіпті нанды бір қолмен бөлу де бізге әбес көрінеді. Бұл ерсі қылықтан бір керенаулық, астың қадіріне жетпеушілік көргендей боламыз. Ендеше нан үзімі, кейде тіпті тұтас бөлке неге қоқыс жәшігіне тасталады, неге аяқ астында жатады? Нантепкі заман деген осы болар, бәлкім?!..

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

30.08.2018 130

«Ақылды қоғам» құрылар ма екен?

Бұрын «ақылды» деген сөз адамға ғана қатысты айтылушы еді. Сонан кейін кейбір жағдайларда адамның серігі саналатын жылқы мен итке қатысты «ақылды жануар», «есті хайуан» түрінде аздап қолданылып қалатын. Ал енді қазір қарасаңыз, жылдан-жылға қарқын ала түскен жаңа технологиялардың дүмпуі нәтижесінде «ақылдылар» қатары көбейіп келе жатқандай. Мәселен, әлемде «ақылды фермалар» пайда бола бастады. Бұл үдерістің соңы «ақылды ауыл шаруашылығын» құруға алып келмек. Сарапшылардың пікірінше, «ақылды фермалар» құрамына кіретін жан-жануарлар да болашақты ақылды бола түсуге тиіс. Өйткені тірі жануарлар құлағына орнатылатын чип арқылы басқарылып, бірте-бірте технологиялық жүйе ішінде тіршілік ету тәртібін қабылдайтын болады.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

27.08.2018 93