Соңғы жаңалықтар
Шахмат • Кеше
Бибісара Асаубаева тағы бір беделді турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстанның шахматшы қызы Бибісара Асаубаева Swiss Queens турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • Кеше
Елдің басым бөлігінде нөсер жауын жауады
«Қазгидромет» РМК мамандары 29 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсындыі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысымен кездесті
Боао Азия форумының аясында Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің мөлшері азаюы мүмкін
Сенатор Бекбол Орынбасаров азаматтардан түскен арыз-шағымдарды талдау негізінде Үкімет басшысына депутаттық сауалын жолдап, кәдеге жарату төлемін, кедендік баж салығын және көлікті тіркеуге алым мөлшерін төмендетуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • Кеше
Түркістан облысында 400-ге жуық жігіт әскерге аттанды
«Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл күні облыстан 50 бала Алматы қаласының десанттық-шабуылдау бригадасына аттанды, тағы 30 бала Шекара қызметіне жіберілетін көктемнің соңғы команда құрамына кірді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • Кеше
Астанада екі жаңа базар салынып жатыр
Елорданың Сарыарқа ауданында екі жаңа базардың құрылысы жүріп жатыр. Жалпы инвестиция көлемі 10 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • Кеше
«Сұраныс жоқ»: депутат агробизнес саласын дамыту тетігін ұсынды
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің сенаторлары 2022-2024 жылдар аралығында 50-ден аса депутаттық сауал дайындап, Үкімет басшысының атына жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • Кеше
Ақтөбенің қақ ортасын су басты
Бүгін Ақтөбе қаласының қақ ортасын су басты. Сазды өзенімен жалғасқан, қаланың қақ ортасынан өтетін Кіші Сазды өзені арнасынан асып, су 11 және 12-ші ықшамауданның көшелеріне жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтар бойынша жұмыстарды жүйелейтін комиссия құру ұсынылды
Үкімет басшысының атына ұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселелері туралы депутаттық сауал жолдаған сенатор Сәкен Арубаевтың пікірінше, қазіргі отандастарымыз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен одан әрі дамуына елеулі үлес қосқан батырлар мен тұлғалардың өмір тарихынан бейхабар. Себебі, тәуелсіздік жылдарында аталған бағытта нәтижелі мемлекеттік бағдарлама мен кешенді даму жоспары қабылданбаған, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • Кеше
Жетісу облысында дақылдардың егіс алқабы ұлғайтылады
Жетісу облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 7 мың гектарға артып, 524,8 мың гектарға жетеді. Бұл ретте дақылдарды әртараптандыру аясында қант қызылшасының, майлы дақылдар мен мал азығының егіс көлемі жалпы 18,1 мың гектарға ұлғайтылмақ, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • Кеше
Су тасқыны: Қазақстанда қандай жолдармен жүру қауіпті?
«ҚазАвтоЖол» АҚ төрт облыстағы республикалық маңызы бар бес жолда еріген қар суы тас жолдан асып кеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Жағдай әлі де күрделі: Қостанай облысында 390 адам құтқарылды
Қазақстанның бірнеше өңірінде қар еріп, елді мекендерді су басып жатыр. Қостанай облысында жағдай әлі де күрделі. Осы орайда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асылбек Садуов өңірде қандай шаралар қабылданып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • Кеше
ЕАЭО шеңберінде тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң мақұлданды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады. Отырыс барысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • Кеше
Ұрпақты кітап оқуға баулу - басты парыз
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысы өтті. Расында да ұлтты ұйыстыратын, елдің дамуына ықпал ететін тақырыптар талқыланды. Құрылтайда Президент кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады екенін айтып, жастарды кітап оқуға баулуға шақырды.
Қоғам • Кеше
Енді әкімдер электросамокаттардың қызметін реттей алады
Қазақстандағы әкімдер жаңа өкілеттікке ие болады. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президент Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боаоға жұмыс сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • Кеше
Асхат Оралов жаңа қызметке кірісті
Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
5 жыл жасырынған: Ауыр қылмыс жасағандар Түркиядан қайтарылды
Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • Кеше
Сенат аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат Аппараты Басшысының орынбасарын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Ұлттық банк EURO-2024 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Спорт» сериясынан EURO-2024 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысының полицейлері су басқан аудандарға көмекке кетті
Қостанай облысы Полиция департаментінің 40 қызметкері су басып жатқан Торғай өңіріне көмекке аттанды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президент Пан Ги Мунды Астана халықаралық форумына шақырды
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Елімізде жылына шамамен 25 тонна алтын заңсыз өндіріледі – сенатор
Парламент Сенатының депутаты Андрей Лукин еліміздегі заңсыз алтын айналымы мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
«Сергек» камералары Алматы бюджетіне қанша ақша түсіреді?
Алматыда «Сергек» камераларының бір жылда бюджетке қанша ақша түсіретіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • Кеше
Қазақстан азаматтары Өзбекстанда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады
Бүгін Сенат «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысының оңтүстік аудандарында төтенше жағдай жарияланды
Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандарында төтенше жағдай жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұр - фейк
Статистика бюросы Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • Кеше
«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 5 боксшымыз алтынға таласады
27 наурызда Әзербайжан елінің бас қаласы Бакуде бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Астана уақытымен сағат 16:30 - 19:45 аралығында жартылай финалда жұдырықтасқан 4 боксшымыз да жеңіске жетіп, байрақты бәсекенің финалына шыққан еді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • Кеше
Премьер-министр «Петропавл», «Сергеев» су тораптарының жағдайын тексерді
Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, сондай-ақ бірқатар жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстан облысында үш ер адам өзенге ағып кетті
Абай облысы, Аягөз ауданы, Қарағаш ауылының азаматтары трактормен Борлы өзенінен өтіп бара жатып, суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.