Соңғы жаңалықтар
Жоба • 12 Қыркүйек, 2023
Үкіметте ҚХР бизнес капитандарымен өзара іс-қимыл алгоритмі және әлеуеті бар бірлескен инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленеді.
Форум • 12 Қыркүйек, 2023
New Media Forum: Қазақша контентке көзқарас қандай?
Алматыда алғаш рет Жаңа медиа форум өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен өткен талқылау алаңында медиа саласындағы білікті мамандар мен спикерлер «Жаңа цифрлық әлем тәртібі», «Медиа нарық эволюциясы», «Креативті индустрия және жаңа медиа», «Цифрлы кеңістіктегі жаңа медиа этикасы», «Медиа және технологиялар: ақпарат кеңістігінің трансформациясы» тақырыптары төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Сұхбат • 12 Қыркүйек, 2023
Бағдат МУСИН: Еліміз цифрландырудан Орталық Азияда көш бастап тұр
Цифрлық революция әлемдік экономика мен қоғамның келбетін өзгертіп-ақ келеді. Бұл ретте Орталық Азияның іргелі мемлекеті саналатын Қазақстан осы бір оң өзгерістердің жарқын мысалы бола алады. Өйткені біздің ел өңірдегі цифрлық даму саласының нағыз көшбасшысына айналды. Елімізде цифрлық экономика мен цифрлық қызметтердің дамуын ынталандыру үшін маңызды қадамдар да жасалып жатыр. Осы орайда биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмалар төңірегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат МУСИНМЕН әңгімелескен едік.
Әлем • 12 Қыркүйек, 2023
G20: Сауда дәлізі және Түркия мүддесі
Үндістанда өтіп жатқан G20 елдерінің саммитінде Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған «Үлкен жиырмалық» елдерінің жаңа сауда дәлізінің құрылысын салу жоспарын сынға алды.
Экономика • 12 Қыркүйек, 2023
Логистикалық компаниялармен байланыс
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын көліктік-логистикалық компанияға айналдыру – Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы. Таяуда тапсырманы орындау аясында Жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023
Тамыздың қорытындысы бойынша инфляция 13 пайыз болып, жыл басымен салыстырғанда (20 пайыз) біршама баяулағанына қарамастан тауарлар мен қызметтер әлі де қымбат. Jusan Analytics дерегі бойынша ел тұрғындары тапқан табысының 60-70 пайызын күнделікті шығындарына жұмсауға мәжбүр. Әрине, күнделікті шығын санаты да әр алуан. Біреу үшін ол тамақтану, киім кию болса, біреулер жалақысының басым бөлігімен несиесін жабады, қарызын өтейді.
Ұстаз • 12 Қыркүйек, 2023
Әзербайжандық ұстаздарды оқытты
Бакуде әзербайжандық мұғалімдердің үлкен тобына «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына қарасты Педагогикалық шеберлік орталығының сертификаты табыс етілді.
Әскер • 12 Қыркүйек, 2023
Батальон командирлері кәсіби деңгейлерін жетілдірді
Өскемен қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы оқу орталығының базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының 2023 жылға арналған негізгі іс-шараларының бекітілген жоспарына сәйкес желілік батальондар командирлерімен Практикалық дайындық бойынша бес күндік жиын басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пікір • 12 Қыркүйек, 2023
Сәбиімізді аулаға алып шыққанда көпқабатты үйдегі көрші балалармен таныса бастадық. 9-11 жастағы балалар бөпемізді қызықтай ма, әлде өздеріне көңіл бөліп әңгімелескенді ұната ма, әйтеуір маңайымызға жинала қалады. Олардың кейбір ойлары кәдімгідей ойландырады.
Мәдениет • 12 Қыркүйек, 2023
«Астана-Арена» стадионына жиналған жанкүйерлер футболдан Қазақстан құрамасы мен Солтүстік Ирландия командасы арасындағы матчтан кейін трибунадағы қоқыстың бірін қалдырмай жинап кетті. Осылайша, ойынды тамашалауға келген бір топ ерікті мен жанкүйердің игі ісі елді сүйсіндірді.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023
Заман құбылып барады. Байырғы халықтың мәдени келбеті уақыт шекарасынан шығып, бүгінгі субмәдениет өкілдері жаңа ереже қалыптастырды. Бұл үрдіс қоғамды ізгіліктен алыстатып, бүтін мемлекеттің болашағына балта шабуда. Әсіресе жастар жағы рухани тұрғыдан әлсіреп, қатыгездікке ұрынуда. Сондықтан да Жетісуда «Әдеп-тәрбие жөніндегі ментор» жобасы қолға алынды.
Руханият • 12 Қыркүйек, 2023
Қасиетті Түркістанның төрінде өткен Ұлттық құрылтайда елді елең еткізген бір жаңалық жария етілді. Сүйінші хабарды жеткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды. Бұл – еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға. Марал ишан барша қазаққа танымал адам болған. Ол – төл тарихымызда ерекше орны бар Кенесары ханның үзеңгілес серігі. Бұл Құран екі ғасыр бойы қолдан-қолға өтіп, ақыры шетелге шығарылған екен. Оны жанашыр азаматтардың, меценаттардың көмегімен Қазақстанға қайтарып алдық. Құранда Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі бар. Жәдігерге жан-жақты сараптама жасалды. Отандық және шетелдік ғалымдар Құранды мұқият зерттеді. Құранның, расында, Марал ишанға тиесілі болғаны және Кенесары ханға берілгені анықталды», – деді.
