Соңғы жаңалықтар
Жәдігер • 27 Наурыз, 2024
Адамзат тарихында көшпелі ғұндар дәуірі деген кезең бар. Бұл туралы 2010 жылы жарық көрген бес томдық «Қазақстан тарихы» атты еңбектің бірінші томының 245-бетінде: «Ғұндар – б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігі Ордастан Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін жайлаған тайпалық одақ» деген пайым айтылыпты.
Таным • 27 Наурыз, 2024
Әл-Фараби «мінез – жан айнасы» деді. Қазақы ұғымда мінезі жақсы адамды «ішіне кеме жүзетіндей кең», «мінезі төр жайлаудай», «көңілі көлдей шалқыған жан» деп әспеттеп жатады. Шынында, мінез адам тағдырына тікелей әсер етуші күшке ие.
Оқиға • 27 Наурыз, 2024
Аягөзде суға батқан үш ер адамды іздеу жұмыстары ертең қайта жалғасады
Абай облысына қарасты Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш ер адамды іздеу жұмыстарына облыстық ТЖД, Полиция департаменті, ЖАО, ҚМ күштері мен құралдарынан барлығы 82 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жергілікті тұрғындардан азаматтар жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 27 Наурыз, 2024
Поэзияны асқақтатқан «Дариға жүрек»
Наурыз мерекесінің қарсаңында Шымкенттің Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екі бөлімнен тұратын «Дариға жүрек» атты поэтикалық сазды толғауының премьерасы өтті. Спектакльге мұзбалақ ақынның «Дариға жүрек» пен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұны арқау болды.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Семей қаласындағы №3 арнайы мектеп-интернаты ерекше балаларды оқытады. Тағдырдың сынағына сынбаған оқушылар біліммен қатар ұлттық өнерді қатар алып жүр. Ұлттық аспаптарды меңгерген мектеп оқушыларынан «Сұлу саз» фольклорлық ансамблі мен «Сырғалым» жетігеншілер, «АРТ лайф» баянистер ансамбльдері құрылған. Олар Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде өткен халықаралық байқауларда бас жүлде жеңіп алған.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
ҒАЛАМ ҒАЖАЙЫПТАРЫ: Жаңалық жүргізетін жасанды интеллект
Оңтүстік Кореяда жасанды интеллект арқылы жасалған тележүргізуші жаңалықтар бағдарламасын жүргізеді.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар ҰҚШҰ ПА Тұрақты комиссияларының отырысына қатысты
Парламент Сенатының депутаттары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Ақкөл мен Ақшығанақтың жолында көлік қатынасы тоқтады
Су тасқынына байланысты Жангелдин ауданындағы Торғай-Шеген-Ақшығанақ бағытындағы күре жол мен Ақкөл, Ахмет ауылына апаратын жолдағы көлік қатынасы үзілді.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Ақмола облысында уақытша жұмыссыз жастардың санын азайтуға бағытталған семинар ұйымдастырылды. Төрт күндік семинар барысында NEET санатындағы 200 жасқа кәсіпкерлік дағдылар үйретілді.
Кәсіпкер • 27 Наурыз, 2024
Тасқайрат – үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Жігерлі жас жуықта бизнес-жоспарын сәтті қорғап, мемлекеттен бөлінген қайтарымсыз грант ұтып алды. Бүгінде ағаш шеберханасын ашып, жергілікті тұрғындардың тапсырысын қабылдай бастаған.
Құтқарушы • 27 Наурыз, 2024
Қостанай облысында 12 адам Ми-8 тікұшағымен құтқарылды
Төтенше жағдай министрлігі «Қазавиақұтқару» қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен Қостанай облысындағы Екідің елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан 12 адамды құтқарды.
Жастар • 27 Наурыз, 2024
Наурызнаманың Жаңару күнінде елордалық жастар шаһардағы аулаларды қардан тазартты. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері бастамасымен ұйымдастырылған науқанға өзге де ұйымдар қосылды.
Денсаулық • 27 Наурыз, 2024
Алматы мен Ярославль қалалары дәрігерлерінің мегаполисте сирек кездесетін аяқ-қол кеселдерімен туған 8 балаға жасаған операциясы сәтті өтті. Бұл балалардан да бөлек, ұқсас дерттері бар 60 шақты кішкентай пациент білікті дәрігерлердің қабылдауында болды.
Ауыл • 27 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қостанай ауданының Октябрь кентінде, Ұзынкөл ауданының Ершов аулы мен Федоров ауданының Придорожный аулында фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға берілді.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар инновациялық әлеуетті дамыту мәселелерін талқылады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның инновациялық әлеуетін дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты ашқан комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев еліміздің экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша инновацияның маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Министрліктер су тасқынымен қалай күресіп жатыр?
Бүгін Бас прокуратурада су тасқыны бойынша барлық мүдделі органдарды тартумен ведомствоаралық жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар «жасыл» инвестицияны ынталандыру мәселесін талқылады
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесті. Мемлекеттің «жасыл» инвестицияны тартуды көтермелеу мен ынталандыру және ең үздік қолжетімді техниканы кеңінен қолдану шеңберінде ҚР-ның Экологиялық кодексін іске асыру – күн тәртібіндегі басты мәселе болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар ЕҰУ ғалымдарының қызметімен танысты
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге дайындық аясында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жұмысымен танысу мақсатында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Депутат: Тоқыма-тігін саласы аяғына нық тұра алмай отыр
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Қайрат Балабиев жеңіл өнеркәсіп туралы өзекті мәселе көтеріп, Премьер-министр Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 27 Наурыз, 2024
ҚазҰУ-да экологиялық зертхана ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасы ашылды.
Заң • 27 Наурыз, 2024
Бишімбаевтың ісі сотта қайта қаралады
Бүгін Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Бәрі ойдан құрастырылған: Бишімбаев кінәсін мойындамады
Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында Бишімбаев айыптаушы тарап таққан айыппен келіспей, кінәсін мойындаудан бас тартты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Наурыз, 2024
«Крокус Сити Холлдағы» лаңкестік құрбандарының саны артты
22 наурызда Ресейдің Мәскеу қаласында болған лаңкестік салдарынан қаза тапқандар саны 140-қа жетті. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға көшуді ұсынған
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты негізгі сот процесі ашық түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым енгізілуі мүмкін
Бүгін Мәжілісте Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулердің таныстырылымы барысында мемлепкеттік қызметкерлерге казино ойнауға тыйым салу ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Бишімбаев ісі: Нүкенова ажырасудан бас тартқан
Дәл қазір Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 27 Наурыз, 2024
Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонында басшылық құраммен кеңес өткізді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Қарулы күштердің командалық құрамымен көшпелі жедел кеңес өтті.
Заң • 27 Наурыз, 2024
Бишімбаевтың соты басталды. Тікелей көрсетілім
Бүгін Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісін қарайтын алқабилер құрамы жасақталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Арқалық қаласының маңайындағы Әбдіғаппар хан, Екідің елді мекендерінің эвакуациялауға келісім берген тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Төтенше жағдай • 27 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Үкімет басшысы жағдайды өз бақылауына алды
Премьер-министр Олжас Бектенов Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, сондай-ақ жекелеген өңірлер әкімдерінің баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.