КОЛУМНИСТЕР

«Біреу тойып секіреді...»

Қасиетті Құран Кәрімде: «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар. Шын­­дығында, Алла Тағала ысырап қы­лушыларды сүймейді», – делінген [Ағраф сүресі 31 аят]. Құлқынның құды­ғына құмығып, ысырап етушілерді Жа­ра­тушы иеміздің өзі жаратпайтынын, «Құт­қаратын үш нәрсенің бірі – бар кезде де, жоқ кезде де, байлықта да, кедей­лікте де үнем­деушілік» (Бәйһақи) екенін ислам ғұла­малары жазбаларынан жиі кездес­тір­генімізбен, қазіргі дүниенің кепиетіне қарап тұрсаң, кейде соны қапысыз орын­дауға адам баласына Ұлы Абайдың: «Бес асыл іс» өлеңіндегі:  «Өсек, өтірік, мақтаншақ,   Еріншек, бекер мал шашпақ –  Бес дұшпаның, білсеңіз...» деген қара­пайым ғана қағидасын көкейге қон­дыруы жетіспей тұратындай көрінеді.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

06.06.2018 2117