Поэзия • 12 Қыркүйек, 2023
Ұлттық ақын – жеке басынан төбеге озып, ұлттық ойлау жүйесіне жеткен, ұлтты сүю арқылы сол ұлттың өзіне айналған ақын. Шекспир, Пушкин, Гете, Лорка, Фрост – ұлттық ақындар. Әрбірін түсіну үшін олар туған халықтың салт-санасымен, фольклоры һәм дәстүр-ғұрпымен етене таныс болуыңыз қажет. Онсыз ұлтымен біте қайнасқан шайырлардың кұлпы ашылмайды.
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2023
Бір нәзік сәуледен басталған...
«Өңімде ме еді, түсімде ме еді?» деп майданнан Қасымның дауысы естілгенде елеңдемеген құлақ аз көрінеді. Майдан хаттары, ұрыс даласынан жеткен рухқа толы жазбалар, мөлтек сырлар кімдердің назарын аудармаған? Ол кезде қазіргідей тоқшылық жоқ, кеуделерді кекірттік алмаған. Бір-біріне сүйенісіп өмір сүрген тағдырлардың жан сарайында мейірімнен басқа не болсын? Сондай сынық көңіл, жетім жүрек жандардың көкірек көзін ашып, болмашы болса да сәуле түсіріп, шуақ шашқаннан артық не қасиет керек?
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2023
Жалғызілікті ана, қамкөңіл бала...
Ұмытпасам, 2000-жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде «XX ғасырдағы қазақтың үздік жүз әңгімесіне қай қаламгердің туындысын ұсынар едіңіз?» деген шағын сауалнамаға белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайып «Қажығали Мұханбетқалиұлы. Муратик» деп жауап бергені бар. Шынымды айтсам, оқушы кезімнен Қажығали ағаның шығармаларымен жақын таныс болсам да, дәл осы әңгімесін оқымаған екенмін. Бірақ Иран-Ғайып ағаның жауабы қатты қызықтырып, осы туындыны оқуға аңсарымды аударды.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2023
Мәселенің шешімін күтіп отырмыз
Маусым айының орта шенінде Арқалық өңіріндегі төрт мыңнан аса жайылымдық жер мен егістік алқабын киік жайлап алды. Жангелдин ауданында ақбөкеннен 8 мыңдай ауылшаруашылық мақсатындағы алқапқа зиян келді.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Павлодар қаласының әкімі тағайындалды
Павлодар қаласының әкімі болып Хасар Хабылбеков тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарымен мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2023
Ақбөкендер шаруаларды шаршатты
Ақтөбе облысының шаруашылықтары биыл жаз бойы егінге түскен киіктерден зардап шекті. Әсіресе Әйтеке би ауданындағы «Құмқұдық», «Бұлақ», «Еңбек-Agro» шаруашылықтарының егістік алқаптарына кейінгі екі айдан бері киіктер күндіз-түні шабуылдап жатыр.
Шаруашылық • 12 Қыркүйек, 2023
Тапталған егініміздің себепкері
Киіктің киесі бар секілді, жердің де өз иесі бар. Нұра – киіктердің Арқадағы мекені. Сол киелі аңның көптігі бір жағынан Нұрадағы шаруашылықтардың, біздің бас ауруымызға айналып отыр. Ақбөкендер егіс алқабын таптап, әжептеуір шығынға батырды.
Спорт • 12 Қыркүйек, 2023
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты аяқталды. Аталған жарыста Қытай құрама командасының мүшелеріне тең келер ешкім табылмады. Олар сарапқа салынған жеті бас жүлденің барлығын да олжалады.
Теннис • 12 Қыркүйек, 2023
Нью-Йоркте өткен АҚШ-тың ашық біріншілігі аяқталған бетте әлемдік рейтинг қайта жаңартылды. Бір айта кетерлігі, бұл жолы теннистің барлық түрінен бірінші ракеткалар толықтай алмасты. Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай.
Хоккей • 12 Қыркүйек, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» қатарынан бесінші кездесуде ұтылды. Бұл жолы Мәскеудің «Динамосына» есе жіберді.
Футбол • 12 Қыркүйек, 2023
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің кезекті тур ойындары аяқталған соң ФИФА-ның рейтингі қайта жаңартылды.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023
Гиннестің рекордтар кітабына енді
Қала күні қарсаңында алматылық екі мыңнан аса жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Айтулы мерекені шаһар әкімдігінің қолдауымен Тоғызқұмалақ қауымдастығы ұйымдастырды.
Әлем • 12 Қыркүйек, 2023
Қойды клондаған ғалым өмірден өтті
Әлемде сүтқоректілерді алғаш клондаған биолог Йен Уилмут 79 жасында қайтыс болды. Оның ең үлкен жетістігі – бір жасушадан өсірілген Долли қойы. Ғалымның зерттеуі биотехнологияда жаңа саланың бастауы болып, ауқымды жобаларға жол ашты.
Өнер • 12 Қыркүйек, 2023
Англияның Оксфордшир графтығы Уоллингфорд қаласында детектив тақырыбында жазған әлемдегі ең танымал жазушы Агата Кристидің мүсіні қойылды.
Президент • 12 Қыркүйек, 2023
Президент: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – мемлекет пен бизнестің негізгі өзегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесудегі қорытынды сөзінде бірыңғай ашық реестр құрылса, кәсіпорындардың аз бөлігіне ғана қаражатты шамадан тыс бөлудің алдын алуға, обьективті бағалауға болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қыркүйек, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев салық саясатын әділ жүргізу қажеттігін ескертті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу барысында салық заңнамасының тұрақсыздығы инвесторлардың сенімін азайтып, бизнеске қосымша ауыртпашылық туындататынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 12 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы бизнесті қолдау шараларын жаңғыртуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бизнесті қолдау шараларына қатысты тетіктерді сапалы түрде жаңғыртуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.