Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023
Тегін оқытады, жұмыссыз қалдырмайды
Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек екені айтылды. «Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Әсіресе техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн», деді Президент.
Білім • 13 Қыркүйек, 2023
Отандық колледж студенттері кәсіптік білім беру бойынша ұйымдастырылған EuroSkills Gdańsk чемпионатында үздік нәтиже көрсетті. Дәлірек айтсақ, олар екі медаль және төрт үздік медальон иеленді. Біздің құрама бұрын-соңды мұндай жетістікке қол жеткізген емес.
Тарих • 13 Қыркүйек, 2023
«Қош, Қандыбалағым! Қош, текті қыраным! Тәңірден келген құтты құсым болып ең. Талай жыл бір-бірімізге деген адал серттен айнымадық. Тағдырдың дәм-тұзы да бітуге жақындағандай. Түз құсындай еркін ұш, қанатыңның астына азаттықты ала жүр».
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023
Халқымызда қайраткерлігімен де, өнерімен де аңызға айналған ұлы тұлғалар жетерлік. Сондай біртуарлардың қатарында күй өнерінің абызы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы да бар. Мемлекет басшысы былтыр Атырау қаласында дарынды жастар үшін мәдениет және шығармашылық орталығын салуды, оны қазақ күй өнерінің алыбы – Құрманғазының атымен атауды ұсынған еді.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023
Түркістан Ясауи әлемімен жаңғырады
Қазір Түркістанды рухани және туристік орталыққа айналдыру бағытында едәуір жұмыс атқарылып жатыр. Алайда бұл күш-қуаттың барлығы Түркістанды материалдық тұрғыдан көркейтуге бағытталған. Жәдігер қаланың рухани қуатын көтеру бұдан артық болуы керек деп есептейміз. Мәселен, осы күнге дейін Түркістанға келген қонақтарға айтылатын экскурсиялық мәтін әлі сол өзгермеген күйі қайталанып келеді.
Сұхбат • 13 Қыркүйек, 2023
Ғалым АХМЕДЬЯРОВ: Жаңа маусымда ұлттық репертуарымыз артады
Он жылдық белесін табыспен тәмамдаған «Астана Опера» ұжымы күні кеше жаңа маусымының шымылдығын түрді. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің әйгілі «Абай» операсымен ашылған театрдың жаңа маусымда да жаңалығы мол. Өнер ордасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров театрдың алдағы жоспарын айтты.
Руханият • 13 Қыркүйек, 2023
Алаш жолын темірқазық еткен ғалым
Тарихшы, ғалым Әлімғазы Дәулетхан ағамыз туралы ойлаған сәтте ардақты Жағда Бабалықұлының есімі еске түседі. Мен бұл өмірімде ауыр тағдырды басынан кешкен, бірнеше империялық қысымның шеңгелінде болса да, ұлттық ұстанымын биік қойған, тек қана еңбек және күрес жолында еңсесін тік ұстаған екі адамды кезіктірдім. Бірі – Жағда Бабалықұлы болса, екіншісі – тарихшы һәм жазушы Әлімғазы Дәулетхан.
Алматы • 13 Қыркүйек, 2023
Kitap Fest Almaty: 5 мың кітап тегін таратылды
Алматыда Baurzhan foundation қоры ұйымдастырған Kitap Fest Almaty фестивалі өтті. Еліміздің халықаралық деңгейдегі алғашқы кітап фестивалі болып саналатын мәдени-бұқаралық іс-шара Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының, Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Ауқымды жобаның өткеніне көз жүгіртсек, 9 жыл ішінде ол шығармашылық кездесулердің негізгі алаңына айналып, онда авторлар мен баспалардың қатысуымен 200-ден астам кітаптардың тұсаукесері өтіп, жәрмеңкелерге 300-ге жуық кітап дүкені қатысқан. Жыл сайын кітап фестивалінің арқасында 5 000 кітап тегін таратылады.
Жәдігер • 13 Қыркүйек, 2023
Бабалар мұрасын түгендеген жоба
Қорқыт ата мұрасының ЮНЕСКО тізіміне алынуы мәңгілік өмірді көксеп, дүние тылсымын қобыз сарынынан іздеген ұлы ойшылдың адамзат тарихындағы орнын тағы бір жаңғыртып, жаңа ізденістерге жол ашты. Осы бағытта Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен «Қорқыт мұрасы және Сыр өңіріндегі бақсылық өнер» атты тарихи-этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды.
Сенат • 13 Қыркүйек, 2023
Жас сарапшылар клубы: Үлгі мен ізденіс
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздің экономикалық дамуының жаңа парадигмасын және оны іске асыру тетіктерін талқылады.
Театр • 13 Қыркүйек, 2023
Астанаға күз келді. Қоңыр күзбен бірге елорда театрлары да жаңа маусымының шымылдығын түруге қызу дайындық үстінде. Бас қаланың басты өнер ордаларының бірі – Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры XXXIII театр маусымының шымылдығын М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашады.
Мәселе • 13 Қыркүйек, 2023
Бұл мәселе айтылып жүргеніне 5 жыл болды. Мен Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында шаруа қожалығымен айналысамын. Киік мәселесіне қатысты біраз жайт бар. Осыған байланысты көптеген шаруа зардап шегіп отыр.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2023
Күндіз-түні егінімізді қорыдық
Жылда осы мәселеге тап боламыз. Алайда біздің жанымызды түсініп, жанайқайымызға құлақ түріп жатқан ешкім жоқ, өкінішке қарай. Менің егіс алқабым шеткері орналасқан. Киіктер менің жерімді таптап барып өтеді.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023
Киіктің шектен тыс көбейіп кетіп, егістік алқаптарына қауіп төндірген кезі кеңес заманында да болған. Ақбөкен анталап кеткен шақта аң шаруашылығының мамандары түнде АН-24 ұшағымен атып, тездетіп Қостанайдағы ет комбинатына жеткізіп беретін.
Жануарлар • 13 Қыркүйек, 2023
Кейінгі жылдары өңірдегі ақбөкен күрт көбейді. Төрт түлік малдың өрісі тарылып, егін еккен диқан бөкеннен бейнет шеге бастады.
Айбын • 13 Қыркүйек, 2023
Командирлер Алтайда біліктілігін шыңдады
Алтай өңірінде Ұлттық ұланның батальон командирлері оқу-әдістемелік жиынын өткізіп жатыр. Жиынның үшінші күні тактикалық ату дайындығы тақырыбы бойынша далалық жағдайда өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 13 Қыркүйек, 2023
Кеше Көкшетауға еліміздің барлық аймағында шахмат спортын дамытуды және насихаттауды мақсат еткен «Шахмат керуені» республикалық жобасының өкілдері келді.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2023
Әлем чемпионатындағы «тосын сый»
5-12 қыркүйек күндері Польшаның Быдгощ қаласында ұйымдастырылған шахматтан әйелдер арасындағы ІХ командалық әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеп, күміс медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасының шахматшылары елге оралды.
Сұхбат • 13 Қыркүйек, 2023
Ислам БАЙРАМУКОВ: Балуандарымыз әлі талай асуды бағындырады
Қазақстанның еркін күрес тарихында Ислам Байрамуковтың алатын орны ерекше. Ол 2000 жылы Сиднейде алауы тұтанған Олимпиадада күміс медаль олжалап, Азия ойындарында қола жүлде иеленді. Азия чемпионатында бес мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Сол жүлделердің 1-еуі алтын, 3-еуі күміс, 1-еуі қола. Жалпы, Исламды сегіз қырлы, бір сырлы азамат деп айтсақ та жарасады. Қарашай ұлтының өкілі қазақ тілін жетік меңгерген. Сөзге шешен, тілі өткір, ойы жинақы, өресі биік. Мақал-мәтелдеп сөйлегенде, тамсанбай тыңдамау мүмкін емес. Оның осы қасиеттерін біз теледидар арқылы байрақты бәсекелерден тікелей репортаж жүргізу барысында байқадық.
Денсаулық • 13 Қыркүйек, 2023
Сесі қатты топалаң (сібір жарасы) жұртшылықты қобалжытып тастады. Дерт ошағы пайда болған Жарқайың ауданында сібір жарасын жұқтырған адамдардың саны 14-ке жетті.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023
«Орал» компрессорлық стансасына «Қазақгаз» ұлттық газ компаниясының тұңғыш президенті, газ саласының еңбек сіңірген қайраткері Есет Рауатұлы Әзірбаевтің есімі берілді.
Парламент • 13 Қыркүйек, 2023
Рұқсатсыз қазба жұмыстарын біржолата тоқтату керек–депутат
«Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев Экология және табиғи ресурстар министріне, сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министріне, Бас прокурорға Түркістан облысының су қорғау аймақтары мен өзен белдеулерінің жер қойнауын пайдалану туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2023
Пікір • 13 Қыркүйек, 2023
Туризм мен тарихты тану үйлессе...
Байтақ Қазақстанда қасиетті, киелі жерлер баршылық. Бұл тұрғыда елімізде біле-білгенге шексіз мол қазына бар десе болғандай. Айталық, өңірлердегі Алтын Орда, Жошы ұлысы, Отырар, Сарайшық сынды тарихи орындарды «біздерде мынадай бар» деп жарқыратып көрсетсек, туристер ағылар еді.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2023
Бір күндік үзілістен соң «Испания Вуэльтасы» қайта жалғасты. 16 кезең әйгілі Льенкрес табиғи саябағынан бастау алып, Бехес қаласында өз мәресіне жетті.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2023
Сайлау саласында тәжірибе алмасуға дайын
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы доктор Фолкер Фробартпен кездесті. Кездесу барысында комиссия басшысы ұйымдар арасындағы тығыз ынтымақтастықты және ЕҚЫҰ басшылығымен тұрақты кездесулер жақсы тәжірибеге айналғанын атап өтті.
Парламент • 13 Қыркүйек, 2023
Мектепті діни ағымдардың ордасына айналдырмау керек – Е.Қошанов
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов мектеп оқушыларының хиджаб киюіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 13 Қыркүйек, 2023
Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде Қазақстанның теннисшісі Юлия Путинцева жақсы ойын өрнегін көрсетуде.
Жәдігер • 13 Қыркүйек, 2023
Алматы қаласында орналасқан Ұлттық кітапхананың сирек қорында Ахмет Байтұрсынұлының «Шаруалық өзгерісі» атты 107 беттен тұратын қолжазбасы сақталған. Мұра төте жазумен жазылған. Жазбада алаш қайраткерінің шаруашылық, экономика, мәдениет тақырыптарын зерттеп жазған көлемді еңбегі топтасқан.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.